Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 10 шілдеде № 17168 болып тіркелді.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 12-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б. Әлтаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
М. Әбілқасымова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      ______________ Р. Дәленов

      2018 жылғы 26 маусым

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы "___"____________

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2018 жылғы 19 маусымдағы
№ 254 бұйрығымен
бекітілген

Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы біліктілік талаптары жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне белгіленген.

      2. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi еңбек делдалдығын көрсететін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген жеке немесе заңды тұлға болып табылады.

      3. Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінде халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін тиісті тәжірибесі, жеткілікті материалдық және еңбек ресурстары болуға тиіс.

2-тарау. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптары

      4. Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер заңды тұлға болып табылатын жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне келесідей біліктілік талаптары белгіленеді:

      1) халықты жұмыспен қамту саласында қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруда кемінде бір жыл тәжірибесінің болуы;

      2) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), техникалық және кәсіптік білімі және халықты жұмыспен қамту және (немесе) кадрлық қамсыздандыру саласында кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі бар білікті басшылардан, мамандардан тұратын штаттық қызметшілерінің болуы;

      3) штаттық қызметкерлерді жұмыс орындарымен жарақтандыру, офис үстелдерін, интернетке қосылған, бағдарламалық қамтылымы бар компьютер не ноутбукті, қызмет көрсету үшін қажет принтерді, көшіру аппаратын және сканерді қамтитын халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық ресурстардың болуы;

      4) төлем жасау қабiлеттілігінің болуы және салық берешегінің болмауы;

      5) әкімшілік ғимаратта, офиста орналасқан және жұмыссызды қабылдау үшін тиісті жағдайды қамтамасыз ететін меншік (шаруашылық жүргізу немесе оперативтік басқару) және (немесе) жалға алу құқығындағы тұрғын жайдың болуы;

      6) заңды тұлғаның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуінің болуы;

      7) таратылу немесе банкроттық рәсімдеріне жатпауға тиіс.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.06.2019 № 345 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жеке тұлға болып табылатын жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне келесідей біліктілік талаптары белгіленеді:

      1) халықты жұмыспен қамту саласында қызметтері көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруда кемінде бір жыл тәжірибесінің болуы;

      2) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), техникалық және кәсіптік білімі бар, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту және (немесе) кадрлық қамсыздандыру саласында кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір маманның болуы;

      3) штаттық қызметкерлерді жұмыс орындарымен жарақтандыру, офис үстелдерін, интернетке қосылған, бағдарламалық қамтылымы бар компьютер не ноутбукті, қызмет көрсету үшін қажет принтерді, көшіру аппаратын және сканерді қамтитын халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық ресурстардың болуы;

      4) төлем жасау қабiлеттілігінің болуымен және салық берешегінің болмауымен;

      5) әкімшілік ғимаратта, офиста орналасқан және жұмыссызды қабылдау үшін тиісті жағдайды қамтамасыз ететін меншік (шаруашылық жүргізу немесе оперативтік басқару) және (немесе) жалға алу құқығындағы тұрғын жайдың болуы;

      6) дара кәсіпкер ретінде салық органдарында мемлекеттік тіркелуінің болумен расталады;

      7) банкроттық рәсімдеріне жатпауға тиіс.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.06.2019 № 345 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады