Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары типтерінің және түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 503 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 қыркүйекте № 17453 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 107) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары типтерінің және түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті (С.А. Жақыпова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б. А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 503 бұйрығына
қосымша

Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары типтерінің және түрлерінің тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Білім беру ұйымы типінің атауы

Білім беру ұйымы түрлерінің атауы

1.

Мектепке дейінгі ұйымдар

1. Бөбекжай-бақша

2. Балабақша

3. Отбасылық бөбекжай-бақша

4. Санаторлық бөбекжай-бақша

5. "Мектеп-бөбекжай-бақша" кешені

6. Мектепке дейінгі шағын орталық

2.

Шағын жинақты мектептерден, ауылдық жерде орналасқан орта білім беру ұйымдарынан, түзету мекемелері жанындағы, денсаулық сақтау ұйымдары жанындағы, мәдениет және дене шынықтыру-спорт ұйымдары жанындағы орта білім беру ұйымдарынан, республикалық орта білім беру ұйымдарынан басқа орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта)

1. Бастауыш мектеп

2. Негізгі орта мектеп

3. Жалпы білім беретін мектеп

4. Гимназия

5. Лицей

6. Бейінді мектеп

7. Мектеп-гимназия

8. Мектеп-лицей

9. Қосымша білім беретін мектеп-орталық

10. Оқу-тәрбие орталығы (кешен)

3.

Медициналық, әскери, арнайы оқу орындарынан, мәдениет және дене шынықтыру-спорт саласындағы білім беру ұйымдарынан басқа техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары

1. Колледж

2. Кәсіптік даярлау оқу орталығы

3. Жоғары колледж

4.

Медициналық, әскери, арнайы оқу орындарынан, мәдениет және дене шынықтыру-спорт саласындағы білім беру ұйымдарынан басқа орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары

Жоғары колледж


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады