"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 19 қазандағы № 581 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 қазанда № 17658 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13487 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын :

      "1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-13) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар білім алушылар үшін жатақханаларда тұруға орын бөлудің негізділігі мен кезектілігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - ұйым) меншік құқығында тиесілі немесе өзге заңдық негізде ұйымдардың иелігінде тұрған жатақханаларындағы орындарды бөлу тәртібін айқындайды.

      Жеке ұйымдар жатақханалардағы орындарды бөлу тәртібін Қағидалардың 10-тармағында көзделген басым тәртіппен негізділігі мен кезектілігін ескере отырып, дербес анықтайды.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу тәртібі";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жатақханалардағы орындар "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 болып тіркелген "Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы (ұйым орналасқан қалада (елді мекенде) жеке меншігінде тұрғын үй бірлігі (пәтер, үй) жоқ) анықтама ұсынған жағдайда тұрғын жайға мұқтаж білім алушылар арасында бөлінеді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Конкурстық комиссия жатақханалардағы орындарды бөлуді негіздемелер мен кезектілікті ескере отырып, мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

      1) даму мүмкіндіктері шектеулі адамдар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдар;

      2) кәмелеттік жасқа жеткенге дейін ата-аналарынан қамқорлығынсыз қалған жастар арасынан адамдар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектерге теңестірілген адамдар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын оралмандар;

      3) "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін – 2050") жобасы шеңберіндегі білім алушылар;

      4) "Алтын белгі" игерелері болып табылатын бірінші курсқа қабылданған білім алушылар, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада және/немесе конкурс жеңімпазының немесе жүлдегерінің сертификатын иеленген білім алушылар, сондай-ақ оқу орнын үздік бітірген, білім туралы растайтын құжаты бар (куәліктер, аттестат, диплом) талапкерлер;

      5) Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе Кешенді тестілеу қортындылары, ұйым өткізген қабылдау емтихандары немесе тестілеу түрінде пәндер қорытындылары бойынша жоғары балл жинаған бірінші курсқа оқуға қабылданған білім алушылар.

      Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе Кешенді тестілеудің, ұйым өткізген пән бойынша немесе тестілеу түріндегі қабылдау емтихандарының қорытындылары бойынша тең балл жинаған кезде "Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларына сәйкес өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтама ұсынған жағдайда, білім алушының материалдық жағдайы ескеріледі;

      6) оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыста жоғары нәтижелері бар жоғарғы курс студенттері қатарындағы білім алушылар;

      7) ұйымның өзге де білім алушылары.";

      көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрықтағы қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті (С.А. Жақыпова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшыларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық, осы бұйрықтың 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының жиырма үшінші және жиырма төртінші абзацтарын қоспағанда, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
  Білім және ғылым министрінің
  2018 жылғы 19 қазандағы
  № 584 бұйрығына қосымша
  Білім беру ұйымдарының
  жатақханаларындағы орындарды
  бөлу қағидаларына қосымша
  Нысан
  ____________________________
  ____________________________
  ____________________________
  білім беру ұйымының атауы,
  оның басшысының тегі, аты,
  әкесінің аты
  (болған кезде)
  ____________________________
  ____________________________
  ____________________________
  білім алушының тегі, аты,
  әкесінің аты
  (болған кезде) толығымен
  ____________________________
  ____________________________
  білім алушының курсы, тобы,
  мамандығы, факультеті

Өтініш

      Сізден ___________________________________________________________________________

      білім беру ұйымының атауы

      жатақханасынан бір орын бөлуіңізді сұраймын.

      Келген жерім _________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________.

      Қоса берілетін құжаттар тізбесі ________________________________________.

      20___ ж. "___" ________________                        ________________________

      білім алушының қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады