"Мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 77 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 311 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 қазанда № 17659 болып тіркелді

      "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 23-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 77 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10921 болып тіркелді, 2015 жылғы 10 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес, Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.";

      Осы бұйрықпен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      Осы бұйрықпен бекітілген Мәдениет және өнер саласындағы техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары қызметінің қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы мәдениет және өнер саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі, "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына және мәдениет және өнер саласындағы техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының қызмет тәртібін айқындайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. ТжКБ беру ұйымдары қызметінің тәртібі";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жоспары мен бағдарламаларды уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етеді.

      Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналып бекітілген оқу-тәрбие процесінің кестесі мен теориялық және практикалық сабақтардың бекітілген кестесі негізінде жүзеге асырылады.

      Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысының есебі теориялық және өндірістік оқытуды есепке алу журналдарын және оқу сағаттарында оқу бағдарламаларының орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16013 болып тіркелген, Үлгілік оқу жоспарларының және Үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар әзірлейді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында білім алуға қолжетімділік жағдайларының жасалуына қарай оқыту мынадай нысандарда жүзеге асырылады: күндізгі, кешкі бөлім.";

      келесі мазмұндағы 11-1 және 11-2 тармақтармен толықтырылсын:

      "11-1. Білім алушыларды ауыстыру тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №19 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10297 болып тіркелген Білім алушыларды беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      11-2. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №506 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10475 болып тіркелген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің саны және педагог қызметкерлер лауазымдарының тізбесі "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесі негізінде айқындалады.

      Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері лауазымдарын алмастыру "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түрлерінің түрлері бойынша үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 369 бұйрығымен белгіленген нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8828 болып тіркелген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. ТжКБ бiлiм беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды қызметке тағайындау Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі арқылы және (немесе) нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Мемлекеттік Реестрі тізіліміне № 5750 нөмерімен тіркелген "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығының негізіндегі ЖОО ТжКБ қызметкерлерінің біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асады.";.

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. ТжКБ беру ұйымдарында мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне байланысты оқу-тәрбие үрдісін басқару үшін мамандықтар (кәсіптер) топтары бойынша бөлімдер, пәндердің циклдері және пәндік-циклдік комиссиялар құрылады.

      Бөлімдер (күндізгі, кешкі) бір немесе бірнеше ұқсас мамандықтар (кәсіптер) бойынша кадрлар даярлау кезінде құрылады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Кәсіптік практиканы өткізу үшін ТжКБ беру ұйымдары шарттық негізде практикалар базасы ретінде ұйымдарды айқындайды, олармен келісілген практиканы өткізудің бағдарламалары мен күнтізбелік кестелерін бекітеді.

      Практиканың базалары болып табылатын ұйымдармен шарттар "Білім беру қызметтерін көрсетуге арналған типтік келісімшарт нысандарын және кәсіптік практиканы жүргізудің типтік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қаңтардағы № 93 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13227 болып тіркелген нысан бойынша жүзеге асырылады.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Кәсіптік оқыту және кәсіптік практика оқу бағдарламаларын іске асыру "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес мақұлданған мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Оқу-өндірістік шеберханалар:

      1) теориялық оқытуды өндірістік еңбекпен үйлестіруді;

      2) білім алушылардың жұмыс оқу жоспары мен бағдарламаларына сәйкес кәсіптік дағдылар алуын;

      3) өнім шығаруды ұйымдастыруды;

      4) оқу жоспарлары мен бағдарламалары шеңберінде кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа ақылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін оқу және өндірістік база болып табылады.

      Оқыту өндірістік шеберханаларда жеке және топтық сабақтардың әр түрлері өткізіледі: материалмен жұмыс жасау, сәндік бұйымдарды өндіру, мүсіндер, бұйымдарды тігу.

      Педагогикалық практика секторында ТжКБ ұйымының мамандықтары бойынша практикалық дағдыларды дамыту бойынша сабақтар жүргізіледі.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. ТжКБ беру ұйымын тікелей басқаруды басшы "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

      ТжКБ беру ұйымының басшысы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес бекітілген Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесіне және біліктілік талаптарына сәйкес тағайындалады және қызметтен босатылады.

      ТжКБ беру ұйымының басшысы үш жылда бір рет нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің реестрі тізіліміне № 13317 номерімен тіркеліп, 2016 жылғы 29 ақпанда № 83 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу мен шарттарын бекіту қағидаларына сәйкес аттестаттаудан өтеді.";

      Осы бұйрықпен бекітілген Мәдениет және өнер саласындағы республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы мәдениет және өнер саласындағы республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттарындағы білім беру қызметінің Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер саласындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттарындағы білім беру қызметінің қағидаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды және "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі (бұдан әрі - Білім туралы Заң), "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы (бұдан әрі - Мәдениет туралы Заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жүзеге асырады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мектеп-интернат білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мектеп-интернаттардың мәртебесі "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесіне сәйкес оның жарғысында көрсетіледі."

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті (А. Сүйінов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      _______________ Е. Сағадиев

      қазан 2018 жыл

  Қазақстан Республикасы
  Мәдениет және спорт
  министрінің
  2018 жылғы 31 қазандағы № 311
  бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Мәдениет және спорт
  министрінің
  2015 жылғы 27 ақпандағы
  № 77 бұйрығына қосымша

Мәдениет және өнер саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы мәдениет және өнер саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындайды.

      2. Мәдениет және өнер саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім (бұдан әрі - жоо), жоғары оқу орындарының мынадай түрлерінде жүзеге асырылады:

      ұлттық зерттеу университеттерінде;

      ұлттық жоғары оқу орындарында;

      университеттерде;

      консерваторияларда;

      академияларда.

      3. ЖОО негізгі міндеттері ұлттық және жалпы адами құндылықтар, ғылыми және практикалық жетістіктер негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін қажетті жағдайларды жасау арқылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау болып табылады.

      4. ЖОО өз қызметін білім беру және ғылым қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының Конституциясына, білім туралы, ғылым туралы, мәдениет туралы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, сондай-ақ Қағидалармен және оның негізінде әзірленген жоо жарғысымен жүзеге асырады.

      5. ЖОО оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.

2- тарау. ЖОО ұйымдары қызметінің тәртібі

      6. ЖОО басқару Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Қағидаларға және жоо жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. ЖОО-ны тікелей басқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын (сайланатын) және қызметтен босатылатын ректор (басшы) жүзеге асырады.

      8. ЖОО ректорының (басшысының) саны мен функционалдық бағыты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленетін орынбасарлары – проректорлары болады.

      9. ЖОО ректоры (басшысы) жоо атынан сенімхатсыз әрекет етеді, барлық органдарда оның мүдделерін білдіреді, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоо мүлкін басқарады, шарттар жасайды, сенімхаттар береді, банк шоттарын ашады және өзге де мәмілелер жасайды, барлық қызметкерлерге, оқытушылар мен білім алушыларға міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады.

      10. ЖОО ректоры (басшы) өзіне берілген құқықтар шегінде қаржы, экономикалық, өндірістік-шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді.

      11. Мемлекеттік жоо ректоры Қазақстан Республикасының заңнамасында және жоо жарғысында белгіленген тәртіппен үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.

      12. Ректордың кандидатурасы білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен педагогика қызметкерлері және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына (бұдан әрі – лауазымдардың біліктілік сипаттамалары) сәйкес келуі тиіс.

      13. ЖОО ректоры (басшы) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен:

      1) білім беру ұйымы білім алушыларының, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;

      2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;

      3) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны;

      4) білім беру ұйымы білім алушыларының және қызметкерлерінің оқу-тәрбие үрдісі кезіндегі өмірі мен денсаулығы;

      5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;

      6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартында көзделген өзге де талаптарды бұзғаны үшін жауапты болады.

      14. ЖОО алқалық басқару органдары құрылады. ЖОО алқалық басқару нысандары ретінде ғылыми, бақылау, қамқоршылық немесе көркемдік кеңестері бола алады.

      15. ЖОО құрылымын өзі дербес айқындайды және бекітеді. Бұл ретте құрылымдық бөлімшелер жоо қызметінің барлық түрлерін қамтиды.

      16. ЖОО өзінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерін дербес әзірлейді және бекітеді, онда жоо-н басқарудың ұйымдық құрылымының мәртебесі, негізгі бағыттары, функциялары, құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері айқындалады.

      17. ЖОО біліктілік талаптарына сәйкес құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері айқындалатын жоо қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын дербес әзірлейді және бекітеді.

      18. Штаттық кестені жоо дербес айқындайды және оны ректор жыл сайын бекітеді.

      19. ЖОО-ның құрылымдық бөлімшелері өз қызметін осы Қағидалар, жоо жарғысы негізінде жүзеге асырады, ал олардың санын аталған жоо мамандықтарының, білім беру бағдарламаларының тізбесіне, сондай-ақ білім алушылар мен оқытушылардың санына қарай кеңес белгілейді.

      20. Факультет бір немесе бірнеше мәндес мамандықтар бойынша оқытуды жүзеге асыратын, ғылыми және әкімшілік қызметті, сонымен қатар, факультет мамандықтарына жататын кафедралар мен зертханалардың жұмысынына басшылық ететін жоо-ның негізгі құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      21. Факультет күндізгі, сыртқы және экстернат нысанында мамандар даярлауды жүзеге асырады.

      22. Факультет жұмысын декан жүзеге асырады. Деканның кандидатурасы педагог қызметкерлер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкес келуі тиіс. Факультет басшысының лауазымдық міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.

      23. Декан жоо қабылдау және аттестаттау комиссиясының мүшесі болып табылады.

      24. Факультет ішінде деканның төрағалық етуімен өз жұмысын жоо кеңесі бекіткен қағидаларға сәйкес ұйымдастыратын факультет кеңесі ұйымдастырылуы мүмкін.

      25. Кафедра бір немесе бірнеше мәндес пәндер бойынша оқу, әдістемелік, ғылыми зерттеу жұмысын (бұдан әрі ҒЗЖ), шығармашылық жұмыс және сонымен қатар білім алушылар арасында тәрбие жұмысын жүзеге асыратын жоо-ның (факультеттің) негізгі құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      26. Кафедра штаты профессорлық-оқытушылық құрамның жұмыс көлеміне және орташа жылдық педагогикалық жүктемеге қарай айқындалады.

      27. Кафедра штатына кафедраның меңгерушісі, профессорлар, доценттер, аға оқытушылар, оқытушылар, оқу-көмекші персонал, сондай-ақ кафедра жанынан құрылған ғылыми және басқа да құрылымдық бөлімшелер кіреді.

      28. Кафедраны меңгеруші басқарады, оның кандидатурасы педагог қызметкерлер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкес келуі тиіс. Кафедра меңгерушісінің лауазымдық міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.

      29. Тиісті мамандықтар бойынша жоо-ның білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кафедра бейіні бойынша штаттық оқытушы болғанда кафедра ұйымдастырылады. Штаттық оқытушылар санына шаққанда ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы бар оқытушылардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мемлекеттік наградалары бар оқытушылар өнер жоо мен консерваторияда кемінде бакалиариат үшін 35%-ды, магистратура үшін 60%-ды және докторантура үшін 100%-ды құрауы тиіс.

      30. Бекітілген оқу пәндерінің циклы бойынша кафедралар жалпы білім беретін және арнайы болып сыныпталады.

      31. Керек жағдайда жоо-да "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының 9 заңындағы 3 тармаққа сай әзірленген азаматтарды әскери қызметке дайындау ережесінде бекітілген тәртіпке сай (әскери) немесе басқа да мүдделі тараптардың арнайы кафедралары ұйымдастырылады.

      32. Мәдениет және өнер саласындағы кафедра жұмысы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары мазмұнына сәйкес мамандарды теориялық және практикалық дайындауға бағытталуы тиіс.

      33. Кафедра жылдық жұмыс жоспарына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, шығармашылық және тәрбие жұмысын жүзеге асырады.

3-тарау. ЖОО қызметіне қойылатын негізгі талаптар

      34. Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру, материалдық активтер мен ресурстарды ұтымды пайдалану, университеттер мен консерваторияларда білім беру қызметіне тартылған күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылардың ең аз контингенті 1500 адамға, академияларда 700 адамға сәйкес болуы қажет.

      35. Білім алушылардың келтірілген контингенті олардың күндізгі және сырттай оқу нысандары бойынша санына қарай айқындалады.

      ЖОО-ның күндізгі және сыртқы оқу нысандарындағы студенттердің арақатынасы кемінде 4:1 болуы тиіс. ЖОО-да білім алушылар контингентінің сандық құрамы бір оқытушыға шаққанда мамандықтарға орай келесі нормативтерге сәйкес келуі тиіс: өнер және мәдениет – 3,5:1; музыка және ән салу – 6:1; басқа барлық мамандықтар бойынша: күндізгі оқыту нысаны үшін – 8:1; магистратурада – 4:1; докторантурада –3:1.

      36. ЖОО өз қызметін "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің мемлекеттік Реестрі тізіліміне №15681 нөмерімен тіркелген, 2017 жылғы 16 тамыздағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің №611 бұйрығымен қарастырылатын бір білім алушыға шаққандағы оқу алаңының санитарлық нормаларына сәйкес жүзеге асырады.

      37. ЖОО-да академиялық топтың толымдылығын білім беру ұйымдары дербес айқындайды.

      38. Даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтар, оның ішінде мүгедектерге жеке қажеттілігін ескере отырып білім алуына арнайы жағдайлар жасалады.

4 - тарау. ЖОО-ның оқу, тәрбие және шығармашылық қызметі

      39. ЖОО-ға білім алушыларды қабылдау конкурстық негізде "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      40. ЖОО-да жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды дайындау, мазмұны мен оқыту мерзімдері әртүрлі білім бағдарламалары бойынша жүргізіледі.

      Ұлттық зерттеу университеттерінде оқыту күндізгі нысанда ғана жүзеге асырылады.

      41. ЖОО-ның оқу-әдістемелік жұмысы:

      1) академиялық күнтізбе, жұмыстық оқу жоспарлары мен бағдарламалар әзірлеуді, элективтік пәндер каталогтарын, силлабустар, пәндер мен мамандықтардың оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуді;

      2) оқу пәндерін оқулықтармен, оқу құралдарымен, есептер жинағымен, кешенді тапсырмалармен, зертханалық, бақылау, курстық жұмыстар бойынша құралдармен, пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсынымдармен, сондай-ақ ағымдағы, межелік және қорытынды білім бақылауы, барлық оқу нысандары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау материалдарымен оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді;

      3) кәсіптік практикалардың барлық түрлерінің бағдарламаларын, сондай-ақ (дипломдық жұмыстарды/жобаларды, спектаклдер, бітіруші көрсетілімдері) бітіруші біліктілік жұмысын немесе қойылымын жазу туралы әдістемелік құралды әзірлеу;

      4) білім алушылардың оқу материалын меңгеруін арттыратын заманауи білім технологиялары мен оқыту әдістерін әзірлеуді;

      5) ізденіске, талдауға және қызмет нәтижелерін қалыптастыруға қабілеттілігін дамытуға бағытталған студенттердің өзіндік жұмысын оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді;

      6) оқытушылар мен мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеуді қамтиды.

      42. ЖОО оқу және әдістемелік жұмыстың мазмұнын жоспарлауды, ұйымдастыру тәсілін, құрылымын кредиттік оқыту технологиясы негізінде жүзеге асырады.

      43. Оқу-әдістемелік қызметін ұйымдастыру академиялық күнтізбе, оқу сабақтарының кестесі негізінде жүзеге асырылады.

      Оқу қызметінің құрылымы оқу жоспарларының (үлгілік, жеке, жұмыс) және кәсіптік оқу бағдарламаларының, оқу жүктемесі көлемінің, академиялық кезеңдер ұзақтығының, академиялық сабақ түрлерінің, оқу материалы көлемінің негізінде қалыптасады.

      44. Білім беру бағдарламалары кәсіптік стандарттар және білім алушылардың құзыреттілігін қалыптастыру қағидаттары негізінде әзірленеді.

      45. Академиялық күнтізбе, мамандықтардың жұмыс оқу жоспарлары мен профессорлық-оқытушылық құрамның орташа жылдық педагогикалық жүктемесі жоо-ң Ғылым кеңесінің шешімімен бекітіледі.

      46. Оқытуды дараландыруға бағытталған кредиттік оқыту технологиясының негізгі қағидаттарын іске асыру мақсатында таңдау бойынша компонент пәндерінің аннотацияланған тізбесін қамтитын элективті пәндер каталогы жасалады.

      47. ЖОО-да оқу жұмысының мынадай негізгі түрлері белгіленеді: дәрістер, практикалық (семинарлар), зертханалық, студиялық сабақтар, жеке сабақтар, студенттің өзіндік жұмысы, курстық, есептік-графикалық жұмыстар, кәсіптік практикалардың барлық түрлері, қорытынды аттестаттауға дайындық және одан өту.

      Дәрістер мен семинарлар, практикалық, студиялық, зертханалық жеке сабақтар арасындағы кредит көлемінің арақатынасын жоо үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықтайды.

      48. Дәріс сабақтарын өткізуге, бітірушінің біліктілік жұмысына жетекшілік етуге, студенттің ҒЗЖ профессор, доцент, аға оқытушы лауазымдарын атқаратын оқытушылар жіберіледі.

      49. Дәрістер оқуға және/немесе басқа оқу сабақтарының түрлерін өткізуге, еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, өнер қайраткерлері, немесе, мамандық бейіні бойынша кемінде 3 жыл практикалық тәжірибесі бар тәжірибелі мамандар да тартылуы мүмкін.

      50. Оқу жұмысының басқа түрлері атқарып отырған лауазымына қарамастан барлық оқытушылардың педагогикалық жүктемесіне кіруі мүмкін.

      51. Оқу жұмысы аудиториялық (дәрістер, семинарлар, практикалық)студиялық, жеке және зертханалық сабақтар) және аудиториядан тыс деп бөлінеді, оған оқу жұмысының барлық қалған түрлері кіреді.

      52. Білім алушылардың жоғары білім беру бағдарламаларын меңгеруі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасай отырып, жоо оқыту нысандарын, әдістері мен құралдарын дербес анықтайды.

      Бұл ретте оқу сабақтары инновациялық оқыту технологияларын ескере отырып, ғылым, техника, технологиялар, ақпараттық жүйелердің ең озық жетістіктерін пайдалана отырып және интерактивті нысанда өткізіледі.

      53. ЖОО оқытушысы оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының талаптарын сақтау шартымен, оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу тәсілдері мен нысандарын, оқыту әдістерін таңдау еркіндігіне ие.

      54. Міндетті компонент пәндері бар пәндер циклі үшін тізбесі мен мазмұны үлгілік оқу жоспары мен типті оқу бағдарламалары бойынша анықталады.

      Таңдаудың міндетті компоненті бар пәндер циклі үшін тізім мен мазмұн элективті пәндер каталогы, жұмыс оқу жоспары, жұмыс оқу жоспары және силлабустармен анықталады. Міндетті компонент пәндерінен тұратын пәндер циклы үшін сондай-ақ тізбесі мен мазмұны жұмыстық оқу жоспарларында анықталатын элективтік пәндер каталогі, жұмыстық оқу бағдарламаларында және силлабустарда айқындалатын таңдау компоненті пәндерінен тұрады.

      Әрбір пән, әдетте, бір академиялық кезең ішінде оқытылады.

      55. Міндетті компоненттері бар пәндер үлгілік оқу жоспары мен типтік оқу бағдарламалары арқылы анықталады. Таңдаудың міндетті компоненті бар пәндер циклі үшін тізім мен мазмұн элективті пәндер каталогы, жұмыс оқу жоспары, жұмыс оқу бағдарламалары және силлабустармен анықталады.

      56. Оқыту барлық оқу нысандарына бірдей оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.

      57. ЖОО-да оқу үрдісі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар адамдар үшін жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған оқу бағдарламалары бойынша ұйымдастырылуы мүмкін.

      Бұл жағдайда көлемдерінің жеткіліктігі және білім беру бағдарламасының сабақтастығы шартымен кредиттерді есептеу және бұрын игерген пәндерді есепке алу жүзеге асырылады. Оқу ауқымы мен мерзімі транскрипт (дипломға қосымшалар) негізінде айқындалатын білім алушылардың пререквизиттері ескеріле отырып айқындалады.

      Техникалық және кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар үшін қысқартылған бағдарламалары бойынша күндізгі нысан бойынша оқу мерзімі кемінде 3 жылды, жоғары білімі бар тұлғалар үшін кемінде 2 жылды құрайды.

      58. Білім алушылардың кәсіптік практикасы, оқу және ғылыми тағылымдамасы, ҒЗЖ және экперименталдық-зерттеу жұмысы академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізіледі.

      Кәсіптік практика оқыту үрдісінде алынған теориялық білімдерді бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді меңгеруге бағытталған.

      59. ЖОО әзірлеген бағдарлама мазмұны және кәсіптік практика базасы мамандық бейініне (білім бағдарламасына) сәйкес келуі тиіс.

      60. ЖОО практика базалары болып табылатын ұйымдарымен кәсіптік практикадан өткізу келісімшарттарын "Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының және кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шарт нысандарын бекіту туралы" мемлекеттік тіркеудің мемлекеттік Реестрі тізіліміне №13227 нөмерімен тіркелген Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы №93 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша жасайды.

      61. Кәсіптік практиканың барлық түрлеріне жолдама мерзімі, базасы мен басшысын көрсете отырып, жоо ректорының бұйрығымен рәсімделеді.

      Диплом алды практикаға ғылыми жетекшілікті бітірушінің біліктілік жұмысының ғылыми жетекшісі жүзеге асырады.

      62. Сыртқы бөлімде білім алушылар мамандығы бойынша жұмыс істеген жағдайда, кәсіптік практикадан босатылады. Бұл жағдайда олар жоо-на кәсіби қызметін көрсететін жұмыс орнынан анықтама, қызметі балдық бағамен бағаланған мінездеме әкелулері қажет.

      63. ЖОО білім алушылардың ағымдағы және межелік үлгерімін бақылау және аралық аттестаттаудан өткізу нысандарын, тәртібі мен мерзімділігін дербес таңдайды.

      64. Білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу, меңгерілген кредиттерді есепке алу, аралық аттестаттауды өткізу және білім алушылардың оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын жүргізу үшін жоо-да офис тіркеуші құрылады.

      65. Офис тіркеуші мынадай функцияларды атқарады:

      1) білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеуді жүргізеді;

      2) академиялық топтар мен лектер құрады;

      3) білім алушылардың жеке оқу жоспарларын белгіленген тәртіппен тіркейді;

      4) білім алушылардың аралық және қорытынды аттестатталуын ұйымдастырады және өткізеді;

      5) білім алушылардың академиялық рейтингін есептеуді жүзеге асырады;

      6) оқытудың барлық кезеңі ішінде және бүкіл оқыту кезеңінде білім алушылардың игерген кредиттерін есепке алуды жүргізеді;

      7) білім алушылардың транскриптін жазып береді;

      8) академиялық ұтқырлықты ұйымдастырады.

      66. Оқу үдерісі мен ҒЗЖ қамтамасыз ету мақсатында жоо-да оқу және мамандандырылған зертханалар көзделген.

      Зертхана жабдығы заманауи және адекваттық бакалаврлар, магистранттар және PhD даярлаудың бағдарламаларына сай болуы тиіс.

      67. Оқу және тәрбие жұмысы білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамының адамдық қадір-қасиетін өзара құрметтеу негізінде жүзеге асырылады.

      68. ЖОО-ның тәрбие қызметі оқу үрдісінің құрамдас бөлігі болып табылады және тұлғаның кәсіби, әлеуметтік, зияткерлік, адамгершілік, шығармашылық қасиеттері мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

      69. ЖОО-ның тәрбие жұмысы тәрбие жұмысы бойынша кешенді жоспар негізінде жүзеге асырылады.

      ЖОО-ның тәрбие жұмысы:

      1) білім алушылардың бойында өз бетінше және білікті түрде шешімдер қабылдау мен біліктілікті жүзеге асыру икемділіктерін қалыптастыру;

      2) білім алушылардың бойында патриотизм, азаматтылық, интернационализм, жоғары мораль мен адамгершілікті қалыптастыру;

      3) білім алушыларды салауатты өмір салтына, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысуға ынталандыру;

      4) кафедра бейіні бойынша білім алушылардың ой-өрісін кеңейтуге, таңдаған мамандығына құндылық қатынасты қалыптастыруға ықпал ететін тақырыптық іс-шаралар өткізу;

      5) жалпы білім беретін орта мектептерде, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың арасында кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу кіреді.

      70. Шығармашылық қызмет оқу үрдісінің құрамдас бөлігі және болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін, шығармашылық әлеуетін ашу және мәдениет және өнер саласында арнайы дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

5-тарау. Білімді бақылау мен бағалау

      71. Кәсіби дайындықтары мен оқу жетістіктерін бағалау үшін жоо-да білім алушылардың білімін бақылау мен бағалау жүйесі ұйымдық-құқықтық нысандарына, оқыту және бағыныстылық нысандарына қарамастан жұмыс істейді.

      72. ЖОО-да білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау және бағалау жүйесі түрлі нысандарды қамтиды: үлгерімді ағымдағы бақылау, білім алушыларды аралық аттестаттау және қорытынды мемлекеттік аттестаттау.

      73. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау пәннің оқу бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақтарда оқытушы жүргізетін білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тексеруді қамтамасыз етеді.

      74. Пәннің оқу бағдарламасы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудың алуан түрлерін айқындайды: ауызша сұрау, жазбаша бақылау, құрамдастырылған бақылау, үй тапсырмаларын таныстыру, пікірталастар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, кейс-стадилер, тесттер.

      75. Курстық, шығармашылық, есептеу-графикалық және оқу жоспарында көзделген басқа да жұмыс түрлері емтихан сессиясы басталғанға дейін қорғалып, осы пәннен емтиханға жіберу қызметін атқаруы тиіс. Осы жұмыс түрлері бойынша бағалаулар пәннен емтиханға жіберу рейтингісін есептеу кезінде (яғни рейтингілік бақылау жүргізу кезінде) ескерілуі тиіс.

      Егер оқу жоспарына сәйкес пән бойынша бақылау нысаны курстық жұмыс (жоба), көрсетілім, қойылым болып қана айқындалса, онда қорғау бағасы жалпы пән бойынша жалпы қорытынды баға болып табылады.

      76. Білім алушылардың әр пәннен оқу жетістіктерінің деңгейі емтиханға жіберу рейтингісінің бағасынан, емтихан бағасынан құралатын қорытынды бағамен айқындалады, олардың сомасы қорытынды бақылау бағасын қалыптастырады. Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы үлгерімді ағымдағы бақылау бағасы мен межелік бақылау бағасынан құралады. Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы пәннен қорытынды білім бағасының 60%-ын құрайды.

      77. Үлгерімді ағымдағы бақылау нәтижелерін есепке алуды оқытушы студенттердің жеке сабақ түрлерін орындау мен тапсыру шамасына қарай силлабусқа сәйкес жүргізеді. Тапсырмаларды орындау студенттердің сабаққа қатысу және үлгерім журналында, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі білім алушылардың білімін ағымдағы бақылаудың электрондық тізбесінде тіркеледі.

      78. Сырттай оқыту нысандарының студенттері емтиханға жіберу рейтингін барлық тиісті тапсырмаларды орындау шартымен белгіленген кесте бойынша емтихан сессиясы басталғанға дейін жинайды.

      79. Экстернат нысанында білім алушылар жоо құрылымдық бөлімшесінің басшысы бекіткен жеке кесте бойынша емтиханға жіберу рейтингін жинайды.

      80. Қорытынды бақылау аралық аттестаттау кезеңінде жүргізіледі. Қорытынды бақылауды бағалау пән бойынша білімді қорытынды бағалаудың 40%-ын құрайды.

      Қорытынды бағалау білім алушы жіберу рейтингісімен қорытынды бақылаудан оң баға алған жағдайда ғана есептеледі.

      Қорытынды баға, егер тыңдаушының аралық бақылау, рұқсат беру рейтингі және қорытынды бақылау тұрғысынан оң бағалары болса ғана есептеледі.

      81. Білім алушы ЖОО-дан келесі жағдайларда оқудан шығарылады:

      1) академиялық үлгермеушілігі;

      2) академиялық адалдық қағидаттарын бұзғаны үшін;

      3) Ішкі тәртіп қағидалары мен ЖОО жарғысын бұзғаны үшін;

      4) білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың талаптарын бұзғаны үшін, оның ішінде ақылы негіздегі оқу құнын төлемеген жағдайда;

      5) өз еркімен.

      82. Білім алушы аралық аттестаттау кезінде оқу пәні (модуль) бойынша емтиханды екі реттен артық емес қайта тапсыруға жол беріледі.

      Үшінші рет "қанағаттанарлықсыз" бағаға сәйкес келетін FX немесе F бағасын алғанда, білім алушы қаншалықты "қанағаттанарлықсыз" бағасын алуына қарамастан ЖОО-дан оқудан шығарылады және осы пәнге қайтадан жазылу мүмкіндігінен айырылады.

      Бұл ретте, білім алушы өз қалауынша басқа ЖОО-ға және (немесе) басқа білім беру бағдарламаға ауысады. Білім алушы өз қалауынша жалпы білім беретін пәндер циклінен басқа, "қанағаттанарлықсыз" бағасын алған пәні мазмұнында болмайтын басқа білім беру бағдарламасына ауысады.

      ЖОО-дан оқудан шығарылған білім алушыға ЖОО бірінші басшысы қол қойған және мөрмен бекітілген транскрипт беріледі.

      Транскрипте білім алушы игерген барлық оқу пәндері және (немесе) қорытынды бақылау (емтихан) бойынша барлық алынған бағалар, оның ішінде "қанағаттанарлықсыз" бағаға сәйкес келетін FX немесе F бағалары міндетті түрде жазылады.

      83. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау үшін ЖОО-да білім беру бағдарламалары немесе даярлау бағыттары бойынша аттестаттау комиссиясы құрылады және оның құрамын ЖОО белгілейді.

      84. Білім алушы жіберу рейтингісінің қорытынды бақылау бағаларына апелляция жасауға құқығы беріледі. Осы мақсатта университет ректорының бұйрығымен біліктілігі апелляцияланушы пән бейініне сәйкес келетін оқытушылар құрамынан апелляциялық комиссия құрылады.

      85. Кәсіптік практика қорытындылары бойынша студенттер тиісті кафедраға есеп тапсырады, оны жетекші мен кеңесші тексереді және кафедра меңгерушісі өкімімен құрылған комиссия алдында қорғайды. Есепті қорғау нәтижелері бағалаудың белгіленген балдық-рейтингілік әріптік жүйесі сараланған сынақпен бағаланады.

      Практика бойынша (әдетте оқу, оқу-таныстыру, орындаушылық) бір жетекшіні тағайындау кезінде баға көрсетілген білімге сәйкес ұсынылған есепті қорғау қорытындылары бойынша қойылады.

      Практика бойынша екі жетекшіні тағайындау кезінде (әдетте педагогикалық, өндірістік, диплом алды) практика базасынан жетекшісінің үлес салмағы қорытынды бағалауда 40%-ды құрайтын бағасы мен жоо барған жетекшінің қорытынды бағалауда 60%-ды құрайтын бағасы ескеріле отырып қорытынды баға қойылады.

      86. Практикадан өтпеген, практика бағдарламаларын орындамаған, жұмысы туралы теріс пікір алған немесе есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер теориялық оқытумен қатар келесі академиялық мерзімде немесе жазғы семестр кезеңінде практикаға қайта жіберіледі.

      87. Оқу жоспары мен бағдарламалардың барлық талаптарын толық орындаған білім алушылар қорытынды мемлекеттік аттестаттауға жіберіледі.

      Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – олардың тиісті білім беру деңгейінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.

      Қорытынды аттестаттау тиісті мамандықты игеру процесінде білім алушылардың алған білімдерін, шеберліктерін, дағдылары мен біліктілігін тексеруге бағытталған.

      Қорытынды аттестаттау мамандық бойынша тұтастай немесе жекелеген базалық және/немесе бейіндік пәндер бойынша жалпы мемлекеттік емтихан тапсыру және бітірушінің біліктілік жұмысы (дипломдық жұмыс/жоба) қорғау немесе басқа да профильдік бейініне сәйкес шығармашылық жұмыс, магистрлік немесе докторлық жұмысты жүзеге асырылады.

      88. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауда баға мемлекеттік аттестаттау комиссиясының барлық мүшелерінің пікірін және балдық-рейтингілік әріптік жүйе бойынша игерілген білімді ескере отырып қойылады.

      89. Бітірушінің біліктілік жұмысы (дипломдық жұмыс-жобаны немесе профильдік бейініне сәйкес басқа шығармашылық жұмысты) қорғау бағасы ғылыми жетекші пікірін, рецензент пікірін және қорғау нәтижелерін ескере отырып, қойылады.

      Қорытынды аттестаттаудың әрбір нысаны бойынша балдық-рейтингілік әріптік жүйе бойынша жеке баға қойылады.

      90. Қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша білім алушыға тиісті академиялық бакалавр дәрежесі, магистр академиялық дәрежесі тағайындалып және жоғары білім туралы диплом беріледі.

      91. Студенттің бір жылғы академиялық үлгерім деңгейі кредиттер мен пән бойынша қорытынды баға туындылары сомасының оқытудың ағымдағы кезеңі ішіндегі кредиттер сомасына қатынасы ретінде есептелетін орташа балл (GPA) түрінде айқындалады.

      92. Жазғы емтихан сессиясын өткізгеннен кейін факультет деканаттары кейіннен мәліметтерді офис тіркеушіге жібере отырып топтар, сондай-ақ мамандықтар мен оқыту курстары бойынша орташа академиялық рейтинг (немесе GPA деңгейі) бойынша студенттер мен оқу топтарын ранжирлеуді жүргізеді.

      93. Офис тіркеушісі факультеттер ұсынған академиялық рейтинг туралы деректерді, оқу жетістіктерін сырттай бағалау нәтижелерін қорытындылай отырып, факультеттерді ранжирлеуді жүргізеді, жоо бойынша үздік студенттер мен үздік академиялық топтарды айқындайды және осы ақпаратты жоо-ның веб-сайтына орналастырады.

      94. Уәкілетті органның сұрауы бойынша ЖОО халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және шетелдік құрылымдық бөлімшелердің (институттардың, орталықтардың, кафедралардың және т.б.) қызметі туралы есептерді жолдайды.

6-тарау. ЖОО-ның ғылыми және халықаралық қызметі

      95. Ғылыми-зерттеу қызметі білім мен ғылымның ықпалдасуын қамтамасыз етуге, осы негізде ғылыми-білім беру процесін,бәсекеге қабілетті ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті ұлттық инновациялық жүйенің нәтижелілігі мен тиімділігінің маңызды элементі ретінде дамытуға бағытталған.

      Іргелі, ізденгіштік, қолданбалы ҒЗЖ және инновациялық қызметтер жоо-ның құрылымдық бөлімшелерінде жүзеге асырылады.

      ЖОО-ның ғылыми-зерттеу жұмысы:

      1) іргелі, ізденгіштік, қолданбалы ғылыми-зерттеушілік, тәжірибелік-құрастырушылық жұмыстарды және инновациялық қызмет жүргізуді;

      2) ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен білім алушылардың ғылыми зерттеулері мен шығармашылық қызметі арқылы жаңа білімдерді алуды;

      3) жоғары білімді дамытудың теориялық және әдіснамалық негіздерін зерттеуді және әзірлеуді;

      4) жоо оқу процесіне оқытудың инновациялық технологияларын әзірлеу мен енгізуді;

      5) ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу процесіне және өндіріске енгізуді;

      6) өз ғылыми мектептерін қалыптастыруды және дамытуды, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді тартуды;

      7) әзірлемелерді коммерциялау және ғылымды көп қажет ететін және бәсекеге қабілетті техника мен технологиялар трансферті;

      8) зерттеушілер мен әзірлеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқықтарын қорғауды;

      9) тартылған қаражат пен инновациялық қызметті пайдалану есебінен зерттеулер мен әзірлемелердің қаржылық негізін кеңейтуді;

      10) білім алушылардың ҒЗЖ-сын ұйымдастыруды және жетекшілік етуді қамтиды.

      Профессорлық-оқытушылық құрам жеке жұмыс жоспарына сәйкес негізгі жұмыс уақытында өз қызметінің міндетті құрамдас бөлігі ретінде ҒЗЖ орындайды.

      96. ЖОО-ның ғылыми қызметі мамандар даярлау үдерісінің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Оқу және ғылыми және инновациялық үрдістердің бірлігі:

      студенттерді республикалық бюджет, басқа бюджеттер, бюджеттен тыс қаржыландыру көздері есебінен орындалатын ҒЗЖ-на қатысуға тарту;

      ғылыми және ғылыми-өндірістік бөлімшелер базасында белсенді оқу жұмысының, дипломдық және курстық жобалаудың, оқу және өндірістік практиканың, студенттерді мақсатты даярлаудың және мамандар даярлаудың басқа да әралуан нысандарын жүргізу;

      оқу және ғылыми процестерді компьютерлендіру, біртұтас ақпараттық ортаны қалыптастыру және студенттердің информатиканың заманауи әдістері мен құралдарын игеруі есебінен қамтамасыз етіледі.

      97. ҒЗЖ-сын үйлестіруді ғылыми жұмыс жөніндегі проректор жүзеге асырады.

      Аталған бөлімшелер ҒЗЖ дамыту және ағымдағы жоспарларын, есептілік нысандарын әзірлейді, жоо ҒЗЖ тізілімін жүргізеді, ғылыми-зерттеу қызмет нәтижелерін қорытындылайды, оларды жинақтайды.

      98. ҒЗЖ орындау нәтижелері бойынша күнтізбелік жоспарда көзделген аралық және қорытынды есептер жасалады. Есепте мазмұндалған деректердің дұрыстығына ҒЗЖ жетекшілері мен орындаушылар жауапты болады.

      99. ЖОО-ның халықаралық қызметі жетекші шетелдік университеттермен ынтымақтастық жасау бағдарламасының, халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларын іске асыру, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, оқытушылармен алмасу негізінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      100. ЖОО халықаралық шарттар мен келісімшарттарға сәйкес шетелдік азаматтар қатарынан мамандар даярлауды жүзеге асыруға құқылы.

7-тарау. ЖОО қызметін ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      101. ЖОО-ның ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі білім беру қызметін жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады.

      102. ЖОО-ның ақпараттық ресурстары қалыптастырылған идеялар мен білімдерді, әртүрлі деректерді, олардың жинау әдістері мен құралдарын, ақпарат көздері мен тұтынушылары арасындағы сақтау мен алмасуды білдіреді.

      Ақпараттық ресурстар кез-келген тасымалдағыштағы білім беру бағытындағы (басқарушылық, оқу, ғылыми, оқу-әдістемелік) толық мәтіндік, фактографиялық және библиографиялық деректер базасын, анықтамалық-іздестіру жүйелерін, оның ішінде дәстүрлі және электронды кітапханалық каталогтар мен картотекаларды, жергілікті қолжетімділіктегі электронды ресурстарды, білім беруші ақпаратты жасауды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдарды, ақпаратты тарату арналарын, білім беру мақсатты ретінде пайдаланылатын коммуникация құралдарын қамтиды.

      103. Кітапхана қоры ақпараттық ресурстардың құрамдас бөлігі болып табылады және оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетті, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді қамтиды.

      Жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру білім алушылардың электронды кітапханаларда орналастыратын халықаралық дереккөздерді қоса алғанда, кітапхана қорына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетке, оқу, ғылыми, ақпараттық деректер базасына, еркін қол жеткізумен қамтамасыз етіледі.

      Оқу және ғылыми әдебиеттер қоры келтірілген студенттер контингентіне қатынасы бойынша оқытудың толық циклында басылымның кемінде 140 бірлігін құрауы тиіс. Кітапхана қоры соңғы 10 жылда шығарылған негізгі оқу әдебиетінен тұрады. Бұл ретте қазақ және орыс тілдеріндегі басылымдар оқыту тілі бойынша білім алушылар контингентіне барабар болуы тиіс.

      Цифрлы тасымалдағыштардағы оқу әдебиеттерімен қамтылу мамандықтың оқу жоспарының базалық және бейіндік пәндерінің кемінде 40%-ын құрайды.

      104. Мәдениет және өнер саласындағы мамандарды дайындауға арналған әдебиеттерге кітаптар, нота жинақтары, партитуралар және клавирлер жатады.

      105. Оқу-әдістемелік әдебиеттерге оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік құралдар, дидактикалық, көрнекі құралдар, оқу-әдістемелік әзірлемелер, пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулықтар немесе ұсынымдар, зертханалық, курстық, дипломдық және басқа да жазба жұмыс түрлерін орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар, оқу пәндері бойынша анықтамалық құралдар мен басылымдар жатады.

      106. ЖОО кітапханасының ғылыми қоры мамандарды даярлау бағыттары мен мамандықтарына зерттеу саласын қамтитын монографиялық, ғылыми және ғылыми-өндірістік сипаттағы кітаптар тізбесін қамтиды.

      Ғылыми қорға сондай-ақ энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, түсініктемелер, бағдарлама бойынша оқытылатын әдеби шығармалар, нормативтік құқықтық актілер, мерзімді басылымдар, оның ішінде білім беру ұйымдарының хабаршылары, ғылыми еңбектердің, оқыту бейініне сәйкес келетін халықаралық конференциялардың жинақтары кіреді.

      107. Оқу әдебиетінің өз басылымдары оқу құралдарын, оқу-әдістемелік құралдарды қамтиды.

      Әдістемелік әдебиеттің өз басылымдары әдістемелік ұсыныстарды, оқу пәндерін оқыту, игеру, оқу жұмыстарының жекелеген түрлерін орындау бойынша нұсқаулар мен құралдарды қамтиды.

      108. ЖОО оқу-ғылыми ақпараттық активтерін жинау, жинақтау, сақтау, шығару процестері білім беру ұйымдары кітапханаларының жұмысы жөніндегі әдістемелік материалдарға сәйкес жүзеге асырылады.

      109. ЖОО-ларда интернет ресурсты, ақпараттық-білім порталын, оқытудың кредиттік технологиясын қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесін, жоо жергілікті желілерінде орналасқан ақпараттық-білім ресурстарының жиынтығын және жоо-ның кез келген компьютерінен интернетке жолақты және жоғары жылдамдықта барлық ақпараттық ресурстарға қол жетімділікті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тармақталған компьютерлік желіні қамтитын жоғары технологиялық ақпараттық-білім беру ортасы құрылуы тиіс.

      110. Ақпараттық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету білім алушылардың өзіндік жұмысына дәйекті ден қоюды күшейте отырып жүзеге асырылады.

      111. Тиісті дәрісханалық және зертханалық базалардың, оқу кабинеттерінің, спорт залдарының және оның қызметін қамтамасыз ететін және оған меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі шеберханалар мен басқа да үй-жайлардың болуы жоо қызметінің міндетті шарты болып табылады.

      112. ЖОО-ның екі ауысымнан оқыту нысандары бойынша оқу сабақтарын жүргізу үшін қажетті дәрісханалық қоры мен қосалқы үй-жайлары болуы тиіс.

      113. Білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру үшін жоо-ның арнайы мақсаттағы оқу кабинеттері (камералық зал, хореография класы, лингафонды кабинеттер, компьютерлік сыныптар), сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу-ғылыми процесті сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тапсырмалардың әралуан түрлерімен, бағдарламалық құралдармен, оқу жұмыс жоспарларымен және бағдарламалармен, оқу-әдістемелік және ҒЗЖ-ның жоспарларымен және басқа да құжаттамалармен қамтамасыз етілген заманауи оқу-зертханалық жабдықтары болуы тиіс

      114. Ғимараттың оқу алаңы, дәрісхана қоры, оқу және ғылыми зертханалар, оқу кабинеттері, спорт залдары, кітапханалар, шеберханалар мен жоо-ның қызметін қамтамасыз ететін басқа да үй-жайлары қолданыстағы санитариялық нормалармен қағидалар талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

      115. Бір студентке оқу алаңының нормасы жоо типіне байланысты белгіленеді және кемінде 6 шаршы метр болуы тиіс.

      116. Үй-жай алаңдары үй-жай мақсаттылығына байланысты, оқу сабақтарының түрлеріне, студенттер мен қызметкерлер санына, оқу сабақтарының ауысымдылығына сәйкес белгіленеді.

      Студенттердің есептік саны күндізгі оқу нысаны студенттерінің ең көп саны бойынша және сырттай оқу нысаны студенттерінің 10% саны бойынша қабылданады.

      117. Спорт залдарының жалпы алаңы (олардың жанындағы қосалқы ғимараттарды, бассейндер мен жеңіл атлетикалық манеждерді есептемегенде) бір студентке кемінде 1,0 шаршы метр қабылдануы тиіс.

      118. ЖОО-ның білім алушылар контингенті мен айқындалатын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша айқындалатын мөлшерден кем емес оқыту құнына қарай, білім алу жағдайларын қамтамасыз ететін қаржылық ресурстары болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады