Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 1520 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 55 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 9 қарашада № 17723 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 16.11.2022 № 936 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.11.2022 № 83 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында тексеру парағы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев
      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас Прокуратурасының

      Құқықтық статистика

      және арнайы есепке алу

      жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 1 қарашадағы
№ 1520 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 2 қарашадағы
№ 55 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 06.09.2023 № 643 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.09.2023 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына әзірленді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен бекітілген тексеру парақтарының нысандарына сәйкес әзірленді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген).

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

      2) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

      3) тәуекел – бақылау және қадағалау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;

      4) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату процесі;

      5) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      6) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

      7) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      8) тексеру парағы – бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі;

      9) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылаудың нақты саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.

      3. Кодекстің 141-бабының 5-тармағына сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтары реттеуші мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітіледі және реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.

2-тарау. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) талаптарға сәйкестігіне тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі

      4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары бірнеше кезеңмен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау (Шешімдерді мультиөлшемшартты талдау) арқылы қалыптастырылады.

      Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің орташа дәрежелеріне жатқызылған бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      5. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар өрескел, елеулі және болмашы бұзушылық дәрежелеріне сәйкес келеді.

      Бұзушылық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) субъективті өлшемшарттар бойынша өрескел, елеулі, болмашы бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес беріледі.

      6. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.

1-параграф. Объективті өлшемшарттар

      7. Объективті өлшемшарттарды айқындау тәуекелді айқындау арқылы жүзеге асырылады.

      8. Объективті өлшемшарттар бойынша орташа тәуекел дәрежесін бақылау субъектілеріне (объектілеріне) жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін және тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу бөлігінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдары жатады.

2-параграф. Субъективті өлшемшарттар

      9. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

      1) дерекқорын қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

      10. Дерекқорын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.

      11. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалау мынадай ақпарат көздері бойынша айқындалады:

      1) бақылау субъектісі, оның ішінде "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының" ақпараттық жүйесі арқылы (бұдан әрі – "ЖМБМК" АЖ) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;

      2) алдыңғы тексерулердің және бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері.

      12. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде жылжымайтын мүлікті тіркеу саласындағы уәкілетті орган талдауға және бағалауға жататын субъективті өлшемшарттарды осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес қалыптастырады.

      13. Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау неғұрлым ықтимал тәуекелі бар бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау субъектісінің (объектісінің) профилактикалық бақылауын шоғырландыруға мүмкіндік береді.

      Талдау және бағалау кезінде нақты бақылау объектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі аяқталған деректер қолданылмайды.

      Алдыңғы жүргізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың тексерудің қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.

      14. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын және осы Қағидалардың 3-тарауында айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар көрсеткішінің маңыздылығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

      Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығы және субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің маңыздылығы осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдарына қатысты субъективті өлшемшарттары бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес белгіленеді.

3-параграф. Бағалау жүйесін қалыптастыру ерекшеліктері және тәуекелдерді басқару

      15. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу тізімдерін қалыптастыратын "ЖМБМК" АЖ және басқа да ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      16. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебі, сондай-ақ бақылау субъектісі тәуекелдің жоғары, орташа немесе төмен дәрежелеріне жататын тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері осы Өлшемшарттардың 14-тармағына сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында белгіленеді.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеу тәртібі

      17. Бақылау субъектісін осы Өлшемшарттардың 4-тармағына сәйкес тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Жылжымайтын мүлікті тіркеу саласындағы уәкілетті орган бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуге байланысты осы Өлшемшарттардың 11 немесе 12-тармақтарына сәйкес көздерден ақпарат жинайды және субъективті өлшемшарттар бойынша дерекқорын қалыптастырады.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша осы Өлшемшарттардың (SC) 14-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттарға сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қорытындылау жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.

      Rарал = SP + SC , мұнда:

      Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,

      SC – осы Өлшемшарттардың 15-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.

      Есеп мемлекеттік бақылаудың әрбір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.

      18. Алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі балмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.

      19. Осы Өлшемшарттардың 12-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұнда

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұнда:

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРз + SРн, мұнда:

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      20. Осы Өлшемшарттардың 14-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      xi - субъективті өлшемшарт көрсеткіші,

      wi - субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағы xi

      n – көрсеткіштер саны.

      Осы Өлшемшарттардың 16-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      21. R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:



      R – бақылау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),

      Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),

      Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),

      Rарал – осы Өлшемшарттардың 19-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.

4-тарау. Тексеру парақтары

      22. Тексеру парақтары бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін жасалады және Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес талаптарды қамтиды және Кодекстің 143-бабының 2-тармағында айқындалған шарттарды сақтай отырып жүргізіледі.

      23. Тексеру парақтары осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.

  Жылжымайтын мүлікке
құқықтарды тіркеу саласында
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
1-қосымша

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында бақылау субъектілері (объектілері) талаптарының бұзылу дәрежелері

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1

Құқықтық қатынастардың субъектiлерi мен объектiлерi, жылжымайтын мүлiкке және өзге де тiркеу объектiлерiне құқық немесе құқық ауыртпалығы түрi не олардың туындау, өзгеру немесе тоқтатылу негiздерi заңнама талаптарына сәйкес келмеген кезде мемлекеттік тіркеу жүргізуге жол бермеу

Өрескел

2

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол бермеу

Елеулі

3

Құқықтық кадастрда құқықты немесе өзге де мемлекеттiк тiркеу объектiсiн мемлекеттiк тiркеудi болғызбайтын ауыртпалықтар (тыйым салу) болған кезде жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу жүргізуге жол бермеу

Өрескел

4

Мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті адамдар салатын ауыртпалықтарды, сондай-ақ заңдық талаптарды тіркеу тіркеуші органға өтініш түскен сәттен бастап тіркеу жүргізу

Өрескел

5

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғаға құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізуге жол бермеу

Өрескел

6

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізу үшін қажетті құжаттар топтамасы толық болмаған кезде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізуге жол бермеу

Өрескел

7

Құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелерін тіркеуші орган ақпарат алуға сұрау салу берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс

Елеулі

8

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден негізсіз бас тартуына жол бермеу

Өрескел

9

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау:
- жылжымайтын мүлікке құқықтарды (осындай құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс;
- электрондық тiркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесiне жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн ақының төленгенi немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен күннен кейiнгi бір жұмыс күнінен кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс;
- нотариат куәландырмаған мәміленің жылжымайтын мүлікке құқықтарын мемлекеттік тіркеу өтініш тіркеуші органға келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс;
- жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу өтініш иесінің қалауы бойынша, тіркеуші органға өтініш келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;
- мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті адамдар салатын ауыртпалықтарды, сондай-ақ заңдық талаптарды тіркеу тіркеуші органға өтініш түскен сәттен бастап дереу жүргізілуге тиіс;
- ауыртпалықтардың, сондай-ақ заңдық талаптардың тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс.

Өрескел

10

Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес үдерістерін сақтау

Елеулі

11

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде негізсіз тоқтата тұруға жол бермеу

Өрескел

12

Тіркеу істерінің тиісінше жүргізілуі және сақталуы

Өрескел

13

Ресми интернет - ресурстары мен баспа шығарылымдарда жылжымайтын мүлікті тіркеу кезінде азаматтардың жеке деректерін, оның ішінде жеке өмірінің құпиясын, ақпараттың болуы

Өрескел

14

Соттың бақылау субъектіге қатысты жеке қаулы немесе ұйғарым шығару фактісінің орын алуы

Өрескел

15

Кінәсі көрсетіліп, тіркелу фактісін жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген соттың шешімді шығаруы фактісінің болуы

Өрескел

16

Соттың бақылау субъектіге қатысты лауазымды адамдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне негізделген шағымға сәйкес заңды күшіне енген шешімді шығаруы фактісінің болуы

Өрескел

17

"ЖМБМК" АЖ-не сенімсіз енгізу

Өрескел

18

Қызметінен босатылған қызметкердің "ЖМБМК" АЖ-да жұмыс жасауы үшін пайдаланылатын логинін бұғаттау үшін өтінім жолдамау

Болмашы

19

Қызметкерлердің "ЖМБМК" АЖ-да жұмыс жасауы үшін басқа жауапты қызметкердің логинін пайдалануы

Елеулі

  Жылжымайтын мүлікке
құқықтарды тіркеу саласында
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
2-қосымша

Жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін және тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу саласында тәуекел дәрежелерін айқындау үшін субъективті өлшемшарттар тізбесі

Р/с №

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (сомасы 100 балдан аспауы тиіс), wi

Шарттар /мәндер, xi

1-шарт/мән

2-шарт /мән

1

2

3

4

5

6

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жылжымайтын мүлікті тіркеу саласындадағы тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттар тізбесі

Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін

1

Жылжымайтын мүлікті тіркеу саны туралы мәліметтердің ұсынылуы

Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері

50

Уақтылы ұсыну / 0%

Есепті ұсынбау / 100%

2

Мерзімін бұза отырып, жылжымайтын мүлікті тіркеу саны туралы мәліметтерді ұсыну

Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері

50

Уақтылы ұсыну / 0%

Есепті ұсынбау / 100%

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 1 қарашадағы
№ 1520 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 2 қарашадағы
№ 55 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Тексеру парағы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 06.09.2023 № 643 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.09.2023 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында ___________________________

      __________________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес) жылжымайтын мүлікке

      құқықтарды тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік

      корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдары (тіркеуші

      органдардың) қызметіне қатысты_____________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (бақылау субъектілерінің біртекті тобының атауы)

      Бақылау субъектісіне бару арқылы тексеруді/профилактикалық бақылауды

      тағайындаған мемлекеттік орган ______________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне бару арқылы тексеруді/профилактикалық бақылауды тағайындау

      туралы акт ________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      №, күні

      Бақылау субъектісінің атауы _________________________________________________

      (бақылау субъектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      __________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы_______________________________________________

Талап тізбесі

Талаптарға сәйкес

Талаптарға сәйкес емес

1

2

3

4

1

Құқықтық қатынастардың субъектiлерi мен объектiлерi, жылжымайтын мүлiкке және өзге де тiркеу объектiлерiне құқық немесе құқық ауыртпалығы түрi не олардың туындау, өзгеру немесе тоқтатылу негiздерi заңнама талаптарына сәйкес келмеген кезде мемлекеттік тіркеу жүргізуге жол бермеу



2

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол бермеу



3

Құқықтық кадастрда құқықты немесе өзге де мемлекеттiк тiркеу объектiсiн мемлекеттiк тiркеудi болғызбайтын ауыртпалықтар (тыйым салу) болған кезде жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу жүргізуге жол бермеу



4

Мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті адамдар салатын ауыртпалықтарды, сондай-ақ заңдық талаптарды тіркеу тіркеуші органға өтініш түскен сәттен бастап тіркеу жүргізу



5

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғаға құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізуге жол бермеу



6

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізу үшін қажетті құжаттар топтамасы толық болмаған кезде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізуге жол бермеу



7

Құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелерін тіркеуші орган ақпарат алуға сұрау салу берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс



8

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден негізсіз бас тартуына жол бермеу



9

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау:
- жылжымайтын мүлікке құқықтарды (осындай құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс;
- электрондық тiркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесiне жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн ақының төленгенi немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен күннен кейiнгi бір жұмыс күнінен кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс;
- нотариат куәландырмаған мәміленің жылжымайтын мүлікке құқықтарын мемлекеттік тіркеу өтініш тіркеуші органға келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс;
- жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу өтініш иесінің қалауы бойынша, тіркеуші органға өтініш келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;
- мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті адамдар салатын ауыртпалықтарды, сондай-ақ заңдық талаптарды тіркеу тіркеуші органға өтініш түскен сәттен бастап дереу жүргізілуге тиіс;
- ауыртпалықтардың, сондай-ақ заңдық талаптардың тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс.



10

Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес үдерістерін сақтау



11

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде негізсіз тоқтата тұруға жол бермеу



12

Тіркеу істерінің тиісінше жүргізілуі және сақталуы



13

Ресми интернет - ресурстары мен баспа шығарылымдарда жылжымайтын мүлікті тіркеу кезінде азаматтардың жеке деректерін, оның ішінде жеке өмірінің құпиясын, ақпараттың болуы



14

Соттың бақылау субъектіге қатысты жеке қаулы немесе ұйғарым шығару фактісінің орын алуы



15

Кінәсі көрсетіліп, тіркелу фактісін жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген соттың шешімді шығаруы фактісінің болуы



16

Соттың бақылау субъектіге қатысты лауазымды адамдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне негізделген шағымға сәйкес заңды күшіне енген шешімді шығаруы фактісінің болуы



17

"ЖМБМК" АЖ-не сенімсіз енгізу



18

Қызметінен босатылған қызметкердің "ЖМБМК" АЖ-да жұмыс жасауы үшін пайдаланылатын логинін бұғаттау үшін өтінім жолдамау



19

Қызметкерлердің "ЖМБМК" АЖ-да жұмыс жасауы үшін басқа жауапты қызметкердің логинін пайдалануы



      Лауазымды тұлға (тұлғалар)

      _______________________________________________________________________

      (лауазымы) (қолы)

      ________________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Бақылау субъектісінің басшысы ____________________________________________

      (лауазымы) (қолы)

      _________________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады