Орта білім беру ұйымдарында 2018 - 2019 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 5 шілдедегі № 322 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 шілдеде № 17240 болып тіркелді

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2018 - 2019 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын:

      1) 2018 - 2019 оқу жылының басталуы - 2018 жылғы 1 қыркүйек;

      2) оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында – 32 оқу аптасы, 1- сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы. Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.

      3) оқу жылы барысындағы каникул кезеңдері:

      1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2018 жылғы 29 қазан - 4 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2018 жылғы 31 желтоқсан – 2019 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 13 күн (2019 жылғы 21 наурыз – 2 сәуірді қоса алғанда);

      мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул – 7 күн (2018 жылғы 29 қазан - 4 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2018 жылғы 27 желтоқсан – 2019 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2019 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);

      мектепалды даярлық сыныптары мен 1-сыныптарда: 7 күн мерзімде (2019 жылғы 4-10 ақпанды қоса алғанда) қосымша каникул белгіленеді.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ш.Т. Каринова) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

Об определении начала, продолжительности и каникулярных периодов 2018 - 2019 учебного года в организациях среднего образования

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 5 июля 2018 года № 322. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 июля 2018 года № 17240

      В соответствии с подпунктом 14) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" и Государственным общеобязательным стандартом среднего образования Республики Казахстан (начального, основного среднего, общего среднего образования), утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 августа 2012 года № 1080, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Определить следующие сроки начала, продолжительности и каникулярных периодов 2018 - 2019 учебного года в организациях среднего образования независимо от форм собственности и ведомственной подчиненности:

      1) начало 2018 - 2019 учебного года - 1 сентября 2018 года;

      2) продолжительность учебного года в предшкольных классах – 32 учебные недели, в 1 классах – 33 учебные недели, во 2-11 (12) классах – 34 учебные недели. Занятия, выпавшие на праздничные дни, переносятся на следующие дни с учетом интеграции содержания учебных программ за счет часов, отведенных на повторение;

      3) каникулярные периоды в течение учебного года:

      в 1-11 (12) классах: осенние – 7 дней (с 29 октября по 4 ноября 2018 года включительно), зимние – 10 дней (с 31 декабря 2018 года по 9 января 2019 года включительно), весенние – 13 дней (с 21 марта по 2 апреля 2019 года включительно);

      в предшкольных классах: осенние – 7 дней (с 29 октября по 4 ноября 2018 года включительно), зимние – 14 дней (с 27 декабря 2018 года по 9 января 2019 года включительно), весенние – 15 дней (с 21 марта по 4 апреля 2019 года включительно);

      в предшкольных и 1 классах: дополнительные каникулы – 7 дней (с 4 по 10 февраля 2019 года включительно).

      2. Департаменту дошкольного и среднего образования Министерства образования и науки Республики Казахстан (Каринова Ш.Т.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан после его официального опубликования;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы и международного сотрудничества Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Аймагамбетова А.К.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и науки
Республики Казахстан
Е. Сагадиев