"Экстернат нысанында оқыту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 540 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 9 қазанда № 17506 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Экстернат нысанында оқыту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13110 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      орыс тіліндегі атауына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі атауы өзгермейді;

      1-тармақ мынадай мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Экстернат нысанында оқыту қағидалары бекітілсін.";

      осы бұйрықпен бекітілген Экстернат нысанында оқыту қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 5 қазандағы
№ 540 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 22 қаңтардағы
№ 61 бұйрығымен бекітілген

Экстернат нысанында оқыту қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Экстернат нысанында оқыту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 46-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және негізгі орта, жалпы орта, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) экстернат нысанында оқыту тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      консультация – білім беру ұйымы белгілейтін экстерндермен жұмыс жүргізу нысаны;

      экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ, тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі;

      экстерн - денсаулығына байланысты білім беру ұйымдарында оқуға мүмкіндігі жоқ және/немесе шетелде уақытша тұратын, сондай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өзі дербес меңгерген тұлға.

2-тарау. Экстернат нысанында оқыту тәртібі

      3. Білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқыту білім алушылардың тиісті білім беру бағдарламаларын өзі дербес меңгеруін немесе қашықтан оқыту технологияларын қолданып меңгертуді қарастырады.

      4. Экстернат нысанында оқу:

      негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында:

      1) денсаулығы туралы дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы бар білім алушыға;

      2) уақытша шетелде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары болып табылатын білім алушыларға;

      3) барлық білім алу кезеңі аралығында оқытылған пәндер бойынша "4" және "5" деген бағалар алған білім алушыларға;

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында:

      1) денсаулығына байланысты білім беру ұйымына ұзақ уақыт бойы келе алмайтын ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға және мүгедек білім алушыларға;

      2) білім беру ұйымдарының білім алушылары алдыңғы оқу кезеңінде "жақсы" және "үздік" оқитын орташа балы 4,5 және одан жоғары болған жағдайда;

      3) күндізгі оқу нысанында, "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлерінен басқа бір жылға дейінгі ауысу бағдарламасы бойынша шетелде оқитын білім алушыларға;

      екінші және одан жоғары курстардың "үздік" оқитын (А, А- бағасына балама) білім алушыларына;

      3) күндізгі оқу нысанында, Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлерінен басқа бір жылға дейінгі ауысу бағдарламасы бойынша шетелде оқитын білім алушыларға ұсынылады.

      5. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында:

      1) осы Қағидалардың 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген білім алушыларға ағымдағы бір оқу жылында бір сыныптың;

      2) осы Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген білім алушыларға ағымдағы бір оқу жылында бір немесе екі сыныптың негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруге рұқсат етіледі.

      6. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға және мүгедек білім алушыларға экстернат нысанында білім беру оқытудың барлық кезеңінде ұсынылады.

      7. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқу екінші және одан жоғары курстардың "үздік" оқитын білім алушыларына бір академиялық кезеңде, бірақ бір оқу жылынан аспайтын кезеңде ұсынылады.

      8. Экстернат нысанында білім алу Заңның 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес бекітілген орта немесе жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат алуға өтінішті:

      1) осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген білім алушылар денсаулығы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын алған күннен бастап;

      2) осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген білім алушылар олардың кету күні жеткенге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей;

      3) осы Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген білім алушылар ағымдағы оқу жылы басталғанға дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей береді.

      10. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға өтініштерді қабылдау және оған рұқсат беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11057 болып тіркелген) "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес ресімделеді.

      11. Жоғары оқу орындарында экстернат нысанында оқуға өтініштерді қабылдау және оған рұқсат беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11212 тіркелген) "Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес ресімделеді.

      12. Экстернат нысанында оқыту үшін негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары білім алушының денсаулық жағдайын және ағымдық, қорытынды аттестаттау нәтижелерін ескере отырып оқу жұмыс жоспарына сәйкес жеке оқу бағдарламасын және консультация беру кестесін құрады.

      13. Экстерндерді аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      14. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының экстерндерін ағымдық, қорытынды аттестаттауға жіберу туралы шешімді педагогикалық кеңес қабылдайды. Экстерндерді ағымдық, қорытынды аттестаттауға жіберу туралы бұйрықты негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымының басшысы ағымдағы оқу жылының 10 мамырынан кешіктірмей жариялайды.

      15. Консультациялар мен аралық аттестаттаулар ағымдағы оқу жылының қаңтар-сәуір айларында негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының басшысы бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.

      16. Ағымдық, қорытынды аттестаттау нысаны мен мерзімдерін білім беру ұйымының басшысы белгілейді.

      17. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының аралық аттестаттау мен (немесе) қорытынды аттестаттаудан өтпеген экстерндері экстернат нысанынан басқа нысанда жүзеге асырылатын қайта оқу жылына қалдырылады.

      18. Экстерндерді аралық және қорытынды аттестаттау нәтижелері "Экстернат" белгісі бар хаттамамен ресімделеді және оған емтихан комиссиясының мүшелері қол қойып, орта білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі.

      Хаттамаға аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өту нәтижелерінің жазбаша материалдары қоса тігіледі.

      19. Аралық аттестаттаудан өткен экстерндерге тиісті оқу бағдарламалары бойынша оқуды экстернат нысанында аяқтағаны туралы белгісі бар қорытынды бағаларымен белгіленген үлгідегі құжат беріледі.

      20. Қорытынды аттестаттаудан өткен экстерндерге "Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) сәйкес білім деңгейі (сатысы) туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.

      Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында өзін өзі тану, дене тәрбиесі, технология, алғашқы әскери дайындық, музыка, сызу бойынша аттестаттау өткізілмейді, ал білімі туралы құжатта "оқылған жоқ" деген жазу жазылады.

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 61 "Об утверждении правил обучения в форме экстерната"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 5 октября 2018 года № 540. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 октября 2018 года № 17506

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 61 "Об утверждении правил обучения в форме экстерната" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 13110, опубликован в Информационно-правовой системе "Әділет" 24 февраля 2016 года), следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции, текст казахском языке не меняется:

      "Об утверждении Правил обучения в форме экстерната";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Правила обучения в форме экстерната.";

      Правила обучения в форме экстерната, утвержденные указанным приказом, изложить в редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту дошкольного и среднего образования Министерства образования и науки Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан; 

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан после его официального опубликования;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы и международного сотрудничества Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Суханбердиеву Э.А.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и науки
Республики Казахстан
Е. Сагадиев

  Приложение к приказу
Министра образования
и науки Республики Казахстан
от 5 октября 2018 года № 540
  Утверждены приказом 
Министра образования
и науки Республики Казахстан
от 22 января 2016 года № 61

Правила обучения в форме экстерната

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила обучения в форме экстерната (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 46-10) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" (далее – Закон) и определяют порядок обучения в форме экстерната в организациях основного среднего, общего среднего, высшего и (или) послевузовского образования (далее – организации образования).

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) консультация – форма работы, определяемая организацией образования с экстернами;

      2) экстернат - одна из форм обучения, при которой обучающийся без регулярного посещения занятий самостоятельно изучает учебные дисциплины соответствующей образовательной программы;

      3) экстерн - лицо, не имеющее возможности обучаться в организациях образования по состоянию здоровья и (или) временно проживающее за рубежом, а также самостоятельно освоившее учебные дисциплины соответствующей образовательной программы.

Глава 2. Порядок обучения в форме экстерната

      3. Обучение в организациях образования в форме экстерната предусматривает освоение обучающимися соответствующих образовательных программ самостоятельно или с использованием дистанционных технологий обучения.

      4. Обучение в форме экстерната предоставляется:

      в организациях основного среднего, общего среднего образования:

      1) обучающимся, имеющим заключение врачебно-консультационной комиссии о состоянии здоровья;

      2) обучающимся, детям граждан Республики Казахстан, временно проживающим за рубежом;

      3) обучающимся, имеющим оценки "4" и "5" по всем изученным предметам на протяжении всего периода обучения;

      в организациях высшего и (или) послевузовского образования:

      1) обучающимся с особыми образовательными потребностями и инвалидам, которые по состоянию здоровья в течение длительного времени не имеют возможности посещать учебные занятия;

      2) обучающимся при условии успеваемости за предыдущие периоды обучения не ниже, чем на "хорошо" и "отлично" со средним баллом 4,5 и выше;

      3) обучающимся очной формы обучения, находящимся на обучении за рубежом до одного года, за исключением обладателей международной стипендии "Болашак".

      5. В организациях основного среднего, общего среднего образования освоение общеобразовательных учебных программ основного среднего, общего среднего образования в форме экстерната допускается для:

      1) обучающихся, указанных в подпунктах 1) и 2) пункта 4 настоящих Правил, за один класс в течение одного учебного года;

      2) обучающихся, указанных в подпункте 3) пункта 4 настоящих Правил, за один или два класса в течение одного учебного года.

      6. Обучающимся с особыми образовательными потребностями и инвалидам обучение в форме экстерната предоставляется на весь период обучения.

      7. Обучающимся второго и старших курсов, успевающих на "отлично" обучение в организациях высшего и (или) послевузовского образования в форме экстерната предоставляется на один академический период, но не более чем на один учебный год.

      8. Получение образования в форме экстерната осуществляется в соответствии с государственными общеобязательными стандартами среднего или высшего образования, утвержденными согласно подпункту 5-1) статьи 5 Закона.

      9. Заявление на получение разрешения на обучение в форме экстерната в организациях основного среднего, общего среднего образования подается:

      1) обучающимися, указанными в подпункте 1) пункта 4 настоящих Правил, со дня получения заключения врачебно-консультационной комиссии о состоянии здоровья;

      2) обучающимися, указанными в подпункте 2) пункта 4 настоящих Правил, не позднее двадцати календарных дней до наступления дня их выезда;

      3) обучающимися, указанными в подпункте 3) пункта 4 настоящих Правил, не позднее двадцати календарных дней до начала текущего учебного года.

      10. Прием заявлений и выдача разрешения на обучение в форме экстерната в организациях основного среднего, общего среднего образования осуществляется согласно стандарту государственной услуги "Выдача разрешения на обучение в форме экстерната в организациях основного среднего, общего среднего образования", утвержденному приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 апреля 2015 года№ 179 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11057).

      11. Прием заявлений и выдача разрешения на обучение в форме экстерната в организациях высшего и (или) послевузовского образования осуществляется согласно стандарту государственной услуги "Выдача разрешений на обучение в форме экстерната в организациях образования, дающих высшее образование", утвержденному приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 9 апреля 2015 года № 186 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11212).

      12. Для обучения в форме экстерната организация основного среднего, общего среднего образования составляет индивидуальную учебную программу и график консультаций в соответствии с рабочим учебным планом на текущий учебный год с учетом состояния здоровья обучающегося и итогов промежуточной, итоговой аттестаций.

      13. Аттестация экстернов проводится в соответствии с Типовыми правилами проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся, утвержденными приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 марта 2008 года № 125 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5191).

      14. Решение о допуске к промежуточной, итоговой аттестации экстернов организаций основного среднего, общего среднего образования принимается педагогическим советом. Приказ о допуске к промежуточной, итоговой аттестации экстернов издается не позднее 10 мая текущего учебного года руководителем организации основного среднего, общего среднего образования.

      15. Консультации и промежуточные аттестации проводятся с января по апрель текущего учебного года по графику, утвержденному приказом руководителя организации основного среднего, общего среднего образования.

      16. Форма и сроки промежуточной, итоговой аттестации экстернов устанавливаются руководителем организации образования.

      17. Экстерны организаций основного среднего, общего среднего образования, не прошедшие промежуточную и (или) итоговую аттестацию, оставляются на повторный год обучения, осуществляемое не в форме экстерната.

      18. Результаты промежуточной и итоговой аттестации экстернов оформляются протоколом с пометкой "Экстернат" и подписываются членами экзаменационной комиссии и утверждаются руководителем организации образования. 

      К протоколам прилагаются письменные материалы результатов прохождения промежуточной и итоговой аттестации.

      19. Экстернам, прошедшим промежуточную аттестацию, выдается документ установленного образца с итоговыми оценками и пометкой об окончании обучения в форме экстерната по соответствующим образовательным программам.

      20. Экстернам, прошедшим итоговую аттестацию, выдается документ государственного образца об уровне (ступени) образования согласно приказу Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 января 2015 года № 39 "Об утверждении видов и форм документов об образовании государственного образца и Правила их выдачи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10348).

      В организациях основного среднего, общего среднего образования аттестация по самопознанию, физической культуре, технологии, начальной военной подготовке, музыке, черчению не проводится, а в документе об образовании производится запись "не изучалась" (-ось).