Өткізілген сатып алу туралы ақпараттың нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 16 шілдедегі № 250 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 шілдеде № 17253 болып тіркелді

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 169-1-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, 5-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өткізілген сатып алу туралы ақпараттың нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 17 шілде

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 16 шілдедегі
№ 250 бұйрығымен
бекітілген

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Өткізілген сатып алу туралы ақпарат

Есепті кезең 20__жылғы __ тоқсан

      Индекс: 1-сатып алуды өткізу

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынатын тұлғалар тобы: электронды нысанда өткізілетін сатып алуды қоспағанда, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларды қоспағанда, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар, табиғи монополиялар субъектілері, пайдалы қазбалардың ірі кен орындарында өндіруді жүргізетін және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды сатып алуды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардан сатып алу туралы ақпарат алатын уәкілетті мемлекеттік органдар және (немесе) уәкілетті ұйымдар.

      Қайда ұсынылады: орталық мемлекеттік органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, пайдалы қазбалардың ірі кен орындарында өндіруді жүргізетін және 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 131-бабының 1-тармағында, 179-бабының 1-тармағында және 213-бабы 1-тармағының бесінші бөлімінде белгіленген тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардан алатын уәкілетті мемлекеттік органдар және (немесе) уәкілетті ұйымдар монополияға қарсы органның ведомствосына;

      заңды тұлғалардың тіркеу орны бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуды өзге ұйымдастырушылар, мемлекеттік кірістер органдарында тіркеуге алынған орны бойынша жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар монополияға қарсы орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне.

      Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей.

Ұйымдастырушы туралы мәліметтер

Р/с

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі

Заңды және нақты мекенжайы, телефон/ факс, электрондық мекенжайы

Сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы

Хабарлан-дырудың нөмірі

Лот-тың нөмірі

Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға бөлінген сома

Сатып алуды жүзеге асыру тәсілі

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

Әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтер

Өткізілген сатып алудың нәтижелері

Әлеу-етті өнім беру-шінің атауы

Бизнес-сәйкес-тендіру нөмірі/жеке сәйкес-тендіру нөмірі

Заңды және нақты мекен-жайы, телефон/факс, элек-трондық мекен-жайы

Өтінім беру күні, уақыты, өтінім берген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы

Ұсынылған баға, жеңім-пазды көрсете отырып

Өткізілді/өт-кізілмеді.
Сатып алу өткізілмеген жағдайда, себептер мен қабылданған шараларды көрсету қажет:
1) қайта сатып алу жүзеге асырылды; 2) сатып алу бір көзден тәсілімен жүзеге асырылды; 3) сатып алудан бас тарту туралы шешім қабылданды

Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қабылдамау себептері (қолда-ныстағы заңнамаға сілтеме жасай отырып)

Шарт-тың нөмірі және жасал-ған күні

Жергі-лікті қамту-дың үлесі туралы ақпа-рат (%)

9

10

11

12

13

14

15

16

17










      ________________________________________ ________________

      (Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)

      ________________________________________ ________________

      (Ақпаратты жасауға жауапты тұлғаның (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны (бар болса)

      Жасалған күн 20__ жылғы "___"______

      Ескертпе: нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Өткізілген сатып алу
туралы ақпарат нысанына
қосымша

Өткізілген сатып алу туралы ақпарат нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Өткізілген сатып алу туралы ақпарат нысаны (бұдан әрі – нысан) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 169-1-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына және 5-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастырушы тұлға қол қояды.

2-тарау. Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірме

      3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

      4. Нысанның 2-8-бағандарында сатып алуды ұйымдастырушы туралы мәліметтер көрсетіледі:

      4-1. Нысанның 2-бағанында сатып алуды ұйымдастырушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      4-2. Нысанның 3-бағанында сатып алуды ұйымдастырушының заңды және нақты мекенжайлары, телефоны, факсы, электрондық мекенжайы көрсетіледі.

      4-3. Нысанның 4-бағанында сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы көрсетіледі.

      4-4. Нысанның 5-бағанында хабарландырудың нөмірі көрсетіледі.

      4-5. Нысанның 6-бағанында лоттың нөмірі көрсетіледі.

      4-6. Нысанның 7-бағанында тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға бөлінген сома көрсетіледі.

      4-7. Нысанның 8-бағанында сатып алуды ұйымдастырушының сатып алуды жүзеге асыру тәсілі көрсетіледі.

      5. Нысанның 9-13-бағандарында әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтер көрсетіледі:

      5-1. Нысанның 9-бағанында сатып алуға қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілердің атаулары көрсетіледі.

      5-2. Нысанның 10-бағанында әлеуетті өнім берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      5-3. Нысанның 11-бағанында әлеуетті өнім берушінің заңды және нақты мекенжайлары, телефоны, факсы, электрондық мекенжайы көрсетіледі.

      5-4. Нысанның 12-бағанында өтінімдер беру күні, уақыты, өтінім берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы көрсетіледі.

      5-5. Нысанның 13-бағанында жеңімпазды көрсете отырып, әлеуетті өтінім берушілер ұсынған баға көрсетіледі.

      6. Нысанның 14-17-бағандарында өткізілген сатып алудың нәтижелері туралы мәліметтер көрсетіледі:

      6-1. Нысанның 14-бағанында жарияланған сатып алу өткізілгені немесе өткізілмегені туралы мәліметтер көрсетіледі. Сатып алу өткізілмеген жағдайда, сатып алуды ұйымдастырушы себептер мен қабылданған шараларды көрсетуі қажет:

      1) қайта сатып алу жүзеге асырылды;

      2) бір көзден сатып алу тәсілімен жүзеге асырылды;

      3) сатып алудан бас тарту туралы шешім қабылданды.

      6-2. Нысанның 15-бағанында сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қабылдамау себептері (қолданыстағы заңнамаға сілтеме жасай отырып) көрсетіледі.

      6-3. Нысанның 16-бағанында өнім берушімен жасалған шарттың нөмірі және жасалған күні көрсетіледі.

      6-4. Нысанның 17-бағанында өткізілген сатып алудың нәтижелері бойынша жергілікті қамтудың үлесі туралы ақпарат пайыздық мәнінде көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады