"Әскери қызметшілерге өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикашілік тасымалдауға шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 563 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 24 тамыздағы № 586 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 қыркүйекте № 17432 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әскери қызметшілерге өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикашілік тасымалдауға шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 563 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15700 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 қыркүйекте Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызметшілерге өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшілерге өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін ақша төлеу қағидалары бекітілсін".

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілерге өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға шығыстарды өтеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция
генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 24 тамыздағы
№ 586 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 17 тамыздағы
№ 563 бұйрығымен бекітілген

Әскери қызметшілерге өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін ақша төлеу қағидалары

      1. Осы Әскери қызметшілерге өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін ақша төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне (бұдан әрі – әскери қызметшілер), курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу тәртібін айқындайды.

      2. Ақша әскери қызметшілерге басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына ауысқан кезде Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау автомобиль жолының әрбір 20 километріне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.

      3. Мынадай құжаттарды ұсынғаннан кейін шығарылған бұйрық әскери қызметшілерге өз мүлкін тасымалдағаны үшін ақша төлеуге негіз болып табылады:

      1) баянат (өтініш);

      2) әскери бөлім командирінің әскери қызметшінің кетуі (келуі) туралы бұйрығынан үзінді және нұсқаманың көшірмесі.

      Өз мүлкін тасымалдағаны үшін ақша төлеу туралы бұйрықты әскери қызметші әскери қызмет өткеріп жатқан әскери бөлімнің командирі шығарады.

      4. Төлем мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы: L – кету пунктінен белгіленген пунктке дейінгі автомобиль жолының километрмен есептегендегі қашықтығы;

      20 км – тұрақты шама;

      1 аек – тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері.

      5. Әскери қызметшінің өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін ақша төлеу келесі қаржы жылының бірінші тоқсанында төленетін жылдың төртінші тоқсанында жүзеге асырылған тасымалдауларды қоспағанда, қаржы жылының ішінде әскери қызметші ақшалай үлесте тұрған әскери бөлім жүргізеді.

      6. Өз мүлкін тасымалдау үшін көлік түрін және тасымалдаушыны әскери қызметшінің өзі айқындайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады