Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидаларын, Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 189 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 қазанда № 17579 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидалары;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдері бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13438 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелеріне берілген сыйақының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 70 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15270 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Ә. Смайылов

      2018 жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 тамыздағы
№ 189 қаулысына
1-қосымша

Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидалары

      1. Осы Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) сәйкес әзірленді және эмитенттердің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің (бұдан әрі - қаржылық есептілік депозитарийі) интернет-ресурсында Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 102-бабында көзделген ақпаратты жария ету тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бағдарламалық қамтамасыз ету – қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым әзірлеген және шаблондар түрінде бағдарламалық қамтамасыз етуінде ұсынылған есептіліктің және ақпараттың әр түрлі нысандарын дайындауға арналған "Есептілікті берудің бірыңғай жүйесі" (ЕББЖ) бағдарламалық қамтамасыз ету;

      2) қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым – Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржылық есептілік депозитарийін жүргізу қызметін жүзеге асыруға уәкілетті "Ақпараттық-есепке алу орталығы" акционерлік қоғамы;

      3) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсы - "www.dfo.kz" мекенжайы бойынша интернет желісінде орналасқан бұқаралық ақпарат құралы;

      4) уәкiлеттi орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;

      5) шығарылымы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген эмиссиялық бағалы қағаздар айналысының кезеңі:

      акциялар үшін - уәкілетті орган акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап және осы акциялар шығарылымының күші жойылған күнге дейінгі кезең, оның ішінде акциялармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалуы мүмкін;

      облигациялар үшін - облигацияларды шығару проспектісінде айқындалған кезең, оның ішінде облигациялармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалуы мүмкін;

      пайлар үшін - уәкілетті орган пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап және инвестициялық пай қорының қызметі тоқтатылған күнге дейінгі кезең, оның ішінде пайлармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалуы мүмкін;

      өзге де эмиссиялық бағалы қағаздар үшін – эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару шарттарында айқындалған кезең, оның ішінде осы бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалуы мүмкін;

      6) электрондық есеп - куәландыратын орталық берген электрондық цифрлық қолтаңба қойылатын жылдық және (немесе) тоқсан сайынғы қаржылық есептіліктің нысандары, Қағидалардың 3, 4, және 5-тармақтарында көрсетілген ақпарат бар бағдарламалық қамтамасыз етудің толтырылған тиісті шаблоны.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 262 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Эмитент оның эмиссиялық бағалы қағаздар айналысының кезеңінде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында 2-қосымшаға сәйкес, қаулымен бекітілген Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарға, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдеріне (бұдан әрі – Талаптар) сәйкес жасалған, тізбесі Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 102-бабының 5-тармағында айқындалған корпоративтік оқиғалар, эмитенттің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан көп пайызын иеленетін акционерлердің (қатысушылардың) құрамы туралы ақпаратты, эмитент әрбір осындай ұйым акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленетін ұйымдардың тізімін, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару проспектісін, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті, эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының күшін уәкілетті органның жою туралы және (немесе) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарын өтеу туралы ақпаратты жария етуді қамтамасыз етеді.

      4. Акционерлік қоғам жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жыл қорытындысы бойынша акционерлік қоғамның атқарушы органы мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етеді.

      Жыл қорытындысы бойынша акционерлік қоғамның атқарушы органы мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратта акционерлік қоғам есепті кезеңде олардың атқарушы органның құрамында болу кезеңінде атқарушы органның мүшелеріне төлеген жалақының және ақшалай нысандағы марапаттаулардың барлық түрлерінің жиынтық мөлшері туралы мәліметтерді қоса алғанда, акционерлік қоғам есепті кезеңде атқарушы орган мүшелерінің пайдасына төлеген барлық төлемдердің жиынтық мөлшері туралы мәліметтер қамтылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-тармақтың қолданылуы Жарлықпен енгізілген төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде осы редакцияда қолданылады – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2020 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Тұрақтандыру банкін, коммерциялық емес ұйымдарды және кредиттік бюроларды қоспағанда, акционерлік қоғам Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті жылдың 1 қаңтарындағы, 1 сәуіріндегі, 1 шілдесіндегі және 1 қазанындағы жағдай бойынша акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді есепті жылдың тиісінше 31 қаңтарынан, 31 мамырынан, 31 шілдесінен және 31 қазанынан кешіктірмейтін мерзімде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6-тармақтың бірінші абзацының қолданылуы Жарлықпен енгізілген төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде осы редакцияда қолданылады – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2020 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін қор биржасының алаңында айналыста болмайтын эмитент Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 102-бабының 2-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген ақпаратқа қосымша қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында тоқсан сайын есепті тоқсанның соңғы күнінен кейінгі 40 (қырық) жұмыс күні ішінде мыналардан тұратын тоқсан сайынғы шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті жария етуді жүзеге асырады:

      1) қаржы ұйымын қоспағанда, акционерлік қоғам үшін - Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15384 болып тіркелген "Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялау үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және пайда мен зияндар туралы есеп;

      2) екiншi деңгейдегi банкті қоспағанда, қаржы ұйымы болып табылатын акционерлік қоғам үшін - Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13504 тіркелген "Қаржы ұйымдарының, микроқаржы ұйымдарының қаржылық есептiлiктi ұсынуы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 41 қаулысымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және пайда мен зияндар туралы есеп;

      3) екiншi деңгейдегi банк болып табылатын акционерлік қоғам үшін - Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17313 тіркелген "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 137 қаулысымен бекітілген нысанға сәйкес жасалған баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп;

      4) ипотекалық ұйым болып табылатын акционерлік қоғам үшін – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10117 тіркелген "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 178 қаулысымен бекітілген нысанға сәйкес жасалған баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп;

      5) акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитент үшін - қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (бұдан әрі – ҚЕХС) сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және пайда мен зияндар туралы есеп.

      Бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және оның бағалы қағаздары шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін қор биржасының алаңында айналыста болған эмитент қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті, ал осы эмитенттің еншілес ұйымы болған жағдайда - ҚЕХС сәйкес жасалған тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті эмитенттің бағалы қағаздары ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген мерзімдерде орналастыруды қамтамасыз етеді.

      Бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және оның бағалы қағаздары шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін қор биржасының алаңында айналыста болған, екiншi деңгейдегі банк болып табылатын эмитент Қағидалардың осы тармағының екінші бөлігінде көрсетілген ақпаратқа қосымша эмитенттің бағалы қағаздары ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген мерзімдерде Қағидалардың осы тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген ақпаратты ұсынады.

      7. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті аудит жүргізілетін эмитент жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей жылдық қаржылық есептілік пен аудиторлық есепті, ал еншілес ұйымдары болған жағдайда - мыналарға:

      1) акционерлік қоғам (қаржы ұйымын қоспағанда) үшін - Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15384 болып тіркелген "Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялау үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен бекітілген тізбеге және нысандарға;

      2) қаржы ұйымы үшін - Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13504 тіркелген "Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының қаржылық есептiлiктi ұсынуы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 41 қаулысына;

      3) бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген және акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитент үшін – ҚЕХС сәйкес жасалған жеке жылдық қаржылық есептілікті, жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті және жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті орналастыруды жүзеге асырады.

      Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылуы тиіс жылдық қаржылық есептілік пен аудиторлық есепті эмитент "Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1173 қаулысына сәйкес қаржылық есептілік депозитарийіне ұсынады.

      8. Эмитент қаржылық есептілік депозитарийіне ұсыну үшін корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті, жыл қорытындысы бойынша акционерлік қоғамның атқарушы органы мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғалары туралы мәліметтерін қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы қалыптастырады.

      Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген, қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ ақпарат құрастырушының бастамасы бойынша ағылшын тілінде жасалған ақпарат, қазақ және (немесе) орыс тілдерінде, сондай-ақ ақпарат құрастырушының бастамасы бойынша ағылшын тілінде жасалған тоқсан сайынғы қаржылық есептілік және есепті жылға акционерлік қоғамның атқарушы органы мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпарат, акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтер мынадай тәртіппен қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымға ұсынылады:

      1) тиісті шаблон толтырылады;

      2) шаблонды толтыру нәтижесінде электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық есеп қалыптастырылады;

      3) электрондық есепке қол қойғанға дейін оған:

      Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген ақпаратты орналастыру кезінде - PDF электрондық форматында эмитенттің сканерленген өтінімі (бірінші басшы немесе осыған уәкілетті лауазымды тұлға қол қойған және корпоративтік оқиға бар ақпараттық хабарламаның мәтінін қазақ және орыс тілдерінде бағдарламалық қамтамасыз ету шаблонында теру нәтижесінде басып шығарылған өтінімнің қағаз нұсқасының расталған сканерленген көшірмесі);

      эмитенттер "Акционерлік қоғамдар туралы" және бағалы қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес немесе өзінің бастамасы бойынша жария ететін, қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында эмитенттің "электрондық досье" қосымша бетінде орналастырылатын PDF электрондық форматындағы сканерленген құжаттар қоса беріледі;

      4) электрондық есепті қаржылық есептілік депозитарийі құрылымына жіберу және енгізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етудегі сервис арқылы қаржылық есептілік депозитарийінің серверіне электрондық есеп жіберіледі.

      9. Эмитенттің Қағидаларда көрсетілген тәртіпті сақтамауы және Талаптарда көрсетілген ақпараттың толық жария етілмеуі қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымның электрондық есепті қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылады.

      10. Эмитент 2-қосымшаның 12, 14, 15, 16 және 19-тармақтарына сәйкес бұдан бұрын орын алған оқиғалардың салдары болып табылатын оқиғалар туралы ақпаратты ұсыну кезінде қаржылық есептілік депозитарийінің серверіне жіберілетін электрондық есепте осы оқиға салдары болып табылатын бұдан бұрын жарияланған бастапқы оқиға бойынша қаржылық есептілік депозитарийінің серверіне келіп түскен электрондық есепті өңдеу нәтижелері туралы электрондық хабарламаның нөмірін көрсетеді.

      Егер бастапқы оқиға туралы ақпарат оның туындау сәтінде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруға тиіс болмаса, осы оқиғаның алдындағы оқиға бойынша қаржылық есептілік депозитарийінің серверіне келіп түскен электрондық есепті өңдеу нәтижелері туралы электрондық хабарламаның нөмірі көрсетіледі.

      11. Қағидалардың 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетілген, эмитенттер қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсына ұсынатын ақпаратты қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым өзінің интернет-ресурсында оларды алған күні орналастырады, ақпарат жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18-00-ден кейін ұсынылған жағдайда, мұндай ақпарат алған күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінің Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10-00-ден кешіктірмей орналастырылады.

      Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген, эмитенттер қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсына ұсынатын ақпаратты қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым өзінің интернет-ресурсында оларды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орналастырады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 тамыздағы
№ 189 қаулысына
2-қосымша

Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдері

Ақпарат түрі

Ақпарат мазмұны

Жария ету мерзімдері

1

2

3

4

1.

Акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысында немесе жалғыз акционер (қатысушы) қабылдаған шешімдер туралы ақпарат

1)акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты және орны;
2) эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер;
3) акционерлік қоғам акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысында қабылданған шешімдер, дауыс берудің (нәтижелердің) қорытындысын көрсетумен;
4) акционерлік қоғам акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысында эмитентті, оның еншілес ұйымдарын ерікті түрде тарату немесе қайта құру туралы шешім қабылданған жағдайда:
қайта құрылатын немесе таратылатын заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы;
эмитентті қайта құрудың нысаны мен шарттары;
5) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында ірі мәмілелерді және бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: акционерлік қоғамның оларды жасасуға мүдделігі бар және акционерлік қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер болып табылатын мәмілелерді жасасу (бұдан әрі – мүдделігі бар мәміле) жөніндегі шешім қабылданған жағдайда:
мәміленің түрі;
мәміленің мәні;
мәмілені жасау туралы шешімді акционерлік қоғам органы қабылдаған күні осы акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнына мәміленің мәні болып табылатын мүлік құнының пайыздық арақатынасы.
Егер акционерлік қоғамның ірі мәміле және (немесе) мүдделігі бар мәміле жасау туралы шешімінде банктік құпияны, сақтандыру құпиясын, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпарат болса, ақпаратты орналастырған кезде тек қана ірі мәміле және (немесе) мүдделігі бар мәміле жасалған күн, сондай-ақ акционерлік қоғамның шешімі бойынша өзге ақпарат жарияланады.
Бір жұмыс күні ішінде жасалуында мүдделігі бар бірнеше мәміле жасаған кезде, осындай мәмілелер бойынша ақпаратты акционерлік қоғамға осындай бірнеше мәміле бойынша ақпарат қамтылған бір өтінім ұсыну арқылы ақпарат беруге рұқсат етіледі.
6) қажет болған кезде өзге де мәліметтер.
Эмитенттің жалғыз акционері (қатысушысы) болған жағдайда жалғыз акционер (қатысушы) шешім қабылдаған күн, жалғыз акционер (қатысушы) қабылдаған шешімдер, эмитенттің ұйғарымы бойынша өзге де мәліметтер көрсетіледі.

акционерлердің (қатысушылардың) немесе жалғыз акционердің (қатысушының) жалпы жиналысында шешім қабылдаған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

2.

Эмитенттің басқару органының (байқаушы кеңесінің), атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) құрамын көрсете отырып, эмитенттің басқару органын (байқаушы кеңесін), атқарушы органын (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаны) сайлау, сондай-ақ эмитенттің басқару органының (байқаушы кеңесінің), атқарушы органының (атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) құрамындағы өзгерістер туралы ақпарат

1) шешім қабылдаған эмитент органының атауын көрсетумен эмитент органының құрамын сайлау (тағайындау) немесе оның өзгеруі туралы шешім қабылдаған күні. Басқару органы және (немесе) атқарушы орган мүшесінің өкілеттігін олардың бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы жүзеге асырылған жағдайда эмитент эмитенттің басқару органының жазбаша хабарламасын алған күні көрсетіледі;
2) құрамы сайланған (тағайындалған) не өзгерген эмитент органының атауы;
3) эмитент органының құрамы не эмитенттің органы құрамына өзгерістердің мәні: орган құрамына сайланған (тағайындалған) адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), орган құрамына сайланған (тағайындалған), сондай-ақ орган құрамынан шығарылған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
4) эмитент органының құрамына кіретін әрбір адамның тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса) көрсете отырып, эмитент органына енгізілген өзгерістер ескерілген құрамы;
5) эмитенттің директорлар кеңесі сайланған (тағайындалған) мүшесіне тиесілі дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлесі) эмитенттің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлесі) жалпы санына пайыздық арақатынасы;
6) еншілес ұйымдардағы эмитенттің директорлар кеңесі сайланған (тағайындалған) мүшесіне тиесілі акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлесі) осы ұйымдардың орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлесі) жалпы санына пайыздық арақатынасы.
Егер эмитенттің акционерлерінің (қатысушылар) жалпы жиналысында және (немесе) директорлар кеңесінде (қадағалау кеңесін) эмитенттің органдары құрамының өзгеруі туралы ғана шешім қабылданған жағдайда осындай шешім туралы ақпарат бұл жөнінде көрсетіле отырып, осы қосымшаның 2-тармағына сәйкес қана орналастырылады.

эмитент органының құрамын сайлау (тағайындау) не эмитент органы құрамының өзгеруі туралы шешім қабылдаған күннен кейін немесе эмитенттің басқару органы жазбаша хабарламаны алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

3.

Эмитенттің акционерлерінің (қатысушыларының) құрамы туралы және (немесе) эмитенттің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан да көп пайызын иеленетін акционерлердің (қатысушылардың) құрамындағы өзгерістер туралы ақпарат

1) эмитенттің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан да көп пайызына ие акционерлердің (қатысушылардың) құрамы:
жеке тұлға үшін - тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
заңды тұлға үшін - заңды тұлғалардың толық атауы мен орналасқан жері;
2) эмитенттің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызына иеленетін акционерлердің (қатысушылардың) құрамын өзгерту күні (бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесінде өзгерістер енгізу немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесі тіркелген күні);
3) эмитенттің акционерлерінің (қатысушылардың) құрамындағы өзгерістердің мәні:
жеке тұлға үшін - акционерлердің (қатысушылардың) құрамына енгізілген не акционерлердің (қатысушылардың) құрамынан шығарылған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
заңды тұлға үшін - акционерлердің (қатысушылардың) құрамына енгізілген не акционерлердің (қатысушылардың) құрамынан шығарылған заңды тұлғаның толық атауы мен орналасқан жері.

эмитент бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесіндегі немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі өзгерістердің тіркелуін растайтын құжаттарды алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

4.

Эмитенттің директорлар кеңесі қабылдаған немесе акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің акционерлердің (қатысушылардың) жылдық және кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген тиісті органының шешімі туралы ақпарат

1) шешім қабылданған күн;
2) эмитенттің директорлар кеңесі немесе акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің тиісті органы акционерлердің (қатысушылардың) жылдық және кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру туралы қабылдаған шешімі;
3) қажет болған кезде өзге де мәліметтер.

эмитенттің директорлар кеңесі немесе осы шешімді қабылдауға өкілетті акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің тиісті органы шешім қабылдаған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

5.

Эмитенттің директорлар кеңесі қабылдаған немесе акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің акционерлердің (қатысушылардың) орналастыру (өткізу), оның ішінде жарияланған акциялардың саны шегінде орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың саны, оларды орналастыру (өткізу) тәсілі мен бағасы туралы қабылдауға уәкілеттік берілген тиісті органының шешімі туралы ақпарат

1) шешім қабылданған күн;
2) директорлар кеңесімен қабылданған шешім (шешімдер);
3) орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың түрі және саны;
4) орналастыру тәсілі;
5) орналастыру (өткізу) бағасы;
6) қажет болған кезде өзге де мәліметтер.

эмитенттің директорлар кеңесі немесе осы шешімді қабылдауға өкілетті акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің тиісті органы шешім қабылдаған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

6.

Эмитенттің директорлар кеңесі қабылдаған немесе акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің егер қоғам сатып алатын акциялардың саны орналастырылған акциялардың жалпы санының бір пайызынан асып түссе, эмитенттің орналастырылған акцияларды сатып алуы және оларды сатып алу бағасы туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген тиісті органының шешімі туралы ақпарат

1) шешім қабылданған күн;
2) директорлар кеңесімен қабылданған шешім (шешімдер);
3) қоғамның бастамасы бойынша сатып алынатын акциялардың түрі және саны;
4) қоғамның бастамасы бойынша сатып алынатын акциялардың бағасы;
5) қоғамның бастамасы бойынша акцияларды сатып алу мерзімі мен талаптары;
6) қажет болған кезде өзге де мәліметтер;
7) қоғам акцияларды ұйымдастырылмаған нарықта сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесі.

эмитенттің директорлар кеңесі немесе осы шешімді қабылдауға уәкілетті акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің тиісті органы шешім қабылдаған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

7.

Эмитенттің директорлар кеңесі қабылдаған немесе акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің облигациялар мен туынды бағалы қағаздарды шығару туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген тиісті органының шешімі туралы ақпарат

1) шешiм қабылданған күн;
2) шешім қабылдауға уәкілетті акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің тиісті органымен немесе директорлар кеңесімен қабылданған шешім (шешімдер);
3) облигациялар мен туынды бағалы қағаздардың саны мен түрі;
4) номиналды құны және номиналды құн валютасы;
5) шығарылымның көлемi;
6) қажет болған кезде өзге де мәліметтер.

эмитенттің директорлар кеңесі немесе осы шешімді қабылдауға өкілетті акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің тиісті органы шешім қабылдаған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

8.

Эмитенттің директорлар кеңесі қабылдаған немесе акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің ірі мәмілелерді және бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: акционерлік қоғамның оларды жасасуға мүдделігі бар және акционерлік қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер болып табылатын мәмілелерді жасасу жөніндегі шешім қабылдауға уәкілеттік берілген тиісті органының шешімі туралы ақпарат

1)ірі мәміле және (немесе) мүдделілігі бар мәміле туралы шешiм қабылданған күн;
2) акционерлік қоғамның директорлар кеңесі қабылдаған шешім (шешімдер);
3) мәміленің түрі;
4) мәміленің мәні;
5) мәмілені жасау туралы шешімді акционерлік қоғам органы қабылдаған күні осы акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнына ірі мәміленің және (немесе) мүдделігі бар мәміленің мәні болып табылатын мүлік құнының пайыздық арақатынасы.
Егер акционерлік қоғамның ірі мәміле және (немесе) мүдделігі бар мәміле жасау туралы шешімінде банктік құпияны, сақтандыру құпиясын, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпарат болса, ақпаратты орналастырған кезде тек қана ірі мәміле және (немесе) мүдделілігі бар мәміле жасалған күн, сондай-ақ акционерлік қоғамның шешімі бойынша өзге ақпарат жарияланады.
Бір жұмыс күні ішінде жасалуында мүдделілігі бар бірнеше мәміле жасаған кезде, осындай мәмілелер бойынша ақпаратты акционерлік қоғамға осындай бірнеше мәміле бойынша ақпарат қамтылған бір өтінім ұсыну арқылы ақпарат беруге рұқсат етіледі.

эмитенттің директорлар кеңесі немесе осы шешімді қабылдауға өкілетті акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің тиісті органы шешім қабылдаған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

9.

Акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын және (немесе) өзге де ақшалай міндеттемелерін акционерлік қоғамның жай акцияларына конвертациялау туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын және (немесе) өзге де ақшалай міндеттемелерін акционерлік қоғамның жай акцияларына айырбастау туралы шешім қабылдаған күн;
2) акционерлік қоғамның айырбасталуы тиіс бағалы қағаздары және (немесе) өзге де ақшалай міндеттемелерінің саны, бағалы қағаздарды айырбастау тәртібі.

орналастырылған акциялардың (қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) жалпы санының он және одан да көп пайызына ие акционерлері туралы, бағалы қағаздарды айырбастау және (немесе) акционерлiк қоғамның жай акцияларындағы өзге де ақшалай міндеттемелерін растайтын орталық депозитариймен берілетін анықтаманы алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде.

10.

Акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау туралы шешім қабылдаған күн;
2) айырбасталуы тиіс акциялар саны және айырбасталмауы тиіс акциялар саны, орналастырылған акцияларды айырбастау тәртібі.

орналастырылған акциялардың (қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) жалпы санының он және одан да көп пайызына ие акционерлері туралы, бағалы қағаздарды алмастыру және (немесе) акционерлік қоғамның жай акцияларындағы өзге де ақшалай міндеттемелерін растайтын орталық депозитариймен берілетін анықтаманы алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні iшiнде.

11.

Эмитент әрбір осындай ұйым акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленетін ұйымдардың тізімі және эмитент әрбір осындай ұйым акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленетін ұйымдар тізіміндегі өзгерістер туралы ақпарат

1) эмитент әрбір осындай ұйым акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленетін ұйымдардың тізімі;
2) эмитент акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленген (иелігі тоқтаған) ұйымның толық атауы;
3) акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан да көп пайызына эмитент иеленген ұйымдар тізімінің өзгерген күнінен кейінгі күніне сәйкес ұйымның акциялар (үлестер, пайлар) мөлшерінің орналастырылған акциялардың (үлестердің, пайлардың) жалпы мөлшеріне пайыздық арақатынасы.

Эмитент ұйым акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленгенін (иелігі тоқтағанын) растайтын құжаттарды алған соң 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

12.

Акционерлік қоғамның ірі мәмілелерді және бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: акционерлік қоғамның оларды жасасуға мүдделігі бар және акционерлік қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер болып табылатын мәмілелерді жасауы туралы ақпарат

1) ірі мәміле туралы және (немесе) қоғамның уәкілетті органы сондай мәміле жасау туралы шешім қабылдаған жасалуында мүдделігі бар мәміленің немесе қосымша келісімнің (шартқа қосымша келісімнің) жасалған күні;
2) iрi мәмiленiң немесе мүдделілігі бар мәміленің мәнi, мәмiле тараптарының атауы;
3) акционерлік қоғамның органы ірі мәміле және (немесе) мүдделігі бар мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған күні;
4) ірі мәміле және (немесе) мүдделігі бар мәміле жасасу туралы шешімді акционерлік қоғам органы қабылдаған күнге ірі мәміле және (немесе) мүдделігі бар мәміле мәні болып табылатын мүліктің құны;
5) мәміле және (немесе) мүдделігі бар мәміле мәні ақша және (немесе) бастапқы нарықтағы шығарылған (орналастырылған) бағалы қағаздар болып табылатын жағдайларды қоспағанда) ірі мәміленің және (немесе) мүдделігі бар мәміленің мәні болып табылатын мүліктің соңғы бағалау күні;
6) акционерлiк қоғам органы iрi мәмiленi және (немесе) мүдделігі бар мәмілені жасау туралы шешiм қабылдаған күнге акционерлiк қоғамның активтерiнiң жалпы құнына iрi мәмiленiң және (немесе) мүдделігі бар мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құнының пайыздық арақатысы.
7) ірі мәміле және (немесе) мүдделігі бар мәміле тараптары, сатып алынған немесе иелігінен шығарылатын активтер, мәміле мерзімдері мен талаптары, тартылған тұлғалардың қатысу үлестерінің сипаты мен көлемі туралы мәлімет, сондай-ақ бар болса, мәміле туралы өзге мәлімет.
Егер акционерлік қоғамның ірі мәміле және (немесе) мүдделігі бар мәміле жасасу туралы шарты Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын банк құпиясы, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны және басқа да құпия болып табылатын ақпаратты қамтитын болса акционерлік қоғамның мәміле туралы ақпаратты орналастыру кезінде тек жасасу күні, сондай-ақ акционерлік қоғамның шешімі бойынша басқа да ақпарат жарияланады.
Бір жұмыс күні ішінде бірнеше ірі мәміле және (немесе) мүдделігі бар мәміле жасалған кезде, акционерлік қоғамға мұндай бірнеше мәмілелер бойынша ақпараты бар бір өтінім беру арқылы мұндай бірнеше мәмілелер бойынша ақпаратты ұсынуға рұқсат етіледі.

акционерлік қоғам шарт немесе шартқа қосымша келісім жасау сәтінен;
iрi мәмiленi немесе мүдделігі бар мәмілені жасау үшін міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеу қажет болған жағдайда, акционерлік қоғам оның мемлекеттік немесе өзге тіркеуін растайтын құжатты алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

13.

Эмитентті мәжбүрлеп тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы, сондай-ақ оның еншілес және тәуелді ұйымдарын мәжбүрлеп тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы сот шешімі туралы ақпарат

1) эмитентті, еншілес ұйымдарын және тәуелді ұйымдарын мәжбүрлеп тарату немесе қайта құру туралы шешім қабылдаған күні;
2) эмитентті, еншілес ұйымдарын және тәуелді ұйымдарын мәжбүрлеп тарату немесе қайта құру туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы;
3) эмитентті, еншілес ұйымдарын және тәуелді ұйымдарын мәжбүрлеп тарату немесе қайта құру туралы шешім қабылдау негізі;
4) эмитенттің қайта құрылатын еншілес ұйымдарының және (немесе) қайта құрылатын тәуелді ұйымдарының орналасқан жері мен атауы;
5) эмитенттің, еншілес ұйымдарының және тәуелді ұйымдарының қайта құрылу формасы мен талаптары;
6) эмитенттің, еншілес ұйымдарының және тәуелді ұйымдарының қайта құрылуының өзге де талаптары.

соттың тиісті шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.

14.

Эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілге (қайта кепілге) беру, сондай-ақ эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілден (қайта кепілден) шығару туралы ақпарат

1) кепілге беру (қайта кепілге) туралы эмитент органының шешім қабылдаған күні;
2) эмитенттің мүлкін кепілге беру (қайта кепілге беру) құқығы туындаған күні;
3) эмитенттің кепілге берілетін (қайта кепілге берілетін) мүлігінің құны;
4) эмитенттің кепілге (қайта кепілге) берілетін мүлкін соңғы бағалау күні (егер мұндай бағалауды жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілсе);
5) эмитент органы эмитенттің мүлкін кепілге беру (қайта кепілге беру) туралы шешімді қабылдау күнінде кепілге (қайта кепілге) берілетін мүлік құнының осы эмитент активтерінің жалпы құнына пайыздық арақатынасы.
6) кепілден (қайта кепілге беруден) алып тастау күні.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кепілі тіркелуі тиіс мүлікке қатысты - осы эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құнының он және одан да көп пайыз сомасын құрайтын мүлікті кепілге беру (қайта кепілге беру) шартын тіркелгенін растайтын құжаттарын алған;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кепілі тіркелмейтін мүлікке қатысты - осы эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құнының он және одан да көп пайыз сомасын құрайтын мүлікті кепілге беру (қайта кепілге беру) шартын жасаған;
осы эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құнының он және одан да көп пайыз сомасын құрайтын эмитент мүлігін кепілден (қайта кепілге беруден) шешкенін растайтын құжаттарын алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

15.

Құны эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан астам пайызын құрайтын эмитенттің мүлкіне тыйым салу (мүліктен тыйымды алу) туралы ақпарат

1) эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құнының он және одан да көп пайызын құрайтын мүлікке тыйым салу (мүліктен тыйымды алу) туралы қабылданған шешімнің күні, нөмірі;
2) эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құнының он және одан да көп пайызын құрайтын мүлікке тыйым салу (мүліктен тыйымды алу) туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы, тыйым салудың негізі;
3) эмитенттің тыйым салынған (тыйым салу алынып тасталған) мүліктің атауы және эмитенттің мүлкіне тыйым салынған (тыйым салу алынып тасталған) күнге эмитенттің активтерінің жалпы құнына пайыздық арақатынасы. Егер банктердегі, банктің жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы борышкердің ақшасына тыйым салынған (тыйым салу алынып тасталған) жағдайда - тыйым салынған (тыйым салу алынып тасталған) ақша сомасын көрсету. Егер эмитенттің бағалы қағаздарына тыйым салынған (тыйым салу алынып тасталған) жағдайда - тыйым салынған (тыйым салу алынып тасталған) бағалы қағаздардың жалпы саны, олардың түрлері, сәйкестендіру нөмірі, осы бағалы қағаздардың эмитенті туралы мәлімет.

эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құнының он және одан да көп пайыз сомасын құрайтын мүлігіне тыйым салу (мүліктен тыйымды алу) туралы шешімді алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

16.

Эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің жиырма бес және одан көп пайызын құрайтын мөлшерде эмитенттің қарыз алуы, сондай-ақ осы қарыз бойынша негізгі борышты және есептелген сыйақыны толық өтеу туралы ақпарат

1) эмитент органының қарызды алу (кредит желісі) туралы шешім қабылдаған күні;
2) қарызды (кредит желісін) алу туралы шарт жасалған күні;
3) эмитент алған қарыздың (кредит желісінің) шартта белгіленген жалпы мөлшері;
4) эмитенттің қарызды алу мақсаты;
5) эмитент алған қарыздың (кредит желісінің) мөлшеріне эмитент органының қарызды алу туралы шешім қабылдаған күні эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құны мөлшеріне пайыздық арақатынасы;
6) негізгі берешекті және аталған қарыз бойынша есептелінген сыйақыны толық төлеген күні.
Егер кредит желісі бойынша есептелген сыйақыны ескере отырып шығарылған және өтелмеген кредиттің жалпы сомасы эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құнының жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын мөлшерге жеткен жағдайда, эмитент екінші деңгейлі банкпен кредит желісін жасағаны жайлы корпоративтік оқиға туралы ақпарат орналастырылады.
Акционерлік қоғамның қарызды алу бойынша жасалған мәмілесі бір мезгілде ірі мәміле және (немесе) акционерлік қоғамның оны жасауға мүдделілігі бар мәміле болып табылса, мұндай мәміле туралы ақпарат бұл туралы көрсетумен осы қосымшаның 17-тармағына сәйкес ғана орналастырылады.

эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің жиырма бес және одан көп пайызын құрайтын мөлшерде эмитенттің қарыз алуы немесе кредит желісі туралы шартын жасаған немесе эмитенттің осы қарыз немесе кредит желісі бойынша негізгі борышты және есептелген сыйақыны толық өтеген;
есептелген сыйақы есебімен бір кредит желісі аясында алынған және өтелмеген қарыздың жалпы сомасы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің жиырма бес және одан көп пайызына жеткен күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

17.

Солардың нәтижесінде баланстық құны эмитент активтерінің жалпы мөлшерінің он және одан көп пайызын құраған эмитенттің мүлкі жойылған төтенше сипаттағы мән-жайлардың басталуы туралы ақпарат.

1)эмитенттің мүлкінің жойылуына әкеп соққан төтенше сипаттағы мән-жайлар туындаған күн;
2)төтенше сипаттағы мән-жайлар нәтижесінде жойылған эмитенттің мүлкінің атауы;
3)төтенше сипаттағы мән-жайлар нәтижесінде жойылған эмитенттің мүлкінің баланстық құны.

эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құнының он және одан да көп пайызын құрайтын эмитент мүлкінің жойылуына әкеп соққан төтенше сипаттағы мән-жайлар туындаған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

18.

Сотта корпоративтік дау бойынша істі қозғау туралы ақпарат

1) корпоративтік дау бойынша талапкер, жауапкер туралы мәлімет (жеке тұлға үшін) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), (заңды тұлға үшін) толық атауы, орналасқан жері;
2) талап-арыз берген күні, шағым талаптардың қысқаша мазмұны;
3) корпоративтік дау бойынша талап-арыз қаралатын соттың атауы.

эмитент корпоративтік дау бойынша азаматтық іске қатысты тиісті сот хабарламасын (шақыруын) алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

19.

Бірінші санаттағы рұқсаттарды алу (тоқтату, тоқтата тұру) туралы ақпарат

1) бірінші санаттағы рұқсатты берген, бірінші санаттағы рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату туралы шешім қабылдаған рұқсат беру органының атауы;
2) бірінші санаттағы рұқсаттың берілген күні, нөмірі, рұқсаттың қолданылу мерзімі;
3) бірінші санаттағы рұқсатқа сәйкес жүзеге асырылатын қызмет түрінің атауы;
4) рұқсат беру органының бірінші санаттағы рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру (тоқтата тұру мерзімі), қолданылуын жаңарту күні туралы шешімді қабылдаған күні;
5) бірінші санаттағы рұқсатты тоқтата тұруға (жаңартуға) негіздеме;
6) жүзеге асырылуына рұқсаты тоқтатыла тұрған (жаңартылған) қызмет түрінің атауы;
7) рұқсат беру органының бірінші санаттағы рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді қабылдаған күні;
8) бірінші санаттағы рұқсаттың қолданылуын тоқтатуға негіздеме;
9) жүзеге асырылуына рұқсаты тоқтатылған қызмет түрінің атауы.

эмитенттің бірінші санаттағы рұқсатты алу (тоқтату, тоқтата тұру) туралы құжаттарды алған күнінен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

20.

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар эмитентінің негізгі қызмет түрлерін өзгертуі туралы ақпарат

1) қызметтің негізгі түрлерін өзгерту туралы шешім қабылдау күні;
2) өзгерген қызмет түрлерінің атауы;
3) эмитент жарғысын және (немесе) жарғысына өзгертулерді мемлекеттік тіркеу күні;
4) жарғының және (немесе) жарғыға өзгертулердің сканерленген көшірмесі.

уәкілетті органда тіркелген жарғыны және (немесе) жарғыға өзгертулерді алған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

21.

Енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару проспектісі

1) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісін уәкілетті органның мемлекеттік тіркеу күні немесе эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары шығару проспектісіне өзгерістер не толықтыруларды уәкілетті органның тіркеу күні;
2) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары шығару проспектісінің уәкілетті орган тіркеген PDF форматындағы сканерленген көшірмесі;
3) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары шығару проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулардың уәкілетті орган тіркеген PDF форматындағы сканерленген көшірмесі;
4) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары шығару проспектісінің оған енгізілген өзгерістері және (немесе) толықтырулары ескерілген электрондық нұсқасы.
Эмитент бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органнан эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары шығару проспектісіне бірнеше өзгерістер мен толықтырулар алған жағдайда, эмитенттің проспектіге енгізілген осындай бірнеше өзгерістер мен толықтырулар бойынша ақпаратты қамтитын бір өтінім ұсынуы арқылы ақпарат беруіне рұқсат етіледі.

эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісін уәкілетті органның мемлекеттік тіркеуін немесе эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары шығару проспектісіне өзгерістер не толықтыруларды уәкілетті органның тіркеуін растайтын құжаттарды алған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

22.

Уәкілетті органның акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есептерді бекіту туралы ақпарат

1) акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту күні;
2) акцияларды орналастырудың есепті кезеңі;
3) есепті кезеңде орналастырылған акциялардың саны мен түрі.

акционерлік қоғамның уәкілетті орган бекіткен акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті алған, эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарының күшін жою және (немесе) оларды өтеу туралы растайтын құжаттарды алған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

23.

Уәкілетті органның эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының күшін жою туралы және (немесе) эмиссиялық бағалы қағаздарын өтеу туралы ақпарат

1) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының күшін жою және (немесе) оларды өтеу күнi;
2) шығарылымының күші жойылған және (немесе) өтелген бағалы қағаздардың халықаралық сәйкестендіру коды (ISIN);
3) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарының шығарылымын өтеуге және (немесе) жоюға негіздеме;
4) эмитенттің өтелген және (немесе) жойылған эмиссиялық бағалы қағаздарының саны мен түрі.

акционерлік қоғамның уәкілетті орган бекіткен акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті алған, эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарының күшін жою және (немесе) оларды өтеу туралы растайтын құжаттарды алған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

24.

Эмитенттің жарғысына және эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне сәйкес эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) және (немесе) инвесторлардың мүдделерін қозғайтын өзге де оқиғалар туралы ақпарат

1) эмитенттің жарғысы мен эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне сәйкес эмитенттің акционерлерінің (қатысушыларының) және (немесе) инвесторлардың мүддесін қозғайтын мәліметтер;
2) эмитент мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісінде көзделген талаптарды сақтамаған кезде:
облигациялардың ұлттық сәйкестендіру номері (ҰСН) немесе халықаралық сәйкестендіру коды (ISIN), облигациялардың түрін, орналастырылған облигациялардың санын, купон мөлшерлемесінің мөлшерін, дефолт күнін, купондық сыйақы бойынша берешек сомасын, негізгі борыш бойынша берешек сомасын, реттелмеген борыш қалдығын көрсете отырып, орындалмаған міндеттемелер сомасы, міндеттемелерді орындамау себептері.

егер "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының заңында және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңда бағалы қағаздарды ұстаушылардың назарына жеткізудің өзге мерзімдері көзделмеген жағдайда, эмитенттің жарғысына және эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне сәйкес эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) және (немесе) инвесторлардың мүдделерін қозғайтын өзге де оқиғалар туындаған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісінде көзделген талаптарды сақтамаған күнінен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

  Эмитенттің ақпаратты
жария ету қағидаларына
қосымша

Акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтер

      Есепті кезең: 20__ жылғы "___" ________ жағдай бойынша

      Индекс: үлестес тұлғалар туралы мәліметтер

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті жылдың 31 қаңтарынан, 30 сәуірінен, 31 шілдесінен және 31 қазанынан кешіктірмей.

  нысан

"_____________________________" акционерлік қоғамының үлестес тұлғалары туралы мәліметтер
(акционерлік қоғамның атауы)

Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімінің деректеріне сәйкес жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және (немесе) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру күні мен нөмірі

Үлестес тұлғалар туралы мәліметтер ұсынылатын күн

Жеке тұлғалар

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

Үлестестігін тану негіздері

Үлестестігінің туындау күні

Резиденттігі

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7








Заңды тұлғалар

Заңды тұлғаның толық атауы

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды тұлғаның пошталық мекенжайы және нақты орналасқан жері

Үлестестігін тану негіздері

Үлестестігінің туындау күні

Резиденттігі

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7
























  Акционерлік қоғамның үлестес
тұлғалары туралы мәліметтер
нысанына қосымша

Қаржылық есептілікті депозитарийінің интернет-ресурсына орналастыруға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

Акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтер

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) "Акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды акционерлік қоғам тоқсан сайын жасайды және есепті жылдың 1 қаңтарындағы, 1 сәуіріндегі, 1 шілдесіндегі және 1 қазанындағы жағдай бойынша толтырады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      3. 3-бағанда жеке тұлғалар болып табылатын, акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді көрсету үшін туған күні - кк.аа.жж (күні/айы/жылы) форматында жеке жолдарға бөлусіз жеке сәйкестендіру нөмірімен (ЖСН) бір бағанда көрсетіледі.

      4. 3-бағанда заңды тұлғалар болып табылатын, акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді көрсету үшін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды тұлғаның пошталық мекенжайы және нақты орналасқан жері жеке жолдарға бөлусіз бір бағанда көрсетіледі.

      5. 4-бағанда "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабының 1 және 1-1-тармақтарының тиісті тармақшасына немесе "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-бабына сілтеме жасау қажет - екiншi деңгейдегi банктер үшін.

      6. 5-бағанда үлестестігінің туындау күні - кк.аа.жж (күні/айы/жылы) форматында көрсетіледі.

      7. 3 және 5-бағандарда күндер толығымен цифрлармен толтырылады және акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген тәртіппен акционерлер және акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары ұсынған ақпарат негізінде белгіленеді.

      8. Жеке тұлға болып табылатын акционерлік қоғамның үлестес тұлғасының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) және резиденттігі қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ашық қол жеткізу арқылы жарияланбайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады