"Нотариустың үй-жайы талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 29 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қатені түзеу

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 1438 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 9 қазанда № 17517 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Нотариустың үй-жайы талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7444 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың үй-жайына қойылатын талаптарда:

      1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Нотариустың үй-жайына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 15-бабының 4-тармағына және 21-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Нотариустың үй-жайы аумақтық нотариаттық палатамен белгілеген аумақ шеңберінде орналасуы тиіс.

      Нотариус үй-жайының оған белгілеген аумақтан тыс орналасуына жол берілмейді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жекеше нотариус үй-жайдың сақталуын қамтамасыз ету және мүліктің ұрлануының немесе жоғалуының алдын алу мақсатында үй-жайға жұмыстан тыс уақытта қол жеткізуді болдырмау, нотариаттық іс өндірісінің сақталуы, нотариустың мөрі мен бланкілерінің сақталуы жөнінде шараларды қамтамасыз етеді. Нотариаттық іс-әрекеттерді жасау және күзететін ғимараттарда құжаттарды сақтау үшін үй-жайды жалға алған кезде жалға алынған үй-жай күзетпен және өртке қарсы сигнал беру жабдығымен қамтамасыз етіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі М. Бекетаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады