"Тіркеу құжаттарында жіберілген қателерді түзету мақсатында жазба енгізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 243 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 1189 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 қыркүйекте № 17345 болып тіркелді

      "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тіркеу құжаттарында жіберілген қателерді түзету мақсатында жазба енгізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 24 тамыздағы № 243 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4930 болып тіркелген, 2007 жыл, шілде-қыркүйек Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Тіркеу құжаттарында жіберілген қателерді түзету мақсатында жазба енгізу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      " 1. Қоса беріліп отырған Тіркеу құжаттарында жіберілген қателерді түзету мақсатында жазба енгізу қағидаларын бекітілсін.";

      Тіркеу құжаттарында жіберілген қателерді түзету мақсатында жазба енгізу қағидаларына келеседі өзгерістер:

      Тақырыбы мынадай редакцияда жасылсын, орыс тілінде мәтін өзгермейді

      "Тіркеу құжаттарында жіберілген қателерді түзету мақсатында жазба енгізу қағидалары:";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      " 1. Осы Қағидаларда тіркеу құжаттарында жіберілген қателерді түзету мақсатында жазба енгізудің тәртібін белгілейді."

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Тіркеуші орган болып жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы табылады.".

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "2. Тіркеу кезінде жіберілген қателер "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында белгіленген ережелерді ескере отырып, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тіркеуші органның бастамасымен немесе мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша түзетіледі.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Тіркеу кезінде жіберілген, тіркелген құқықтың мәнін, сипатын немесе мазмұнын өзгертпейтін қателерді түзету";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Тіркелген құқықтардың сипатына, мәніне немесе мазмұнына ықпал ететін қателерді түзету";

      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "10. Тіркеуші орган сотқа түзету енгізуге рұқсат шығару туралы жүгінген кезде тіркеуші осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тәртіппен осы туралы құқықтық кадастрдың тіркеу парағының 3.1-бөлімшесіне жазба жасайды.

      11. Тіркеу парағына түзету енгізу туралы сот шешім шығарған соң тіркеуші жалпы тәртіппен қателерді түзету рәсім туралы жазбаны жабады (тоқтатады) және осы Қағидалардын 4 немесе 5 тарауында көзделген тәртіппен тиісті түзету енгізеді.".

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Тіркеу парағының 1 бөлімінде жіберілген қателерді түзету тәртібі";

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "12. Тіркеу парағының 1 бөлімінде жіберілген қателерді түзету тіркелген құқықтың сипатына, мәніне немесе мазмұнынан ықпалын тигізген жағдайларда қате осы Қағидаларың 3 тарауында көзделген талаптар сақталған кезде түзетілуі мүмкін.

      13. Тіркеу парағының 1 бөлімінде жіберілген қателерді түзету тіркелген құқықтың сипатына, мәніне немесе мазмұнына ықпалын тигізбеген жағдайларда қате осы Қағидалардың 2 тарауында көзделген талаптар сақталған жағдайларда түзетілуі мүмкін.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Тіркеу парағының 2 және 3 бөлімдерінде жіберілген қателерді түзету тәртібі";

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "16. Тіркеу парағының 2 және 3 бөлімдерінде жіберілген қателерді түзету тіркелген құқықтың сипатына, мәніне немесе мазмұнына ықпал еткен жағдайларда қате осы Қағидалардың 3 тарауында көзделген талаптар сақталған кезде түзетіледі.

      17. Тіркеу парағының 2 және 3 бөлімдерінде жіберілген қателерді түзету тіркелген құқықтың сипатына, мәніне немесе мазмұнына ықпал етпеген жағдайларда қате осы Қағидалардың 2 тарауында көзделген талаптар сақталған кезде түзетіледі.";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Тіркеу парағының 4 бөлімінде жіберілген қателерді түзету тәртібі";

      "19. Тіркеу парағының 4 бөлімінде жіберілген қателерді түзету тіркелген құқықтардың сипатына, мәні мен мазмұнына ықпал етпеген жағдайларда, осы Қағидалардың 2 тарауында көзделген талаптар түзетілуі мүмкін.";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Мүдделі тұлғалар тапқан қателерді түзету тәртібі";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "23. Өтініштің негізінде тіркеуші өтініш беруші сілтеме жасаған тіркеу парағы мен құқық белгілеуші құжаттар қамтыған мәліметтерді салыстырады. Сәйкессіздік табылған кезде тіркеуші осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген тәртіпте қатені түзетеді, және "Тіркеушінің ерекше белгілері" деген бағандағы түзету енгізілетін жазбада негізінде түзету енгізілген өтініштің нөмірі көрсетеді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "26. Қатені түзету тіркелген құқықтың сипатына, мәніне немесе мазмұнына ықпал еткен жағдайларда қате осы Қағидалардың 3 тарауында көзделген талаптар сақталған кезде түзетілуі мүмкін."

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Мемлекеттік органдар берген құжатта көрсетілген мәліметтерге қатысты қателерді түзету тәртібі";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "29. Көрсетілген жағдайларда өзгерістерді енгізуді тіркеуші орган осы Қағидаларда көзделген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырады.".

      2. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілінде көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің міндетін атқарушы
Н. Пан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      ____________ Д. Абаев

      2018 жылғы "___" ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады