Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құруына, жұмыс орындарын құру туралы мәліметтер ұсынуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 260 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 шілдеде № 17198 болып тіркелді.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 12-3) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағы 2 тармақшасынына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құруына, жұмыс орындарын құру туралы мәліметтер ұсынуына мониторингті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау үшін және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б. Әлтаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
М. Әбілқасымова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары-

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ______________ Ө. Шөкеев

      2018 жылғы 29 маусым

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ______________ Ж. Қасымбек

      2018 жылғы 27 маусым

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы "___"__________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ___________ Қ. Бозымбаев

      2018 жылғы 21 маусым

  Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2018 жылғы 19 маусымдағы
№ 260 бұйрығымен бекітілді

Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құруына, жұмыс орындарын құру туралы мәліметтер ұсынуына мониторингті жүзеге асыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.04.2019 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құруына, жұмыс орындарын құру туралы мәліметтер ұсынуына мониторингті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 26-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құруына, жұмыс орындарын құру туралы мәліметтер ұсынуына мониторингті жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      2) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы қолдап отыратын электрондық ақпараттық ресурс;

      3) еңбек ресурстарын дамыту орталығы – еңбек нарығын реттеу және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты ақпараттық және талдамалық қолдауды, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар мен халықты жұмыспен қамту орталықтарын әдіснамалық қолдауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      4) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

      5) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құруға бағытталған мониторингті жүзеге асыру тәртібі

      3. Жұмыс орындарын құруға мониторингті құрылған жұмыс орындарына бағалау және талдау жүргізу мақсатында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

      4. Жұмыс орындарын құруға мониторингтің объектісі мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобалар, оның шеңберінде жұмыс орындарын құру көзделген жобалар ескеріледі.

      5. Жұмыс орындарын құруға мониторинг екі деңгейде:

      1) өңірлік деңгейде – мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы органдар;

      2) республикалық деңгейде – мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік органдар және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органдармен жүзеге асырылады.

      6. Жұмыс орындарын құруға мониторингті жүргізу мыналарды қамтиды:

      1) жұмыс орындарын құруға қатысты ақпаратты жинау, қорытындылау және талдау;

      2) мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде жұмыс орындарын құру бойынша ахуалы туралы талдамалық анықтаманы жасау;

      3) халықты жұмыспен қамту саласында шешімдер қабылдау кезінде жұмыс орындарын құруға мониторингтің қорытындысын пайдалану.

      7. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы орган (Бағдарлама әкімшісі) жыл сайын ағымдағы жылдың 5 желтоқсанға дейін "Еңбек биржасы" интернет-ресурсындағы жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасында жұмыс орындарын құру жөніндегі жоспарлы көрсеткіштер туралы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандар, аудандық және облыстық маңызы бар қалалар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бөлінісінде алдағы есепті жылға арналған мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобаларда экономикалық қызмет түрлері бойынша мәліметтерді орналастырады.

      8. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы орган (Бағдарлама әкімшісі) ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей "Еңбек биржасы" интернет-ресурсындағы жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасында жұмыс орындарын құру жөніндегі жоспарлы көрсеткіштер туралы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандар, аудандық және облыстық маңызы бар қалалар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бөлінісінде алдағы есепті жылға арналған мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобаларда экономикалық қызмет түрлері бойынша мәліметтерді орналастырады.

      9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары "Еңбек биржасы" интернет-ресурсындағы жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасында:

      1) осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мәліметтерді салыстырып тексеруді жыл сайын ағымдағы жылғы 10 желтоқсанға дейін жүзеге асырады;

      2) осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мәліметтерді салыстыруды ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей жүзеге асырады;

      3) мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы орган (Бағдарлама әкімшісі) орналастырған, бірінші басшының немесе оның міндетін атқарушы адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған мәліметтерді растайды.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары осы Қағидалардың 9-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес жүргізілген салыстыру нәтижесінде қате деректер анықталған жағдайда бір жұмыс күні ішінде оларды пысықтауға және түзетуге жібереді.

      10. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы орган (Бағдарлама әкімшісі) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары пысықтауға және мәліметтерді түзетуге жіберген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өзгерістер енгізеді, пысықталған және түзетілген мәліметтерді "Еңбек биржасы" интернет-ресурсындағы жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасына орналастырады.

      11. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасында жұмыс орындарын құру туралы мәліметтерді "Еңбек биржасы" интернет-ресурсында осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығаруды жүзеге асырады және Бірінші басшылардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен расталған мәліметтерді мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік органдарға жібереді.

      12. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік органдар:

      1) жыл сайын ағымдағы жылғы 25 желтоқсанға дейін аудандардың, аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының деректерін ескере отырып, "Еңбек биржасы" интернет-ресурсында жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасында мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде облыстар бөлінісінде жұмыс орындарын құру жөніндегі жоспарлы көрсеткіштер туралы мәліметтерді қорытуды және экономикалық қызмет түрлері бойынша алдағы есепті жылға арналған республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді және оларды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.;

      2) ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей "Еңбек биржасы" интернет-ресурсында жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасында мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде құрылған жұмыс орындары бойынша мәліметтерді осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қорытуды жүзеге асырады, олар мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары арқылы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді;

      3) ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде жұмыс орындарын құру жөніндегі жоспарлы көрсеткіштердің мәліметтеріне және құрылған жұмыс орындары жөніндегі мәліметтерге талдау жүргізеді, жұмыс орындарын құру мониторингінің нәтижелері туралы талдамалық анықтамалар жасайды, олар мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары арқылы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      13. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері негізінде ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-күніне мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құру мониторингінің мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар шеңберінде жұмыс орындарын құру туралы мәліметтерді ұсыну нәтижелері туралы есепті қалыптастырады осы Қағидаларға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана және республика бөлінісінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді және оны "Еңбек биржасы" интернет-ресурсына орналастырады және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

      14. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне Еңбек ресурстарын дамыту орталығы ұсынған жұмыс орындарын құру мониторингінің нәтижелері бойынша есепті, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік органдардың талдамалық анықтамаларын ескере отырып, талдау жүргізеді және жұмыс орындарын құру жөніндегі ахуал туралы талдамалық анықтама жасайды және оны "Еңбек биржасы" интернет-ресурсында орналастырады.

      15. Жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру барысында алынатын жұмыс орындарын құру туралы мәліметтерді жыл сайын ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган халықты жұмыспен қамту саласында шешімдер қабылдау кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың пайдалануы үшін жалпыланған тәртіппен "Еңбек биржасы" интернет-ресурсында орналастырады.

  Мемлекеттік бағдарламаларды
іске асыруға жауапты орталық
және жергілікті атқарушы
органдардың жұмыс орындарын
құруына, жұмыс орындарын
құру туралы мәліметтер
ұсынуына мониторингті жүзеге
асыру қағидаларына 1-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

Мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобаларда жұмыс орындарын құру жөніндегі жоспарлы көрсеткіштер туралы мәліметтер

      _____________________________________________________

      (ауданның/қаланың/облыстың аталуы)

      20___ жылғы ____ есепті кезең

      Индексі: КРМ-1

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Ұсынады: мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы орган (бағдарлама әкімшісі)

      Нысан қайда ұсынылады: "Еңбек биржасы" интернет-ресурсында жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасына

      Тапсыру мерзімі: жыл сайын ағымдағы жылғы 5 желтоқсанға дейін

      Жобаның атауы

      ___________________________________________________________________

      Жобаны іске асыруды бастау _________._____________.___________________

                                                (жылы, айы, күні)

      Жобаның аяқталу мерзімі

      _______________.___________________.________________________________

                              (жылы, айы, күні)

      РБ-дан бөлінген сома ___________________________________________

                                          (млн.теңге)

      ЖБ-дан бөлінген сома ___________________________________________

                                          (млн.теңге)

Мақсатты бағыты

Өлшем бірлігі (саны)

1.

Мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде жұмыс орындарын құру, оның ішінде экономикалық қызмет түрлері бойынша:

*

1.1.
1.2.
1.3.
1.4.
1.5.
1.6.
1.7.
1.8.
1.9.

ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы;
өнеркәсіп;
құрылыс;
тасымалдау және қоймалау;
көтерме және бөлшек сауда;
авто және мотоциклдерді жөндеу;
білім беру;
денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер;
экономикалық қызметтің басқа түрлері;

*
*
*
*
*
*
*
*
*

      Электрондық почта мекенжайы

      _________________________________________

      Орындаушы _________________________________________________________

                        тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы

      МО (бар болса)

      Ескертпе: * жоспарлы мақсатты индикатор экономикалық қызметтің әрбір түрі бойынша толтырылады.

  "Мемлекеттік бағдарламалар,
аумақтарды дамыту
бағдарламалары, инвестициялық
жобалар, шағын және орта
кәсіпкерлікті дамытуды
ынталандыру жөніндегі
бағдарламалар шеңберінде іске
асырылатын жобаларда жұмыс
орындарын құру бойынша
жоспарлы көрсеткіштер туралы
мәліметтер" әкімшілік
деректерді жинауға арналған
нысанға қосымша

Мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобаларда жұмыс орындарын құру жөніндегі жоспарлы көрсеткіштер туралы жергілікті атқарушы орган ұсынған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы орган (бағдарлама әкімшісі) "Мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде жұмыс орындарын құру жөніндегі жоспарлы көрсеткіштер туралы мәліметтер" деген ақпаратты мынадай мәліметтерді көрсете отырып ұсынады:

      Нысанның мекен-жай бөлігінде ауданның/қаланың/облыстың/республикалық маңызы бар қаланың/астананың атауы көрсетіледі.

      Мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобаның атауы.

      2. Көрсеткіштерді мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы орган (бағдарлама әкімшісі) жыл сайын ағымдағы жылғы 5 желтоқсанға дейін экономикалық қызмет түрлері бойынша аудандар, аудандық және облыстық маңызы бар қалалар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бөлінісінде алдағы есепті жылға арналған "Еңбек биржасы" интернет-ресурсында жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасына орналастырады.

      3. Мәліметтерге жергілікті атқарушы органның (бағдарлама әкімшісінің) бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. 1-бағанда жобаның реттік нөмірі көрсетіледі.

      5. 2-бағанда экономикалық қызмет түрлері бойынша жобаның нысаналы мақсаты көрсетіледі.

      6. 3-бағанда алдағы есепті жылға арналған сандық көріністе жұмыс орындарын құру жөніндегі жоспарлы көрсеткіштер көрсетіледі.

  Мемлекеттік бағдарламаларды
іске асыруға жауапты орталық
және жергілікті атқарушы
органдардың жұмыс орындарын
құруына, жұмыс орындарын
құру туралы мәліметтер
ұсынуына мониторингті жүзеге
асыру қағидаларына 2-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы органның (бағдарлама әкімшісінің) мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде жобаларды іске асыруға қатысатын кәсіпорындар мен ұйымдардағы құрылған жұмыс орындары туралы мәліметтері

      __________________________________________________________________________

      ауданның/қаланың/облыстың/республикалық маңызы бар қаланың/астананың атауы

      ____ 20___ жылғы есепті кезең

      Индексі: КРМ-2

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынады: Мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде жобаларды іске асыруға қатысатын кәсіпорындар мен ұйымдар.

      Нысан қайда ұсынылады: мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы органға (бағдарлама әкімшісі).

      Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей

Р/с №

Кәсіпорынның БСН (ЖСНН)

Экономикалық қызмет түрлері

Жобаның атауы

Жобаны іске асыру кезеңі

Құрылатын жұмыс орындарының саны

Бөлінген сома (млн теңге)

Игерілген күні (млн теңге)

жоспар

факт

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.


ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы;







2.


өнеркәсіп;







3.


құрылыс;







4.


тасымалдау және қоймалау;







5.


көтерме және бөлшек сауда;







6.


авто және мотоциклдерді жөндеу;







7.


білім беру







8.


денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер;







9.


экономикалық қызметтің басқа түрлері







      Электрондық почта мекенжайы

      _________________________________________

      Орындаушы _________________________________________________________

                        тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ____________________________________________________________________

                        тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы

      МО (бар болса)

      Ескертпе: * жоспарлы мақсатты индикатор экономикалық қызметтің әрбір түрі бойынша толтырылады.

  "Мемлекеттік бағдарламалар,
аумақтарды дамыту
бағдарламалары, инвестициялық
жобалар, шағын және орта
кәсіпкерлікті дамытуды
ынталандыру жөніндегі
бағдарламалар шеңберінде
жобаларды іске асыруға
қатысатын кәсіпорындар мен
ұйымдардағы құрылған жұмыс
орындары туралы мемлекеттік
бағдарламаларды іске асыруға
жауапты жергілікті атқарушы
органның (бағдарлама әкімшісі)
мәліметтері"
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға қосымша

Мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде жобаларды іске асыруға қатысатын кәсіпорындар мен ұйымдардағы құрылған жұмыс орындары туралы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Аудандар, аудандық және облыстық маңызы бар қалалар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бөлінісінде экономикалық қызмет түрлері бойынша алдағы есепті жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын бекіту туралы "Мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде жобаларды іске асыруға қатысатын кәсіпорындар мен ұйымдар аудандар, аудандық және облыстық маңызы бар қалалар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бөлінісінде мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде құрылған жұмыс орындары туралы мәліметтер" деген ақпаратты ұсынады:

      Нысанның мекен-жай бөлігінде кәсіпорынның немесе ұйымның атауы, тіркелген орны (мекен-жайы), нақты орналасқан жерінің мекен-жайы көрсетіледі.

      2. Көрсеткіштер нақты деректер бойынша ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірілмей қалыптастырылады.

      3. Мәліметтерге бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      5. 2-бағанда Мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде жобаларды іске асыруға қатысатын кәсіпорынның немесе ұйымның БСН (ЖСН) көрсетіледі.

      6. 3-бағанда жұмыс орындарын құруды көздейтін экономикалық қызмет түрі көрсетіледі.

      7. 4- бағанда жобаның атауы көрсетіледі.

      8. 5- бағанда жобаны іске асыру кезеңі көрсетіледі.

      9. 6-бағанда жоба бойынша жұмыс орындарын құру туралы жоспарлы көрсеткіш көрсетіледі.

      10. 7-бағанда жоба бойынша жұмыс орындарын құру туралы нақты көрсеткіш көрсетіледі.

      11. 8-бағанда жобаны іске асыруға бөлінген сома (млн теңге) көрсетіледі.

      12. 9-бағанда есепті күнге жоба бойынша игерілген сома (млн теңге) көрсетіледі.

  Мемлекеттік бағдарламаларды
іске асыруға жауапты орталық
және жергілікті атқарушы
органдардың жұмыс орындарын
құруына, жұмыс орындарын
құру туралы мәліметтер
ұсынуына мониторингті жүзеге
асыру қағидаларына 3-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

Экономикалық қызмет түрлері бойынша мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобаларда жұмыс орындарын құру туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________________

      ауданның/қаланың/облыстың/республикалық маңызы бар қаланың/ астананың атауы

      ____ 20___ жылғы есепті кезең

      Индексі: КРМ-3

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынады: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары "

      Қайда ұсынылады: Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік органдарға

      Ұсыну мерзімі: ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей

Р/с №

Экономикалық қызмет түрлері

Жобаның атауы

Құрылатын жұмыс орындарының саны

Бөлінген сома (млн теңге)

Игерілген күні (млн теңге)

жоспар

факт

1

2

3

4

5

6

7

1.

ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы






2.

өнеркәсіп






3.

құрылыс






4.

тасымалдау және қоймалау






5.

көтерме және бөлшек сауда






6.

авто және мотоциклдерді жөндеу






7.

білім беру






8.

денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер






9.

экономикалық қызметтің басқа түрлері






      Электрондық почта мекенжайы

      ________________________________________

      Орындаушы _________________________________________________________

                        тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ____________________________________________________________________

                        тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы

      МО (бар болса)

      Ескертпе: әкімшілік деректерді жинақтауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Мемлекеттік бағдарламалар,
аумақтарды дамыту
бағдарламалары, инвестициялық
жобалар, экономикалық қызмет
түрлері бойынша шағын және
орта кәсіпкерлікті дамытуды
ынталандыру жөніндегі
бағдарламалар шеңберінде
жұмыс орындарын құру туралы
мәліметтер" әкімшілік
деректерді жинауға арналған
нысанға қосымша

Экономикалық қызмет түрлері бойынша мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобаларда жұмыс орындарын құру туралы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары "Мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, экономикалық қызмет түрлері бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобаларда жұмыс орындарын құру туралы мәліметтер" деген ақпаратты мынадай мәліметтерді көрсете отырып, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік органдарға ақпарат ұсынады:

      Нысанның мекенжай бөлігінде облыстың, астананың немесе республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының атауы көрсетіледі.

      2. Көрсеткіштер ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмей қалыптастырылады.

      3. Мәліметтерге бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      5. 2-бағанда жұмыс орындарын құруды көздейтін экономикалық қызмет түрі көрсетіледі.

      6. 3-бағанда жобаның атауы көрсетіледі.

      7. 4-бағанда жоба бойынша жұмыс орындарын құру туралы жоспарлы көрсеткіш көрсетіледі.

      8. 5-бағанда жоба бойынша жұмыс орындарын құру туралы нақты көрсеткіш көрсетіледі.

      9. 6-бағанда жобаны іске асыруға бөлінген сома (млн теңге) көрсетіледі.

      10. 7-бағанда есепті күнге жоба бойынша игерілген сома (млн теңге) көрсетіледі.

  Мемлекеттік бағдарламаларды
іске асыруға жауапты орталық
және жергілікті атқарушы
органдардың жұмыс орындарын
құруына, жұмыс орындарын
құру туралы мәліметтер
ұсынуына мониторингті жүзеге
асыру қағидаларына 4-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

Мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бөлінісінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобаларда жұмыс орындарын құру туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік

      органның атауы)

      ____ 20___ жылғы есепті кезең

      Индексі: КРМ-4

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынылады: Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік органдар

      Қайда ұсынылады: Халықты жұмыспен қамту бойынша уакілетті органға

      Ұсыну мерзімі: ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей

      Мемлекеттік бағдарламалардың атауы _____________

Р/с №

Өңірлердің аталуы

Жоспарланған жобалар саны (бірліктер)

Олардың ішінде

Бөлінген сома (млн. теңге)

Игерілген сома (млн. теңге)

Жұмыс орындарын құру жоспары

Жұмыс орындарының нақты құрылу саны

Жүзеге асырылған жобалар (бірліктер)

1

2

3

4

5

6

7

8

1








2








3









БАРЛЫҒЫ







      Электрондық почта мекенжайы

      ________________________________________

      Орындаушы _________________________________________________________

                              тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ____________________________________________________________________

                              тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы

      МО (бар болса)

  "Мемлекеттік бағдарламалар,
аумақтарды дамыту
бағдарламалары, инвестициялық
жобалар, облыстар,
республикалық маңызы бар
қалалар және астана бөлінісінде
шағын және орта кәсіпкерлікті
дамытуды ынталандыру
жөніндегі бағдарламалар
шеңберінде іске асырылатын
жобаларда жұмыс орындарын
құру туралы мәліметтер"
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға қосымша

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бөлінісінде мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобаларда жұмыс орындарын құру туралы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік органдар "Мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, экономикалық қызмет түрлері бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобаларда жұмыс орындарын құру туралы мәліметтер" туралы ақпаратты мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік органдарға мынадай мәліметтерді көрсете отырып, ақпарат ұсынады:

      Нысанның мекенжай бөлігінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік органның атауы және мемлекеттік бағдарламаның атауы көрсетіледі.

      2. Көрсеткіштер ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей қалыптастырылады.

      3. Мәліметтерге бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      5. 2-бағанда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың атауы көрсетіледі.

      6. 3-бағанда жұмыс орындарын құруды көздейтін жоспарланған жобалардың саны көрсетіледі.

      7. 4-бағанда жұмыс орындарын құруды көздейтін іске асырылған жобалардың саны көрсетіледі.

      8. 5-бағанда жобаны іске асыруға бөлінген сома (млн теңге) көрсетіледі.

      9. 6-бағанда есепті күнге жоба бойынша игерілген сома (млн теңге) көрсетіледі.

      10. 7-бағанда жұмыс орындарын құрудың жоспарлы көрсеткіші көрсетіледі.

      11. 8-бағанда жұмыс орындарын құрудың нақты көрсеткіші көрсетіледі.

  Мемлекеттік бағдарламаларды
іске асыруға жауапты орталық
және жергілікті атқарушы
органдардың жұмыс орындарын
құруына, жұмыс орындарын
құру туралы мәліметтер
ұсынуына мониторингті жүзеге
асыру қағидаларына 5-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бөлінісінде және экономикалық қызмет түрлері бойынша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жұмыс орындарын құру туралы мәліметтер

      ____ 20___ жылғы есепті кезең

      Индексі: КРМ-5

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынады: Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік органдар

      Қайда ұсынылады: Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға

      Ұсыну мерзімі: ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей

      Мемлекеттік бағдарламалардың атауы _____________________________

Р/с №

Өңірлер

Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде құрылған жұмыс орындары

оның ішінде экономикалық қызмет түрлері бойынша

ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы;

өнеркәсіп;

құрылыс

тасымалдау және қоймалау;

көтерме және бөлшек сауда;

авто және мотоциклдерді жөндеу;

білім беру

денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер;

экономикалық қызметтің басқа түрлері;

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1












2












3













БАРЛЫҒЫ











      Электрондық почта мекенжайы

      ________________________________________

      Орындаушы _________________________________________________________

                        тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ____________________________________________________________________

                        тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы

      МО (бар болса)

      Ескертпе: әкімшілік деректерді жинақтауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Облыстар, республикалық
маңызы бар қалалар және астана
бөлінісінде және экономикалық
қызмет түрлері бойынша
мемлекеттік бағдарламалар
шеңберінде жұмыс орындарын
құру туралы мәліметтер"
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға қосымша

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бөлінісінде және экономикалық қызмет түрлері бойынша Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жұмыс орындарын құру туралы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      1 Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік органдар мынадай мәліметтерді көрсете отырып, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік органдарға "Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бөлінісінде және экономикалық қызмет түрлері бойынша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жұмыс орындарын құру туралы мәліметтер" ақпаратын ұсынады:

      Нысанның мекен-жай бөлігінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік органның атауы және мемлекеттік бағдарламаның атауы көрсетіледі.

      2. Көрсеткіштер ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей қалыптастырылады.

      3. Мәліметтерге бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      5. 2-бағанда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе Астананың атауы көрсетіледі.

      6. 3-бағанда Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде құрылған жұмыс орындарының нақты саны көрсетіледі.

      7. 4-тен 12-ке дейінгі бағандарда экономикалық қызмет түрлері бойынша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде құрылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

  Мемлекеттік бағдарламаларды
іске асыруға жауапты орталық
және жергілікті атқарушы
органдардың жұмыс орындарын
құруына, жұмыс орындарын
құру туралы мәліметтер
ұсынуына мониторингті жүзеге
асыру қағидаларына 6-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана және республика бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құру мониторингінің нәтижелері туралы есеп

      20___ жылғы есепті кезең

      Индексі: КРМ-6

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынылады: Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері негізінде

      Қайда ұсынылады: Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға

      Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 30-күніне қарай

Өңірлердің аталуы

Инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

"Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын -үй бағдарламасы (2017-2021 жж.)

1

2

3

4


жоспар

факт

жоспар

факт

жоспар

факт




































      кестенің жалғасы

Қазақстан Республикасының АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

"Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламасы (2015-2019 жж)

Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы (2015-2019 жж.)

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

5

6

7

8

жоспар

факт

жоспар

факт

жоспар

факт

жоспар

факт









































      Кестенің жалғасуы

Өңірлеердің аталуы

2020 ж дейін қызметтер саласын дамыту бағдарламасы

"Цифрлық Қазақстан-2020" мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

"Денсаулық" Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы


9

10

11

12


жоспар

факт

жоспар

факт

жоспар

факт

жоспар

факт

Барлығы








































































      кестенің жалғасы

Қазақстан Республикасында тілдерді дамытудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Өңірлерді дамыту бағдарламасы

Инвестициялық жобалар

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар

13

14

15

16

жоспар

факт

жоспар

факт

жоспар

факт

жоспар

факт

































































      Электрондық почта мекенжайы

      _____________________________________________

      Орындаушы _________________________________________________________

                        тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ____________________________________________________________________

                        тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы

      МО (бар болса)

  "Облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың,
астананың және республика
бойынша бөлінісінде
мемлекеттік бағдарламаларды
іске асыруға жауапты орталық
және жергілікті атқарушы
органдардың жұмыс орындарын
құру мониторингінің нәтижелері
туралы есеп" әкімшілік
деректерді жинауға арналған
нысанға қосымша

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде және республика бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құру мониторингінің нәтижелері туралы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      1. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері негізінде "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және республика бойынша бөлінісінде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құру мониторингінің нәтижелері туралы есеп" ақпаратты халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға мынадай мәліметтерді көрсете отырып ұсынады:

      2. Көрсеткіштер ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 30-күніне қарай қалыптастырылады.

      3. Мәліметтерге бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      5. 2-бағанда Қазақстан Республикасы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың атауы көрсетіледі.

      6. 3-16-бағандарында мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жұмыс орындарын құру туралы жоспарлы және нақты көрсеткіштердің саны көрсетіледі.

  Мемлекеттік бағдарламаларды
іске асыруға жауапты орталық
және жергілікті атқарушы
органдардың жұмыс орындарын
құруына, жұмыс орындарын
құру туралы мәліметтер
ұсынуына мониторингті жүзеге
асыру қағидаларына 7-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

Экономикалық қызмет түрлері бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құру мониторингінің нәтижелері туралы есеп

      20___ жылғы есепті кезең

      Индексі: КРМ-7

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынылады: емлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері негізінде Еңбек ресурстарын дамыту орталығына.

      Қайда ұсынылады: халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға

      Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 30-күніне қарай

Р/с №

Экономикалық қызмет түрлері

Құрылып жатқын орындар саны

Инфақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

жоспар

факт

жоспар

факт

жоспар

факт

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы;







2.

өнеркәсіп;







3.

құрылыс







4.

тасымалдау және қоймалау







5.

көтерме және бөлшек сауда







6.

авто және мотоциклдерді жөндеу







7.

білім беру







8.

денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер







9.

экономикалық қызметтің басқа түрлері







      кестенің жалғасы

"Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын -үй бағдарламасы (2017-2021 жж.) )

Қазақстан Республикасының АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

"Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламасы (2015-2019 жж)

Өңірлерді дамыту бағдарламасы(2015-2019 ж.ж)

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

жоспар

факт

жоспар

факт

жоспар

факт

жоспар

факт

жоспар

факт

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18



























































































      Кестенің жалғасуы

Р/с №

Экономикалық қызмет түрлері

Құрылып жатқын орындар саны

Инфақұрылымды дамты у мемлекеттік бағдарламасы

"Цифрлық Қазақстан-2020" Мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

жоспар

факт

жоспар

факт

жоспар

факт

жоспар

факт



21

22

23

24

25

26

27

28

1.

ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы









2.

өнеркәсіп;









3.

құрылыс









4.

тасымалдау және қоймалау









5.

көтерме және бөлшек сауда









6.

авто және мотоциклдерді жөндеу









7.

білім беру









8.

денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер









9

экономикалық қызметтің басқа түрлері









      кестенің жалғасы

"Денсаулық" Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында тілдерді дамытудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Өңірлерді дамыту бағдарламасы

Инвестициялық жобалар

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар

жоспар

факт

жоспар

факт

жоспар

факт

жоспар

факт

жоспар

факт

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38



























































































      Электрондық почта мекенжайы

      _________________________________________

      Орындаушы _________________________________________________________

                        тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ____________________________________________________________________

                        тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы

      МО (бар болса)

  "Экономикалық қызмет түрлері
бойынша мемлекеттік
бағдарламаларды іске асыруға
жауапты орталық және
жергілікті атқарушы
органдардың жұмыс орындарын
құру мониторингінің нәтижелері
туралы есеп" әкімшілік
деректерді жинауға арналған
нысанға қосымша

Экономикалық қызмет түрлері бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құру мониторингінің нәтижелері туралы Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      1. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері негізінде "Экономикалық қызмет түрлері бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құру мониторингінің нәтижелері туралы есеп" ақпаратты халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға мынадай мәліметтерді көрсете отырып ұсынады:

      2. Көрсеткіштер ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 30-күніне қарай қалыптастырылады.

      3. Мәліметтерге бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      5. 2-бағанда Экономикалық қызмет түрлері көрсетіледі.

      6. 3 және 4-бағандарда мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде Қазақстан Республикасы бойынша жоспарлы және нақты көрсеткіштердің саны көрсетіледі

      7. 5-тен 34-ке дейінгі бағандарда мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жұмыс орындарын құру туралы жоспарлы және нақты көрсеткіштердің саны көрсетіледі.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады