Теңізде, Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнай төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жоспарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 182, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 376 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 мамырдағы № 374 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылы 27 маусымда № 17128 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 62-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Теңізде, Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнай төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жоспары бекітілсін.

      2. "Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнай төгілуінің алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ұлттық жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 134 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10908 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 мамырда жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_____________Қ. Бозымбаев

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_____________ Ж. Қасымбек

Қазақстан Республикасының
Iшкi iстер министрі
_____________ Қ. Қасымов


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары-

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрi

      ______________ Ө. Шөкеев

      2018 жылғы "___"_________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрiнің

      міндетін атқарушы

      _____________ А. Евниев

      2018 жылғы 5 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрі

      _____________ Е. Біртанов

      2018 жылғы 1 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 28 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      _____________ С. Жасұзақов

      2018 жылғы 11 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрі

      ___________ Б. Атамқұлов

      2018 жылғы 7 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрі

      __________ Қ. Әбдірахманов

      2018 жылғы 4 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

      ____________ К. Мәсімов

      2018 жылғы 15 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 13 маусым

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 15 мамыр № 182
және Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 19 мамыр № 374
және Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 24 мамыр № 376
бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Теңізде, Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнай төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жоспары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Теңізде, Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнай төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жоспары (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 62-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Ұлттық жоспар су қабатының бетін қоса алғанда Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында, сондай-ақ Каспий мен Арал теңіздерінің қазақстандық бөлігі шегіндегі түбінде, ішкі су айдындары мен сақтық аймақтарына қолданылады.

      3. Осы Ұлттық жоспардың талаптары мұнайдың төгілу тәуекелі бар объектілерінің меншік иелеріне, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарына және мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдарға, 1973 жылғы Кемелерден ластанудың алдын алу жөніндегі 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген түзетулері бар халықаралық конвенцияның күші қолданылатын тұлғаларды қоспағанда, теңізге мұнайдың төгілу тәуекелімен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      4. Ұлттық жоспардың талаптары сондай-ақ шығарылған жері белгісіз мұнайдың төгілуіне қатысты да қолданылады.

      5. Осы Ұлттық жоспарда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) аумақтық жоспарлар – Ұлттық жоспар негізінде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері әзірлейтін және тиісті облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекітетін облыстардың теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою бойынша әзірлікті және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің аумақтық жоспарлары (бұдан әрі – аумақтық жоспарлар);

      2) бірінші деңгей – мұнайдың төгілу қаупі бар объектідегі ресурстар арқылы жойылатын мұнайдың шамалы төгілуі (он тонна мұнайдан аспайтын);

      3) екінші деңгей – мұнайдың төгілу қаупі бар объект ресурстарына қосымша жағалаудан ресурстар тартыла отырып жойылатын мұнайдың елеулі (орташа) төгілуі (он тоннадан екі жүз елу тоннаға дейін);

      4) жеделдетілген тәртіп – неғұрлым қысқа мерзімде жүзеге асырылатын және рәсімдерді аз талап ететін ресімдеу, шешім қабылдау, мұнай төгілуін жою және ден қою үшін қажетті көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды, құжаттарды қарау, келісу тәртібі;

      5) кеме жоспарлары – 1973 жылғы Кемелерден ластанудың алдын алу жөніндегі 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген түзетулері бар халықаралық конвенцияға сәйкес әзірленетін мұнайдың ластануымен күресу жөніндегі төтенше шаралардың кеме жоспарлары;

      6) мұнай төгілуі – мұнайдың тасталуына, төгілуіне әкелетін немесе әкелуі мүмкін, теңіз ортасына қауіп төндіретін немесе төндіруі мүмкін және жедел шараларды талап ететін мұнаймен және (немесе) мұнай өнімдерімен ластануды туғызатын оқыс оқиға немесе авария;

      7) мұнайдың төгілуіне қарсы күрес бойынша кеме жиынтығы – суға құйылған мұнайды оқшалауға және жинауға арналған жабдық және материалдар жиынтығы;

      8) объектілік жоспарлар – кемелердің меншік иелерін қоспағанда, мұнайдың төгілу тәуекелі бар объектілердің меншік иелері азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесімен келісілетін, Ұлттық және тиісті облыстардың аумақтық жоспарлары негізінде, сондай-ақ мұнайдың төгілу тәуекелін бағалау және жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде әзірлейтін теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою бойынша әзірлікті және іс-қимылдарды қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар;9) сақтық аймағы – теңіздің жағалау сызығынан құрлыққа қарай бес километрге созылып жатқан, теңізге және ішкі су қоймалары мұнайдың төгілуі салдарынан ластануы немесе теңіздің ластану көзі болуы мүмкін құрлық аймағы;

      10) теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жүйесі (бұдан әрі – ұлттық жүйе) – орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, авариялық-құтқару қызметтерінің, мұнайдың төгілу қаупі бар объектілері меншік иелерінің, теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандырылған ұйымдардың және теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағындағы мұнайдың төгілуі кезіндегі басқа да мүдделі тараптардың өзара іс-қимыл жүйесі;

      11) төтенше жағдай – адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, елеулі материалдық нұқсанға және адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан аварияның, өрттің, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей немесе өзге де зілзаланың салдарынан қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай;

      12) үшінші деңгей – мұнайдың төгілу қаупі бар объект ресурстарына және жағалау ресурстарына қосымша елдегі ресурстар мен халықаралық ресурстар тартыла отырып жойылатын мұнайдың көп көлемде төгілуі (екі жүз елу және одан да көп тонна);

      13) шығарылған жері белгісіз мұнайдың төгілуі – белгісіз кемеден немесе қандай да бір келісімшарттық аумақтан тыс мұнай дағы болған жағдайда мұнайдың төгілуі.

      Осы Ұлттық жоспарда қолданылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бірлескен бұйрығымен.

2-тарау. Теңізде, Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнай төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жоспарының мақсаты мен міндеттері

      6. Ұлттық жоспардың мақсаты экологиялық сипаттағы ластануға әкеліп соғатын теңізде, Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуіне (бұдан әрі – мұнайдың төгілуі) жедел, тиімді және білікті ден қоюды және олардың зардаптарын жою жөніндегі тиісті операцияларды орындауды қамтамасыз ету болып табылады.

      7. Ұлттық жоспардың негізгі міндеттері:

      1) тәуекелдерді бағалау және экологиялық жиынтық пайданы талдау негізінде қоршаған ортаға және әлеуметтік-экономикалық объектілерге зиянын тигізуге әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтырған мұнайдың төгілуіне ден қою және даярлықтың уақтылы, кешенді және тиімді алдын алу шараларын қамтамасыз ету;

      2) орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де мүдделі ұйымдар мен мекемелер, сондай-ақ мұнайдың төгілу тәуекеліне әкелетін объектілердің меншік иелері, авариялық-құтқару қызметтері, теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін және өкілеттігін айқындау.

      8. Мұнайдың төгілуін жою бойынша әзірлікті және іс-қимылдарды қамтамасыз ету:

      1) тұрғындардың, сондай-ақ мұнайдың төгілуін жою бойынша әзірлікті және іс-қимылдарды қамтамасыз етуге тартылған адамдардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау;

      2) тәуекелдерді бағалау және экологиялық жиынтық пайданы талдау (бұдан әрі – ЭЖПТ);

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және мұнайдың төгілуін жою бойынша әзірлікті және іс-қимылдарды қамтамасыз ету жөніндегі ең үздік тәжірибеге сәйкестік қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.

      9. Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою бойынша әзірлікті және іс-қимылдарды қамтамасыз ету осы Ұлттық жоспарға 1-қосымшаға сәйкес бекітілетін жоспарларға сай ұлттық, аумақтық, объектілік деңгейде жүзеге асырылады.

      10. Ұлттық, аумақтық және объектілік жоспарларға мынадай тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда;

      2) оқу-жаттығуларды және жаттығуларды жүргізу нәтижесі бойынша;

      3) мұнайдың төгілуін жою кезінде іс-қимылдарды бағалау мен іс-шараларды жүргізу нәтижесі бойынша.

      11. Ұлттық жоспар мына жағдайларда:

      1) мұнайдың төгілуі үшінші деңгейге жеткенде және мұнайдың төгілуін жою үшін халықаралық ресурстардың келуін ұйымдастыруға жәрдемдесу қажет болғанда;

      2) мұнайдың төгілуі үшінші деңгейге жетпегенде, бірақ Каспий теңізінің қорық аймағының ластануына қатер төндіргенде;

      3) мұнайдың төгілуі шектес мемлекеттің аумағына тарала бастаған жағдайда қолданысқа енгізіледі.

1-параграф. Аумақтық жоспар

      12. Аумақтық жоспарлар жергілікті атқарушы органның, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің, мұнайдың төгілу тәуекеліне әкелетін объектілердің меншік иелерінің, сондай-ақ мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың, 1973 жылғы Кемелерден ластанудың алдын алу жөніндегі 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген түзетулері бар халықаралық конвенцияның күші қолданылатын тұлғаларды қоспағанда, теңізде мұнайдың төгілу тәуекелімен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың тиісті облыс аумағында авария нәтижесінде туындаған мұнайдың төгілуіне уақтылы ден қою және оның зардаптарын жою саласында басқа да ұйымдардың өзара іс-қимылы мен ресурстары интеграциясының тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      13. Аумақтық жоспарларды осы Ұлттық жоспарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстарының азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органының аумақтық бөлімшелері әзірлейді және жергілікті атқарушы органдары бекітеді.

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 16-4) тармақшасына сәйкес жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын Аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларына сәйкес Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық сулар шегіндегі облыстардың шекаралары Атырау және Маңғыстау облыстарының Каспий теңізі жағалауы құрлығындағы әкімшілік шекараларының түйіскен нүктесін ескере отырып, солтүстік ендіктің 46 градус сызығына параллель сызық ретінде анықталады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      14. Аумақтық жоспар бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдары аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметттерінің, мұнай төгілу қаупі бар объектілері меншік иелерінің, мұнайдың төгілуін жою бойынша мамандандырылған ұйымдардың және өзге де мүдделі тараптардың өкілдері тартылады.

      15. Аумақтық жоспарды әзірлеу кезінде жергілікті атқарушы органдардан, уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелерінен тиісті облыс аумағында орналасқан мұнайдың төгілу қаупі бар объектілер, теңізде және сақтық аймағында өздігінен ағып жататын иесіз ұңғымалар туралы ақпарат сұратылады.

      16. Аумақтық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар осы Ұлттық жоспардың 10-тармағына сәйкес енгізіледі және жергілікті атқарушы органмен бекітіледі.

      17. Аумақтық жоспар мына жағдайларда:

      1) мұнайдың төгілуі екінші деңгейге жеткенде және оны жою үшін жер қойнауын пайдаланушының, теңіз объектінің, теңіз портының және (немесе) ол тартып отырған теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымның ресурстары жеткіліксіз болса;

      2) мұнай кемеден төгілген немесе кемедегі мұнайдың төгілу қатері болса;

      3) шығарылған жері белгісіз мұнайдың төгілуі анықталса;

      4) мұнайдың төгілуі Каспий теңізінің қорық аймағының ластануына қатер төндіргенде;

      5) мұнайдың төгілуі шектес облыстың аумағына тарала бастаған жағдайда қолданысқа енгізіледі.

2-параграф. Объектілік жоспар

      18. Объектілік жоспарларды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілгеннен кейін теңіз объектілері мен теңіз порттарының меншік иелері бекітеді және бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабарлама тәртібімен көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      19. Объектілік жоспарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерімен келісу мерзімі жүгінген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.

      20. Егер меншік иесінде бірнеше теңіз объектілері мен теңіз порттары бар болса, онда объектілік жоспарлар біріктіріледі.

      21. Объектілік жоспарды Ұлттық және тиісті облыстық аумақтық жоспарлар, сондай-ақ мұнай төгілуі тәуекелдерін бағалау негізінде осы Ұлттық жоспардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әзірлейді.

      22. Объектілік жоспар, оған түзету енгізілген жағдайда, көмірсутектер, қоршаған ортаны қорғау және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдарға хабарландыру тәртібімен жіберіледі.

      23. Теңіз объектілері мен теңіз порттарының меншік иелері объектілік жоспарларды әзірлеу мақсатында мұнай төгілу қаупін бағалау мен экологиялық жиынтық пайданы талдау өткізеді.

      Мұнай төгілуі қаупін бағалау өткізу кезінде Халықаралық теңіз ұйымы (IMO), Мұнай-газ өнеркәсібі өкілдерінің экология және әлеуметтік мәселелер жөніндегі халықаралық қауымдастығы (IPIECA), Теңізде мұнайдың, химиялық өнімдердің және өзге де зиян заттардың төгілуін жою жөніндегі танкерлік флот иелерінің федерациясы (ITOPF), Материалдар және оларды сынау бойынша америкалық қоғамдастық (ASTM), Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (ISO) әзірлеген халықаралық тәжірибелер мен стандарттарды пайдаланылады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      24. Теңіз объектілері мен теңіз порттарының меншік иелері:

      теңізде мұнайдың бірінші және екінші деңгейдегі төгілуін жоюға арналған ресурстардың Кодекстің 156 - бабы 2-тармағына сәйкес теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптарда көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган белгілегеннен кем емес болуын;

      теңізде мұнайдың бірінші деңгейдегі төгілуін жою үшін – теңіз объектісінде және теңіз портында не отыз минуттық қолжетімді шекте осындай мұнайдың төгілуін толық жою үшін қажетті ресурстардың болуын;

      теңізде мұнайдың екінші деңгейдегі төгілуін жою үшін – теңіз объектісінде не отыз минуттық қолжетімді шекте жергілікті жағалау қызметтерінің ресурстары келгенге дейінгі кезеңге жеткілікті болатын көлемде осы тармақтың үшінші абзацында көрсетілген ресурстардың болуын қамтамасыз етеді.

      25. Кемелерді қоспағанда, мұнайдың төгілу тәуекелі бар объектілердің меншік иелері мұнайдың бірінші және екінші деңгейдегі төгілуін жою үшін өздерінің жеке ресурстары болмаған кезде теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдармен шарт жасайды.

      26. Кемелерді қоспағанда, мұнайдың төгілу тәуекелі бар объектілердің меншік иелері мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуін жою үшін ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында халықаралық деңгейде танылған, білікті персоналы және тиісті жабдығы бар, теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйыммен шарт жасайды.

      27. Қажет болған жағдайда, мұнайдың төгілу тәуекелі бар объектілердің меншік иелері мұнайдың төгілуін жою кезінде ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімдер шеңберінде ресурстарды тартады.

3-параграф. Кеме жоспарлары

      28. Кемелерге қатысты кеме иесі жалпы сыйымдылығы 150 регистрлік тонна және одан да көп әр мұнай танкерінің бортында және жалпы сыйымдылығы 400 регистрлік тонна және одан да көп мұнай танкері болып табылмайтын әр кеменің 1973 жылғы Кемелерден ластанудың алдын алу жөніндегі 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген түзетулері бар халықаралық конвенцияның 1-қосымшасының 5-тарауы 37-ережесінің 1-тармағына сәйкес мұнаймен ластануға қарсы күрес бойынша төтенше шаралардың кеме жоспарының болуын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      29. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы астында жүзетін кемелерге қатысты кеме иесі теңіздегі мұнайдың екінші деңгейдегі төгілуін жою үшін керек уақытта жағадан келетін ресурстарды қамтамасыз етеді.

      30. Жүккөтерімділігі 2000 тоннадан жоғары өздігінен жүретін мұнай құюға арналған кемелерде мұнайдың төгілуіне қарсы күрес бойынша кеме жиынтығы – мұнай төгілуін оқшаулауға арналған құрал көзделеді. Мұнайдың төгілуіне қарсы күрес бойынша кеме жиынтығына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 216 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6991 болып тіркелген) Пайдаланылатын кемелерді куәландыру қағидаларының 556-577 тармақтарында белгіленеді.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

3- тарау. Мұнай төгілуін жою кезіндегі ұлттық басқару құрылымы

      31. Мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуін жою кезіндегі басқару құрылымы осы Ұлттық жоспарға 4-қосымшада көрсетілген.

      32. Консультациялық-кеңесші органның функциялары мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуін жою кезінде Ұлттық жоспар шеңберінде Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияға жүктеледі.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      33. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия өкілеттігін "Азаматтық қорғау туралы" 201 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабына сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      34. Мұнай төгілуін жою жөніндегі іс-қимылдың басшысы:

      1) мұнайдың бірінші деңгейдегі төгілуі кезінде - мұнайдың төгілу тәуекелі бар объектінің меншік иесі немесе теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі ол тартқан мамандандырылған ұйымдар;

      2) мұнайдың екінші деңгейдегі төгілуі кезінде:

      тиісті облыстың аумақтық жоспары қолданысқа енгізілгенге дейін - мұнайдың төгілу тәуекелі бар объектінің меншік иесі немесе теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі ол тартқан мамандандырылған ұйымдар;

      тиісті облыстың аумақтық жоспары қолданысқа енгізілгеннен кейін - облыс әкімі тағайындайтын лауазымды тұлға;

      3) мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуі кезінде - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғасы болып табылады.

      35. Мұнай өнімдерінің төгілуін жою жөніндегі іс-қимылдардың басшысы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

      1) авариялық-құтқару және жедел жұмыстарын ұйымдастыру және басшылық ету, мұнайдың төгілуін жоюға тартылған күш пен құралдарды басқару, олардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру;

      2) мүдделі мемлекеттік органдарды және ұйымдарды қабылданған шешімдері туралы кідірмей ақпараттандыру бойынша шаралар қабылдау;

      3) авариялық-құтқару және жедел жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі болмаған жағдайда, бірінші кезекте төтенше жағдай аймағында қалған адамдарды құтқару бойынша барлық мүмкіндіктерді қолдана отырып, жұмыстың толық немесе бөлігінің тоқтатылуы туралы шешім қабылдайды;

      4) мұнай төгілуін жою жөніндегі жедел штабты (бұдан әрі – Жедел штаб) құру туралы шешім қабылдайды және жедел топтарының қажетті санын құруды келіседі және олардың төтенше жағдай аймағындағы жұмысын үлестіреді;

      5) Заңның 50-бабының 9 және 10-тармақтарында көзделген тәртіппен өкілеттікті жүзеге асырады.

      Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      36. Жедел штаб:

      1) мұнайдың төгілу сипатын бағалауды, мұнайдың төгілуін жою жөніндегі іс-қимылдардың басшысына мұнайды оқшаулау және жою бойынша ұсыныстарды әзірлеуді жүзеге асырады;

      2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың және басқа да мүдделi ұйымдар мен мекемелердiң, сондай-ақ мұнайдың төгілу тәуекелі бар объектінің меншік иелерінің, теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың iс-әрекеттерiн үйлестiредi.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      37. Жедел штабтың бастығы мұнайдың төгілуін жою жөніндегі іс-қимылдар басшысының орынбасары болып табылады.

      Жедел штабтың бастығы мынадай функциялар және міндеттерді жүзеге асырады:

      1) Жедел штаб мүшелерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;

      2) топтарды ұйымдастырады;

      3) жедел топтардың қажетті санын құрайды және олардың мұнай төгілуінің төтенше жағдай аймағындағы жұмысын бөледі;

      4) мұнайдың төгілуін жою жөніндегі іс-қимылдар басшысын жедел жағдай және мұнай төгілу салдарын жою бойынша атқарылып жатқан авариялық-құтқару жұмыстарының барысы туралы хабардар етеді;

      5) орталық және жергілікті атқарушы органдарының және басқа да мүдделі ұйымдар мен мекемелердің, сондай-ақ мұнайдың төгілу тәуекелі бар объектілердің меншік иелерінің, теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдарының өзара іс-қимылын ұйымдастырады және қызметін үйлестіреді.

      Жедел штаб мынадай топтардан тұрады:

      1) ақпаратты өңдеу;

      2) шешімдерді дайындау және күштер мен құралдарды есептеу;

      3) өзара іс-қимыл;

      4) ақпараттандыру және байланыс;

      5) мониторинг және болжау;

      6) баспасөз қызметі.

      Жедел штабтың құрамы осы Ұлттық жоспарға 5-қосымшада берілген.

      Мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуі кезіндегі Жедел штабтың бастығы болып азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы тағайындалады.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      38. Ақпарат өңдеу тобы төтенше жағдай және қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты жинауды және дайындауды, кен орнынан толық және уақтылы хабар жеткізілуін бақылауды жүзеге асырады. Жоғары тұрған органдарға хабарламалар мен ақпарларды дайындайды.

      39. Шешімдерді дайындау және күш пен тәсіл есептеу тобы келіп түскен ақпаратты жинақтайды және жағдайды талдайды, қажетті есептерді дайындайды, қалыптасқан жағдайды ескере отырып төтенше жағдайларды жою жөнінде ұсыныстар әзірлейді.

      40. Өзара іс-қимыл тобы орталық және жергілікті атқарушы органдармен, өзге де мүдделі ұйымдар және мекемелермен, сондай-ақ мұнай төгілуінің қаупі бар объектілері меншік иелерімен, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтерімен, мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдармен және өзге де мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

      41. Ақпараттандыру және байланыс тобы Жедел штабтың байланысын, ақпараттық-техникалық қолдауын қамтамасыз етеді, байланыс ұйымдастыру туралы өкімдер мен хабарламалар әзірлейді.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      42. Мониторинг және болжау тобы жағдайдың даму болжамын жүзеге асырады, шешімдер қабылдау үшін бастапқы деректерді дайындайды.

      43. Баспасөз қызметі бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасайды, баспасөз хабарламаларын, мақалалар мен басқа материалдарды дайындайды, веб-сайттарда және бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат орналастырады, Жедел штабқа ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      44. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган:

      1) мұнайдың төгілуі туралы ақпарат алуды және жіберуді жүзеге асырады;

      2) оқулар мен жаттығулар өткізеді;

      3) мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуін жою жөніндегі жедел іс-қимылдарды ұйымдастырады;

      4) халықаралық көмек алуға бағытталған және тиісті сұраныс болған жағдайда басқа елдерге көмек көрсету бойынша іс-қимылдарды ұйымдастырады;

      5) іргелес мемлекеттерді хабарландыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады.

      45. Қазақстан Республикасының көлік, көлік кешенінің қызметін үйлестіру және реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті орган:

      1) мұнайдың төгілуін және оның зардаптарын жою үшін қажетті көлікті қамтамасыз етуге байланысты барлық іс-қимылдарды үйлестіреді;

      2) мұнайдың төгілуін және оның зардаптарын жою, эвакуациялық іс-шараларды өткізу үшін қажетті персонал және жабдықтардың, материалдар мен техникалық ресурстардың тасымалдауын қамтамасыз етеді.

      46. Порттың теңіз әкімшілігі кеме жоспарларының болуын тексереді.

      47. Кедендік іс саласындағы уәкілетті орган Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік баждарды, салықты төлемей, сондай-ақ тарифтік реттеу шараларын қолданбай, бірінші кезектегі тәртіппен мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті тауарларға қатысты кедендік операцияларды жүргізеді.

      48. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган:

      1) мұнай төгілген жерде гидрометеорологиялық жағдайларға жедел болжамды жүзеге асырады;

      2) қоршаған орта жай-күйіне мониторингті ұйымдастырады;

      3) қазіргі заманғы ғарыштық түсірудің жедел деректерін пайдалана отырып, мұнай мен газды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау ауданындағы, мұнаймен ластанған ауданды анықтау, мұнайдың төгілуіне мониторинг жүргізу аумағының экологиялық ахуалына мониторинг жүзеге асырады;

      4) жағалау аймағында ластану және (немесе) мұнай төгілуінің таралу сипатын, көзін және ареалын анықтау мақсатында талдау жүргізу үшін қоршаған орта объектілеріне іріктеу сынағын жүргізеді.

      5) экологиялық жиынтық пайданы талдау өткізілуін және оның негізінде мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуін жою кезеңінде мұнай төгілуін жоюдың оңтайлы әдiстерiн айқындауды ұйымдастыруды үйлестіреді;

      6) мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуін жою кезеңінде экологиялық жиынтық пайданы талдау негiзiнде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдiстерiн келіседі.

      Ескерту. 48-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      49. Сыртқы саясат қызметі саласындағы уәкілетті орган бірінші кезекте заңнамада белгіленген тәртіппен мұнайдың төгілуін және оның зардаптарын жоюға көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетел қызметкерлеріне тиісті визалар ресімдейді.

      50. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі төтенше жағдайлар туындаған кезде Қазақстан Республикасының ратификациялаған халықаралық шарттарында айқындалатын тәртіппен төтенше жағдайларды оқшаулау және жою үшін авариялық-құтқару құралымдарының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуді жүргізеді.

      51. Қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери-саяси және әскери экономикалық басқармасы:

      1) көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, Қазақстан Республикасының көлік кешеніндегі қызметті үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның келісімімен ден қою персоналы және жабдығы бар әуе кемелеріне қауіпсіз дәлізді қамтамасыз етеді;

      2) авариялық-құтқару құралымдарының әуе кеңістігіндегі мемлекеттік шекарасы арқылы төтенше жағдайларды оқшаулау және жою үшін жедел өткізуді жүргізеді;

      3) төтенше жағдайларды жою үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше жағдайды жою басшысының қарамағына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын береді.

      52. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган:

      1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп мұнайдың төгілуін жою кезінде экологиялық жиынтық пайданы талдау негiзiнде мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуін жоюдың оңтайлы әдiстерiн келіседі;

      2) мұнай төгілген кезде олардың жойылуына қауіп төнген жағдайда жануарларға және құстарға көмек көрсетуді және тазалауды ұйымдастырады;

      3) жануарлар мен құстарды тазалауға арналған орындарды ұйымдастырады;

      4) жануарлар мен құстарды тазалаудан кейiн қалпына келтiруге қадағалауды ұйымдастырады;

      5) қажет болған жағдайда зоология, ихтиология, жануарлар дүниесін қорғау және құтқару жөніндегі ұйымдар саласындағы мамандар туралы ақпарат ұсынады.

      Ескерту. 52-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      53. Көмірсүтектер саласындағы уәкілетті орган:

      1) мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдарды тарту бойынша өзара іс-қимылды үйлестіреді;

      2) мұнай төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың жабдықтарын есепке алуды жүргізеді;

      3) Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайындағы өңірлік әзірлік, ден қою және ынтымақтастық туралы хаттамасының шеңберінде күнделікті қызмет түрінде ақпаратты табыстау және алмасу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;

      4) теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптарды анықтайды.

      Ескерту. 53-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      54. Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган ғарыштық мониторинг – ғарыштан жерді қашықтықтан зондтау арқылы қоршаған ортаның жағдайын бақылау жүйелерінің жұмысын ұйымдастырады.

      55. Жергілікті атқарушы орган:

      1) оқулар мен жаттығулардың өткізілуіне қатысады;

      2) ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыруға, сондай-ақ мұнай төгілуін жою жөніндегі жедел іс-қимылдарды ұйымдастыруға және үйлестіруге қатысады;

      3) халықаралық көмек алуға бағытталған іс-қимылдарды ұйымдастыру мен үйлестіруге қатысады;

      4) сақтық аймағындағы ластану зардаптарын жою, сондай-ақ облыс аумағындағы қоршаған ортаны қалпына келтіру бойынша қызметті үйлестіруді жүзеге асырады;

      5) мұнайдың төгілуі нәтижесінде және зардаптарды жою барысында зиян шеккен персоналға көмек көрсету үшін ден қоюдың барлық уақытында жедел медициналық жәрдем көмегінің болуын қамтамасыз етеді;

      6) медициналық ұйымдарға зиян шеккендерді эвакуациялауды ұйымдастырады;

      7) қалдықтарды, жиналған мұнайды уақытша сақтау және жинау орындарын анықтайды;

      8) аумақтық жоспарды бекітеді;

      9) мұнайдың төгілуін жоюға дайындықты қамтамасыз ету үшін мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдарымен шарт жасасады;

      10) жұртшылық өкілдерімен өзара іс-қимылды және қажет болған жағдайда ерікті волонтерлердің жұмысын ұйымдастырады.

      56. Кемелерді қоспағанда, мұнайдың төгілу тәуекеліне әкелетін объектілердің меншік иелері:

      1) мұнай төгілуін жою кезінде басқа объектілерге көмек көрсетеді;

      2) өз объектілерінде мұнай төгілуін жоюды жүзеге асырады;

      3) Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану, азаматтық қорғаныс, сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы заңнамасының және Ұлттық жоспар талаптарына сәйкес мұнайдың бірінші, екінші, үшінші деңгейдегі төгілуін жоюға дайындықты және ескертуді қамтамасыз етеді;

      4) өз объектілеріндегі барлық қолжетімді тәсілдермен теңіз ластануын жою немесе деңгейін азайту үшін барлық мүмкін шараларды қабылдайды;

      5) облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның, Жедел штабтың жұмысына қатысады, сондай-ақ сараптамалық қолдау көрсетеді;

      6) экологиялық жиынтық пайданы талдау жасайды.

      Ескерту. 56-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      57. Мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдар:

      1) мұнай төгілуін жою жөніндегі қызметтердің уақтылы көрсетілуін қамтамасыз етеді;

      2) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның, Жедел штабтың жұмысына қатысады, сондай-ақ сараптамалық қолдау көрсетеді;

      3) кемелерден және шығарылған жері белгісіз мұнай төгілуін жою кезінде экологиялық жиынтық пайданы талдау жасайды.

      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

4-тарау. Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою бойынша әзірлікті қамтамасыз ету

1-параграф. Бірлескен оқулар мен жаттығулар

      58. Оқу мен жаттығулар мынадай мәселелер бойынша жүргізіледі:

      1) мемлекеттік органдардың, жергiлiктi атқарушы органдар мен мұнай төгілу тәуекеліне әкелетін объектілердің меншік иелерінің және мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың, объектілеріне 1973 жылғы Кемелерден ластанудың алдын алу жөніндегі 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген түзетулері бар халықаралық конвенцияның күші қолданылатын тұлғаларды қоспағанда, теңіздегі мұнайдың төгілу қаупіне байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың өзара іс-қимылы;

      2) мұнай төгілуіне ден қою және жою;

      3) хабарлау мен коммуникация, ақпарат алмасу;

      4) мұнай төгілуін жою кезінде көмек көрсету үшін халықаралық жабдық пен персоналды әкелу және әкету;

      5) жабдықты жұмылдыру және орналастыру тәртiбi;

      6) экологиялық жиынтық пайданы талдау жасау.

      Ескерту. 58-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      59. Шет мемлекеттердің жалауы астында жүзетін кемелерді қоспағанда, мұнайдың төгілу тәуекеліне әкелетін объектілердің меншік иелері, мұнай төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдар уәкілетті органдармен, жергiлiктi атқарушы органдар мен басқа мұнай төгілу тәуекеліне әкелетін объектілердің меншік иелерімен, сондай-ақ мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдармен, объектілеріне 1973 жылғы Кемелерден ластанудың алдын алу жөніндегі 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген түзетулері бар халықаралық конвенцияның күші қолданылатын тұлғаларды қоспағанда, теңіздегі мұнайдың төгілу қаупіне байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен бірлескен оқу мен жаттығуларды қоса алғанда, жыл сайынғы оқу мен жаттығулар графигін әзірлейді.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

2-параграф. Мұнай төгілуін жою әдістері

      60. Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау, келісу және оларды таңдау туралы шешім қабылдау 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексi 398-бабының 7-тармағына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін тәртiппен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
      61. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
      62. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      63. Мұнай төгілуін жою стратегиясының негізгі қағидаттары:

      1) мұнайды жинау және тазарту мұнайдың төгілуін жоюдың механикалық әдістерімен жүзеге асырылады, егер бұл әдіс іс жүзінде қолданылса;

      2) мұнайды жинау төгілу көзіне мүмкіндігінше жақын жасалады;

      3) мұнайдың жағаға жақын жерге және қауіпсіздік аймағына таратылуына жол бермеу;

      4) егер механикалық жинау және тазалау тиімсіз болса немесе оларды қолдану мүмкін болмаса, химиялық заттардың пайдаланылуы және мұнай дағының жағылуы қарастырылады;

      5) жағалау ресурстарын және сақтық аймағын қорғау кезінде мұнайдың төгілуіне экологиялық тұрғыдан аса сезімтал аймақтар басым болып табылады;

      6) қоршаған ортаға зиян келтiрудiң әсерін азайту және әлеуметтiк-экономикалық зардаптарын кеміту;

      7) мұнайдың төгілуі және оның зардаптарын жою бойынша барлық шаралар экологиялық жиынтық пайданы талдау негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 63-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      64. Теңізде, Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін мына әдістер қолданылады:

      1) қадағалау және бағалау;

      2) су бетінен мұнайды механикалық тежеу және жинау (сезімтал ресурстардан мұнай дағының ауытқуын қоса алғанда);

      3) мұнай дағын бақылап жағу;

      4) химиялық құралдарды қолдану;

      5) сақтық аймағын қорғау және тазарту.

5-тарау. Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуіне ден қою және оны жою

      65. Теңізде, мұнай төгілу тәуекелі бар объектілерде мұнай төгілуі немесе кез келген байқалған мұнай дағы туралы ақпарат осы Ұлттық жоспарға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, 7-қосымшаға сәйкес бірізділікпен беріледі.

      66. Сақтық аймағында мұнай төгілген жағдайда ақпаратты жеткізу үшін жағалау аймағындағы басқару пункті ұйымдастырылады.

      67. Мұнай төгілуі кезінде немесе төгілу қаупі болғанда өзара іс-қимыл және коммуникациялар үшін радиожиіліктердің мынадай номиналдары пайдаланылады:

Жиілік (Мегагерц)

156.500

156.375

156.675

156.800

156.300

156.400

Қолдану

Мұнай төгілуін жою

Апат/
Қауіпсіздік

Іздеу және құтқару

Кемелер арасында

      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      68. Халықты қауіп дәрежесі, қажетті қауіпсіздік, салдарлар, мұнайдың төгілуінің алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар ету бұқаралық ақпарат құралдары, атап айтқанда:

      1) "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 5-тармағына сәйкес телерадио хабарларын тарату желісі;

      2) сауда мақсатында теңізде жүзу, көмірсутектер, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдардың, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің интернет-ресурстары;

      3) "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 3-тармағына сәйкес ұялы байланыс;

      4) мерзімді баспасөз басылымдары арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 68-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      69. Ұлттық жоспардың 11-тармағына сәйкес мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуі жағдайында теңіз объектісінің және теңіз портының меншік иелері мынадай әрекеттерді жүзеге асырады:

      объектілік жоспарға сәйкес мұнай төгілуін жою жөніндегі халықаралық ұйымнан үшінші деңгейдегі ден қою ресурстарын жұмылдыруды сұрайды;

      бұл туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне хабарлайды.

      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

6-тарау. Мұнай төгілуін жоюға тартылған персонал мен тұрғындардың денсаулығы мен еңбегін қорғау

      70. Мұнай төгілуін жоюға тартылған персонал мен тұрғындардың денсаулығы мен еңбегін қорғау мұнай төгілуін жою жөніндегі іс-шараларды іске асыру кезіндегі бірінші кезектегі мәселе болып табылады.

      Мұнай төгілуін жою жөніндегі іс-шараларды өткізу мұнай төгілуін жоюға тартылған персонал мен тұрғындардың денсаулығы мен еңбегіне төнетін қатерді тиісті бағалағаннан кейін және осындай қатерді төмендету жөніндегі шараларды іске асырғаннан кейін жүзеге асырылады.

      71. Қатерді төмендету жөніндегі шаралар көлеміне мыналар кіреді:

      1) мұнаймен ластану немесе ілеспе газдың шығуы мұнай төгілуін жоюға тартылған персонал мен тұрғындардың денсаулығы үшін қауіп туғызатын аумақтарды оқшаулау;

      2) мұнай төгілуін жоюға тартылған бүкіл персонал үшін нұсқамалар өткізу;

      3) арнайы жабдықтарды немесе химиялық заттарды қолданған кездегі техника қауіпсіздігіне оқыту;

      4) ластанған заттардан тікелей байланыстан аулақ болу және қоршаған ортаның қауіпті факторларының әсерін бақылау үшін мұнайдың төгілуін жоюға тартылған персоналдың жеке қорғау құралдарын пайдалануы;

      5) тиісінше демалыспен қамтамасыз ету үшін персоналдың ауысымды жұмысы;

      6) персоналдың денсаулық пен еңбекті қорғауға қолданылатын заңнама талаптарын сақтауы.

7-тарау. Жиналған мұнай қалдықтары және оны кәдеге жарату

      72. Мұнай төгілуін жою кезінде көп мөлшерде қоқыс және су мен жиналған мұнай қалыптасады.

      73. Жиналған мұнайды жинау және орналастыру үшін арнайы тұрақты сақтау резервуарларына одан әрі қотару үшін пластикалық қапшықтарды, бактар мен бөшкелерді қоса алғанда, ауыспалы және жылжымалы сыйымдылықтар пайдаланылады. Жиналған мұнайды көп мөлшерде жинау үшін неғұрлым ірі кемеге одан әрі тиеу және арнайы жағалау объекттеріне тасымалдауға арналған баржалар мен ірі қалқымалы резервуарларға жиналатын мұнайды қотару жүзеге асырылады.

      74. Жағалауда қоқыс және су мен мұнайдың қоспасын уақытша сақтау орындары жасалады. Қалдықтарды уақытша сақтау орындарын жергілікті атқарушы органдар айқындайды.

      75. Уақытша сақтауды ұйымдастыру кезінде қайталама ластануға жол бермеу қажет.

      76. Жиналған мұнайды және басқа да улы заттарды, сондай-ақ ластанған материалдарды түпкілікті орналастыру Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес орындалады.

      Ескерту. 76-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      77. Мұнаймен қаныққан құмды және басқа да қалдықтарды, сондай-ақ жиналған мұнайды кәдеге жарату қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін хабардар ете отырып құрлықта жүзеге асырылады.

      Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

8-тарау. Мұнайдың төгілуін жоюды аяқтау және есептілік

      78. Мұнайдың төгілуін жою жөніндегі операция басталған сәттен бастап ол аяқталғанға дейін Жедел штаб барлық жедел іс-қимылдарға және қадағалауларға құжаттама жүргізеді.

      Ескерту. 78-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      79. Жедел іс-қимылдар мен қадағалау жазбасына, сондай-ақ қаржылық есепке алуға мыналар кіреді:

      1) мұнайдың төгілуін сипаттау (фотолар мен мүмкіндігінше бейнематериалдарды қоса алғанда);

      2) қабылданған шешімдер мен жүзеге асырылған ден қою шаралары;

      3) ден қою операциялары кезінде жұмсалған барлық шығыстар туралы есептер;

      4) ден қою операциясының барысы туралы (орны, уақыты, мақсаты);

      5) жабдықтар және басқа да пайдаланылған құралдар туралы (орны, уақыты, мақсаты);

      6) жалданған персонал туралы (орны, саны, уақыты);

      7) пайдаланылған ден қою материалдары мен басқа да пайдаланылған материалдар туралы (мысалы, отынның түрі, оның мөлшері, пайдалану мақсаты).

      80. Аталған құжаттама кейіннен оларды құжаттамалық растау, сондай-ақ мұнайдың төгілуіне ден қою шараларын кейін бағалау мақсатында шығындарды өтеуді есептеу үшін пайдаланылады.

      81. Жергілікті атқарушы органның Жедел штабы мұнайдың төгілуін жою бойынша операция аяқталғаннан кейін мұнайдың төгілуін жою жөніндегі іс-қимыл басшысының келісімі бойынша есеп дайындайды.

      Жергілікті атқарушы органның жедел штабы есепте:

      1) мұнайдың төгілуіне әкеп соққан аварияның сипаттамасы және оның дамуын;

      2) қабылданған ден қою шараларының сипаттамасын;

      3) шетел мемлекеттері ұсынған көмекті сипаттау мен бағалауды;

      4) ден қоюдың барлық операциясын бағалауды;

      5) ден қою кезінде туындаған проблеманы сипаттау мен талдауды;

      6) қазіргі шараларды, атап айтқанда Ұлттық жоспардың ережелерін жақсарту мүмкіндігі туралы ұсынымдарды;

      7) мұнайдың төгілуіне ден қою уақытында келтірілген шығындарды есептеуді;

      8) мұнайдың төгілуінен болған экологиялық және экономикалық зиянды бағалауды көрсетеді.

      Ескерту. 81-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      82. Жергілікті атқарушы органның Жедел штабының бастығы мұнайдың төгілуін жою жұмысы аяқталғаннан кейін барлық жедел іс-қимылдар мен қадағалау құжаттамасын қоршаған ортаны қорғау саласындағы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдарға тапсырады.

      Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      83. Мұнайдың төгілу көзін оқшаулау және мұнайдың төгілуін жою жөніндегі іс-шараларды, авариялар, тосын оқиғалар себептерін тергеп-тексеру жүргізілгеннен кейін мұнайдың төгілу тәуекелі бар объектілердің меншік иелері және (немесе) мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдарға жүргізілген жұмыс туралы есепті ұсынады.

      84. Теңіз объектілері мен теңіз порттарының меншік иелері экологиялық залалдың салдарын жояды және үшінші тұлғаларға келтірілген зиянды, сондай-ақ мемлекеттің мұнайдың төгілуін жою жөніндегі шығыстарын өтейді.

      Ескерту. 84-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      85. "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 171-178-баптарына сәйкес қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде келтірілген зиян үшін және кемелерден мұнаймен ластану үшін кеме иесі жауапты болады.

      86. Мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілу себептерін тергеп-тексеру, мұнайдың төгілуінен қоршаған ортаға келтірілген ысыраптарды өтеу және қалпына келтіру тәртібі үшін: теңіз объектілерінде мұнай төгілген жағдайда – көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның, кемелер мен порттардан мұнай төгілген жағдайда – сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті органның, теңізде және сақтық аймағында өздігінен ағып жататын иесіз және апаттық ұңғымалар болған және шығарылған жері белгісіз мұнайдың төгілуі кезінде – жер қойнауын зерттеу саласындағы уәкілетті органның бастамасы бойынша ведомствоаралық комиссия құрылады.

      87. Қоршаған ортаны қалпына келтіру шаралары мен тәртібі қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамаға сәйкес анықталады.

9-тарау. Мұнайдың төгілуіне ден қоюдың халықаралық аспектілері

      88. Каспий теңізі мұнаймен ластанған жағдайда және Каспий теңізіне мұнайдың төгілуін жоюға дайындық пен іс-қимылды қамтамасыз етуде тараптар арасындағы ынтымақтастық пен өзара көмекті талап ететін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайындағы өңірлік әзірлік, ден қою және ынтымақтастық туралы хаттамасын және Каспий теңізінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімін басшылыққа алу қажет.

      Ескерту. 88-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      89. Халықаралық келісімдер шеңберінде көмек көрсету және көмек алуға байланысты шығындарды өтеу осы халықаралық келісімдер талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      90. Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті орган Мұнайдың төгілуін жою мәселелері жөніндегі халықаралық теңіз ұйымының қарарларын, шешімдері мен басшылық құжаттарын мүдделі мемлекеттік органдарды, жергілікті атқарушы органдарды, мұнай төгілу тәуекеліне әкелетін объектілердің меншік иелерін және мұнай төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдарды кейіннен хабардар ету үшін көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға жібереді және қадағалайды.

  Теңізде,
Қазақстан Республикасының
ішкі су айдындарында және
сақтық аймағында мұнай төгілуі
салдарын жоюға арналған
дайындықты және
іс-қимылдарды қамтамасыз
етудің ұлттық жоспарына
1-қосымша

Теңізде, Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнай төгілуі салдарын жою бойынша дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз ету

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Мұнай төгілуінің деңгейі

Жоспар

Мұнай төгілуі салдарын жою бойынша іс-қимылдар басшысы

1

2

3

1

Объектілік жоспарлар

Мұнай төгілу қаупі бар объектінің меншік иесі тағайындаған адам немесе ол тартып отырған мұнай төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйым

Кеме жоспарлары

Кеме капитаны

2

Аумақтық жоспарлар

Аумақтық жоспар қолданысқа енгізілгенге дейін

Кемелерді қоспағанда, мұнай төгілу қаупі бар объектінің меншік иесі тағайындаған адам
Кемеден шыққан және шығарылған жері белгісіз мұнай төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымның басшысы тағайындаған адам

Аумақтық жоспар қолданысқа енгізілгеннен кейін

Облыс әкімі тағайындаған лауазымды адам

3

Ұлттық жоспар

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындаған азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы

  Теңізде,
Қазақстан Республикасының
ішкі су айдындарында және
сақтық аймағында мұнай төгілуі
салдарын жоюға арналған
дайындықты және
іс-қимылдарды қамтамасыз
етудің ұлттық жоспарына
2-қосымша
  Нысан

Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнай төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің аумақтық жоспарлары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

1. Кіріспе

      1. Жалпы ережелер

      2. Географиялық қолдану шекаралары

      3. Авариялық мұнай төгілуі туындаған кезде ықтимал ортаны бағалау

2. Мұнайдың төгілуін жою бойынша дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз ету бойынша аумақтық (облыстық) басқару деңгейі

      4. Мұнай төгілуін жою жөніндегі іс-шараларға басшылық

      5. Мұнайдың төгілуін жою бойынша дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз ету бойынша аумақтық (облыстық) басқару деңгейінде функциялар мен міндеттерді бөлу

      6. Мұнайдың төгілуі туралы ақпаратты беру тәртібі

3. Жедел басқару

      7. Мұнайдың төгілуі туындаған кезде жүргізілетін іс-шаралар

      8. Авариялық-құтқару және жедел жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру

      9. Жедел штаб жұмыстарын ұйымдастыру

      10. Мұнай төгілуін жою кезіндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

      11. Мұнайдың төгілуін жою жөніндегі іс-шараларды тоқтату және есептілік

      12. Мұнайдың төгілуін тергеп-тексеру

4. Дайындықты қамтамасыз ету

      13. Мұнай төгілуіне дайындықты, уақтылы ден коюды және тиімді жоюды қамтамасыз ету үшін тартылатын ұйымдармен (меншік нысанына қарамастан) өзара іс-қимыл тәртібі.

      14. Мұнай төгілуін жою үшін тартылатын күштер мен құралдардың есебі.

      15. Жаттығулар мен оқулар

      16. Ақпараттық деректер

  Теңізде,
Қазақстан Республикасының
ішкі су айдындарында және
сақтық аймағында мұнай төгілуі
салдарын жоюға арналған
дайындықты және
іс-қимылдарды қамтамасыз
етудің ұлттық жоспарына
3-қосымша
  Нысан

Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнай төгiлуi салдарын жою бойынша дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің объектілік жоспары

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

1. Кіріспе

      1. Жоюдың жалпы басымдықтары мен міндеттері;

      2. Жоспардың қолданылу саласы (операциялар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасын қоса алғанда);

      3. Жоспардың географиялық қолдану шекаралары;

      4. Басқа жоспарлармен өзара іс-қимыл;

      5. Құжаттаманы басқару (жоспарды сақтауға жауапты адамды анықтау, таралуы, қаралуы және жаңартылуы туралы жазба жүргізу).

2. Алдын алу мен жоспарлаудың бастапқы шаралары

      6. Бастапқы кезеңдегі стратегиялық шешімдерді қабылдау жөніндегі бастапқы іс-қимылдар басшылық;

      7. Объектідегі бастапқы қауіпсіздік талаптары және мұнайдың төгілу оқиғасы болған жерді бағалау;

      8. Ден қоюдың бастапқы басымдықтары мен мақсаттары;

      9. Негізгі қызметкерлерге арналған бастапқы кезеңдегі іс-қимылдар тізбесі;

      10. Шұғыл хабарлау және есептілік;

      11. Мұнай төгілуін жою жөніндегі басқару командасын іске қосу;

      12. Мұнай төгілуіне сезімтал экологиялық аудандар мен әлеуметтік-экономикалық объектілерді анықтау;

      13. Бірінші деңгейдегі ресурстар және байланыс;

      14. Бірінші деңгейдегі ресурстарды іске қосу және өрістету;

      15. Мұнайдың төгілуі жөнінде, олардың таралуы жағдайындағы іс-қимыл тәртібі;

      16. Объект туралы негізгі ақпарат.

3. Хабарлама және есептілік

      17. Ішкі хабарлама бойынша талаптар мен тәртібі;

      18. Сыртқы хабарлама бойынша талаптар мен тәртібі;

      19. Егер талап етілсе, қосымша хабарлама;

      20. Байланыс деректері және нысандары (жоспарда көрсетілуі немесе жиі жаңартуларды енгізуді жеңілдету үшін қосымшаға жеке құжатпен енгізілуі мүмкін).

4. Бағалау

      21. Денсаулықты және объектідегі қауіпсіздікті бағалау;

      22. Мұнайдың төгілуін қадағалау тәсілдері (әуеден қадағалау, қалқыма белгiлері және тағы басқалары);

      23. Мұнайдың төгілуін қадағалау және оны бағалау бойынша басшылық;

      24. Метеорологиялық және гидродинамикалық болжамдар;

      25. Төгілулердің траекториясы және оларды үлгілеу;

      26. Төгілу деңгейін және төгілудің таралу қатерін бағалау.

5. Жою үшін ресурстар

      27. Ресурстар тізбесі және көрсетілетін қызметтер тізімі, қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, байланыс деректері және өрістету уақытын қоса алғанда (жоспарда көрсетілуі немесе жиі жаңартуларды енгізуді жеңілдету үшін қосымшаға жеке құжатпен енгізілуі мүмкін);

      28. Ресурстарды бөлу тәртібі;

      29. Тартылатын кемелер (кемелердің талап етілетін сипаттамасы, мұнай төгілген орындағы кемелер тізбесі және тағы басқалары);

      30. Жергілікті еңбек ресурстары;

      31. Ерекше бір бағытта мамандандырылған сарапшылар.

6. Мұнайдың төгілуін жою жөніндегі басқармасы

      32. Басқарманың ұйымдық құрылымы;

      33. Функциялары мен өкілеттіктері;

      34. Басқару процестері мен рәсімдері;

      35. Объектіде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі басқарманы іске қосу және оның орналасуы.

7. Сезімтал аумақтар

      36. Жағалаудың, теңіз биоталары мен инфрақұрылым объектілерінің мұнаймен ластануына сезімтал аймақтарын анықтау және оларды картаға түсіру (қауіп картасы);

      37. Қорғау басымдығы;

      38. Жағалаудың, теңіз биоталары мен инфрақұрылым объектілерінің мұнаймен ластануына сезімталдық картасы (карталардың көлемдеріне, өлшемдеріне және түрлеріне қарай карталар жоспар мәтінінде немесе қосымшада орналастырылады);

      39. Операциялық сезімталдық картасы және (немесе) оқиға болған жердегі іс-қимылдар жоспары және (немесе) географиялық жою картасы (карталар мен жоспарлардың көлемдеріне, өлшемдеріне және түрлеріне қарай карталар мен жоспарлар жоспардың мәтінінде немесе қосымшада орналастырылады).

8. Жою стратегиясы

      40. Стратегиялық шешімдер қабылдау жөніндегі басшылық (диаграммалар, ықтимал сценарийлердің матрицасы, экологиялық жиынтық пайданы талдау негізінде шешімдер қабылдау жөніндегі басшылық және тағы басқалары);

      41. Нақты сценарийлерге қарай мұнайдың төгілуін жою стратегиялары туралы жиынтық ақпарат;

      42. Қажетіне қарай теңізде, теңіздің жағалау аймағында, жаға бойында және ішкі су жолдарында мұнайдың төгілуінің зардаптарын жою үшін қажетті ресурстар;

      43. Мұнай төгілуін жоюдың қолайлы әдістері;

      44. Қажетіне қарай жалпы тактикалық жоспарлар (жоспар мәтінінде немесе қосымшада орналастырылады).

9. Қалдықтарды басқару

      45. Заңнама талаптары;

      46. Тәртібі (жеке сақтау, көлемін азайту, әкету және тағы басқаларды қосқанда);

      47. Нақты төгілуге қалдықтарды басқару жоспарын әзірлеу жөніндегі басшылық;

      48. Уақытша сақтауға алдын ала белгіленген орындар;

      49. Қалдықтарды өңдеу және түпкілікті жою іс-шаралары немесе қалдықтармен жұмыс істеудің басқа да нұсқалары.

10. Тазарту

      50. Денсаулық сақтау және қауіпсіздік талаптары;

      51. Тәртібі және рұқсат етілген тазарту заттары;

      52. Тазарту бойынша іс-шараларды жүргізу үшін алдын ала белгіленген орындар;

      53. Нақты төгілуді тазарту бойынша жоспарды әзірлеу жөніндегі басшылық.

11. Жұмылдыру

      54. Жабдықтар мен кемелерді қорытынды тексеру, персоналды әкету, шығыс материалдарды қайтару, жалға алынған мүлікті қайтару тәртібі және тағы басқалары;

      55. Нақты төгілу кезінде объектіден техника мен қызметкерлерді әкету жоспарын әзірлеу жөніндегі басшылық.

12. Ден қою шараларын аяқтау

      56. Төгілуді кәдеге жаратудың түпкілікті деңгейін анықтау жөніндегі басшылық және мұнайдың төгілуін жою жөніндегі операциялардың аяқталу өлшемшарттары;

      57. Аймақты тазарту бойынша жұмыстарды қабылдайтын және мұнай төгілуін жою жөніндегі операциялардың аяқталуын растайтын жауаптыны анықтау.

13. Мұнайдың төгілуін жою жөнінде жүргізілген шаралар мен операциялар туралы есеп

      58. Есеп әзірлеуге жауапты адамдар және мұнайдың төгілуін жою аяқталғаннан кейін талдау жүргізу жөніндегі басшылық.

  Теңізде,
Қазақстан Республикасының
ішкі су айдындарында және
сақтық аймағында мұнай төгілуі
салдарын жоюға арналған
дайындықты және
іс-қимылдарды қамтамасыз
етудің ұлттық жоспарына
4-қосымша

Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуін жою кезіндегі басқарманың құрылымы

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.



  Теңізде,
Қазақстан Республикасының
ішкі су айдындарында және
сақтық аймағында мұнай төгілуі
салдарын жоюға арналған
дайындықты және
іс-қимылдарды қамтамасыз
етудің ұлттық жоспарына
  5-қосымша

Мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуі кезіндегі Жедел штабының құрамы

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуі кезіндегі Жедел штабының құрамына мына уәкілетті органдардың өкілдері енгізіледі:

Топтың және уәкілетті органның атауы

1

Ақпарат өңдеу тобы

1.1

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

1.2

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

1.3

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

2

Шешімдерді дайындау және күш пен тәсіл есептеу тобы

2.1

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

2.2

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

2.3

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

2.4

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті

2.5

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

3

Өзара іс-қимыл тобы

3.1

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

3.2

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

3.3

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

4

Ақпараттандыру және байланыс тобы

4.1

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

4.2

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

4.3

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

5

Мониторинг және болжау тобы

5.1

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті

5.2

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

5.3

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

6

Баспасөз қызметі

6.1

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

6.2

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

6.3

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

6.4

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

  Теңізде,
Қазақстан Республикасының
ішкі су айдындарында және
сақтық аймағында мұнай төгілуі
салдарын жоюға арналған
дайындықты және
іс-қимылдарды қамтамасыз
тудің ұлттық жоспарына
6-қосымша

Теңізде, Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуі туралы ақпарат

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

КІМГЕ:
Ақпарат берудің реттік нөмірі (еселік)

1-бөлім. Бастапқы хабарлама*

1.

Кімнен

(Аты-жөні (болған жағдайда) мен ұйым)

2.

Күні

күн/ай/жыл, уақыт (жергілікті):

3.

Оқиға


4.

Байланыс деректері

Телефон:
Факс:

5.

Учаске/орналасуы


6.

Объектінің/кеменің атауы


7.

Болжамды көлем

(өлшем бірлігін көрсету)

8.

Төгілу жалғасады

Иә/Жоқ

9.

Қолы


2-бөлім. Толық сипаттама **

1.

Күні

күн/ай/жыл, уақыт (жергілікті):

2.

Орналасуы (ендік пен бойлық)


3.

Желдің жылдамдығы

(өлшем бірлігін көрсету)

4.

Желдің бағыты


5.

Теңіздің жай-күйі және көрінуі

(өлшем бірлігін көрсету)

6.

Ағыс немесе судың көтерілуі мен қайтуы


7.

Теңіз суының температурасы

(өлшем бірлігін көрсету)

8.

Ауаның температурасы

(өлшем бірлігін көрсету)

9.

Дақтың қалқуы

(жылдамдық пен бағытын көрсету)

10.

Мұнайдың төгілу көзі



Мұнайдың төгілу көзінің алдын ала болжамы


11.

Оқиға түрі


12.

Дақтың сыртқы түрі


13.

Сынама алынды

Иә/Жоқ

14.

Фотосуреттер жасалды

Иә/Жоқ

15.

Зардапты болжау

(Сезімтал учаскелерді көрсету)

16.

Ден қою бойынша қабылданған шаралар


17.

Қолы


      Ескертпе:

      *1-бөлім мұнай төгілуінің табылуынан кейін толтырылады

      **2-бөлім ақпарат жинағы бойынша толтырылады.

  Теңізде,
Қазақстан Республикасының
ішкі су айдындарында және
сақтық аймағында мұнай төгілуі
салдарын жоюға арналған
дайындықты және
іс-қимылдарды қамтамасыз
етудің ұлттық жоспарына
7-қосымша

Теңізде, Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуі туралы ақпарат берудің реттілігі

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.05.2021 № 174, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.05.2021 № 225 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.05.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады