"Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 121 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 297 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 тамызда № 17293 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 121 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9958 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 қаңтарда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасын айқындау қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
М. Досмұхамбетов

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылы 31 шілдедегі
№ 297 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 13 қарашадағы
№ 121 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасын айқындау қағидалары

      1. Осы Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасын айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен ұғымдар Заңға сәйкес қолданылады.

      3. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі газдың шекті бағасы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады және ол:

      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептелетін шикі газ көлемінің бірлігін өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалатын шикі газды өндіруге жұмсалған шығыстарды;

      2) ұлттық операторға шикі газды өткізетін жерге дейін оны тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды;

      3) он пайыздан аспайтын мөлшердегі рентабельділік деңгейін қамтиды.

      4. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың шекті бағасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады және ол:

      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептелетін шикі газ көлемінің бірлігін өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалатын шикі газды өндіруге жұмсалған шығыстарды;

      2) шикі газдан тауарлық газды өндіруге жұмсалатын шығыстарды;

      3) ұлттық операторға тауарлық газды өткізетін жерге дейін оны тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды;

      4) он пайыздан аспайтын мөлшердегі рентабельділік деңгейін қамтиды.

      5. Жаңа кен орындары бойынша ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасын есептеу үшін қажетті деректерді Мемлекеттік сараптамадан өткен жобаның Техникалық-экономикалық негіздемесіндегі болжамды есептеулер негізінде қабылдау керек.

      6. Жоспарланған кезеңге ұлттық оператор мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасы ұлттық оператор алдыңғы күнтізбелік жылы сатып алған шикі және тауарлық газдың бағасынан он пайыздан аспайды.

  Мемлекеттің артықшылықты
құқығы шеңберінде ұлттық
оператор сатып алатын шикі
және тауарлық газдың шекті
бағасын айқындау
қағидаларына
1-қосымша

Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі газдың шекті бағасын айқындау

      Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық операторға шикі газ өткізілген жағдайда, оның шекті бағасын жер қойнауын пайдаланушы мынадай формула бойынша есептейді:



      мұндағы,

      Pс - мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі газдың шекті бағасы, бір мың текше метрі үшін теңгемен;

      CP - жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде бір мың текше метрі үшін теңгемен шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, ол өткен күнтізбелік жыл үшін мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда,

      CF - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес аудиторлық есептермен расталған, жер қойнауын пайдаланушының аяқталған қаржы жылы үшін жылдық қаржылық есептілігі негізінде айқындалатын, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер үстіне шығарумен және оларды бастапқы қайта өңдеумен (байытумен) тікелей байланысты өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай мен шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, теңге;

      GP - өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газды өндіру көлемі, бір мың текше метр;

      OP - өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай өндірудің көлемі, тонна;

      0,857 - шикі газдың бір мың текше метрін тоннаға ауыстыру коэффициенті;

      r - 0-ден 1-ге дейінгі диапазондағы құндық коэффициент, ол мынадай формула бойынша айқындалады:



      мұндағы,

      GP - өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газды өндіру көлемі, бір мың текше метр;

      OP - өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнайды өндіру көлемі, тонна;

      AEPG - тарифтердің негізінде айқындалатын, тауарлық газды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау жөніндегі шығыстарды шегере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялайтын кедендік статистика деректері бойынша есептелетін Қазақстан Республикасының шекарасындағы тауарлық газдың өткен күнтізбелік жылғы орташа өлшенген экспорттық бағасы, бір мың текше метрі үшін теңгеде;

      AEPO - тарифтердің негізінде айқындалатын, шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау жөніндегі шығыстарды шегере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялайтын кедендік статистика деректері бойынша есептелетін Қазақстан Республикасының шекарасындағы шикі мұнайдың өткен күнтізбелік жылғы орташа өлшенген экспорттық бағасы, бір тонна үшін теңгеде;

      *Ескертпе: шикі мұнай өндірілмеген жағдайда, r құндық коэффициенті 1-ге тең;

      TC - тарифтердің негізінде айқындалатын, шикі газды ұлттық операторға өткізудің жоспарланатын орнына дейін оны тасымалдауға арналған шығыстар, бір мың текше метрі үшін теңгеде;

      R - ұлттық операторға N % мөлшерінде шикі газды өткізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының рентабельділігі, ол мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда,

      N - жер қойнауын пайдаланушы белгілейтін, бірақ 10 пайыздан аспайтын мән.

  Мемлекеттің артықшылықты
құқығы шеңберінде ұлттық
оператор сатып алатын шикі
және тауарлық газдың шекті
бағасын айқындау
қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың шекті бағасын айқындау

      Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық операторға тауарлық газ өткізілген жағдайда, оның шекті бағасын жер қойнауын пайдаланушы мынадай формула бойынша есептейді:



      мұндағы,

      PC - мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың шекті бағасы, бір мың текше метр үшін теңге;

      CP - жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде бір мың текше метр үшін теңгемен шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, ол өткен күнтізбелік жыл үшін мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы,

      CF - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес аудиторлық есептермен расталған, жер қойнауын пайдаланушының аяқталған қаржы жылы үшін жылдық қаржылық есептілігі негізінде айқындалатын, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер үстіне шығарумен және оларды бастапқы қайта өңдеумен (байытумен) тікелей байланысты өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай мен шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, теңге;

      GP - өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газды өндіру көлемі, бір мың текше метр;

      OP - өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнайды өндіру көлемі, тонна;

      0,857 - шикі газдың бір мың текше метрін тоннаға ауыстыру коэффициенті;

      r1 - 0-ден 1-ге дейінгі диапазондағы құндық коэффициент, ол мынадай формула бойынша айқындалады:



      мұндағы,

      GP - өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газды өндіру көлемі, бір мың текше метр;

      OP - өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнайды өндіру көлемі, тонна;

      AEPG - тарифтердің негізінде айқындалатын, тауарлық газды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау жөніндегі шығыстарды шегере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялайтын кедендік статистика деректері бойынша есептелетін Қазақстан Республикасының шекарасындағы тауарлық газдың өткен күнтізбелік жылғы орташа өлшенген экспорттық бағасы, бір мың текше метр үшін теңгеде;

      AEPO - тарифтердің негізінде айқындалатын, шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау жөніндегі шығыстарды шегере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялайтын кедендік статистика деректері бойынша есептелетін Қазақстан Республикасының шекарасындағы шикі мұнайдың өткен күнтізбелік жылғы орташа өлшенген экспорттық бағасы, бір тонна үшін теңгеде;

      Ескертпе: шикі мұнай өндірілмеген жағдайда, r1 құндық коэффициенті 1-ге тең;

      CRE - өткен күнтізбелік жылы өндірілген шикі газдан тауарлық газды өндірудің өзіндік құны, ол мынадай формула бойынша айқындалады:



      мұндағы,

      CFG - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес аудиторлық есептермен расталған, жер қойнауын пайдаланушының аяқталған қаржы жылы үшін жылдық қаржылық есептілігі негізінде айқындалатын, шикі газды қайта өңдеумен (байытумен) тікелей байланысты және мұнай мен шикі газды өндірудің өзіндік құнының құрамына кірмейтін өткен күнтізбелік жылы шикі газ өндірудің жалпы өзіндік құны, теңге;

      QG - тауарлық газды өндіру көлемі, бір мың текше метр;

      QCG - қайта өңдеуге жіберілген шикі газдың көлемі, бір мың текше метр;

      TС - табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифтердің негізінде айқындалатын, тауарлық газды ұлттық операторға өткізудің жоспарланатын орнына дейін оны тасымалдауға арналған шығыстар, бір мың текше метр үшін теңге;

      r2 - бірнеше көрсеткіштерді бейнелейтін коэффициент:

      газды өндіру көлемі;

      тауарлық газдың сапасы;

      қосымша өндірілген өнімнің (сұйытылған мұнай газ) көлемі газды өндіру көлеміне қарай, мынадай формула бойынша есептеледі:

      r2 = r2.1*r2.2* r2.3

      мұндағы,

      r2.1 - өткен күнтізбелік жылдағы газдың өндіру көлемінің коэффициенті мынадай диапазонда есептеп шығарылады:

      газды өндіру көлемі 1000 млн.м3 дейін болған кезде коэффициент 0,7-ге тең;

      газды өндіру көлемі 1000 млн.м3 бастап 2000 млн.м3 дейін болған кезде коэффициент 1-ге тең;

      газды өндіру көлемі 2000 млн.м3 бастап 3000 млн.м3 тең дейін болған кезде коэффициент 2-ге тең;

      газды өндіру көлемі 3000 млн.м3 бастап 4000 млн.м3 дейін болған кезде коэффициент 4,5-ке тең;

      газды өндіру көлемі 4000 млн.м3 бастап болған кезде коэффициент 5,7-ге тең;

      r2.2 - тауарлық газ сапасының коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:

      r2.2 = r2.2.1*r2.2.2*r2.2.3* r2.2.4*r2.2.5*r2.2.6*r2.2.7*r2.2.8

      мұндағы,

      Негізгі көрсеткіштер (ҚР СТ 1666-2007 нормаланады "Магистральдық газ құбыры бойынша жеткізілтетін және тасымалданатын табиғи жанғыш газдар. Техникалық шарттар"):

      r2.2.1 - күкіртсутегі массасының коэффициенті, г/м3, мынадай диапазонда есептеледі:

      0,007 нормадан асқан кезде коэффициент 0,7-ге тең, 0,007 норма шегінде коэффициент 1-ге тең;

      r2.2.2 - меркаптанды күкірт массасының коэффициенті, г/м3, мынадай диапазонда есептеледі:

      0,016 нормадан асқан кезде коэффициент 0,7-ге тең; 0,016 норма шегінде коэффициент 1-ге тең;

      r 2.2.3 - мына диапазондарда есептелетін ылғалдағы шық нүктесінің С коэффициенті:

      - 1 мамыр - 30 қыркүйек кезеңіндегі қоңыржай макроклиматтық аудан үшін минус 3 нормасынан асып түскен кезде коэффициент 0,7-ге тең, минус 3 норма шегінде коэффициент 1-ге тең;

      - 1 қазан - 30 сәуір кезеңіндегі қоңыржай макроклиматтық аудан үшін минус 5 нормасынан асқан кезде коэффициент 0,7-ге тең, минус 5 норма шегінде коэффициент 1-ге тең;

      - 1 мамыр - 30 қыркүйек кезеңіндегі салқын макроклиматтық аудан үшін минус 10 нормасынан асқан кезде коэффициент 0,7-ге тең, минус 10 норма шегінде коэффициент 1-ге тең;

      - 1 қазан - 30 сәуір кезеңіндегі салқын макроклиматтық аудан үшін минус 20 нормасынан асқан кезде коэффициент 0,7-ге тең, минус 20 норма шегінде коэффициент 1-ге тең;

      r2.2.4 - төменгі жану жылуы коэффициенті, МДж/м3, мынадай диапазонда есептеледі:

      мәні 32,5-тен кем емес кезінде коэффициент 1-ге тең, мәні 32,5-тен кем болғанда коэффициент 0,7-ге тең;

      Қосымша көрсеткіштер:

      r2.2.5 - құрамындағы метан коэффициенті, моль %, мынадай диапазонда есептеледі:

      92-ден кем болған кезде коэффициент 0,85-ке тең, 92-ден асқан кезде коэффициент 1-ге тең;

      r2.2.6 - құрамындағы этан коэффициенті, моль %, мынадай диапазонда есептеледі:

      6 нормасынан асқан кезде, коэффициент 0,85-ке тең, 6 норма шегінде коэффициент 1-ге тең;

      r2.2.7 - құрамындағы пропан коэффициенті, моль %, мынадай диапазонда есептеледі:

      3 нормасынан асқан кезде, коэффициент 0,85-ке тең, 3 норма шегінде коэффициент 1-ге тең;

      r2.2.8 - құрамындағы азот коэффициенті, моль %, мынадай диапазонда есептеледі:

      2 нормасынан асқан кезде коэффициент 0,85-ке тең, 2 норма шегінде коэффициент 1-ге тең;

      r2.3 - өткен күнтізбелік жылдағы қосымша өнім бойынша коэффициент (сұйытылған газды өткізуден түскен кірістің газды өндіру көлеміне қатынасы), бір мың текше метр үшін теңгеде, мынадай диапазонда есептеледі:

      мәні 5 000-нан асқан кезде коэффициент 0,7-ге тең, мәні 5 000-нан кем болған кезде коэффициент 1-ге тең;

      R - ұлттық операторға N% мөлшерінде тауарлық газды өткізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының рентабельділігі, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

      R=(Cp+CRE)хr1хN

      мұндағы,

      N - жер қойнауын пайдаланушы белгілейтін, бірақ 10 пайыздан аспайтын мән.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады