"Жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн қалыптастыру мақсаттары үшін облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, аудандарға және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берiлетiн кодтардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 188 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 420 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 1 қарашада № 17662 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн қалыптастыру мақсаттары үшін облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, аудандарға және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берiлетiн кодтардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 188 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10672 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн қалыптастыру мақсаттары үшін облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, аудандарға және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берiлетiн кодтардың тiзбесiнде:

      "

Оңтүстік Қазақстан облысы – 19

      "

      деген бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Түркістан облысы – 19

      ";

      "Оңтүстік Қазақстан облысы – 19" деген бөлімде:

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Жетісай ауданы

325

Келес ауданы

326

      ";

      "Оңтүстік Қазақстан облысы – 19" деген бөлімде:

      "

Шымкент қаласы

309

      ";

      деген жол алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы "Шымкент қаласы – 22" деген бөліммен толықтырылсын:

      "

Шымкент қаласы -22

Абай ауданы

327

Әл – Фараби ауданы

328

Еңбекші ауданы

329

Қаратау ауданы

330

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары –
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________Т. Сүлейменов

      2018 жылғы "___" ________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады