Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 маусымда № 17122 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 131-бабының 1-тармағына, 179-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _________________Ж. Қасымбек

      2018 жылғы "____"___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы "____"________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы "____"_______

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 18 мамырдағы
№ 196 бұйрығымен бекітілген

Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 131-бабының 1-тармағына, 179-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалар Кодекстің 277-бабының 3-тармағына сәйкес Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін берілген және жасалған рұқсаттар, лицензиялар және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қарым-қатынастарға да қолданылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – ТЖКҚ) сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының аумағында жүргізіледі.

      3. Осы Қағидалар:

      1) ТЖКҚ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларға;

      2) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан артық пайызын тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетін жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларға қолданылмайды.

      4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуетті жеткізуші – ТЖКҚ сатып алу туралы шартты жасасуға үміткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);

      2) әлеуетті жеткізушінің үлестес тұлғасы – осы әлеуеттi жеткізушінің шешiмдерiн айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мәмiленiң күшiне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты осы әлеуеттi жеткізушінің осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;

      3) біртекті ТЖКҚ – бiрдей болып табылмайтын, ұқсас сипаттамалары бар және сол бiр функцияны орындауға және өзара алмасымды болуға мүмкiндiк беретiн және ұқсас құрауыштардан тұратын ТЖКҚ;

      4) жабдықтың істен шығуы туралы акт – тапсырыс берушінің бірінші басшысы, сондай-ақ қауіпсіздік және өндіріске жауапты бірінші басшының орынбасары қол қойған, істен шығуы өндірістік циклдің тоқтауына әкеп соғатын жабдықтардың, механизмдердің, агрегаттардың, шығыс материалдарының істен шығуын растайтын құжат.

      5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды бақылау және мониторингілеу, сондай-ақ электрондық сатып алу жүргізу мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастыруға арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;

      6) жер қойнауын пайдаланушының (мердігердің) уәкілетті тұлғасы – осы Қағидаларға сәйкес көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖКҚ-ны жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) атынан сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) уәкілеттік берген жеке немесе заңды тұлға;

      7) жеткізуші – өзімен жасалған ТЖКҚ сатып алу туралы шартта тапсырыс берушінің контрагенті ретінде әрекет ететін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);

      8) жұмыстар – заттық нәтижесi бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге де қызмет;

      9) жүйе әкімшісі – жүйенің меншік иесі немесе иегері;

      10) конкурстық комиссия – осы Қағидалардың 6-тармағының және 7-тармағының 1), 3) тармақшаларында белгіленген тәртіппен және тәсілдермен ТЖКҚ-ны сатып алуды жүргізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші құратын алқалы орган;

      11) конкурстық құжаттама – ашық конкурсты және бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурсты (электрондық сауда-саттықты) өткізу шарттарын қамтитын, конкурстық өтінімді дайындау үшін әлеуетті жеткізушіге ұсынылатын, тапсырыс беруші бекіткен құжаттама;

      21) көрсетілетін қызметтер – тапсырыс берушінің қажеттіліктерiн қанағаттандыруға бағытталған, заттық нәтижесi жоқ қызмет;

      12) Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы салаларындағы салалық келісім (бұдан әрі – салалық келісім) – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 152-бабына сәйкес тараптардың республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі жұмыскерлер үшін мазмұнын және еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі міндеттемелерін айқындайтын әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында жасалатын жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт.

      13) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы – мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде электрондық құжаттарды қалыптастыру үшін жеке және заңды тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын және тіркеу куәліктерін ұсынатын куәландырушы орталық;

      14) қазақстандық тауар өндіруші – Қазақстанда шығарылатын тауарларды өндіретін Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;

      15) Қазақстанда шығарылған тауар – Қазақстан Республикасының аумағында шығарылғандығын растайтын, ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификат және (немесе) индустриялық сертификат берілген тауар;

      16) қаржы жылы – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес белгіленген уақыт кезеңі;

      18) қосалқы мердігер – мердігермен (тапсырыс берушімен) шарт бойынша жұмыстардың бөлігін орындайтын жеке немесе заңды тұлға;

      19) құжаттың электрондық көшірмесі – түпнұсқа құжаттың түрі мен ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық пішімде толық көрсететін құжат;

      20) мердігер – көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізумен байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін жер қойнауын пайдаланушы немесе оның уәкілетті тұлғасы тартатын жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);

      21) сатып алу коды – осы Қағидалардың 6-тармағының және 7-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен ТЖКҚ-ны сатып алуды жүргізу туралы хабарландыруларды қалыптастыру кезінде немесе осы Қағидалардың 6-тармағының және 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тәсілмен ТЖКҚ-ны сатып алу қорытындыларын шығару хаттамасын қалыптастыру кезінде тізіліммен (жүйемен) қалыптастырылған код;

      22) тапсырыс беруші – осы Қағидаларға сәйкес ТЖКҚ-ны сатып алуды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы, мердігер, жер қойнауын пайдаланушының (мердігердің) уәкілетті тұлғасы;

      23) ТЖКҚ сатып алу – осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және тәсілдермен жүзеге асырылатын, көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті ТЖКҚ-ны өз қаражат есебінен сатып алу;

      24) ТЖКҚ-ны сатып алу туралы шарттың елеулі талаптары - шарттың нысанасы, тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдері мен орны және төлем тәртібі туралы талаптар;

      25) толық аяқталған құрылыс – құрылыс, оны қамтамасыз ету және пайдалануға дайын объектіні тапсырыс берушіге өткізу;

      26) толық аяқталған ұңғыма құрылысы – жиынтығында немесе жеке-жеке ұңғымаларды жобалау, салу, бұрғылау, сынақтан өткізу (сынамалау), зерттеу, жою, консервациялау (қайта іске қосу), қалдықтарды кәдеге жарату, сынақтан өткізу (сынамалау) кезеңінде, оның ішінде ұңғымада көмірсутектерді сынақтан өткізуге (сынамалауға) және (немесе) жинауға арналған құрылыстарды (жабдықты, техниканы, ұңғыма тетіктерін) сынама пайдалану, орнату, монтаждау, жалға беру кезінде және (немесе) сынақтан өткізу (сынамалау) кезеңінде, оның ішінде сынама пайдалану кезінде ұңғымада көмірсутектерді жинау кезеңдерін қамтитын жұмыстар және көрсетілетін қызметтер немесе аталған жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) ілеспе тауарларды жеткізу;

      27) төмендетуге бағытталған қадам – төмендетуге бағытталған ашық конкурсты (электрондық сауда-саттық) өткізу кезінде қолданылатын бағаны 1 % - ға (бірақ 100 000 теңгеден артық емес) төмендету;

      28) тізілім әкімшісі – қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті орган;

      29) уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі кешенді жұмыс – жобалық және (немесе) зерттеу жұмыстарын орындауды және (немесе) толық аяқталған құрылысты және (немесе) жобалық және зерттеу жұмыстарын, толық аяқталған құрылысты басқаруды қамтитын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтығы және (немесе) осы жұмыстарға ілеспе тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету;

      30) шартты баға – қазақстандық жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің өндірушісі болып табылатын әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінің баға ұсынысын шартты түрде жиырма пайызға төмендетуді ескере отырып есептелген және ашық конкурстың, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) жеңімпазын анықтау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру үшін ғана қолданылатын баға;

      31) электрондық сатып алу жүйесі (бұдан әрі – жүйе) – көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган белгілейтін көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың тәртібіне сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін сатып алуды ұйымдастырушылар (жер қойнауын пайдаланушы немесе жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар) пайдаланатын электрондық ақпараттық жүйе.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын басқа да ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.09.2023 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Бағалау рәсімін жеңілдету және ТЖКҚ-ны сатып алуға қатысатын әлеуетті жеткізушілер ұсынған, әртүрлі валюталармен көрсетілген бағаларды салыстыру үшін қолданылатын валюта бағаларды бағалау және салыстыру күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша Қазақстан Республикасының валютасы - теңге болып табылады.

      6. Көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу, оның ішінде мердігерлер тарапынан сатып алу мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:

      1) ашық конкурс;

      2) бір көзден алу;

      3) төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық);

      4) тауар биржаларында;

      5) Кодекстің 131-бабының 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының нормаларын қолданбай ТЖКҚ сатып алу.

      Осы Қағидалардың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен ТЖКҚ сатып алу тапсырыс берушінің тізілімді (жүйені) міндетті пайдаланумен жүзеге асырылады.

      Кодекстің 131-бабының 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының нормаларын қолданбай ТЖКҚ сатып алу осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес, ТЖКҚ тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Тауар биржалары арқылы тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес бекітілетін тауар биржаларының тізбесі және тауар биржалары арқылы өткізілетін тауар партияларының ең аз мөлшері бойынша жүзеге асырылады.

      7. Уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ТЖКҚ сатып алу, оның ішінде мердігерлер тарапынан сатып алу мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:

      1) ашық конкурс;

      2) бір көзден алу;

      3) төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық);

      4) тауар биржаларында;

      5) Кодекстің 179-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) 5) тармақшаларының нормаларын қолданбай ТЖКҚ сатып алу.

      Қағидалардың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен ТЖКҚ-ны сатып алу тапсырыс берушінің тізілімді (жүйені) міндетті түрде пайдалануы арқылы жүзеге асырылады.

      Кодекстің 179-бабы 1-тармағының алтыншы бөліміне сәйкес тауарларды тауар биржалары арқылы сатып алу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10587 болып тіркелген) Биржалық тауарлардың тізбесі (бұдан әрі – биржалық тауарлар тізбесі) бойынша Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Егер биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды сатып алудың жылдық көлемдері биржалық тауарлар тізбесінде көзделген партияның ең төменгі мөлшерінен аспаса, жер қойнауын пайдаланушы тауарларды сатып алуды жүзеге асырудың өзге тәсілін таңдайды.

      Кодекстің 179-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 5) тармақшаларының нормаларын қолданбай ТЖКҚ-ны сатып алу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ТЖКҚ тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 31.12.2019 № 443 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖКҚ сатып алу мынадай қағидаттарды сақтай отырып, жүзеге асырылады:

      1) ТЖКҚ сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы;

      2) әлеуетті жеткізушілердің арасындағы адал бәсекелестік;

      3) қазақстандық ТЖКҚ өндірушілерді қолдау;

      4) тең құқықтық, әділдік;

      5) әлеуетті жеткізушілерге қатысты кемсітушіліктің және бәсекелестікті негізсіз шектеудің жоқтығы.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.09.2023 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8-1. Әлеуетті жеткізуші тапсырыс берушінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне сот тәртібімен шағымданған кезде ашық конкурстың, төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттықтың) қорытындыларын шығару хаттамасы орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, ТЖКҚ сатып алу туралы шарт жасасу мерзімі осындай шағымды қарау қорытындысы бойынша сот шешімі күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.

      Ашық конкурсқа, төмендетуге бағытталған ашық конкурсқа (электрондық сауда-саттыққа) қатыспаған тұлғаның тапсырыс берушінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымдануы ТЖКҚ сатып алу туралы шарт жасасу мерзімін тоқтатпайды.

      Ескерту. Қағида 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 14.09.2023 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. ТЖКҚ сатып алу рәсімі мыналарды қамтиды:

      1) ТЖКҚ сатып алуды жоспарлау;

      2) әлеуетті жеткізушіні таңдау;

      3) ТЖКҚ сатып алу туралы шартты жасасу.

      10. Тізілімді және жүйені пайдалану әлеуетті жеткізушілер үшін тегін.

      Тапсырыс беруші және әлеуетті жеткізушілер тізілімде (жүйеде) орналастыратын ақпарат құпия болып табылмайды.

      Тізілім (жүйе) әкімшісі ұсынылған ақпаратты өзгерту құқығынсыз, заңды және жеке тұлғаларға, оның ішінде көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органға конкурстық құжаттаманы, конкурстық өтінімдерді, конкурстық өтінімдерді қарау және ашық конкурстың, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) қорытындысын шығару хаттамаларын қарауға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

      Тізілім (жүйе) әкімшісі тізілім (жүйе) белгіленген мерзімге дейін ашық конкурстың немесе бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) әлеуетті жеткізушілері ұсынған баға ұсыныстарын ашқанға дейін оларды тізілім (жүйе) арқылы қарай алмайды.

      Тапсырыс беруші өткізетін ТЖКҚ сатып алуға қатысу үшін әлеуетті жеткізушілер ұсынған құжаттарын тапсырыс берушінің және тізілім (жүйе) әкімшісінің жоюына және (немесе) өзгертуіне жол берілмейді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Тізілім (жүйе) арқылы көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ТЖКҚ сатып алуға қатысу үшін тіркеу куәліктерінің тіркеліміне Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығында алынған электрондық цифрлық қолтаңба қойылады, заңды және (немесе) жеке тұлға тізілімге (жүйеге) сатып алуға тапсырыс беруші және (немесе) әлеуетті жеткізуші ретінде тіркеледі, сондай-ақ тізілімде (жүйеде) ақпаратты қалыптастыруға және орналастыруға уәкілетті тұлғалар тіркеледі.

      Бұл талап бір көзден алу тәсілімен ТЖКҚ сатып алудың қорытындысы бойынша таңдалған әлеуетті жеткізушіге қолданылмайды.

      Тапсырыс беруші өз шешімімен тапсырыс беруші атынан осы Қағидаларда көзделген ақпаратты тізілімде (жүйеде) қалыптастыру мен орналастыру бойынша іс-қимылдарды жасайтын уәкілетті тұлғаны белгілейді.

      12. Өздерін банкрот деп тану туралы сот шешімдері заңды күшіне енген әлеуетті жеткізушілер, консорциумның қатысушылары ашық конкурсқа, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурсқа (электрондық сауда-саттық) қатыспайды.

      13. ТЖКҚ сатып алудың жылдық бағдарламасы жер қойнауын пайдаланушының бюджеттері, ТЖКҚ сатып алудың орта мерзімді бағдарламасы жер қойнауын пайдаланушының бюджеттері және (немесе) жер қойнауын пайдаланушының қызметінің негізгі бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын жер қойнауын пайдаланушылардың басқа құжаттары негізінде әзірленеді.

      Мердігерлердің ТЖКҚ сатып алудың жылдық және орта мерзімді бағдарламалары жер қойнауын пайдаланушымен жасалған мердігерлік шартының негізінде әзірленеді.

      ТЖКҚ сатып алудың жылдық және орта мерзімді бағдарламаларында көмірсутектерді барлау немесе өндіру, уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде және жер қойнауын пайдаланушы мен мердігер арасында жасалған шартты орындау үшін сатып алынатын барлық ТЖКҚ көрсетіледі.

      ТЖКҚ сатып алудың жылдық және орта мерзімді бағдарламалары тізілімде (жүйеде) орналастырылады.

      14. Көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖКҚ сатып алу рәсімі ТЖКҚ сатып алудың жылдық бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖКҚ сатып алу рәсімі осы Қағидалардың 123-тармағында көзделген жағдайларда ТЖКҚ сатып алудың орта мерзімді бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қажеттілік болса, ТЖКҚ сатып алудың жылдық және орта мерзімді бағдарламаларына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізуге болады.

3-тарау. Көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ашық конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтердi сатып алу тәртібі

1-параграф. Жалпы ережелер

      15. Ашық конкурс тәсілімен біртекті болып табылмайтын ТЖКҚ-ны сатып алу кезінде тапсырыс берушінің көрсетілген тәсілмен ТЖКҚ-ны бірыңғай сатып алуды ұйымдастыруы және жүргізуі конкурстық құжаттамада мұндай ТЖКҚ-ны лоттарға бөле отырып жүзеге асырылады.

      Ашық конкурс тәсілімен біртекті ТЖКҚ-ның бірнеше түрін сатып алу олардың біртекті түрлері бойынша ТЖКҚ-ны лоттарға және оларды жеткізудің (орындаудың, көрсетудің) орны бойынша бөлу арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс беруші ашық конкурсты өткізген кезде лоттарды тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың және (немесе) қызметтерді көрсетудің бір орнына ие біртекті ТЖКҚ-ның саны (көлемдері) бойынша қосымша бөледі.

      Тапсырыс беруші біртекті ТЖКҚ-ны жер қойнауын пайдалануға арналған бірнеше келісімшарт шеңберінде сатып алған кезде осындай ТЖКҚ-ны сатып алу сатып алынатын ТЖКҚ-ны жеткізу (орындау, көрсету) жері бірыңғай болу шартымен ТЖКҚ көлемдерінің жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша үлестірілуін көрсете отырып, бір лотпен жүзеге асырылады.

      ТЖКҚ жеткізу (орындау, көрсету) орны ретінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көрсетілген өз шекаралары шегіндегі кен орны және (немесе) мекенжай (жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері) және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көрсетілген (көмірсутектерді барлау кезеңінде) оның шегіндегі келісімшарттық аумақ болып табылады.

      Егер кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінің 720-бабына сәйкес рентабельділігі төмен болып табылатын кен орындарының санатына жатқызылса, жер қойнауын пайдалануға арналған бірнеше келісімшарттың шеңберінде жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді бір лотпен сатып алуға жол беріледі.

      Жабдықтың, көлік құралының белгілі бір үлгісінің қосалқы бөлшектерін (толымдаушы бұйымдарын) бір лотпен сатып алуға жол беріледі.

      Жобалау ұйымдарының көрсетілетін қызметтерін және авторлық қадағалаудың көрсетілетін қызметтерін бір лотпен сатып алуға жол беріледі.

      Тауарды монтаждық және (немесе) іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізе отырып және (немесе) персоналды осы жабдықты пайдалану бойынша оқытуды (нұсқама) жүргізу арқылы бір лотпен сатып алуға жол беріледі.

      "Толық аяқталған" құрылыс, "толық аяқталған" ұңғыма құрылысы және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі кешенді жұмыстар бір лотпен сатып алынады.

      Мердігер немесе қосалқы мердігер мердігерлік шартты орындау мақсатында сатып алған тауарлардың жиынтық құны шарт сомасының 50 % (елу пайыздан) аспайды.

      Қызмет көрсету шартын орындау мақсатында көрсетілетін қызметті жеткізуші сатып алған тауарлардың жиынтық құны шарт сомасының 30 % (отыз пайыздан) аспайды.

      Қосалқы мердігер шартты орындауға басқа тұлғаларды (қосалқы мердігерлерді) тартпайды.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.09.2023 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Ашық конкурс тоғыз кезеңмен өткізіледі:

      1) конкурстық комиссияны қалыптастыру;

      2) конкурстық құжаттаманы қалыптастыру және бекіту;

      3) ашық конкурстың өткізілуі туралы хабарландыруды және конкурстық құжаттаманы тізілімде (жүйеде) орналастыру;

      4) конкурстық өтінімдерді жинау;

      5) конкурстық өтінімді қамтамасыз ету;

      6) тізілімде (жүйеде) конкурстық өтінімдерді ашу, конкурстық өтінімдердің ашық конкурс талаптарына сай келуі мәніне конкурстық комиссияның қарауы және конкурстық өтінімдерді алдын ала қарау хаттамасын жасау;

      7) қорытынды шығару хаттамасын жасай отырып, ашық конкурстың жеңімпазын айқындау;

      8) құжаттарды салыстыру хаттамасын жасай отырып, құжаттарды салыстыру рәсімінен өту (конкурстық комиссия мүшелерінде ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығында дәлелді күмән пайда болған кезде тапсырыс берушінің шешімі бойынша);

      9) ашық конкурстың жеңімпазымен шарт (-тар) жасасу.

      Осы тармақта көзделген жағдайларда әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін қарау, ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінің конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ ашық конкурстың жеңімпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Ашық конкурс өткізілген кезде осы Қағидалардың бұзылуы анықталғанда, тапсырыс беруші ТЖКҚ сатып алу туралы шарт жасалған мезетке дейін ашық конкурсты өткізбейді және оны қайтадан өткізеді.

      Жаңа ашық конкурсты өткізу үшін конкурстық құжаттамаға осы бұзушылықтарды жою және тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдерін ұзарту бөлігінде өзгерістер енгізіледі.

      Ашық конкурс өткізілмей қалған кезде, жаңа ашық конкурс өткізілмей қалған мезеттен бастап бір айдың ішінде жарияланады.

      Тапсырыс беруші ашық конкурсты өткізбеу жөнінде қабылдаған шешімі туралы оны өткізбеудің себебін көрсете отырып, ашық конкурсқа қатысу үшін конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті жеткізушілерді тізілім (жүйе) арқылы хабардар етеді.

      Жер қойнауын пайдаланушының және оның мердігерінің бекітілген ТЖКҚ сатып алудың жылдық және (немесе) орта мерзімді бағдарламаларында көзделген ТЖКҚ сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған кезде, тапсырыс беруші конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей тізілімде (жүйеде) ашық конкурсты өткізуден бас тартуы туралы хабарлама жасау арқылы ашық конкурсты өткізуден бас тартады.

      Ашық конкурсты өткізуден бас тартылған кезде, ағымдағы қаржы жылы ішінде ТЖКҚ сатып алу бойынша жаңа ашық конкурсты өткізуге жол берілмейді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Конкурстық комиссияны қалыптастыру

      18. Тапсырыс беруші жеке ашық конкурсқа да, сондай-ақ тұрақты негізде де, бірақ бір қаржы жылынан аспайтын мерзімге конкурстық комиссия құрады.

      19. Конкурстық комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және конкурстық комиссияның мүшелері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ саннан тұрады. Конкурстық комиссияның құрамында кемінде үш адам болады. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссияның шешім қабылдауы кезінде дауыс бермейді.

      Конкурстық комиссия мүшесі сырқаттануына немесе демалыста болуына байланысты, сондай-ақ жұмыстан шыққандығына орай болмағанда, ашық конкурстың қорытындысы шығарылғанға дейін немесе құжаттарды (бар болса) салыстыру рәсіміне дейін конкурстық комиссияның құрамына өзгерістерді немесе толықтыруларды енгізуге жол беріледі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Конкурстық комиссияның отырыстары конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілігі қатысқан жағдайда өткізіледі және қатысқан конкурстық комиссия мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары мен конкурстық комиссияның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      21. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оған отырысқа қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда, ол қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, конкурстық комиссияның төрағасы немесе, ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, конкурстық комиссияның кез келген мүшесі айрықша пікірге ие болады, ол жазбаша түрде жазылады және конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.

      22. Конкурстық комиссияның төрағасы оның жұмысына басшылық жасайды, комиссияның отырыстарында төрағалық етеді.

      23. Конкурстық комиссияның хатшысы ТЖКҚ сатып алу жөніндегі ашық конкурс рәсімдерінің өткізілуін ұйымдастырады. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды дайындайды, конкурстық комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, конкурстық комиссия отырысының өткізілуін ұйымдастырады, тізіліммен (жүйемен) қалыптастырылған конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасына және ашық конкурстың қорытындысын шығару хаттамасына қол қояды, ТЖКҚ сатып алу жөніндегі ашық конкурстың құжаттары мен материалдарының сақталуын қамтамасыз етеді.

3-параграф. Конкурстық құжаттаманы қалыптастыру және бекіту

      24. Конкурстық құжаттама ТЖКҚ сатып алудың талаптары мен шарттары туралы әлеуетті жеткізушілерді хабардар етуге арналған. Конкурстық құжаттаманы тапсырыс беруші әзірлейді және бекітеді.

      25. Конкурстық құжаттамада мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) ашық конкурс тәсілімен ТЖКҚ сатып алудың нысанасы (ашық конкурс нысанасына бірнеше лот кірген жағдайда, лоттардың атаулары мен нөмірлері);

      2) осы Қағидалардың 41-тармағына сәйкес әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінің мазмұны;

      3) тапсырыс берушінің атауы (заңды тұлға үшін), тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жеке тұлға үшін), нақты мекенжайы;

      4) сатып алынатын ТЖКҚ-ның функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану ерекшеліктерінің сипаттамаларымен, бар болса, Қазақстан Республикасының ұлттық стандартын көрсете отырып, әрбір лот бойынша техникалық ерекшелік, бар болса, жоспарлар, сызбалар және эскиздер, сондай-ақ ТЖКҚ-ның осы талаптарға сәйкес келуін растайтын құжаттар тізбесі.

      Мердігерлік жұмыстар сатып алынған кезде құрылыста (жобалық құрылыстарды қоса) Қазақстан Республикасында шығарылған құрылыс материалдары, бұйымдар, құрылымдар, инженерлік жабдық пен құрылғылар (бар болса) пайдаланылады;

      Мердігер мердігерлік шарт шеңберінде қосалқы мердігерлерге беретін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемдері жиынтығында жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің екіден бір бөлігінен аспауы тиіс;

      5) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бағасынан басқа, қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) қоспағанда, оларды тасымалдауға, сақтандыруға, кеден баждарын, салықтарды, алымдарды төлеуге арналған шығыстарды да, сондай-ақ тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарымен көзделген басқа шығыстарды қамтитын конкурстық баға ұсынысы;

      6) төлем шарттары;

      7) әрбір лот бойынша сатып алынатын тауардың саны, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемдері;

      8) әрбір лот бойынша тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету орындары;

      9) әрбір лот бойынша жеткізілетін тауардың бірінші топтамасына тауарларды жеткізу мерзімі тауарды сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап немесе тауарды сатып алу туралы шарт жасалғаннан кейін шартта айқындалған оқиғалар басталған күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс күн мөлшерінде.

      Әрбір лот бойынша жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету мерзімі – жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап және (немесе) конкурстық құжаттамада айқындалған күннен бастап және (немесе) жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасалғаннан кейін конкурстық құжаттамада айқындалған оқиғалар басталған күннен бастап.

      Конкурстық құжаттамада жеткізу мерзімі кемінде күнтізбелік алпыс күн белгіленген кезде, сатып алынатын тауарлардың қазақстандық өндірушілеріне өздерінің конкурстық өтінімінде шарт жасалған күннен бастап және (немесе) жеткізілетін тауардың бірінші топтамасына өтінім жіберілген мезеттен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын жеткізу мерзімін көрсетуге жол беріледі;

      10) конкурстық өтінімдерді ұсынудың басталу мен аяқталу уақыты;

      11) конкурстық өтінімдерді ашу күні мен уақыты;

      12) редакциялауға болатын форматта әрбір лот бойынша шарт жобасы;

      13) Кодекстің 131-бабының 1-тармағында, 179-бабының 1-тармағында көзделген өлшемшартқа сәйкес келетін шартты жеңілдік ұсыну туралы тапсырыс берушінің міндеті және әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінің шартты бағасын есептеу үшін осы Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесі;

      14) конкурстық өтінімнің мазмұнына және оны ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай ақ әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерінің ең аз қолданылу мерзімі;

      15) конкурстық өтінімді және (немесе) ТЖКҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізудің көлемі (егер конкурстық құжаттамада конкурстық өтінімді қамтамасыз ету және (немесе) ТЖКҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету көзделсе);

      16) әрбір лот бойынша ҚҚС-ты есепке алмағанда ашық конкурстың нысанасы болып табылатын ТЖКҚ сатып алуға бөлінген сомалар туралы мәліметтер;

      17) осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес тапсырыс берушінің ТЖКҚ сатып алу жөніндегі ашық конкурсты өткізуден бас тартуының мерзімдері мен тәртібі туралы мәліметтер;

      18) әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) сатып алынатын ТЖКҚ елішілік құндылық бойынша ең аз талаптар.

      Тауарлардағы елішілік құндылық бойынша міндеттемелері жоқ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) сатып алынатын тауарлардағы елішілік құндылық бойынша ең аз талаптарды белгілеуге жол беріледі.

      19) бірінші разрядты жұмыскердің айлық тарифтік мөлшерлемесінің (жалақысының) ең төмен мөлшері және разрядаралық коэффициенттердің ең төмен шегі бойынша еңбекке ақы төлеу қағидаттарын сақтау бөлігінде салалық келісімді сақтау туралы талап.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.09.2023 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Конкурстық құжаттамада мынадай талаптарды белгілеуге жол беріледі:

      1) сатып алынатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында және (немесе) тапсырыс беруші белгілеген салада жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды ұсыну туралы.

      Әлеуетті жеткізушінің жұмыс тәжірибесіне қойылатын талап жылдық көлемі құндық мәндегі тиісті қаржы жылына белгіленген он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінен асып түсетін жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тапсырыс беруші белгілейді.

      Әлеуетті жеткізушінің жұмыс тәжірибесі әлеуетті жеткізуші жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен ұйымдардың ұсыным хаттарының немесе оң пікірлерінің электрондық көшірмелерімен, орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) қабылдануын-тапсырылуын растайтын тиісті актілердің электрондық көшірмелері қоса беріліп расталады. Бұл ретте соңғы 3 (үш) жылдан асатын жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету саласында тәжірибенің бар болуы жөнінде талап белгіленбейді.

      Жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар жұмыс тәжірибесінің әрбір жылы үшін ұсынылады.

      Егер тапсырыс берушінің жұмыстарының немесе көрсетілетін қызметтерінің жылдық көлемі құндық мәндегі он төрт мың еселік АЕК мөлшерінен асып түсетін болса, онда әлеуетті жеткізуші жұмыс тәжірибесінің бүкіл мерзімі үшін кемінде бір шарт бойынша тиісті қаржы жылына белгіленген он төрт мың еселік АЕК мөлшерінен асатын сомаға жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) көлемінің орындалуын растайтын құжаттарды ұсынады.

      Жұмыс тәжірибесінің соңғы жылын есептегенде ағымдағы қаржы жылы немесе ағымдағы қаржы жылы алдындағы қаржы жылы бойынша Қағидалардың осы тармақшасының үшінші бөлігінде көрсетілген, жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды ұсынуға жол беріледі;

      2) осы зауыт осы тауарды бұрын шығармаған болса, өндіруші зауыттың (дистрибьютордың, өндіруші зауыттың ресми өкілінің) тауардың техникалық сипаттамасын ұсынуы туралы;

      3) әлеуетті жеткізушінің жұмыскерлерінің кәсіби біліктілігін растайтын дипломдардың, сертификаттардың, куәлік қағаздардың, куәліктердің бар болуы туралы;

      4) сатып алынатын тауарлардың өндіруші зауыты (дистрибьюторы, өндіруші зауыттың ресми өкілі) тапсырыс берушіге және әлеуетті жеткізушіге берген мыналарды қамтитын хатты ұсыну туралы:

      әлеуетті жеткізушіге конкурстық құжаттамада белгіленген көлем мен сапада тауар жеткізу бойынша ашық конкурс талабының орындалуы туралы растама;

      жеткізуге ұсынылатын тауардың техникалық ерекшеліктерінің сипаттамасы;

      тапсырыс берушіге тауарды уақтылы жеткізуді жүзеге асыру үшін жеткілікті мерзім ішінде әлеуетті жеткізушіге тауарды жеткізу туралы растама;

      5) қосалқы бөлшектер немесе шығыс материалдары сатып алынатын тапсырыс берушідегі жабдықтың немесе көлік құралының өндіруші зауыт (дистрибьютор, өндіруші зауыттың ресми өкілі) берген, әлеуетті жеткізуші ұсынып отырған қосалқы бөлшектердің немесе шығыс материалдарының тапсырыс берушідегі осы өндірушінің жабдығымен немесе көлік құралымен салыстырмалылығы туралы хатты ұсыну туралы.

      Егер әлеуетті жеткізуші дистрибьютор немесе ресми өкіл берген хатты ұсынатын болса, конкурстық өтінімге осы тұлғалардың өкілеттігін растайтын өндіруші зауыт берген құжаттар қоса беріледі;

      6) әлеуетті жеткізушілердің әлеуетті жеткізушіде аккредиттелген ұйыммен сертификатталған, мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сертификатталған менеджмент жүйесінің (сертификатталған жүйелердің) бар болуын растайтын құжаттарды ұсынуы туралы.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.09.2023 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Конкурстық құжаттамада:

      1) әлеуетті жеткізушілерге осы Қағидаларда көзделмеген кез келген талаптарды белгілеуге;

      2) әлеуетті жеткізуші жұмыскерлерінде жұмыс тәжірибесінің бар болуы туралы талапты белгілеуге;

      3) мыналар сатып алынатын жағдайларды қоспағанда, тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығу орнының атауы мен өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жеке әлеуетті жеткізушіге не өндірушіге тиесілілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға сілтеуге жол берілмейді:

      негізгі (орнатылған) жабдықты жете жинақтау, жаңғырту, жете жарақтандыру, сондай-ақ одан әрі техникалық сүйемелдеу, сервистік қызмет көрсету және жөндеу, оның ішінде жоспарлы жөндеу үшін ТЖКҚ,

      мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынаа сәйкес тауарларды сатып алу.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.09.2023 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Ашық конкурстың лотына әрбір лот бойынша конкурстық құжаттаманы және техникалық ерекшелікті жүктемеген (көшіріп алмаған) әлеуетті жеткізушілердің қатысуына жол берілмейді.

      Әрбір лот бойынша конкурстық құжаттаманың және техникалық ерекшеліктің көшірмесін ұсыну (тізілімнен (жүйеден) алу) фактісі тізілімде (жүйеде) автоматты түрде тіркеледі.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Ашық конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланғанға дейін конкурстық құжаттаманы ұсынуға жол берілмейді.

      32. Әлеуетті жеткізуші конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен тапсырыс берушіге оны тізілімде (жүйеде) орналастыру арқылы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүгінеді. Тапсырыс беруші сұрау салу тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап береді және сұрау салудың кімнен түскенін көрсетпестен, негізделген және дәлелді түсіндіруді тізілімде (жүйеде) орналастырады

      Тізілімде (жүйеде) осы Қағидалардың осы тармағының бірінші абзацында көрсетілген конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулардың жоқтығы әлеуетті жеткізушінің конкурстық құжаттама талаптарымен келісетіндігін білдіреді.

      Әлеуетті жеткізушінің ашық конкурсқа қатысу үшін конкурстық өтінімді беруі конкурстық құжаттама талаптарымен келісуді білдіреді.

      33. Тапсырыс беруші осы Қағидалардың 25-тармағының 1) тармақшасында көзделген мәліметтерді қоспағанда, конкурстық құжаттамаға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізеді. Өзгерістер және (немесе) толықтырулар конкурстық құжаттамаға конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде енгізіледі. Өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген кезде тапсырыс беруші конкурстық құжаттаманы қайтадан бекітуі тиіс және тапсырыс беруші конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімін конкурстық құжаттамаға өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген күннен бастап әлеуетті жеткізушілер бұл өзгерістерді конкурстық өтінімдерде ескеруі үшін кемінде он жұмыс күніне ұзартады (егер осындай өзгерістер енгізілген сәтте конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі 10 жұмыс күнінен кем болса), бұл ретте конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімін ұзартулардың саны шектелмейді.

      Тапсырыс беруші енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар ескере отырып, конкурстық құжаттаманың көшірмесін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік бір күннен кешіктірмей барлық әлеуетті жеткізушілерге оны тізілімде (жүйеде) орналастыру арқылы ұсынады.

      Конкурстық өтінімді ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы ақпарат тізілімде (жүйеде) орналастыруға тиіс.

      Тапсырыс беруші ашық конкурсқа қатысу үшін конкурстық өтінімдерін берген әлеуетті жеткізушілердің конкурстық құжаттамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу бойынша қабылданған шешім туралы конкурстық құжаттамаға жасалған өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, тізілім (жүйе) арқылы хабарлайды.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.09.2023 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Осы тармаққа сәйкес тапсырыс берушінің ашық конкурстың нысанасы болып табылатын осы ТЖКҚ сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуымен байланысты, ашық конкурстың нысанасы болып табылатын ТЖКҚ кейбір лоттарын алып тастау конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу болып саналмайды.

4-параграф. Ашық конкурсты өткізу туралы хабарландыруды және конкурстық құжаттаманы тізілімде (жүйеде) орналастыру

      35. Ашық конкурсты өткізу туралы хабарландыру:

      1) егер сатып алынатын ТЖКҚ-ның жалпы көлемі әрбір лот бойынша құндық көріністе тиісті қаржы жылына белгіленген он төрт мың еселік АЕК мөлшеріне тең болса немесе одан аспаса, конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын;

      2) егер сатып алынатын ТЖКҚ-ның жалпы көлемі әрбір лот бойынша құндық көріністе тиісті қаржы жылына белгіленген он төрт мың еселік АЕК мөлшерінен асса, конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін кемінде жиырма жұмыс күні бұрын орналастырылады.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.09.2023 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде орналастырылатын ашық конкурсты өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) ашық конкурстың нысанасы (егер ашық конкурстың нысанасына бірнеше лот кірген жағдайда, лоттардың атаулары және нөмірлері);

      2) әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышына сәйкес тапсырыс берушінің атауы мен орналасқан орны;

      3) әрбір лот бойынша сатып алынатын тауарлардың сипаттамасы, өлшем бірлігі, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі, сондай-ақ әрбір лот бойынша техникалық ерекшеліктің электрондық көшірмесі;

      4) әрбір лот бойынша тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың немесе қызметтерді көрсетудің мерзімі ТЖКҚ сатып алу туралы шарт жасалған күннен және (немесе) конкурстық құжаттамада белгіленген күннен бастап, әрбір лот бойынша тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау орны;

      5) конкурстық құжаттаманың электрондық көшірмесі;

      6) тізілімде (жүйеде) конкурстық өтінімдерді ұсынудың басталу және аяқталу уақыты, сондай-ақ конкурстық өтінімдерді ашу күні мен уақыты;

      7) ҚҚС есепке алмағанда, әрбір лот бойынша ТЖКҚ сатып алуға бөлінген сома;

      8) әрбір лот бойынша ТЖКҚ сатып алу туралы шарт жасасудың талап етілетін мерзімі ашық конкурстың қорытындылары шығарылған күннен бастап немесе құжаттарды салыстыру хаттамасына қол қойылған күннен бастап;

      9) әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) сатып алынатын тауарлардағы, жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегі) елішілік құндылық бойынша ең аз талаптар;

      Тауарлардағы елішілік құндылық бойынша міндеттемелері жоқ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша сатып алынатын тауарлардағы елішілік құндылық бойынша әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген ең аз талаптарды (0-ден 100-ге дейін) белгілеуге жол беріледі;

      10) әрбір лот бойынша, оның шеңберінде ТЖКҚ сатып алу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (-тар) нөмірі;

      11) сатып алынатын ТЖКҚ бағасынан басқа, әлеуетті жеткізушінің конкурстық баға ұсынысына, ҚҚС есептемегенде, конкурстық құжаттамада көзделген өзге шығыстарды қосудың қажеттілігі туралы талап;

      12) конкурстық өтінімнің қолданыс мерзімі;

      13) сатып алу коды.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-параграф. Конкурстық өтінімдерді жинау

      37. Конкурстық өтінім ашық конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізушінің конкурстық құжаттаманың шарттарына сәйкес тауарларды жеткізуді немесе жұмысты орындауды немесе қызметтерді көрсетуді жүзеге асыруға келісімін білдіру болып табылады.

      38. Тізілімде (жүйеде) тіркелу үшін әлеуетті жеткізуші тізілімде (жүйеде) мыналарды орналастырады:

      1) заңды тұлғалар үшін:

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың электрондық көшірмесін;

      құрылтайшылар туралы мәліметтерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесін: үлгілік жарғы негізінде тіркелген заңды тұлғалар үшін жарғының электрондық көшірмесін – заңды тұлғаны тіркеу туралы белгіленген нысандағы өтініштің электрондық көшірмесін, акцияларды ұстаушылардың тізілімінен үзіндінің электрондық көшірмесін (акционерлік қоғамдар үшін), сондай-ақ құрылтайшылар туралы мәліметтерді қамтитын басқа құжаттың электрондық көшірмесін;

      2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін – кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу туралы құжаттың электрондық көшірмесін;

      3) заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум) үшін – консорциум туралы келісімнің электрондық көшірмесін, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде тартылған консорциумның қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамалардың электрондық көшірмелерін, үлгілік жарғы негізінде тіркелген заңды тұлғалар үшін қатысушылар жарғыларының электрондық көшірмелерін – заңды тұлғаны-қатысушыны тіркеу туралы белгіленген нысандағы өтініштің электрондық көшірмесін;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін – Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелерін, не нотариус куәландырған мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріндегі аудармалармен бірге, Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын әлеуетті жеткізуші Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын консорциумның қатысушысы (қатысушылары) туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелерін.

      Тізілімде (жүйеде) тіркелген соң, Қағидалардың осы тармағында көрсетілген деректер өзгерген кезде, әлеуетті жеткізушілер оларды тізілімде (жүйеде) жаңартуды жүзеге асырады.

      Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау және (немесе) тізілімде (жүйеде) жаңартылған деректерді және (немесе) әріптік, цифрлық және өзге де символдармен сәйкестендірілмейтін ақпаратты қамтитын деректерді орналастырмау әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімін қабылдамау үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтініміне электрондық цифрлық қолтаңба қойылады және тізілімде (жүйеде) орналастырылады.

      Әлеуетті жеткізушілер конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда басқа тілдердегі аударманы қоса бере отырып, конкурстық өтінімді мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде ұсынады.

      Құжаттар арасында қайшылық болса, мемлекеттік тілде ұсынылған құжат артықшылыққа ие болады.

      Конкурстық өтінімнің құрамында нотариус куәландырған құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынуға жол беріледі.

      Әлеуетті жеткізуші конкурстық өтінімнің құрамында ұсынған әріптік, цифрлық және өзге де символдармен сәйкестендіруге келмейтін ақпаратты қамтитын құжат әлеуетті жеткізуші тарапынан ұсынылмаған болып есептелінеді.

      Әлеуетті жеткізуші нотариус куәландырған мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріндегі аудармасыз ұсынған шетел тіліндегі құжат әлеуетті жеткізуші тарапынан ұсынылмаған болып есептелінеді.

      Ақпараттық жүйелер арқылы алынған құжаттарды қоспағанда, құжаттардың электрондық көшірмелері әлеуетті жеткізушіде төлнұсқалардың немесе осындай құжаттардың нотариус куәландырған көшірмелерінің бар болуы шартымен қағаз нұсқада ұсынылады.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.09.2023 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Ашық конкурс туралы хабарландыруда көрсетілген конкурстық өтінімдерді ұсынудың аяқталу мерзімі аяқталған соң ұсынылатын ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінің конкурстық өтінімдері тізілімде (жүйеде) орналастырылмайды.

      41. Әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінде:

      1) лицензиялардың электрондық көшірмелері (егер ашық конкурстың шарттарында міндетті лицензиялауға жататын қызмет көзделген жағдайда);

      2) конкурстық өтінімдерді ашу күнінің алдындағы бір айдан бұрын емес берілген, банктің немесе банк филиалының алдындағы әлеуетті жеткізушінің міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы әлеуетті жеткізушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының анықтамасының электрондық көшірмесі (егер әлеуетті жеткізуші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрбіреуінен ұсынылады);

      3) берешектің жоқтығы туралы не конкурстық өтінімдерді ашу күнінің алдындағы бір айдан бұрын емес берілген бір теңгеден кем берешектің болуы туралы тиісті салық органы анықтамасының электрондық көшірмесі;

      4) әлеуетті жеткізушінің – Қазақстан Республикасы бейрезидентінің қызметі осы жеткізушінің банкрот деп танылуына байланысты тоқтатылмағандығы туралы мәліметтердің электрондық көшірмелері;

      5) ТЖКҚ-ның функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын көрсете отырып, техникалық ерекшеліктің, сондай-ақ ТЖКҚ-ның осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері болады.

      Тауар сатып алынған жағдайда техникалық ерекшелікте жеткізуге ұсынылатын тауардың шыққан елі, өндіруші зауыты, модельдің атауы және техникалық ерекшеліктері көрсетіледі.

      Әлеуетті жеткізушіге жеткізу мерзімін конкурстық құжаттамада белгіленген күнтізбелік алпыс күннен кем мерзімді көрсетуге жол беріледі;

      6) әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) ұсынылатын ТЖКҚ елішілік құндылық бойынша міндеттемелер.

      Сатып алынатын тауарлардағы елішілік құндылықтың әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген ең аз талаптарын (0-ден 100-ге дейін) белгілеуге жол беріледі, оның ішінде тауарлардағы елішілік құндылық бойынша міндеттемелерді қамтымайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша;

      7) көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізумен байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындауға арналған шартты орындау кезінде мердігердің осы Қағидаларды сақтау туралы келісімі (әлеуетті жеткізуші мердігерлік шартын орындауға қажетті ТЖКҚ сатып алған жағдайда);

      8) осы Қағидалардың 26-тармағы 1) тармақшасының талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (егер конкурстық құжаттамада әлеуетті жеткізушінің жұмыс тәжірибесі туралы талап көзделсе);

      9) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес, сатып алынатын тауарлардың өндірушісі тапсырыс берушіге және әлеуетті жеткізушіге берген хаттың электрондық көшірмесі (конкурстық құжаттамада тиісті талап бар болған жағдайда);

      10) тапсырыс берушінің банк шотына кепілдікті ақшалай жарнаның енгізілуін растайтын төлем тапсырмасының электрондық көшірмесі (конкурстық құжаттамада тиісті талап бар болған жағдайда);

      11) әлеуетті жеткізушіде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аккредиттелген ұйыммен сертификатталған, мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес менеджмент жүйесінің (сертификатталған жүйелердің) бар болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (конкурстық құжаттамада тиісті талап бар болған жағдайда) болады.

      12) ашық конкурстың әлеуетті жеткізушісінің конкурстық баға ұсынысы конкурстық құжаттамада көзделген талаптарға сәйкес, ҚҚС есепке алмағанда әрбір лот бойынша бөлек, электрондық құжат нысанында тізілімде (жүйеде) ұсынылады.

      13) әлеуетті жеткізушінің бірінші разрядты жұмыскердің айлық тарифтік мөлшерлемесінің (жалақысының) ең төмен мөлшері және разрядаралық коэффициенттердің ең төмен шектері бойынша еңбекке ақы төлеудің негізгі қағидаттары бөлігінде салалық келісімді сақтауы жөніндегі міндеттеме.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.09.2023 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41-1. Сатып алынатын жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттар ретінде әлеуетті жеткізушілерге мүліктік жалдау (жалға алу) шартын ұсынуға жол беріледі.

      Мүліктік жалдау шарттарына лизинг, жалға алу шарттары, сондай-ақ мүлікті ақылы негізде уақытша пайдалануға берумен байланысты шарттардың түрлері де жатады.

      Әлеуетті жеткізушілерге үшінші тұлғалармен ақылы қызмет көрсету шартын және мердігерлік шартын ұсынуға жол берілмейді.

      Ашық конкурсқа қатысуға үшінші тұлғалар тартылса, конкурстық өтінім осы Қағидалардың 41 және 42-тармақтарының талаптарына сәйкес ұсынылады.

      Ескерту. Қағида 41-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      42. Ашық конкурсқа қатысу үшін заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум) мыналарды ұсынады:

      1) заңды тұлғалардың уақытша бірлестігінің (консорциумның) әр мүшесі осы Қағидалардың 41-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады;

      2) Қағидалардың осы тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, Қағидалардың 41-тармағында көзделген құжаттарды заңды тұлғалардың уақытша бірлестігінің (консорциумның) бір және (немесе) бірнеше қатысушысы ұсынады.

      Бірлескен қызмет туралы шартта консорциумға басшылық жасау көзделеді, сондай-ақ жұмысты немесе көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа қол қоюды жұмыс тәжірибесі мол (егер конкурстық құжаттамада жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар көзделсе) және сатып алу нысанасына сәйкес қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттары бар (егер қызметті жүзеге асыру үшін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат беру құжаттары қажет болса) консорциум қатысушысы жүзеге асырады.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      43. Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету банк кепілдігі түрінде енгізілген жағдайда, банк кепілдігінің түпнұсқасы конкурстық құжаттамада көрсетілген конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін жабық конвертте ұсынылады.

      Жабық конверттің бет жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

      әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;

      конкурстық құжаттамада көрсетілген ұқсас мәліметтерге сәйкес келуге тиіс тапсырыс берушінің толық атауы мен пошталық мекенжайын;

      конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің енгізілгендігін растайтын, қатысу үшін банк кепілдігі ұсынылатын ашық конкурстың (лоттың) атауын көрсетеді.

      Конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің енгізілгендігін растайтын банк кепілдігін қамтитын, белгіленген мерзім өткен соң ұсынылған конверт ашылмайды және әлеуетті жеткізушіге қайтарылады.

      44. Егер әлеуетті жеткізуші Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, онда осы Қағидалардың 41-тармағында көрсетілген құжаттар немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын әлеуетті жеткізуші туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттар ұсынылады.

      45. Әлеуетті жеткізушілер шартты бағаны есептеу үшін осы Қағидалардың 41-тармағында көзделген құжаттардан басқа, егер әлеуетті жеткізуші ашық конкурстың нысанасы болып табылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушісі болып табылса, құжаттың электрондық көшірмесі түрінде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қызметкерлердің саны туралы мәліметтерді ұсынады.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      46. Әлеуетті жеткізуші конкурстық өтінімді конкурстық құжаттамада көрсетілген оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін тізілімде (жүйеде) ұсынады.

      Әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімді ұсыну фактісі тізілімде (жүйеде) автоматты түрде тіркеледі.

      47. Әлеуетті жеткізушіге конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей мыналарға:

      1) конкурстық өтінімді өзгертуге және (немесе) толықтыруға;

      2) өзі енгізген конкурстық өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпай, өзінің конкурстық өтінімін қайтарып алуға жол беріледі.

      48. Әлеуетті жеткізуші:

      1) бір лотқа бірден артық конкурстық өтінімді;

      2) конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурстық өтінімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізбейді.

      Әлеуетті жеткізушіге конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталған соң конкурстық өтінімді қайтарып алуға жол берілмейді.

      49. Әлеуетті жеткізуші ашық конкурстың бірнеше лотына қатысқан жағдайда, осы Қағидалардың 41-тармағының 1), 5), 6), 7), 8), 9), 10) тармақшаларында көзделген құжаттар және конкурстық баға ұсынысы ашық конкурстың әрбір лоты үшін жеке ұсынылады.

      50. Әлеуетті жеткізуші өзінің ашық конкурс тәсілімен ТЖКҚ сатып алуға қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші ТЖКҚ сатып алудың қорытындыларына қарамастан, осы шығындарды өтеу бойынша міндеттемелерге жауап бермейді.

6-параграф. Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету

      51. Тапсырыс берушіге ТЖКҚ сатып алу үшін конкурстық құжаттамада көзделген сомадан бір пайыздан артық конкурстық өтінімді қамтамасыз ету мөлшерін белгілеуге жол берілмейді.

      52. Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету мынадай тәсілдердің бірімен енгізіледі:

      1) тапсырыс берушінің банк шотына енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнасы;

      2) Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше екінші деңгейдегі банктерінің банк кепілдігі.

      Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізу тәсілін таңдау құқығын әлеуетті жеткізуші жүзеге асырады.

      53. Жеткізуші үшінші тұлғаларда енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаны толық не бір бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкелетін әрекет жасамайды.

      54. Тапсырыс беруші әлеуетті жеткізуші енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны осы Қағидалардың 56-тармағында көзделген жағдайлар туындағанға дейін пайдаланбайды.

      55. Осы Қағидалардың осы параграфында көзделген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізу туралы ережелері мүгедектердің қоғамдық ұйымдарына қолданылмайды.

      56 Тапсырыс беруші конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде:

      1) ашық конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті жеткізуші және (немесе) конкурстық баға ұсынысы ашық конкурс жеңімпазының конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізуші хабарламада белгіленген мерзімде шартты ұсынбаса немесе ТЖКҚ сатып алу туралы шарттың ережелері ТЖКҚ сатып алу туралы шарт жобасына және (немесе) жеңімпаздың және (немесе) конкурстық баға ұсынысы ашық конкурс жеңімпазының конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтініміне сәйкес келмесе;

      2) ТЖКҚ сатып алу туралы шартқа қоса берілетін құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариус куәландырған көшірмелері ашық конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың электрондық көшірмелерімен салыстырып тексеру рәсімінен өтпесе немесе құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариус куәландырған көшірмелері ұсынылмаса;

      3) ашық конкурстың жеңімпазы және (немесе) конкурстық баға ұсынысы ашық конкурс жеңімпазының конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізуші ТЖКҚ сатып алу туралы шарт жасасып, егер оның енгізілуі конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда, ТЖКҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамаса, қайтармайды.

      57. Осы Қағидалардың 56-тармағында көзделген жағдайлардың бірі туындаған жағдайда, конкурстық өтінімді қамтамасыз ету сомасы тапсырыс берушінің кірісіне есептеледі.

      58. Тапсырыс беруші әлеуетті жеткізушіге ол енгізген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлар туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қайтарады:

      1) осы әлеуетті жеткізуші конкурстық өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің конкурстық өтінімін кері қайтарып алса;

      2) тапсырыс беруші конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасына қол қойса.

      Осы тармақшаның шарттары ТЖКҚ сатып алуға қатысуға рұқсат алмаған әлеуетті жеткізушілерге қолданылады;

      3) тапсырыс беруші ашық конкурстың қорытындыларын шығару хаттамасына қол қойса.

      Осы тармақша ашық конкурс жеңімпазы және (немесе) конкурстық баға ұсынысы ашық конкурс жеңімпазының конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізуші деп айқындалған ашық конкурстың әлеуетті жеткізушісіне қолданылмайды;

      4) ТЖКҚ сатып алу туралы шарт күшіне енген және ашық конкурс жеңімпазы ТЖКҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген жағдайда, егер оның енгізілуі конкурстық құжаттамада көзделсе.

      Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету жеңімпазға және конкурстық баға ұсынысы ашық конкурс жеңімпазының конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізушіге қайтарылады;

      5) әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімі өтсе;

      6) тапсырыс берушінің ТЖКҚ сатып алудан бас тартуына байланысты ашық конкурстың нысанасы болып табылатын осы ТЖКҚ кейбір лоттары алынып тасталса.

      Осы тармақшаның шарты тапсырыс беруші алып тастаған лотқа қатысу үшін конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті жеткізушілерге таралады;

      7) тапсырыс беруші ТЖКҚ сатып алу жөніндегі ашық конкурстан бас тартса немесе оны жойса;

      8) сатып алудың жеңімпазы болып айқындалған әлеуетті жеткізуші осы Қағидалардың 121-тармағына сәйкес тауарды немесе жұмыстарды сатып алу туралы шарт жобасының құнының өзгеруіне байланысты тауарды немесе жұмысты сатып алу туралы шарт жасасудан бас тартса.

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7-параграф. Тізілімде (жүйеде) конкурстық өтінімдерді ашу, конкурстық комиссияның конкурстық өтінімдерді ашық конкурстың талаптарына сай келуі мәніне қарауы және конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасын жасау

      59. Конкурстық өтінімді ұсыну фактісі мынадай мәліметтерді көрсете отырып, тізілімде (жүйеде) автоматты режимде тіркеледі:

      1) ашық конкурстың нысанасы (егер ашық конкурс нысанасына бірнеше лот кірген жағдайда лоттардың атаулары мен нөмірлері);

      2) әлеуетті жеткізушінің атауы мен орналасқан орнының мекенжайы (заңды тұлғалар үшін) немесе тегі, аты, әкесінің аты және орналасқан орны (жеке тұлғалар үшін);

      3) әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімді ұсынған күні және уақыты;

      4) әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімді қайтарып алған күні мен уақыты.

      Конкурстық өтінімдер тізілімнің (жүйенің) жабық бөлігінде орналасады және конкурстық өтінімдер ашылғанға дейін тізілім (жүйе) әкімшісі, көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган, тапсырыс беруші және әлеуетті жеткізушілер оларды қарай алмайды.

      Конкурстық баға ұсыныстары тізілімнің (жүйенің) жабық бөлігінде орналастырылады және конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасы тізілімде (жүйеде) орналастырылғанға дейін тізілім (жүйе) әкімшісі, көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган, тапсырыс беруші және әлеуетті жеткізушілер оларды қарай алмайды.

      60. Конкурстық құжаттамада көрсетілген ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылатын әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдері тізілімде (жүйеде) орналастырылмайды.

      61. Әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдері конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде тізілімде (жүйеде) ашылады.

      62. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарайды және егер конкурстық құжаттамада өзгеше ұзағырақ мерзім көзделмесе, әлеуетті жеткізушілерді әрбір лот бойынша конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімінің соңғы күнінен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей ашық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.

      63. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сай келетін және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін өтінім ретінде қарайды, егер онда конкурстық өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге келетін грамматикалық қателер бар болса;

      64. Конкурстық өтінімдерді қараған кезде:

      1) конкурстық өтінімдерді қарауды жеңілдету үшін конкурстық комиссияның тізілімде (жүйеде) орналастыру арқылы ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінен олардың мазмұнын өзгертпестен, бірақ конкурстық өтінімдерді қараудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, олардың конкурстық өтінімдеріне байланысты түсіндірмелерді сұратуға жол беріледі. Әлеуетті жеткізуші сұрау салу орналастырылған сәттен бастап екі жұмыс күн ішінде оған тізілімде (жүйеде) жауап береді;

      2) тапсырыс беруші әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтініміне қандай да бір өзгерістер енгізеді;

      3) тапсырыс беруші конкурстық құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін конкурстық өтінімді осы талаптарға сәйкес келтіру үшін ешқандай сұрау салуларды, ұсыныстарды немесе рұқсаттарды жібермейді.

      65. Конкурстық комиссия мынадай негіздер бойынша конкурстық өтінімді қабылдамайды және әлеуетті жеткізушіні ашық конкурсқа қатысуға жібермейді:

      1) осы Қағидалардың 41-тармағында, әлеуетті жеткізуші Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше екінші деңгейдегі банктерінің банктік кепілдігі нысанында конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізу тәсілін таңдаған жағдайда, осы Қағидалардың 43-тармағында, сондай-ақ заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум) ашық конкурсқа, төмендетуге бағытталған ашық конкурсқа (электрондық сауда-саттық) қатысқан жағдайда, осы Қағидалардың 42-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаса;

      2) конкурстық өтінім файлды ашудағы қатемен ұсынылса;

      3) құрылтай құжаттары осы Қағидалардың 38-тармағының талаптарын бұза отырып орналастырылса;

      4) тиісті салық органының анықтамасында салықтық берешектің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша бір және одан артық теңге мөлшерінде берешектің бар болуы мәліметтер болса;

      5) банк немесе банк филиалы анықтамасының электрондық көшірмесінде әлеуетті жеткізушінің міндеттемелері түрлерінің біреуінен болса да мерзімі өткен берешек болса;

      6) Қағидалардың 12-тармағында көзделген ашық конкурсқа қатысумен байланысты шектеулер болса.

      Комиссия банкроттық рәсімдердің өткізілуіне бақылау жүргізетін уәкілетті органының интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды.

      7) осы әлеуетті жеткізушінің бірінші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті жеткізушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жегжаттары жеткізушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі болып табылса;

      8) әлеуетті жеткізуші конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынса;

      9) әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) ұсынылатын ТЖКҚ елішілік құндылық бойынша міндеттемелер конкурстық құжаттамада көрсетілген талап етілетін елішілік құндылық көрсеткіштерінен кем болса;

      10) күмәнді ақпаратты ұсыну фактісі анықталса.

      Конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасына күмәнді ақпаратты ұсыну фактісін растайтын, әлеуетті жеткізуші ұсынған ақпарат авторының ресми хаттарының электрондық көшірмелері қоса беріледі.

      Конкурстық өтінімдерді Қағидалардың осы тармағында көзделмеген негіздер бойынша қабылдамауға жол берілмейді.

      Тапсырыс беруші конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасында әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімін қабылдамау үшін негіз болып табылған себептерді түсіндіре және құжаттарды көрсете отырып, осы тармақта көрсетілген конкурстық өтінімдерді қабылдамауға негіздерді көрсетеді.

      11) Тапсырыс беруші мен төмендегілер арасында бұрын жасалған ТЖКҚ сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамау немесе тиісті түрде орындамау фактісін растайтын сот шешімі күшіне енген мезеттен бастап жиырма төрт айдың ішінде конкурстық өтінімді қабылдамауға жол беріледі:

      осы конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті жеткізушілер, заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерінің (консорциумдардың) қатысушыларымен;

      қатысушысы, акционері немесе басшысы конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті жеткізушілерді, заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерін (консорциумдарды) басқарумен, құрумен, жарғылық капиталына қатысумен байланысты заңды тұлғалармен.

      Конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасына осындай сот шешімдерінің электрондық көшірмелері қоса беріледі;

      12) Кодекстің 131-бабының 1-тармағында, 179-бабының 1-тармағында көзделген бағаны шартты түрде төмендету өлшемшартын есепке алмағанда, әлеуетті жеткізушінің конкурстық баға ұсынысы ТЖКҚ сатып алуға бөлінген соманың 80 % (сексен пайыздан) төмен болса

      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.09.2023 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      66. Конкурстық комиссия әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін қарау кезінде әлеуетті жеткізушінің қазақстандық жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің өндірушісі мәртебесіне сәйкестігін анықтау үшін әлеуетті жеткізуші осы Қағидалардың 45-тармағына сәйкес ұсынған мәліметтерді ескереді.

      Әлеуетті жеткізуші оның қазақстандық жұмыстардың немесе қызметтердің өндірушісі мәртебесіне сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынбаса, конкурстық комиссия осындай әлеуетті жеткізушінің конкурстық баға ұсынысына Кодекстің 131-бабының 1-тармағына, 179-бабының 1-тармағына сәйкес бағаны шартты төмендетуді қолданбайды.

      Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      67. Әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімін тапсырыс берушінің конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімін ұзартуына байланысты құжаттардың қолдану мерзімінің өтуі себебі бойынша қабылдамауға жол берілмейді.

      68. Егер анағұрлым жақсы функционалдық және басқа да сипаттамалары бар тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ұсынылса, сондай-ақ егер анағұрлым жақсы технологиялық шешімдер және (немесе) ең жақсы материалдардан жасалған жұмыстарды орындау ұсынылса, әлеуетті жеткізушінің техникалық ерекшелігінің конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық ерекшелікке сәйкес келмеуі конкурстық өтінімді қабылдамауға негіз болып табылмайды.

      69. Тапсырыс беруші конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасын тізілімде (жүйеде) қалыптастырады, оған тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және тапсырыс берушінің тізілімде (жүйеде) ақпаратты қалыптастыру мен орналастыруға уәкілеттік берген тұлғасы оны тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде орналастырады және ол мыналарды қамтиды:

      1) әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышына сәйкес тапсырыс берушінің атауы мен орналасқан орнын;

      2) отырыстың өткізілетін күнін, уақыты мен орнын;

      3) конкурстық комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген конкурстық комиссия құрамын;

      4) ашық конкурстың нысанасын (егер ашық конкурстың нысанасына бірнеше лот кірген жағдайда, лоттардың атауларын);

      5) әрбір лот бойынша сатып алынатын ТЖКҚ сипаттамасын, өлшем бірліктері мен шоттың мемлекетаралық сыныптауышына сәйкес өлшем бірлігін, санын (көлемін);

      6) конкурстық өтінімдерді ұсыну күні мен уақытын көрсетумен, конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті жеткізушілердің атауын (заңды тұлғалар үшін) немесе тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) (жеке тұлғалар үшін);

      7) өзінің конкурстық өтінімін қайтарып алған әлеуетті жеткізушілердің атауын (заңды тұлғалар үшін) немесе тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) (жеке тұлғалар үшін);

      8) жеке әрбір лот бойынша әлеуетті жеткізушілердің ашылған конкурстық өтінімдерінің мазмұны туралы ақпаратты;

      9) қабылдамауға негіз болған себептерді көрсетумен, конкурстық өтінімдері қабылданбаған әлеуетті жеткізушілердің атауын (заңды тұлғалар үшін) немесе тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) (жеке тұлғалар үшін);

      10) конкурстық өтінімдері ашық конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізушілердің атауын (заңды тұлғалар үшін) немесе тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) (жеке тұлғалар үшін);

      11) салыстыру рәсімінен өту үшін әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерінен құралған құжаттар тізбесін (конкурстық комиссияның шешімі бойынша).

      Тапсырыс берушінің шешімі бойынша конкурстық комиссияның мүшелері ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығына күмән келтірсе, конкурстық рәсімдердің жеңімпазы құжаттарды салыстыру рәсімінен өту үшін, конкурстық өтінімге қоса берілген барлық құжаттар тізбесін ұсынады;

      12) конкурстық комиссияның шешімімен (бар болса) келіспеген жағдайда конкурстық комиссия мүшесінің (мүшелерінің) айрықша пікірін;

      13) сатып алу кодын және тізілімнің (жүйенің) интернет-ресурсының мекенжайын;

      14) ТЖКҚ сатып алу жүзеге асырылған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың (келісімшарттардың) нөмірін (нөмірлерін).

      Конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасының қағаз нұсқасына төраға және (немесе) төрағаның орынбасары, хатшы және конкурстық өтінімдерді қарау рәсіміне қатысқан барлық конкурстық комиссия мүшелері қол қояды.

      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.09.2023 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      70. Ашық конкурсқа қатысуға рұқсат беру нәтижелері немесе қабылданбауы туралы мүдделі тұлғаларды хабардар ету тапсырыс берушінің тізілімде (жүйеде) ақпаратты қалыптастыруға және орналастыруға уәкілетті тұлғасының конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасын тізілімде (жүйеде) орналастыру болып табылады.

      71. Ашық конкурстың барлық лоттары бойынша әлеуетті жеткізушілердің ұсынылған немесе бас тартылмаған конкурстық өтінімдері тізілімде (жүйеде) жоқ болған жағдайда, ашық конкурсты өткізілмеді деп тану туралы шешім қабылданады және осы Қағидалардың 81 және 82 тармақтарына сәйкес тәртіппен ТЖКҚ сатып алу жөніндегі ашық конкурстың қорытындысын шығару хаттамасы ресімделеді.

8-параграф. Ашық конкурстың қорытындысын шығару хаттамасын жасаумен ашық конкурстың жеңімпазын айқындау

      72. Конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасына қол қойылғаннан және тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде орналастырылғаннан кейін, тізілімде (жүйеде) автоматты түрде конкурстық өтінімдері ашық конкурсқа қатысуға жіберілген ашық конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын ашу, сондай-ақ конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстырып тексеру жүзеге асырылады.

      73. Ашық конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысының бағасы ашық конкурстың (лоттың) нысанасы болып табылатын ТЖКҚ сатып алуға бөлінген сомадан асқан жағдайда, ұсынылған конкурстық баға ұсыныстары тізілімде (жүйеде) қабылданбайды.

      74. Конкурстық баға ұсынысы ашық конкурстың шарттарына сәйкес келмейді деп қабылданбай қоймаған ашық конкурстың жалғыз әлеуетті жеткізушісі болған жағдайда, ондай әлеуетті жеткізуші жеңімпаз болып танылады.

      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      75. Осы Қағидалардың 73-тармағында келтірілген шарт бойынша бас тартылмаған конкурстық баға ұсыныстары тізілімде (жүйеде) бағаланады және салыстырылады, және Кодекстің 131-бабының 1-тармағында, 179-бабының 1-тармағында көзделген бағаны шартты түрде азайту бойынша өлшемшартты ескере отырып, конкурстық баға ұсынысының ең төмен бағасының негізінде ашық конкурстың жеңімпазы (лоттар бойынша) айқындалады.

      Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      76. Ашық конкурстың жеңімпазын айқындау кезінде Кодекстің 131-бабының 1-тармағында, 179-бабының 1-тармағында көзделген бағаны шартты түрде азайту бойынша өлшемшартты қолдануды ескере отырып, ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінің конкурстық баға ұсыныстарының бағасы тең болса, артықшылық қазақстандық жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өндірушісіне беріледі.

      Ескерту. 76-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      77. Ашық конкурстың нысанасы болып табылатын сатып алынатын жұмыстардағы немесе көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық бойынша ең үлкен пайызын ұсынған әлеуетті жеткізуші мынадай жағдайларда ашық конкурстың жеңімпазы болып танылады:

      1) Кодекстің 131-бабының 1-тармағында, 179-бабының 1-тармағында көзделген бағаны шартты түрде азайту бойынша өлшемшартты қолдануды ескере отырып, қазақстандық жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің өндірушілері болып табылатын ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінің конкурстық баға ұсыныстарының бағалары тең болса;

      2) қазақстандық ТЖКҚ өндірушілері болып табылмайтын ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінің конкурстық баға ұсыныстарының бағалары тең болса.

      Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      78. Конкурстық өтінімі ашық конкурстың басқа әлеуетті жеткізушілерінің конкурстық өтінімдерінен тізілімге (жүйеге) бұрын түскен әлеуетті жеткізуші мынадай жағдайларда:

      1) Кодекстің 131-бабының 1-тармағында, 179-бабының 1-тармағында көзделген бағаны шартты түрде төмендету бойынша өлшемшартты қолдануды ескере отырып, конкурстық баға ұсыныстары және қазақстандық жұмыстардың немесе қызметтердің өндірушілері болып табылатын ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілері ұсынған ашық конкурстың нысанасы болып табылатын сатып алынатын жұмыстардағы немесе көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық бойынша міндеттемелердің пайыздық көрінісі тең болған;

      2) конкурстық баға ұсыныстары және қазақстандық жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің өндірушілері болып табылмайтын ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілері ұсынған ашық конкурстың нысанасы болып табылатын сатып алынатын жұмыстардағы немесе көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық бойынша міндеттемелердің пайыздық көрінісі тең болған жағдайда, ашық конкурстың жеңімпазы болып танылады.

      Ескерту. 78-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      79. Конкурстық комиссия ашық конкурсты мына жағдайларда өтпеген деп таниды:

      1) ұсынылған конкурстық өтінімдердің болмауына байланысты;

      2) әлеуетті жеткізушілердің барлық конкурстық өтінімдері немесе барлық конкурстық баға ұсыныстары ашық конкурстың талаптарына сәйкес келмейтіндер ретінде қабылданбаған жағдайда..

      80. Ашық конкурс өтпеді деп танылса, тапсырыс беруші мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) жаңа ашық конкурсты өткізу туралы;

      2) бір көзден алу тәсілімен ТЖКҚ сатып алу туралы.

      81. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша шешім конкурстық баға ұсыныстары ашылған күнінен кешіктірмей тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, ТЖКҚ сатып алу жөніндегі ашық конкурстың қорытындысын шығару хаттамасы түрінде қалыптастырылады және орналастырылады.

      82. Ашық конкурстың қорытындысын шығару хаттамасы мыналарды қамтиды:

      1) әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышына сәйкес тапсырыс берушінің атауын мен орналасқан орнын;

      2) ашық конкурстың қорытындысын шығару күнін, уақытын;

      3) конкурстық комиссия құрамын;

      4) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес ашық конкурстың нысанасын (егер ашық конкурстың нысанасына бірнеше лот кірген жағдайда, лоттардың атауларын);

      5) әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышына сәйкес, конкурстық баға ұсыныстары тізілімде (жүйеде) ашылған ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінің атауы мен орналасқан жерінің мекенжайын (заңды тұлғалар үшін) немесе тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) және орналасқан орнын (жеке тұлғалар үшін);

      6) өлшем және есеп бірліктерінің мемлекетаралық сыныптауышына сәйкес өлшем бірлігін, сипатын, әрбір лот бойынша сатып алынатын ТЖКҚ санын (көлемін);

      7) конкурстық баға ұсыныстарының бағаларын көрсетумен, конкурстық баға ұсыныстары осы Қағидалардың 73-тармағында келтірілген себеппен қабылданбаған ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінің атауын (заңды тұлғалар үшін) немесе тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) (жеке тұлғалар үшін);

      8) Кодекстің 131-бабының 1-тармағында, 179-бабының 1-тармағында көзделген бағаны шартты түрде азайту өлшемшартын қолдануды ескере отырып, ашық конкурстың әлеуетті жеткізушілерінің қабылданған конкурстық баға ұсыныстарының бағаларын (лоттар бойынша);

      9) әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышына сәйкес, ашық конкурс жеңімпазының атауын және орналасқан жерінің мекенжайын (заңды тұлғалар үшін) немесе тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) және орналасқан жерін (жеке тұлғалар үшін), конкурстық баға ұсынысының бағасын (лоттар бойынша) және (немесе) ашық конкурстың нәтижесінде жеңімпаз анықталмаса, себепті (лоттар бойынша);

      10) әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышына сәйкес, конкурстық баға ұсынысы ашық конкурс жеңімпазының конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізушінің атауын және орналасқан жерінің мекенжайын (заңды тұлғалар үшін) немесе тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) және орналасқан жерін (жеке тұлғалар үшін), конкурстық баға ұсынысының бағасын (лоттар бойынша);

      11) жеңімпаздың және баға ұсынысы ашық конкурс жеңімпазының конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болатын екінші әлеуетті жеткізушінің міндеттемелерін, әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) ұсынылатын тауарлардағы немесе жұмыстардағы немесе көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық бойынша міндеттемелерін;

      12) сатып алу кодын және тізілімнің (жүйенің) интернет-ресурсының мекенжайын;

      13) ТЖКҚ сатып алу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың (келісімшарттардың) нөмірін (нөмірлерін).

      Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      83. Тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде қорытынды шығару хаттамасына қол қойылған және орналастырылған күннен кешіктірмей, тапсырыс беруші тізілімде (жүйеде) хабарлама жасап, оны жеңімпаздың электрондық пошта мекенжайына жолдайды және ол мыналарды қамтиды:

      1) жеңімпаздың қол қойылған ТЖКҚ сатып алу туралы шартты ұсынуына арналған мерзімді;

      2) ашық конкурсқа қатысу кезінде конкурстық өтінімнің құрамында ұсынылған құжаттардың электрондық көшірмелерімен салыстыру рәсімінен өту үшін, конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасында көзделген құжаттардың түпнұсқаларының немесе нотариус куәландырған көшірмелерінің тізбесін (бар болса);

      3) ТЖКҚ сатып алу туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаға берілген сенімхаттың түпнұсқасын (көшірмесін) (егер шартқа бірінші басшы болып табылмайтын тұлға қол қойса) немесе бірінші тұлғаны тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесін (құрылтайшылар (акционерлер) шешімінің көшірмесін) ұсыну туралы талапты.

      Қағидалардың осы тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен ТЖКҚ сатып алу туралы қол қойылған шарт конкурстық құжаттамада көрсетілген тапсырыс берушінің мекенжайына хабарлама жіберілген мезеттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылады.

      Әлеуетті жеткізушілер – Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін ТЖКҚ сатып алу туралы қол қойылған шартты және Қағидалардың осы тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынуға жол беріледі.

      Ескерту. 83-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      83-1. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың ережелерін түсіндіреді. Әлеуетті жеткізуші осы Қағидалардың негізінде өткізілетін конкурстардың қорытындыларына сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

      Ескерту. Қағида 83-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 14.09.2023 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен сатып алу тәртібі

      84. Өткен ашық конкурстың, төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) қорытындысы бойынша бір көзден алу тәсілімен ТЖКҚ сатып алу мына жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) ашық конкурс, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық):

      төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) өткізілген кезде әлеуетті жеткізушілер ұсынған конкурстық өтінімдердің, конкурстық баға ұсыныстарының болмауына байланысты;

      әлеуетті жеткізушілердің барлық конкурстық өтінімдері немесе барлық конкурстық баға ұсыныстары ашық конкурстың, төмендетуге ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) талаптарына сәйкес келмейтін ретінде қабылданбағандықтан, өтпеді деп танылса;

      2) ашық конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті жеткізуші және (немесе) конкурстық баға ұсынысы ашық конкурс, төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) жеңімпазының конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізуші (бар болса) хабарламада белгіленген мерзімде шартты ұсынбаса немесе ТЖКҚ сатып алу туралы шарттың ережелері ТЖКҚ сатып алу туралы шарт жобасына және (немесе) жеңімпаздың және (немесе) конкурстық баға ұсынысы ашық конкурс жеңімпазының конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтініміне сәйкес келмесе;

      3) ТЖКҚ сатып алу туралы шартқа қоса берілетін құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариус куәландырған көшірмелері ашық конкурсқа, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурсқа (электрондық сауда-саттық) қатысу үшін ұсынылған құжаттардың электрондық көшірмелерімен салыстыру рәсімінен өтпесе немесе құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариус куәландырған көшірмелері ұсынылмаса;

      4) төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) жеңімпазы және (немесе) конкурстық баға ұсынысы жеңімпаздың конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізуші (бар болса) ТЖКҚ сатып алу туралы шарт жасасып, ТЖКҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамаса, егер оның енгізілуі конкурстық құжаттамада көзделсе;

      5) жеңімпаз және конкурстық баға ұсынысы жеңімпаздың конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізуші (бар болса) осы Қағидалардың 121-тармағына сәйкес тауарды немесе жұмыстарды сатып алу туралы шарт жобасының құнының өзгеруіне байланысты тауарды немесе жұмысты сатып алу туралы шарт жасасудан бас тартса;

      6) жеткізушінің міндеттемелерді орындамауына байланысты ТЖКҚ сатып алу туралы шарт тараптардың екіжақты келісімі бойынша бұзылса. Шарт бір көзден алу тәсілімен сатып алудың қорытындысы бойынша Қағидалардың 86-тармағында көзделген талаптармен бұрын бұзылған шарт бойынша ТЖКҚ-ның орындалмаған көлеміне жасалады.

      Ескерту. 84-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      85. ТЖКҚ бір көзден алу тәсілімен сатып алу мына тізбе бойынша жүзеге асырылады:

      1) төтенше жағдайлардың салдарын оқшаулау және (немесе) жою, аварияларды жою үшін, сондай-ақ бірінші, екінші және үшінші деңгейдегі мұнайдың авариялық төгілуінің салдарын жоюды қамтамасыз ету бойынша ТЖКҚ сатып алу;

      2) сатып алынатын ТЖКҚ-ға қатысты айрықша құқықтарға ие тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын ТЖКҚ сатып алу;

      3) істен шығуы өндірістік циклдің тоқтауына әкелетін жабдықтардың, механизмдердің, агрегаттардың, шығыс материалдарының істен шығуы жағдайларында ТЖКҚ сатып алу.

      Тапсырыс беруші бір көзден алу тәсілімен сатып алу қорытындысының хаттамасына жабдықтың істен шығуы туралы актіні қоса береді;

      4) өндірістік қуаттары қалдықтарды олардың түзілу көзінен барынша аз тасымалдауды қамтамасыз ететін, шаруашылық қызмет процесінде әлеуетті жеткізушіде түзілетін қалдықтарды қайта өңдеу және (немесе) жою және (немесе) орналастыру және (немесе) тасымалдау және (немесе) кәдеге жарату жұмыстарын сатып алу;

      5) өндірістік қуаттары моноқалаларда орналасқан және жалғыз қала құраушы кәсіпорын тапсырыс берушінің кәсіпорны болып табылатын, моноқалаларда тіркелген қазақстандық ТЖКҚ өндірушілерінен ТЖКҚ сатып алу.

      Тауарды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) орны моноқала болып табылады;

      6) далалық геологиялық-геофизикалық зерттеулерге және (немесе) осындай зерттеулердің алынған деректерін өңдеуге және түсіндіруге, "толық аяқталған" ұңғымаларды салуға, "толық аяқталған" ұңғымаларды салу кезінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтығына кіретін жекелеген жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге жататын көмірсутектерді барлау жобаларына арналған жұмыстар және (немесе) көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ газ кен орнын жайластыру шеңберінде кешенді газ өңдеу қондырғысын салуға арналған ТЖКҚ сатып алу;

      6-1) жобалық-іздестіру жұмыстары және ұңғымаларды жайластыру үшін және дайындық кезеңінде шикі газды дайындау және қайта өңдеу мақсатында газды қайта өңдеу қуаттарына немесе газ дайындау қондырғыларына дейін тасымалдауға арналған ТЖКҚ;

      7) офтейк-келісімшарттар шеңберінде өндірілген, сондай-ақ осы тауарларды өндірушілерден осындай тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді (шеф-монтаждау, монтаждау немесе іске қосу-баптау жұмыстары) өндіруге ілеспе тауарлар, сондай-ақ келісімшарттық сатып алу шарты шеңберінде "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабына сәйкес тауарлардың бекітілген тізбесі негізінде өндірілген тауарларды сатып алу;

      8) жобалау, жобаға дейінгі құжаттаманы әзірлеген жеткізушіден жобалау, жобаға дейінгі құжаттамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      9) кепілді қызмет көрсету кезеңінде техникалық сүйемелдеуге, лицензиялық бағдарламалық өнімдерді техникалық сүйемелдеуге арналған ТЖКҚ сатып алу;

      10) қазақстандық тауарларды олардың өндірушілерінен не жер қойнауын пайдаланушылар үшін экономикалық тиімділік болған кезде осы өндірушілермен сауда-делдалдық қатынастарда жүрген тұлғалардан тауарларды сатып алу.

      Тауарлар "CT-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат және (немесе) "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген индустриялық сертификат негізінде сатып алынады.

      "CT-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат болмаған кезде тауарды сатып алу туралы шарт "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген индустриялық сертификат және тауардың жеткізілуімен бірге елішілік құндылықтың болжамды үлесін көрсете отырып, "CT-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатты ұсыну туралы кепілдік хаттың негізінде жасалады.

      Ескерту. 85-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.09.2023 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      86. ТЖКҚ осы Қағидалардың 84-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бір көзден алу тәсілімен сатып алынған кезде, ТЖКҚ сатып алудың шарттары өтпеген ашық конкурстың, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келеді.

      ТЖКҚ осы Қағидалардың 84-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларына сәйкес бір көзден алу тәсілімен сатып алынған кезде, ТЖКҚ сатып алудың шарттары қорытындысы бойынша бір көзден сатып алу жүзеге асырылатын ашық конкурстың, төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттықтың) конкурстық құжаттамасының талаптарына сәйкес келеді.

      Қағидалардың 84-тармағына сәйкес ТЖКҚ-ны сатып алу кезінде әлеуетті жеткізуші ТЖКҚ сатып алу туралы шартты жасау алдында тапсырыс берушіге осы Қағидалардың 84-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтпеген ашық конкурстың, төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) талаптарына сәйкес немесе Қағидалардың 84-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларына сәйкес оның қорытындысы бойынша бір көзден сатып алу жүзеге асырылған ашық конкурстың, төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) талаптарына сәйкес электрондық түрде конкурстық өтінімді ұсынады.

      Конкурстық өтінімді әлеуетті жеткізушілер конкурстық құжаттама тілінде ұсынады. Әлеуетті жеткізуші конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжатты ұсынбайды (конкурстық құжаттамада конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізу туралы талап болған жағдайда).

      Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.09.2023 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      87. Егер ТЖКҚ сатып алу осы Қағидалардың 6-тармағының және 7-тармағының 1), 3) тармақшаларына сәйкес осы Қағидаларды бұза отырып өткізілген болса, осы Қағидалардың 84-тармағына сәйкес ТЖКҚ сатып алудың бір көзден алу тәсілі қолданылмайды.

      Өтпеген ашық конкурстың, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) қорытындысы бойынша, осы Қағидалардың 65-тармағының 6), 7), 8), 10), 11), 12) тармақшаларына сәйкес барлық әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдері қабылданбаған жағдайларды қоспағанда, Тапсырыс беруші өтпеген ашық конкурсқа, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурсқа (электрондық сауда-саттық) қатыспаған жеткізушіден ТЖКҚ бір көзден сатып алмайды.

      Ескерту. 87-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.09.2023 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      88. Бір көзден алу тәсілімен біртекті болып табылмайтын ТЖКҚ-ны сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс берушіге қорытынды шығару хаттамасында мұндай ТЖКҚ-ны міндетті түрде лоттарға бөле отырып, көрсетілген тәсілмен бірыңғай ТЖКҚ-ны сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге жол беріледі.

      Бір көзден алу тәсілімен біртекті ТЖКҚ-ның бірнеше түрін сатып алу ТЖКҚ-ны олардың біртекті түрлері бойынша лоттарға бөлу арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 88-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      89. Бір көзден алу тәсілімен ТЖКҚ сатып алудың қорытындыларын шығару хаттамасын тапсырыс берушінің тізілімде (жүйеде) ақпаратты қалыптастыруға және орналастыруға уәкілеттік берген тұлғасы қалыптастырады, оған тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және ТЖКҚ сатып алу туралы шарт жасалғаннан кейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде орналастырылады, мына мәліметтерді көрсете отырып:

      1) әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышына сәйкес тапсырыс берушінің атауы мен орналасқан орны;

      2) ТЖКҚ осы Қағидалардың 85-тармағына сәйкес сатып алынған жағдайда, бір көзден алу тәсілімен сатып алуды қолдану негіздемесінің электрондық көшірмесін қоса беріп, бір көзден алу тәсілімен ТЖКҚ сатып алудың негіздемесі (бір көзден алу тәсілімен ТЖКҚ сатып алудың нысанасына бірнеше лот кірсе, әрбір лот бойынша);

      3) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес бір көзден алу тәсілімен сатып алудың нысанасы (егер бір көзден алу тәсілімен сатып алудың нысанасына бірнеше лот кірсе, лоттардың атаулары және нөмірлері);

      4) әрбір лот бойынша сатып алынатын ТЖКҚ сипаттамасы, өлшем және есеп бірліктерінің мемлекетаралық сыныптауышына сәйкес өлшем және есеп бірлігі, саны (көлемі);

      5) әрбір лот бойынша тауарларды жеткізу немесе жұмыстарды орындау, немесе қызметтерді көрсету мерзімдері мен орны;

      6) әлеуетті жеткізушінің атауы;

      7) әрбір лот бойынша, ҚҚС есепке алмағанда, теңгемен көрсетілген, ұсынылатын ТЖКҚ-ға әлеуетті жеткізушінің ұсынған бағасы;

      8) әрбір лот бойынша, ҚҚС есепке алмағанда, теңгемен көрсетілген, тауарларды сатып алуға, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге бөлінген сома;

      9) әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін), әлеуетті жеткізушінің ұсынылатын ТЖКҚ-дағы елішілік құндылық бойынша міндеттемелері;

      10) сатып алу коды және тізілімнің (жүйенің) интернет-ресурсының мекенжайы;

      11) ТЖКҚ сатып алу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың (келісімшарттардың) нөмірі (нөмірлері);

      12) Қағидалардың 84-тармағына сәйкес олардың қорытындылары бойынша бір көзден сатып алу өткізілетін ашық конкурстың, төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) сатып алу коды;

      13) осы Қағидалардың 86-тармағының талаптарына сәйкес, өтпеген ашық конкурстың, төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) конкурстық құжаттамасының талаптарына сәйкес келетін жеткізушінің конкурстық өтінімі.

      Тізілімде (жүйеде) қалыптастырылған бір көзден алу тәсілімен ТЖКҚ сатып алудың қорытындыларын шығару хаттамасының қағаз данасына тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі қол қояды.

      Ескерту. 89-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен сатып алу тәртібі

      90. Бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖКҚ сатып алу рәсімдері конкурстық баға ұсыныстарын ұсыну және жеңімпазды айқындау рәсімдерін қоспағанда, ашық конкурстың рәсімдеріне сай келеді.

      91. Төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖКҚ сатып алуға жіберілген әлеуетті жеткізушілер тізілімде (жүйеде) лотқа конкурстық баға ұсыныстарын береді және оларға электрондық цифрлық қолтаңба қояды.

      Конкурстық баға ұсыныстарын беру мерзімі – егер конкурстық құжаттамада одан қысқа мерзім көзделмесе, тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасы орналастырылған мезеттен және тізілім (жүйе) баға ұсыныстарын орналастыруға жіберілген әлеуетті жеткізушілерге автоматты түрде хабарламаларды жіберген мезеттен бастап қырық сегіз сағат. Конкурстық баға ұсыныстарын беру мерзімі осы тармақтың соңғы абзацында жазылған талаптарды ескере отырып, Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9-00-ден 20-00-ге дейінгі кезеңде кем дегенде бес сағатқа белгіленеді.

      Төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасы сауда-саттықты өткізуге қажетті уақытты ескере отырып, "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 5-бабына сәйкес демалыс және (немесе) мереке күндеріне түспейтін және олармен бөлінбейтін жұмыс күндері тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде орналастырылады.

      Егер әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы төмендетуге бағытталған сауда-саттықтың ағымдағы ең төмен бағасы болып табылса, ол бағаны төмендетуге ұсыныс бермейді.

      Әлеуетті жеткізушілер ұсынылатын ұсыныстардың санын шектемей, төмендетуге бағытталған сауда-саттыққа рұқсат беру рәсімінің қорытындысы бойынша берілген шартты жеңілдікті (тендер тәсілімен сатып алу кезінде) ескере отырып, сатып алу веб-порталы төмендетуге бағытталған сауда-саттықтың бастапқы бағасынан белгілейтін төмендетуге бағытталған қадам шегінде бағаны төмендетуге бағытталған ұсыныстар береді.

      Кодекстің 131-бабының 1-тармағында, 179-бабының 1-тармағында көзделген бағаны шартты түрде төмендету өлшемшартын есепке алмағанда, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖКҚ сатып алуға қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізушілерге ТЖКҚ сатып алуға бөлінген соманың 80 % (сексен пайыздан) төмен баға ұсыныстары берілмейді.

      Ескерту. 91-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 14.09.2023 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      92. Әлеуетті жеткізуші ұсынатын конкурстық баға ұсыныстарының саны шексіз, әлеуетті жеткізуші өз баға ұсынысын төмендету жағына қарай көп мәрте өзгерте алады.

      93. Бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) әлеуетті жеткізушілері шартты бағаны ескере отырып конкурстық баға ұсыныстарын және атауы көрсетілмеген қатысып отырған әлеуетті жеткізушілердің санын көре алады.

      94. Сауда-саттық жабылғанға дейін үш минуттың ішінде әлеуетті жеткізушілердің біреуі ең төменгі жаңа конкурстық баға ұсынысын енгізсе, сауда-саттықтың жабылу уақыты автоматты түрде он бес минутқа, бірақ үш реттен артық емес ұзартылады.

      95. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстырып тексеру тізілімде (жүйеде) жүзеге асырылады, және Кодекстің 131-бабының 1-тармағында, 179-бабының 1-тармағында көзделген бағаны шартты түрде азайту бойынша өлшемшартты ескере отырып, конкурстық баға ұсынысының ең төменгі бағасы негізінде жеңімпаз анықталады.

      Ескерту. 95-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      96. Бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖКҚ сатып алудың жеңімпазын анықтау кезінде, ТЖКҚ сатып алуға қатысқан әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстары тең болса, Кодекстің 131-бабының 1-тармағында, 179-бабының 1-тармағында көзделген бағаны шартты түрде азайту бойынша өлшемшартты қолдануды ескере отырып, артықшылық қазақстандық жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің өндірушісіне беріледі.

      Ескерту. 96-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      97. Бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) нысанасы болып табылатын, сатып алынатын жұмыстардағы немесе көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық бойынша міндеттемелердің ең үлкен пайызын ұсынған әлеуетті жеткізуші мынадай жағдайларда:

      1) Кодекстің 131-бабының 1-тармағында, 179-бабының 1-тармағында көзделген бағаны шартты түрде азайту бойынша өлшемшартты қолдануды ескере отырып, қазақстандық жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің өндірушілері болып табылатын әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстарының бағалары тең болса;

      2) қазақстандық жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің өндірушілері болып табылмайтын әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстарының бағалары тең болса, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) жеңімпазы болып танылады.

      Ескерту. 97-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      98. Конкурстық баға ұсынысы басқа әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстарынан бұрын түскен әлеуетті жеткізуші бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) жеңімпазы болып танылады мынадай жағдайларда:

      1) Кодекстің 131-бабының 1-тармағында, 179-бабының 1-тармағында көзделген бағаны шартты түрде төмендету бойынша өлшемшартты қолдануды ескере отырып, конкурстық баға ұсыныстарының бағалары және қазақстандық жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің өндірушілері болып табылатын әлеуетті жеткізушілер ұсынған бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) нысанасы болып табылатын сатып алынатын жұмыстардағы немесе көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық бойынша міндеттемелердің пайыздық көрінісі тең болған;

      2) конкурстық баға ұсыныстары және қазақстандық жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің өндірушілері болып табылмайтын әлеуетті жеткізушілер ұсынған бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) нысанасы болып табылатын сатып алынатын жұмыстардағы немесе көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық бойынша міндеттемелердің пайыздық көрінісі тең болған жағдайда.

      Ескерту. 98-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      99. Конкурстық комиссия бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурсты (электрондық сауда-саттық) мына жағдайларда өтпеген деп таниды:

      1) ұсынылған конкурстық өтінімдердің, конкурстық баға ұсыныстарының болмауына байланысты;

      2) әлеуетті жеткізушілердің барлық конкурстық өтінімдері немесе барлық конкурстық баға ұсыныстары бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) талаптарына сәйкес келмейтіндер ретінде қабылданбаған жағдайда.

      Ескерту. 99-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      101. Конкурстық баға ұсыныстарын ашу күнінен кешіктірмей конкурстық баға ұсыныстарын бағалаудың және салыстырудың қорытындысы бойынша шешім тапсырыс берушінің ақпаратты тізілімде (жүйеде) қалыптастыруға және орналастыруға уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖКҚ сатып алудың қорытындысын шығару хаттамасы түрінде тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде қалыптастырылады және жарияланады, онда мыналар көрсетіледі:

      1) әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышына сәйкес тапсырыс берушінің атауы мен орналасқан орны;

      2) бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) қорытындысын шығару күні мен уақыты;

      3) бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) нысанасы (егер бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) нысанасына бірнеше лот кірген жағдайда, лоттардың атаулары);

      4) конкурстық комиссия құрамы;

      5) әрбір лот бойынша сатып алынатын ТЖКҚ сипаттамасы, өлшем бірліктер мен шоттың мемлекетаралық сыныптауышына сәйкес өлшем бірлігі, саны (көлемі);

      6) әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышына сәйкес бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) әлеуетті жеткізушілерінің атауы мен нақты орналасқан орны (заңды тұлғалар үшін) немесе әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышына сәйкес тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), заңды мекенжайы (жеке тұлғалар үшін);

      7) Кодекстің 131-бабының 1-тармағында, 179-бабының 1-тармағында көзделген бағаны шартты төмендету бойынша өлшемшартты қолдануды ескере отырып, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) әлеуетті жеткізушілерінің конкурстық баға ұсыныстарының бағалары (лоттар бойынша);

      8) бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) жеңімпазының атауы (заңды тұлғалар үшін) немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жеке тұлғалар үшін) және конкурстық баға ұсынысының бағасы (лоттар бойынша), немесе нәтижесінде жеңімпаз айқындалмаса, себепті көрсету (лоттар бойынша);

      9) конкурстық баға ұсынысы бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) жеңімпазының конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізушінің атауы (заңды тұлғалар үшін) немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жеке тұлғалар үшін), конкурстық баға ұсынысының бағасы (лоттар бойынша);

      10) ТЖКҚ-дағы елішілік құндылық бойынша міндеттемелер;

      11) сатып алу коды және тізілімнің (жүйенің) интернет-ресурсының мекенжайы.

      Ескерту. 101-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      102. Тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде қорытынды шығару хаттамасына қол қойылған және орналастырылған күннен кешіктірмей, тапсырыс беруші тізілімде (жүйеде) хабарлама жасап, жеңімпаздың электрондық пошта мекенжайына жолдайды және ол мыналарды қамтиды:

      1) жеңімпаздың қол қойылған ТЖКҚ сатып алу туралы шартты ұсынуына арналған мерзімді;

      2) ашық конкурсқа қатысу кезінде конкурстық өтінімнің құрамында ұсынылған құжаттардың электрондық көшірмелерімен салыстыру рәсімінен өту үшін, конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасында көзделген құжаттардың түпнұсқаларының немесе нотариус куәландырған көшірмелерінің тізбесін (бар болса);

      3) ТЖКҚ сатып алу туралы шартқа қол қоюға өкілетті тұлғаға берілген сенімхаттың түпнұсқасын (көшірмесін) (егер шартқа бірінші басшы болып табылмайтын тұлға қол қойса) немесе бірінші тұлғаны тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесін (құрылтайшылар (акционерлер) шешімінің көшірмесін) ұсыну туралы талапты.

      Қағидалардың осы тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, ТЖКҚ сатып алу туралы қол қойылған шарт конкурстық құжаттамада көрсетілген тапсырыс берушінің мекенжайына хабарлама жіберілген мезеттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылады.

      Әлеуетті жеткізушілер – Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін ТЖКҚ сатып алу туралы қол қойылған шартты және Қағидалардың осы тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынуға жол беріледі.

      Ескерту. 102-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету

      104. ТЖКҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді жеңімпаз оның өзімен жасалған ТЖКҚ сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісті түрде орындайтындығының кепілдігі ретінде, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда енгізеді.

      Егер конкурстық құжаттамада және шарт жобасында басқа ұзағырақ мерзім көзделмесе, шарттың орындалуын қамтамасыз ету ТЖКҚ сатып алу туралы шартты жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде енгізіледі.

      Ескерту. 104-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.09.2023 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      105. Тапсырыс берушіге шарт сомасынан үш пайыздан артық болатын ТЖКҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мөлшерін белгілеуге жол берілмейді.

      106. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мынадай тәсілдердің бірімен енгізіледі:

      1) тапсырыс берушінің банк шотына енгізілетін кепілді ақшалай жарнасы;

      2) Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше екінші деңгейдегі банктерінің банктік кепілдігі.

      Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу тәсілін таңдауды ТЖКҚ жеткізушісі жүзеге асырады.

      107. Жеткізуші шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғаларда енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаның барлығын не бір бөлігін талап ету құқығының туындауына әкелетін іс-қимылдарды жасамайды.

      108. Тапсырыс беруші шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін жеткізуші енгізген кепілді ақшалай жарнаны пайдаланбайды.

      109. Осы Қағидалардың осы параграфында көзделген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізу туралы ережелері мүгедектердің қоғамдық ұйымдарына қолданылмайды.

      110. Егер жеткізуші өзімен жасалған ТЖКҚ сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаса, тапсырыс беруші ТЖКҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.

      111. ТЖКҚ жеткізушісі онымен жасалған ТЖКҚ сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді тиісті түрде орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші ТЖКҚ сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету сомасынан шартта көзделген тұрақсыздық айыбының сомасын ұстап қалады.

      ТЖКҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің қалған сомасы шартта көзделген ТЖКҚ қабылдау-тапсыру актілеріне қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жеткізушіге қайтарылады.

      112. Тапсырыс беруші жеткізушіге ол енгізген ТЖКҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, онымен жасалған ТЖКҚ сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісті түрде орындаған жағдайда, он жұмыс күні ішінде қайтарады.

5-1-тарау. Әлеуетті жеткізушілер ашық конкурсқа, төмендетуге бағытталған ашық конкурсқа (электрондық сауда-саттыққа) қатысуға арналған конкурстық өтінімнің құрамында ұсынған құжаттарды олардың сәйкес келуі тұрғысынан салыстырып-тексеру

      Ескерту. Қағида 5-1-тараумен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      112-1. Конкурстық комиссияның мүшелерінде ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығына дәлелді күмән туындаса құжаттарды салыстырып-тексеру рәсімі тапсырыс берушінің шешімі бойынша жүргізіледі.

      112-2. Ашық конкурстың, төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) жеңімпазы болып танылған әлеуетті жеткізуші хабарлама жіберілген сәттен 5 (бес) жұмыс күнінен немесе 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын әлеуетті жеткізушілер үшін) осы Қағидалардың 102-тармағына сәйкес тапсырыс беруші конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасында көрсетілген немесе ол ашық конкурсқа, төмендетуге бағытталған ашық конкурсқа (электрондық сауда-саттық) қатысуға арналған конкурстық өтінімнің құрамында орналастырған құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариус куәландырған көшірмелерін салыстырып-тексеру рәсімі үшін ұсынады.

      112-3. Конкурстық комиссия әлеуетті жеткізуші құжаттарды ұсынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде құжаттардың түпнұсқаларын және (немесе) нотариус куәландырған көшірмелерін олардың әлеуетті жеткізуші конкурстық өтінімнің құрамында ұсынған электрондық көшірмелерге сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.

      Ашық конкурсқа, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурсқа (электрондық сауда-саттық) қатысу үшін ұсынылған құжаттардың электрондық көшірмелерімен салыстырып-тексеру рәсімі үшін әлеуетті жеткізуші конкурстық құжаттамада және осы Қағидалардың 41-тармағында көзделмеген қосымша құжаттарды ұсынбайды.

      112-4. Тапсырыс беруші салыстырып-тексеру рәсімінен өту үшін ұсынылған құжаттарды әлеуетті жеткізушілерге қайтарады. Бұл ретте, тапсырыс беруші салыстыру рәсімінен өту үшін әлеуетті жеткізушілерге ұсынылған құжаттардың көшірмелерін қалдыруға құқылы.

      112-5. Құжаттарды салыстырып-тексерудің қорытындысы бойынша шешім осы Қағидалардың 112-3-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған күннен 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің тізілімде (жүйеде) ақпаратты қалыптастыру мен орналастыруға уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған құжаттарды салыстыру хаттамасы ретінде тізілімнің (жүйенің) ашық бөлігінде қалыптастырылады және жарияланады, мынадай мәліметтерді көрсете отырып:

      1) әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышына сәйкес тапсырыс берушінің атауы мен орналасқан орны;

      2) ашық конкурстың, төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) мәні (егер төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖКҚ сатып алудың мәніне бірнеше лот кірсе және салыстыру бірнеше лот бойынша жүргізілсе, лоттардың атаулары);

      3) конкурстық комиссияның құрамы;

      4) ашық конкурс, төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) жеңімпазының атауы;

      5) жеңімпаз ұсынған құжаттардың тізбесі;

      6) салыстырып-тексеру рәсімінің қорытындысын шығару;

      7) сатып алу коды және тізілім (жүйе) интернет-ресурсының мекенжайы.

6-тарау. Көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт

      113. ТЖКҚ сатып алу туралы шарт конкурстық құжаттамадағы ТЖКҚ сатып алу туралы шарт жобасына және жеңімпаздың конкурстық өтініміне сәйкес жасалады.

      114. ТЖКҚ сатып алу туралы шарт ашық конкурстың немесе бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) жеңімпазы ҚҚС төлеушісі болып табылмаған немесе жеткізілетін тауарға, орындалатын жұмысқа, көрсетілетін қызметке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҚҚС салынбаған жағдайларды қоспағанда, ашық конкурстың немесе бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) жеңімпазы ұсынған, оған ҚҚС есептелген бағаны қамтуға тиіс.

      115. Егер ашық конкурстың, төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) жеңімпазы болып танылған әлеуетті жеткізуші:

      ТЖКҚ сатып алу шартын хабарламада белгіленген мерзімде ұсынбаса немесе ТЖКҚ сатып алу туралы шарттың ережелері ТЖКҚ сатып алу туралы шарт жобасының және (немесе) жеңімпаздың конкурстық өтінімінің талаптарына сәйкес келмесе;

      ашық конкурсқа, төмендетуге бағытталған ашық конкурсқа (электрондық сауда-саттық) қатысу үшін ұсынылған құжаттардың электрондық көшірмелерімен салыстыру рәсімінен өтпеген, ТЖКҚ сатып алу туралы шартқа қоса берілетін құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариус куәландырған көшірмелерін ұсынса немесе құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариус куәландырған көшірмелері ұсынылмаса;

      ТЖКҚ сатып алу туралы шартты жасап, конкурстық құжаттамада ТЖКҚ сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы белгіленген талаптарды орындамаса (егер шарттың орындалуын қамтамасыз ету конкурстық құжаттамада көзделсе), тапсырыс беруші ашық конкурстың, төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) жеңімпазына шартты жасасудан (орындаудан) бас тарту үшін негіз болған себептерді түсіндірумен, осындай бас тартуды қамтитын хабарлама жібереді.

      Ескерту. 115-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      116. Шартты жасасудан (орындаудан) бас тартуды қамтитын тапсырыс берушінің хабарламасы ТЖКҚ сатып алу туралы шартты осы Қағидалардың 83, 102, 112-1, 112-2, 112-3, 112-4, 112-5, 115-тармақтарында көзделген тәртіппен конкурстық баға ұсынысы жеңімпаздың конкурстық баға ұсынысынан кейін тәуірлеу болып табылатын екінші әлеуетті жеткізушімен жасасу үшін негіздеме немесе жаңа ашық конкурсты, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурсты (электрондық сауда-саттық) өткізу үшін негіздеме болып табылады.

      Ескерту. 116-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      117. Ашық конкурс немесе төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен ТЖКҚ сатып алу туралы шарт қорытынды шығару хаттамасында көрсетілген, бірақ қорытынды туралы хаттамаға немесе құжаттарды салыстыру хаттамасына қол қойылған күннен бастап жиырма бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жасалады.

      Егер ТЖКҚ сатып алу бірнеше лот бойынша өткізілсе, ТЖКҚ сатып алу туралы шарттардың жобаларын тапсырыс беруші әрбір лотқа жеке жасайды.

      Әлеуетті жеткізуші бірнеше лот бойынша жеңімпаз болып танылса, лоттарды жекелеген техникалық ерекшеліктерге лоттар бойынша міндетті түрде бөле отырып, бірыңғай шарт жасауға жол беріледі (шартқа қосымшалар әрбір лотқа бөлек).

      Ескерту. 117-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      118. Қазақстан Республикасының бейрезидентімен ТЖКҚ сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының және осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып, ол ұсынып отырған нысан бойынша ТЖКҚ сатып алу туралы шартты ресімдеуге жол беріледі.

      119. ТЖКҚ сатып алу туралы шарт мыналарды қамтиды:

      1) жұмыстарды орындауға арналған шартты орындаған кезде осы Қағидаларды сақтау бойынша мердігердің міндеттемесін;

      2) жұмыстарды орындауға арналған шартты орындаған кезде осы Қағидаларды сақтамағаны үшін мердігердің жауапкершілігін;

      3) ТЖКҚ сатып алудың қорытындыларын шығару хаттамасына сәйкес ТЖКҚ-дағы елішілік құндылық бойынша жеткізушінің міндеттемесін;

      3-1) жеткізушінің бірінші разрядты жұмыскердің айлық тарифтік мөлшерлемесінің (жалақысының) ең төмен мөлшері және разрядаралық коэффициенттердің ең төмен шектері бойынша еңбекке ақы төлеудің негізгі қағидаттары бөлігінде және растайтын құжаттарды ұсыну бойынша салалық келісімді сақтау жөніндегі міндеттемесін;

      4) ТЖКҚ сатып алудың қорытындыларын шығару хаттамасына сәйкес ТЖКҚ-дағы елішілік құндылық бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жеткізушінің жауапкершілігін;

      5) жеткізілген тауар (орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер) үшін тауарларды, көрсетілген қызметтерді, орындалған жұмыстарды қабылдау-тапсыру (объектіні пайдалануға қабылдау) актісіне қол қойылған күннен бастап 40 (қырық) жұмыс күннен кешіктірмей төлеу туралы талапты.

      Бұл ретте тауарлардың қазақстандық жеткізушілеріне, сондай-ақ қазақстандық жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілерге жеткізілген қазақстандық тауар үшін төлем тауарларды, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қабылдау-тапсыру актілеріне қол қойылған күннен 20 (жиырма) жұмыс күннен кешіктірмей жасалады;

      5-1) егер шарт сатып алынатын тауардың отандық тауар өндірушісімен жасалған жағдайда, шарт жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күннен кешіктірілмей төленуге тиіс шарт сомасының кемінде 30 % (отыз пайыздан) мөлшерінде алдын ала төлемді көздейтін талапты;

      6) тапсырыс берушінің тауарларды (көрсетілген қызметтерді, орындалған жұмыстарды) қабылдау-тапсыру актілеріне қол қоюы туралы талапты немесе ТЖКҚ қабылданбаса, шарт талаптарының бұзушылықтарын тапсырыс беруші актілерді алған мезеттен бастап он жұмыс күні ішінде жою туралы талапты.

      Тапсырыс берушінің тауарларды (көрсетілген қызметтерді, орындалған жұмыстарды) қабылдау-тапсыру актілеріне қол қоймауы және ТЖКҚ сатып алу туралы шарт талаптарының бұзушылықтарын Қағидалардың осы тармақшасында белгіленген мерзімде жою туралы талап қоймауы, тапсырыс берушінің тауарды (көрсетілген қызметтерді, орындалған жұмыстарды) қабылдау-тапсыру актілеріне қолы қойғандығын білдіреді.

      7) конкурстық құжаттамада көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді.

      Ескерту. 119-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.09.2023 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      120. Тапсырыс беруші қазақстандық тауар өндірушісімен сатып алу туралы шартты жасасқан жағдайда, шарттың ережелерінде жеткізушінің Қазақстан Республикасының аумағында шығарылғанын растайтын, сатып алынатын тауардың номенклатурасына сәйкес келетін "CT-KZ" нысандағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың нотариус куәландырған көшірмесін ұсынуы туралы талапты енгізуге жол беріледі, бұл ретте сертификат жасалған шарттың шеңберінде жеткізілетін тауар көлемінен кем болмайтын тауар көлемін қамтиды.

      Тапсырыс беруші қазақстандық жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің өндірушісімен жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шартты жасаған жағдайда, шарттың ережелерінде жеткізушінің сатып алынатын ТЖКҚ және олардағы елішілік құндылық туралы есепті ұсынуы туралы талап көрсетіледі.

      Ескерту. 120-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      121. Әлеуетті жеткізуші жеңімпаз болып айқындалған күннен бастап тауарды немесе жұмысты сатып алу туралы шартқа қол қойылған күнге дейінгі кезеңде ұлттық валюта (теңге) девальвацияға (ревальвацияға) ұшыраған кезде, тауарды немесе жұмысты сатып алу туралы шарт жобасына ТЖКҚ бағасының және сәйкесінше тауарды немесе жұмысты сатып алу туралы шарт жобасы сомасының өзгеруі бөлігіндегі өзгерістер тараптардың өзара келісімі бойынша енгізіледі.

      Егер конкурстық өтінімдерді ашу күнінен бастап тауарды немесе жұмысты сатып алу туралы шартқа қол қойылған күнге дейінгі кезеңде теңгенің шетел валютасына қатысты ресми бағамы он пайыздан артық өзгерсе, тапсырыс беруші мен әлеуетті жеткізуші өзара келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (Қазақстан Ұлттық Банкі) тауарды немесе жұмысты сатып алу туралы шартқа қол қойылған күнге белгілеген шетел валютасының теңгеге қатысты ағымдағы бағамы бойынша төлеуге жататын соманы қайта есептейді.

      Бұл ретте әлеуетті жеткізуші растайтын құжаттарды қоса беру арқылы өндіріс шығыстарының толық калькуляциясын және (немесе) тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау шығыстарының артуына немесе қысқаруына әсер ететін факторларды көрсете отырып, тауарды немесе жұмысты сатып алу туралы шарт жобасының бағасын ұлғайту немесе азайту негіздемесін тапсырыс берушіге ұсынады.

      Ескерту. 121-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      122. ТЖКҚ сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізу жеткізушіні таңдау үшін негіз болған, сапасы мен басқа талаптарының тұрақтылығы жағдайында тараптардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады:

      1) осы тауарды сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген тауар бірлігі үшін бағаның өзгермеуі шартымен сатып алынатын тауар көлеміндегі қажеттіліктің артуына байланысты, шарттың жалпы сомасының он пайызынан аспайтын мөлшерге шарт сомасын ұлғайту бөлігінде;

      2) сатып алынатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер көлеміндегі қажеттіліктің артуына байланысты, шарттың жалпы сомасының он пайызынан аспайтын мөлшерге шарт сомасын ұлғайту бөлігінде;

      Әлеуетті жеткізушімен бірнеше лот бойынша ТЖКҚ сатып алу туралы шарт жасалған кезде, осы Қағидалардың 117-тармағына сәйкес ТЖКҚ-ны сатып алу туралы шарттың құнын әрбір лот бойынша он пайыздан аспайтын мөлшерге арттыруға жол беріледі;";

      3) тауарларды, жұмыстарды сатып алу туралы шарт жасалған күннен кейін ұлттық валюта (теңге) девальвацияға (ревальвацияға) ұшыраған кезде, тараптардың келісімі бойынша тауарларды немесе жұмыстарды сатып алу туралы шарттың бағасын өзгерту бөлігінде.

      Егер тауарды немесе жұмысты сатып алу туралы шарт бойынша төлем жүргізілген сәтте теңгенің шетел валютасына қатысты ресми бағамы он пайызға артық өзгерсе, тапсырыс беруші мен әлеуетті жеткізуші өзара келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (Қазақстан Ұлттық Банкі) төлем күніне белгілеген шетел валютасының теңгеге қатысты ағымдағы бағамы бойынша төлеуге жататын соманы мөлшерлей отырып қайта есептейді.

      Бұл ретте жеткізуші растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өндіріс шығыстарының толық калькуляциясын және (немесе) тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау шарттың орындалмаған көлемінің бөлігіне артуына немесе қысқаруына әсер ететін факторларды көрсете отырып, тауарды немесе жұмысты сатып алу туралы шарт бағасын арттыру немесе азайту негіздемесін тапсырыс берушіге ұсынады;

      4) елеулі болып табылмайтын талаптар бөлігінде;

      5) тауар (тауарлар) уақтылы жеткізілмеген, жұмыс (жұмыстар) уақтылы орындалмаған, қызмет (қызметтер) уақтылы көрсетілмеген жағдайда, қолданыстағы валюталық реттеу туралы заңнаманың талаптарына негізделген Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын ТЖКҚ жеткізушісімен жасасқан шарттың қолданылу мерзімін өзгерту бөлігінде;

      6) сатып алынатын тауардың өндірісіне қажетті қазақстандық өндіруші шығарған тауарды жеткізу мерзімін арттыруға бөлігінде;

      7) тауарды өндіру үшін қажетті шикізат және (немесе) толымдаушы бұйымдар бағасының айтарлықтай өзгеруінен туындаған тауар бағасының, сондай-ақ тауар бағасының белгіленуіне әсер ететін тарифтердің азаюы немесе артуы салдарынан, қазақстандық өндірушімен жасалған тауарды жеткізуге арналған шарт сомасын азайту немесе арттыру бөлігінде;

      8) табиғи монополия субъектілерімен немсе мемлекеттік монополия субъектілерімен олардың қызметінің негізгі нысанасы бойынша;

      9) лизингтік төлемдер, сыйақы жарнасы мөлшерінің өзгеруіне, шарт сомасының индекстелуіне байланысты қаржылық лизинг шартының сомасын өзгерту бөлігінде;

      10) бір қаржы жылынан асатын кезеңге жасалатын ТЖКҚ сатып алу туралы шарт бағасының тараптардың келісімі бойынша тиісті кезеңге белгіленген инфляция деңгейіне сүйене отырып жыл сайын өзгеруі бөлігінде.

      Ескерту. 122-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      123. ТЖКҚ сатып алу туралы шарт мынадай жағдайларды қоспағанда, бір қаржы жылынан аспайтын мерзімге жасалады:

      1) жұмыстарды жобалау-сметалық құжаттамада көзделген, аяқталу мерзімі келесі (кейінгі) қаржы жылындағы (жылдарындағы) мерзіммен сатып алу;

      2) дайындаудың технологиялық мерзімінің ұзақтығы олардың келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) жеткізілуін негіздейтін активтерді және басқа тауарларды сатып алу;

      3) орындаудың ұзақтығына байланысты орындау (көрсету, жеткізу) мерзімі жұмыс бағдарламасында белгіленген келесі (кейінгі) қаржы жылына (жылдарына) негізделген ТЖКҚ сатып алу;

      4) ТЖКҚ сатып алудың орта мерзімді бағдарламасында көзделген ТЖКҚ сатып алу.

      123-1. ТЖКҚ сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші ТЖКҚ сатып алу туралы шарттың электрондық көшірмесін тізілімнің жабық бөлігіне орналастырады. Тапсырыс беруші сатып алуды өткізу үшін жүйені пайдаланса, ТЖКҚ сатып алу туралы шарттың электрондық көшірмесін тапсырыс беруші жүйеде және тізілімде орналастырады.

      ТЖКҚ сатып алуға арналған шарт туралы ақпаратты "Сатып алудың бірыңғай терезесі" интернет-порталына беру үшін, тапсырыс беруші шарт жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тізілімде (жүйеде) орналастырылған нысанды толтыру арқылы жасалған шарт туралы ақпаратты ұсынады. Толтырылған нысанға тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және тізілімде (жүйеде) ақпаратты қалыптастыруға және орналастыруға уәкілетті тапсырыс берушінің тұлғасы оны тізілімнің жабық бөлігіне орналастырады.

      ТЖКҚ сатып алу туралы шартқа өзгеріс (өзгерістер) және (немесе) толықтыру (толықтырулар) енгізілген жағдайда, тапсырыс беруші көрсетілген оқиғалар басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жасалған ТЖКҚ сатып алуға арналған шартқа қосымша келісімнің электрондық көшірмесін тізілімнің (жүйенің) жабық бөлігінде орналастырады. Егер тапсырыс беруші сатып алуды өткізу үшін жүйені пайдаланған жағдайда, тапсырыс беруші ТЖКҚ сатып алуға арналған шартқа қосымша келісімнің электрондық көшірмесін жүйеде және тізілімде орналастырады.

      Тізілімде (жүйеде) бұрын толтырылған нысанда көрсетілген ТЖКҚ сатып алуға арналған шарт туралы деректер өзгерген жағдайда, тапсырыс беруші ТЖКҚ сатып алуға арналған шартқа қосымша келісім жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тізілімде (жүйеде) орналастырылған нысанды толтыру арқылы жасалған шарт туралы өзекті ақпаратты ұсынады. Толтырылған нысанға тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және тізілімде (жүйеде) ақпаратты қалыптастыруға және орналастыруға уәкілетті тапсырыс берушінің тұлғасы оны тізілімнің (жүйенің) жабық бөлігіне орналастырады.

      Ескерту. Қағида 123-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      124. ТЖКҚ сатып алу туралы шарт тапсырыс беруші мен жеткізуші көрсетілген шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерді толық орындаған жағдайда орындалды деп есептеледі.

      125. Заңды тұлғалар қайта құрылған кезінде қаржылық міндеттемелерді және (немесе) құқықтар мен міндеттердің құқықтық мирасқорлық тәртібімен берілуін қоспағанда, шарт бойынша міндеттемелерді орындауды талап ету құқығы, сондай-ақ үшінші тұлғалардың шарт бойынша міндеттемелерді орындау (басқаға беру) құқығы берілмейді.

  Жер қойнауын
пайдаланушылардың және
олардың мердігерлерінің
көмірсутектерді барлау немесе
өндіру және уран өндіру
жөніндегі операцияларды
жүргізу кезінде пайдаланылатын
тауарларды, жұмыстарды және
көрсетілетін қызметтерді сатып
алу қағидаларына
1-қосымша

Көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.09.2023 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 131-бабының 1-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларының нормаларын және Кодекстің 179-бабының 1-тармағының 1), 2), 3), 5) тармақшаларының нормаларын қолданбай мыналар сатып алынады:

      1) еңбек шарттары бойынша жеке тұлғалар немесе кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалар өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша көрсететін қызмет;

      2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесін сатып алу;

      3) заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы акциялардың пакеттері (қатысу үлестері);

      4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялардың негізінде жүзеге асыратын банк операцияларын жүргізумен байланысты, оның ішінде банктің үзінді көшірмелерін алумен байланысты қаржы қызметтері;

      5) коммуналдық қызмет көрсету;

      6) өкілдік шығыстармен байланысты ТЖКҚ;

      7) егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелердің қызмет көрсетуі;

      8) соттардағы, төреліктердегі және аралық соттардағы дауларды шешумен байланысты алымдарды, басқа шығыстарды төлеу;

      9) қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі қызмет көрсету;

      10) мүлікті сенімгерлікпен басқару қызметі:

      11) жылжымайтын мүлікті жалға алу қызметі немесе жылжымайтын мүлікті сатып алу;

      12) табиғи монополия субъектілерінен реттелмелі ТЖКҚ;

      13) мемлекеттік монополия субъектісінен оның көрсетілетін қызметінің негізгі нысанасы бойынша ТЖКҚ;

      14) медициналық қызмет көрсетулер;

      15) мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктермен құрылған және сатып алынатын ТЖКҚ шығаратын ұйымдардан ТЖКҚ;

      16) көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің материалдары, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу;

      17) қағаздағы және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мерзімді баспасөз басылымдары, ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызмет, сондай-ақ интернет-ресурстарда, дыбыстандырылған кітаптарда шығарылған, әр түрлі магниттік жеткізгіштерде, рельефтік-нүктелік қаріппен басылған кітаптарда орналастырылған ақпаратты ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызмет;

      18) жер қойнауын пайдаланушы қызметкерлерінің, олардың балаларының, жер қойнауын пайдаланушының есебінде тұрған зейнеткерлердің демалысын, емделуін ұйымдастырумен байланысты қызмет (демалу, емделу орындарына дейін тасымалдауды және алып жүруді қоса);

      19) рейтингтік агенттіктердің қызмет көрсетуі, қаржылық қызмет көрсету;

      20) мамандырылған кітапханалардың қызмет көрсетуі;

      21) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын мүлік (активтер);

      22) ТЖКҚ сатып алудың үндестірілген электрондық жүйесін пайдалану қызметі;

      23) азық-түлік және (немесе) тамақтандыруды ұйымдастыру қызметі;

      24) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты орындау кезінде тартылған, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерін орындау немесе жер қойнауын пайдаланушының қызметкерлері болып табылмайтын Қазақстан Республикасының азаматтарын аса қажетті мамандықтар тізбесі бойынша оқыту үшін білім беру мекемелерінің қызмет көрсетуі;

      25) дәрілік заттар;

      26) нотариаттық қызметтер;

      27) телефон және ұялы байланыс, интернетке қосылу қызметі;

      28) геология және игеру саласында арнайы білімі бар тәуелсіз сарапшылардың және Кодекстің 140-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының көмірсутектер кен орындарын барлау және игеру жөніндегі орталық комиссиясы тартатын жобалық құжаттарды тәуелсіз сараптау операторының қызмет көрсетуі;

      29) Кодекстің 141-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының көмірсутектер қорлары жөніндегі орталық комиссиясы тартатын, геология және жер қойнауын пайдалану саласында арнайы білімі бар тәуелсіз сарапшылардың қызмет көрсетуі;

      30) авторлық қадағалау қызметі;

      31) ТЖКҚ, егер тиісті күнтізбелік жылға арналған жылдық және (немесе) орта мерзімді сатып алу жоспарында көзделген ТЖКҚ біртекті түрлерінің жалпы сомасы құндық көріністе тиісті қаржы жылына белгіленген бес жүз еселік АЕК мөлшерінен аспаса;

      32) хат алысу және қағаз құжаттаманы ресімдеу үшін пайдаланылатын бұйымдар мен керек-жарақтарды қамтитын кеңсе тауарлары;

      33) тапсырыс берушінің шаруашылық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы ТЖКҚ (бөлмелерді тазалықта ұстау, кір жуу, бөлмелерді шағын жөндеу, әкімшілік-шаруашылық аумақты тазалау);

      34) бөтен жер учаскесін шектеулі түрде мақсатты пайдалану құқығы (сервитут).

      35) электр энергиясы және электр энегиясын сатып алумен ілеспе қызметтер көрсету;

      36) Кодекстің 6-тарауына сәйкес жер қойнауын пайдланушы операторды тартқан жағдайда, оның ақылы көрсетілетін қызметтерін сатып алу;

      37) осы Қағидаларға сәйкес көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының (мердігердің) атынан ТЖКҚ сатып алуды жүзеге асыру бойынша жеке немесе заңды тұлғаның қызмет көрсетуі;

      38) банктер немесе ұйымдар болып табылмайтын, Қазақстан Респуликасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялардың негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардан ақылылық және қайтарымдылық шарттарымен қарыз алу;

      39) жылдық бөлінген сомасы тиісті қаржы жылына белгіленген жүз мың еселік АЕК аспайтын мердігерлердің жұмысы немесе көрсетілетін қызметі;

      40) теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) және авиабилеттерді ресімдеу мен сату жөніндегі қызмет көрсету;

      41) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 127-бабына сәйкес іссапар шығыстарын өтеу;.

  Жер қойнауын
пайдаланушылардың және
  олардың мердігерлерінің
көмірсутектерді барлау немесе
өндіру және уран өндіру
жөніндегі операцияларды
жүргізу кезінде пайдаланылатын
тауарларды, жұмыстарды және
көрсетілетін қызметтерді сатып
алу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Қызметкерлердің саны туралы мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 26.05.2022 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Лауазымы

Осы ашық конкурста сатып алынатын жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету саласындағы жұмыс тәжірибесі

Дипломы, куәлігі және білім туралы басқа да құжаттар бойынша біліктілігі немесе мамандығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың

Еңбек шарты-ның

Азаматтығы

1

2

3

4

5

6

7

8









      Әлеуетті жеткізушінің қолы.

      Ұсыну күні мен уақыты.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады