"Салықтық тексерулер бойынша тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 254 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 200 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 маусымдағы № 560 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 212 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 маусымда № 17132 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Салықтық тексерулер бойынша тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 254 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 200 бірлескен бұйрығына (бұдан әрі – бірлескен бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15224 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) көрсетілген бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кешенді немесе тақырыптық салықтық тексерулер бойынша тексеру парағында:

      реттік нөмірлері 1.17 және 1.29-жолдар алып тасталсын;

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

2

Әлеуметтік төлемдердің толық және уақтылы есептелуi, ұсталуы және аударылуын қамтамасыз етуді сақтау





";

      реттік нөмірлері 3 және 4-жолдар алып тасталсын;

      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

5

Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың келесі мiндеттердi орындауды сақтау:

х

х

х

х

";

      реттік нөмірі 5.5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

5.5

Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді аударуға арналған төлем құжаттарын қабылдау кезінде сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидаларына және уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес сәйкестендіру нөмірінің дұрыс көрсетілуін бақылау бойынша міндетті сақтау





";

      реттік нөмірі 5.10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

5.10

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің сомаларын мерзімінде аудару бойынша міндетті сақтау





";

      реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

14

Камералдық бақылаудың нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы мемлекеттік кірістер органдарының хабарламасын салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) орындамау





";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 19 және 20-жолдармен толықтырылсын:

"

19

Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы салық органдарын хабардар етуге және мәліметтерді салық органдарына ұсыну, содан басқа шет мемлекеттердің, халықаралық және шетелдік ұйымдардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қаражаты есебінен жариялайтын, тарататын және (немесе) орналастыратын ақпарат пен материалдарда тапсырыс берген тұлғалар туралы мәліметтер, ақпарат пен материалдардың орналастырылғаны туралы нұсқауын қамтылу бойынша міндеттерді сақтау







20

Ірі салық төлеушілер мониторингі шеңберінде уәжді шешімді орындауды сақтау





";

      2) көрсетілген бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қарсы салықтық тексерулер бойынша тексеру парағында:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

1

Салық органы, оған қатысты кешендi немесе тақырыптық тексеру жүргiзіп жатырған салық төлеушiмен (салық агентiмен) операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардан операциялардың мазмұны мен фактілерді растау операциялары туралы қосымша ақпарат алу





";

      3) көрсетілген бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жекелеген мәселелер жөніндегі тақырыптық салықтық тексерулер бойынша тексеру парағында:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 9, 10, 11 және 12-жолдармен толықтырылсын:

"

9

Электрондық нысанда шот-фактураларды жазып беру тәртібін сақтау







10

Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуына байланысты кедендік баждардың төмендетілген мөлшерлемелері қолданылатын тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар қалдықтарының болуын растау







11

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарларды алып өткен, өткізген және (немесе) тиеп-жөнелткен кезде;
Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі - ЕАЭО) мүше болып табылмайтын мемлекеттердiң және ЕАЭО мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген кезде;
Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердiң және ЕАЭО мүше мемлекеттердiң аумағына тауарларды әкеткен кезде тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың болуы және тауарлар атауының, санының (көлемінің) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі







12

Тауар жеткізу құжаты негізінде аймақтық мемлекеттік кірістер органының мөрімен расталған электрондық шот-фактураның көшірмесінің, Қазақстан Республикасы аумағынан ЕАЭО басқа мүше мемлекеттердiң аумағына баждың төмендетілген мөлшері және сондай мөлшерлердің көлемі қолданылатын Тізбеге кіретін тауарларды жеткізу кезінде және де келесі құжаттардың бірінің болуын растау:
1) аймақтық мемлекеттік кірістер органының мөрімен расталған кедендік декларацияның көшірмесі – бұдан бұрын үшінші мемлекеттерден ЕАЭО бірыңғай кедендік тарифінің мөлшерімен енгізілген таурлардың жеткізу кезінде;
2) СТ-1 нысанындағы тауарлардың шығу сертификатының түпнұсқасы – Қазақстан Республикасы аумағында шығарылған тауарларды жеткізу кезінде;
3) СТ-KZ нысанындағы тауарлардың шығу сертификатының түпнұсқасы - ерікті қоймалар және ерікті экономикалық зона аумақтарында шығарылған тауарларды жеткізу кезінде;
4) тауарларды жеткізу және жанама салықтарды төлеу туралы арыздың көшірмесі - ЕАЭО басқа мүше мемлекеттерден бұдан бұрын енгізілген таурларды жеткізу кезінде





 
".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. 2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының 3) тармақшасының бесінші абзацын қоспағанда, осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке алу

      комитетінің Төрағасы

      _____________________ Қ. Жақыпбаев

      2018 жылғы 5 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады