Сәйкестікті растау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 710 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 қарашада № 17758 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 29.06.2021 № 433-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сәйкестікті растау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 12 қазандағы
№ 710 бұйрығымен бекітілген

Сәйкестікті растау қағидалары

1-тарау. Жалпы қағидалар

      1. Осы Сәйкестікті растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық реттеу саласындағы нормативтік базасын құрайтын әртүрлі өнімдердің айналымы туралы халықаралық келісімдермен және басқа да құжаттармен, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерімен реттелмеген, өнімге және өніммен байланысты үдеріске қойылатын талаптар бөлігінде техникалық регламенттермен, стандарттармен немесе шарттардың талаптарымен белгіленген талаптарға, өнімге немесе көрсетілетін қызметтердің (сәйкестікті декларациялау немесе сертификаттау түрінде) сәйкестігін растау кезінде қолданылады.

      2. Осы Қағидалар сәйкестікті міндетті және ерікті растау кезінде қолданылады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада техникалық реттеу объектілерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құзыреттілігін ресми танитын рәсім;

      2) аккредиттеу саласы - аккредиттеу қолданылатын, ресми танылған сәйкестікті бағалау объектілері;

      3) инспекциялық бақылау - "Сәйкестікті растау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 331 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10979 болып тіркелген), сертификатталған өнімнің, процестің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген орган жүзеге асыратын тексеру;

      4) мiндеттi сертификаттау - сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың қатысуымен өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсімі;

      5) өнімді, көрсетілетін қызметті сәйкестендіру - белгілі бір өнімді, көрсетілетін қызметті ерекшелейтін белгілері бойынша біржақты тануды қамтамасыз ететін рәсім;

      6) өнімнің және процестердің қауіпсіздігі (бұдан әрі – қауіпсіздік) - қауіпті фактордың іске асу ықтималдығы мен оның зардаптарының ауырлық деңгейінің ұштасуын ескере отырып, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне зиян келтіруіне байланысты жол берілмейтін қауіп-қатердің болмауы;

      7) сәйкестік белгісі - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі;

      8) сәйкестікті ерікті растау - дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, үдерістік стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растауды жүзеге асыратын рәсім;

      9) сәйкестікті міндетті растау - өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау арқылы жүзеге асырылатын рәсім;

      10) сәйкестікті растау - нәтижесі объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын рәсім;

      11) сәйкестікті растау жөніндегі орган (бұдан әрi – СРО) - сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;

      12) сәйкестікті растау нысаны - нәтижелері өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігінің дәлелі ретінде қаралатын іс-қимылдардың жиынтығы;

      13) сәйкестікті растау саласындағы құжат - сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген СРО берген сәйкестік сертификаты немесе өнімді дайындаушы қабылдаған сәйкестік туралы декларация;

      14) сәйкестікті растау схемасы (бұдан әрi – растау схемасы) - объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, сапа менеджменті жүйесін бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау және басқалар) сипаттай отырып айқындау тәсілдері;

      15) сәйкестік сертификаты (бұдан әрi - сертификат) - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат;

      16) сәйкестік туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналымға шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;

      17) сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі СРО өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім;

      18) сынақ зертханасы (орталығы) (бұдан әрi - зертхана) - зерттеулердi, сынақтарды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан жұмыс істейтін оның құрылымдық бөлiмшесi;

      19) уәкілетті орган - техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      4. Сәйкестікті растауды "Сәйкестікті растау саласындағы аккредиттеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген СРО жүргізеді.

      5. Сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізумен байланысты шығыстарды оның нәтижелеріне қарамастан шарт негізінде өтініш беруші төлейді.

      6. Шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттары, өнімдердің сынау хаттамалары, сәйкестік белгілері халықаралық немесе өңірлік мемлекеттік емес, үкіметтік емес ұйымдармен халықаралық шарттарға сәйкес немесе аккредиттеу үшін жасалған келісімдерге сәйкес танылады.

2-тарау. Өнімнің сәйкестігін міндетті растау

      7. Өнімнің сәйкестіктігін міндетті растау "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 Қаулысына сәйкес, техникалық регламентпен белгіленген талаптарға сәйкес келуіне және растау схемасы бойынша, оның ішінде мемлекетаралық немесе ұлттық стандарттарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

      8. Өнімді сертификаттау мынадай рәсімдерді қамтиды:

      1) СРО сертификаттауға өтінім беру;

      2) СРО-ның қоса берілген құжаттарымен бірге өтініштерді қарауы және ол бойынша шешім қабылдауы, оның ішінде растау схемасын бекітуі;

      3) сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған шартты жасасу;

      4) сәйкестендіру, үлгілерді іріктеу және сынау;

      5) өндiрiстiң жай-күйiне талдау жүргізу (егер бұл растау схемасында көзделсе);

      6) алынған нәтижелерді талдау және сертификатты беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдау;

      7) сертификатты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізіліміне тіркеу;

      8) сертификатты беру;

      9) сертификатталған өнiмге инспекциялық бақылауды жүзеге асыру (егер бұл растау схемасында көзделсе);

      10) сертификаттау нәтижесі туралы ақпарат беру

1-параграф. Өтінімді беру және қарау

      9. Өтініш беруші өтінімді СРО беру кезінде құрамы мен мазмұны техникалық регламенттерде және осы өнімге арналған стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген үлгіге (үлгілерге) бойынша барлық қажетті техникалық құжаттаманы ұсынады.

      10. Өнімге сертификаттау жүргізу үшін өтініш беруші СРО құжаттар жиынтығымен сертификаттауға өтініш жібереді.

      1) сериялық өндірістің өнімдері үшін:

      техникалық құжаттаманың және (немесе) жобалау және (немесе) конструкторлық және (немесе) технологиялық және (немесе) пайдалану құжаттамаларының көшірмесі;

      оларға сәйкес өнім өндірілетін стандарттау саласындағы стандарттар немесе өзге де нормативтік құжаттар тізімі;

      соған сәйкес өнім жасалған құжаттың (құжаттардың) көшірмесі (ұйымның стандарты, техникалық шарттар немесе басқа құжат) (болған жағдайда);

      сапа менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификатының көшірмесі, егер оның қызметі өнімдерді өндіруге жасауға қолданылатын болса (бар болса немесе растау схема бойынша талап етілсе);

      Сапа менеджменті жүйесі аудиті туралы есептің көшірмесі және сертификаттау кезінде расталған талаптарға сәйкес келетін өнімдердің тұрақты шығарылымын қамтамасыз етудің енгізілген сапа менеджменті жүйесінің қабілетін растайтын ақпарат (егер растау схемамен талап етілсе);

      сыни компоненттердің, материалдардың, құрамдас бұйымдардың немесе бұйымның құрамдас бөліктерін (болған жағдайда) сәйкестік сертификаттарының көшірмелері;

      Қазақстан Республикасына жеткізілетін өнімдердің техникалық регламенттердің немесе стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуді көздейтін шетелдік өндірушімен жасалған шарттың көшірмесі және осындай өнімнің көрсетілген талаптарға сай келмегені үшін жауаптылық (сериялық шығарылатын өнімдер үшін);

      Өнімнің жанама түрде растайтын өтініш берушінің таңдауы бойынша басқа да құжаттар;

      2) өнiмнiң партиясы үшiн (бiр бұйымның):

      техникалық құжаттаманың және (немесе) жобалау және (немесе) конструкторлық және (немесе) технологиялық және (немесе) пайдаланудың көшірмесі;

      соған сәйкес өнім дайындалған құжаттың (құжаттардың) көшірмесі (ұйымның стандарты, техникалық шарттар немесе басқа құжат) (болған жағдайда);

      бір бұйымның немесе өнім партиясының, оның ішінде оның мөлшерін сәйкестендіруші шарттың көшірмесі және тауарлардың ілеспе құжаттары;

      дайындаушы жүргізген сынақ хаттамаларының көшірмелері (болған жағдайда);

      сертификаттау жөніндегі шетел СРО берген сәйкестік сертификаттарының көшірмесі;

      өнімнің сәйкестігін жанама растайтын өтініш берушінің таңдауы бойынша өзге құжаттар;

      11. Өтініш беруші СРО-ға олардың өнімді әзірлеу және өндіріске қою кезінде жүргізілген әрекеттерінің мерзімдерін ескере отырып, сынақтардың хаттамаларын немесе техникалық реттеу саласында аккредиттелген зертханалар орындаған сынақтар туралы құжаттарды ұсына алады.

      12. Өтініш беруші, егер бұл белгілі бір өнімдер түрлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленсе, СРО-ға өз құзыреті шегінде уәкілетті мемлекеттік органдар берген өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы құжаттарды ұсынады.

      13. СРО өтiнiмдi қарап, мыналарға көз жеткізу үшін ұсынылған құжаттарға талдау жүргізеді:

      тапсырыс беруші мен өнім туралы ақпарат сертификаттау жүргізу үшін жеткілікті;

      СРО мен өтініш берушінің арасындағы түсініспеушілік шешімін табады соның ішінде стандарттар немесе басқа да нормативтік құжаттар бойынша келісім қолжетімді;

      сертификаттаудың талап етліген саласы айқындалған;

      серитфикаттау бойынша барлық іс-қимылдарды орындау үшін ресурстар жеткілікті.

      14. СРО сертификаттау жүргізу үшін құзыретке және мүмкіндікке ие және оны алған күннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге өзінің жазбаша түрде негізделген шешімі туралы хабарлайды.

      15. Құжаттарды талдаудың нәтижелері оң болған жағдайда, СРО өтініш берушіге өтінім бойынша қабылданған шешім туралы хабарлайды және сертификаттау жұмыстарына арналған шарт жобасын жібереді.

      16. Сертификаттау жөніндегі СРО, егер ол құзыретті болмаса немесе сертификаттау бойынша қажетті іс-қимылдарды жүзеге асыру мүмкіндігі болмаса, онда сертификаттау жүргізуден бас тартуы тиіс.

      17. Өтінім бойынша шешімде СРО өтініш берушіні соңғы бекітілген сызба туралы хабардар етеді, ол бойынша осы объектіні, қажетті техникалық құжаттардың тізбесін, тексерілетін көрсеткіштердің тізбесін, зертханалардың атауын, сондай-ақ инспекциялық бақылау шарттарын сертификаттаудың белгіленген тәртібіне негізделетін сертификаттаудың барлық негізгі шарттарына сертификаттау жүргізілетін болды.

      18. Егер өтініш беруші СРО ұсынған сәйкестікті растау рәсімдерінің шарттарымен келіскен жағдайда, осы жұмыстарды жүргізуге шарт жасалады.

      19. Өтінімге мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі құжаттар қоса беріледі.

      20. Егер өтінім беруші өтініммен бірге ұсынған ақпарат өнімнің сәйкестігін растау үшін жеткіліксіз болса, СРО өтінім берушіге осы өнім үшін сәйкес келетін басқа растау схема бойынша сертификаттауды ұсынады.

      21. Техникалық регламенттерге және стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкестігін сертификаттау кезінде нормативтік құжаттарды таңдау өнімнің сипаттамасы (көрсеткіштері) мен сынақ әдістерін, өнімінің осы талаптарға сәйкестігін және оның осы Қағидалардың 7 және 102-тармақтарына сәйкес бірдейлендіруді толық және дұрыс растауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өнім мен бақылау үлгілерін іріктеу қағидаларын белгілеуге тиіс.

2-параграф. Өнімді растау схемасын таңдау

      22. Сертификаттау растау схемасын өтініш беруші СРО-мен бірлесіп айқындайды.

      23. Сертификаттау кезінде стандарттау бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптарға өнім сәйкестігінің қажетті дәлелін қамтамасыз ететін растау схеманы пайдаланған жөн.

3- параграф. Өнімді сәйкестендіру және сынақтарға арналған үлігілерді іріктеу

      24. Үлгіледі іріктеуден бұрын өнімдерге сәйкестендіру жүргізіледі.

      Сертификаттау кезінде өнімді сәйкестендіруді сертификаттау жөніндегі СРО өтініш беруші ұсынған құжаттаманы талдау негізінде, көрнекі тексерумен қоса стандарттау жөніндегі нормативтік құжатарға және осы Қағидаларға сәйкес іріктеумен жүзеге асырылады.

      25. Сәйкестендіру кезінде тексеріледі:

      Мәлімделген өнімді стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың, техникалық регламенттердің талаптарына жатқызудың дұрыстығы;

      стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың, техникалық регламенттердің талаптарына өнімнің таңбалануының (жазуы) сәйкес келуі;

      өнімнің таңбада (жазбаларда) және техникалық құжаттамаларда (паспорт, пайдалану жөніндегі нұсқаулық және т.б.) көрсетілген ақпаратқасәйкестігі;

      өнімнің мәлімделген партияға және өндірушіге тиесілілігі.

      26. Өнімнің партиясын сәйкестендіру кезінде, партияның өлшемі, артикулдары мен үлгілері, қаптаманың түрі және ілеспе құжаттарда берілген басқа ақпарат қосымша тексеріледі.

      Сәйкестендіру нәтижелері СРО-ның арнайы құжатында (қорытындыда, сәйкестендіру хаттамасында) көрсетіледі немесе үлгілерді іріктеу актісіне енгізіледі.

      27. Үлгілер саны, оларды іріктеу тәртібі, сәйкестендіру және сақтау қағидалары осы Қағидаларға, техникалық регламенттерге және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға, осы өнімді сертификаттау бойынша құжаттарға, сынақ әдістемелеріне сәйкес белгіленеді.

      28. Сынақтарға арналған үлгілерді іріктеуді СРО немесе оның тапсырмасы бойынша аккредиттелген зертхана немесе СРО мақұлдаған өтінім беруші тағайындаған сарапшы-аудиторлардан тұратын комиссия жүзеге асырады.

      29. Сынақ үшін үлгілерді іріктеу, үлгілерді іріктеу актісімен ресімделеді.

      30. Іріктелген үлгілер өтінім берушінің қатысуымен буып-түйіледі, пломба салынады және өнім үлгілерін іріктеу актісі мен оларға техникалық құжаттама қоса беріліп, зертханаға жіберіледі.

      31. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда көзделген жағдайларда өнімнің жарамдылық мерзімі немесе сертификаттың қолданылу мерзімі ішінде өнімнің бақылау үлгілерін сақтау жүзеге асырылады. Өнімнің үлгілерін сақтаудың нақты мерзімдері осы өнімге арналған нормативтік құжаттарда белгіленеді.

4- параграф. Өнімді сынау

      32. Сертификаттау кезінде өнімнің сипаттамасы (көрсеткіштері) зерделенеді, мыналарға мүмкіндік беретін сынақ әдістері қолданылады:

      1) өнімнің сәйкестендірілуін жүргізуге, оның ішінде жіктеу топтамасына тиістілігін, техникалық құжаттамаға сәйкестігін, шыққан жерін, осы топтамаға тиістілігін, сондай-ақ өнімнің техникалық регламентке және стандарттау бойынша нормативтік құжатқа, тауарға ілеспе құжатқа, жеткізуге арналған шартқа (келісімшартқа), ерекшелікке, затбелгіге, заттаңбаға және өнімді сипаттайтын басқа құжатқа сәйкестікті растау үшін жиынтығында жеткілікті белгілерді, параметрлері, көрсеткіштері және талаптары бойынша сәйкестігін тексеруге мүмкіндік беретін сынақ әдістері қолданылады. Сәйкестендіру кезінде импорттаушы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері талаптарының өнімді таңбалауға қажетті ақпарат бөлігінде сақталуын ескеруі тиіс;

      2) өнімнің техникалық регламенттерінде белгіленген адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған талаптарға, сондай-ақ заңнамалық актілер негізінде сәйкестікті міндетті растау кезінде, өнімді пайдалану, сақтау және тасымалдау талаптарын сақтаған кезде тексерілуі тиіс басқа талаптарға сәйкестігін толық және анық растауға мүмкіндік беретін сынақ әдістері қолданылады. Басқа тексерілетін көрсеткіштердің құрамы нақты өнімді сертификаттау мақсаттарына сүйене отырып анықталады.

      33. Сынақтар конструкциясы, дайындау құрамы мен технологиясы тұтынушыға (тапсырыс берушіге) жеткізілетін өнімдегі сияқты үлгілерде жүргізіледі.

      34. Сертификаттауға арналған сынақтар осы өнімді сертификаттаған кезде пайдаланылатын нормативтік құжаттарда көзделген әдістер бойынша жүргізіледі.

      35. Сынақтар осы объектіні сынау әдістеріне арналған нормативтік құжаттарда көзделген және СРО-мен келісілген мерзімде жүргізіледі.

      Егер сынақ мерзімдері нормативтік құжаттарда көзделмеген жағдайда, онда бұл мерзімкүнтізбелік 30 (отыз) күннен аспауға тиіс.

      36. Егер стандарттау бойынша нормативтік құжаттармен және техникалық регламенттермен, қаражаттың, уақыттың үлкен шығындарымен байланысты және сертификаттау сынақтарын жүргізу қиын, ал үлгілерді іріктеу қымбат тұратын тасымалдауы ауыр бұйымдар үшін сынақтар белгіленсе, СРО-ның өкілдері мен аккредиттеу саласында анықталған сынақтарды жүргізу әдістемелеріне сәйкес СРО аккредиттелген сынақ зертханалары қатысатын өндіріс процесінде жүргізілетін сынақтармен бірге сертификаттық сынақтарды біріктіру туралы шешім қабылдай алады.

      37. Сертификаттау сынақтарының нәтижелері бойынша сынақ зертханасы (орталығы) сертификаттау СРО сынақ хаттамасын (хаттамаларын) береді. Техникалық регламенттерде және (немесе) сертификаттау жүргізуге арналған шартта ескертілген жағдайларда, сынақ хаттамасының (хаттамаларының) көшірмелері өтініш берушіге жіберіледі. Сынақ хаттамалары кемінде 3 (үш) жыл сақталуы тиіс.

5- параграф. Сәйкестік сертификатын беру, бас тарту, күшін жою, тоқтата тұру

      38. Ең болмаса көрсеткіштердің (сипаттамалардың) біреуі бойынша сынақтардың теріс нәтижелері кезінде объектіні сертификаттау мақсатындағы сынақтар тоқтатылады, СРО сынақтарды жүргізуді жалғастыруды өтінім берушінің келісімі бойынша жүргізеді.

      39. Өнімнің сәйкестігін бағалаудан теріс нәтижелер алынған жағдайда СРО бас тарту себептерін көрсете отырып, сертификат беруден бас тарту туралы шешімді береді.

      Сертификат беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, СРО бастарту себептерін көрсете отырып сертификат беруден бас тарту туралы шешімін өтініш берушіге және уәкілетті органға, тапсырғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты пошталық жөнелтіліммен жебереді немесе оны тікелей тапсырады.

      40. Құжаттарды, оның ішінде: олардағы нәтижелердің Қазақстан Республикасының заңнамасына және стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкестігін, оларды беру мерзімдерін, құрастырмаға (құрамына), материалдарға, технологияға енгізілген өзгерістерді тексергеннен кейін, сарапшының қорытындысының негізінде СРО сертификат беру туралы немесе сынақтардың көлемін қысқарту немесе жетіспейтін сынақтарды жүргізу туралы шешім қабылдай алады, ол туралы тиісті құжаттарда көрсетіледі.

      Ұсынылған құжаттарда бұзушылық анықталған жағдайда, өтініш беруші бұл бұзушылықтарды жойып, тек қана бұзушылықтар бойынша ғана СРО-ға қайта қарауға ұсынуы мүмкін.

      41. СРО сынақ хаттамаларын, өндірісті бағалауды және өнімнің сәйкестігі туралы басқа да құжаттарды талдағаннан кейін, өнімнің техникалық регламенттер мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың белгіленген талаптарына сәйкестігіне бағалауды жүзеге асырады. Осы бағалаудың нәтижелері сарапшының қорытындысында көрсетіледі. Осы қорытындының негізінде СРО сәйкестік Сертификатың беру не бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      42. СРО сертификатты беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, белгіленген үлгідегі сертификатты ресімдейді және сертификатты берілген сертификаттардың тізіліміне тіркейді.

      Сертификат тіркелгеннен күнінен бастап және тек тіркеу нөмірі бар болғанда ғана жарамды.

      43. Сертификат мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) өнімнің белгіленген стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер;

      2) өтінім берушіге сертификатталған өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау құқығын беру туралы мәліметтер;

      3) өтінім берушіде сертификатпен расталған қолданыстағы сапа менеджменті жүйесінің бар екені туралы мәліметтер (егер бұл растау схемасында көзделген болса);

      4) Сертификатты беру үшін негіз болатын растау схемасына сәйкес құжаттар туралы мәліметтер;

      5) қолданылатын растау схемасы.

      44. Сертификаттың қосымшасы, егер құрамын нақтылау талап етілсе, оған сертификаттың әрекеті қолданылатын, нақты өнімнің тізбесін қамтиды:

      1) бір дайындаушы жасап шығаратын және белгілі бір талаптар бойынша сертификатталған біртекті өнім тобы;

      2) сертификатта көрсетілген бұйымға (кешенге, жиынтыққа) техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін қолданылатын құрама бөлшектердің және (немесе) қосалқы бөлшектердің белгіленген жинағының бұйымы (кешені, жиынтығы).

      45. Сертификаттың қолданылу мерзімін СРО сертификаттаудың таңдап алынған растау схемасын, өнімнің ерекшелігін, оның өндірісін, нормативтік құжаттардың қолданылу мерзімін, нақты өнімге арналған нормативтік құжаттардың талаптарын, сондай-ақ менеджмент жүйесі сертификатталған мерзімді (егер бұл растау схемасында көзделген болса), бірақ 3 (үш) жылдан немесе өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайтын мерзімді ескере отырып, СРО белгілейді.

      46. Дайындаушы өткізетін өнім үшін сериялық шығарылатын (сериялық шығарылым) өнімге арналған сертификаттың қолданылу мерзімі ішінде Сертификат стандарттау жөніндегі нормативтік құжатпен белгіленген өнімнің жарамдылық (қызмет) мерзімі ішінде өнімді жеткізу, сату кезінде жарамды.

      47. Сертификаттың қолданылу мерзімін өнімнің жарамдылық мерзімі шегінде сертификатты берген СРО ұзартады. Сертификаттың қолданылу мерзімі бұл ретте сертификат берілген күннен бастап 3 (үш) жылдан аспауға тиіс. СРО өнімнің номенклатурасы және санын (қалдығын) міндетті түрде көрсете отырып, мерзімі ұзартылатын сертификатқа және алдын-ала куәландырылған өнімдерге тиесілігі туралы сәйкестендіру актісін жасайды.

      48. Сертификаттың қолданылу мерзімін ұзарту өтінім берушінің қалауы бойынша мынадай тәсілдердің бірімен орындалады:

      1) Сертификаттың "_____ дейін қолданылады" деген бағанының сол жағынан бірінші басшының немесе ол өкілеттік берген тұлғаның қолымен және СРО-ның мөрімен расталатын "Қолданылу мерзімі_____ дейін ұзартылды" деген жазба енгізіледі;

      2) ұзартылатын Сертификаттың тіркеу нөмірі сақталып және өнімнің атауы мен санын (қалдығын) көрсете отырып, жаңа Сертификат ресімделеді.

      49. Егер сериялық өндірістің өніміне берілген Сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталса, ал ол қолданылатын кезеңде шығарылған өнім өткізу сатысында болса, онда Сертификаттың қолданылуы өнімнің барлық жарамдылық немесе оны сақтау талаптары сақталған жағдайда сақтау мерзіміне, сертификатты берген СРО инспекциялық тексерісті жүзеге асырса, үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады.

      50. Өнімнің құрастырмасына (құрамына) немесе оны өндіру технологиясына сертификаттау кезінде куәландырылатын көрсеткіштерге ықпал етуі мүмкін өзгерістерді енгізу кезінде Сертификат ұстаушы бұл туралы сертификат берген СРО-ға дереу хабардар етеді. СРО алған ақпаратты талдайды және өнімнің сәйкестігіне өзгерістердің әсер ету дәрежесін айқындайды. Талдау нәтижелері бойынша СРО өнімнің сәйкестігіне өзгерістердің әсер ету дәрежесіне қарай не сертификаттың жарамдылығын тоқтата тұру және кезектен тыс инспекциялық тексеру жүргізу туралы, не енгізілген өзгерістер өнімнің сәйкестігіне әсер етпесе, сертификаттың жарамдылығын жалғастыру туралы шешім қабылдайды.

      51. Сертификатты ұстаушы өнімге енгізілген өзгерістерімен бірге өнімнің сәйкестігін СРО растағанға дейін, оған енгізілген өзгерiстерiмен өнімдерді өткізуге құқығы жоқ.

      52. Егер өнімге арналған нормативтік құжаттарға сәйкестігін растаудан өткен өнімге осы нормативтік құжаттарда белгіленген талаптар өзгерсе, онда Сертификаттың қолданысы осы нормативтік құжатқа өзгерістер күшіне енген күнінен бастап тоқтатылады.

      53. Сертификатталған өнімге қоса берілетін ілеспе техникалық, пайдалану құжаттамасында (техникалық паспорт, пайдалану бойынша нұсқаулық және басқалары), сондай-ақ тауардың ілеспе құжаттамасында берілген Сертификаттың нөмірі мен мерзімі көрсетіле отырып жүргізілген сертификаттау туралы ақпарат көрсетіледі.

      54. Сәйкестік сертификатының көшірмесі стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес белгіленген үлгідегі бланкілерде орындалады бірінші басшының немесе ол өкілеттік берген адамның қолымен және СРО-ның мөрімен расталады.

      55. Сәйкестік сертификатының берілген көшірмелерінің олар негізінде берілген құжаттармен бірге саны туралы ақпарат оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде 3 (үш) жыл бойы СРО-да сақталады.

      56. Сәйкестік сертификатының телнұсқасын беруді өтінім беруші Сертификаттың түпнұсқасын жоғалтқан (бүлдірген) жағдайда, осы сертификатты берген СРО жүргізеді. Бұл жағдайда өтінім беруші жоғалту (бүлдіру) жағдайларын көрсете отырып, еркін нысанда жазылған өтінімді жолдайды.

      57. Сертификаттың телнұсқасы түпнұсқа мен телнұсқасының берілген күнін көрсете отырып, түпнұсқа тіркелген нөмірмен тіркеледі, бұл ретте бланкінің оң жақ жоғарғы бұрышында "Телнұсқа" деген мөртабан қойылады. Сертификаттың телнұсқасы ұзартуға жатпайды

      58. Егер жоғалған сертификат табылған жағдайда, телнұсқасы өз күшін жоғалтады және СРО-ға қайтарылуы тиіс.

      59. Инспекциялық бақылаудың нәтижелері бойынша СРО сертификатталған өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Сертификаттың қолданылуын тоқтатады тұрады немесе күшін жояды.

      60. Инспекциялық бақылауды жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, СРО сертификаттың қолданылуын тоқтатады немесе күшін жояды.

      61. Егер Сертификат берген СРО-мен келісілген түзеу әрекеттері жолымен өтінім беруші сертификат сәйкессіздігінің анықталған себептерін жоя алатын және қосымша сынақтарсыз өнімнің техникалық регламенттердің, стандарттау жөнінде нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін қайта инспекциялық бақылау кезінде сынақ зертханасында растай алатын жағдайда, оның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылданады.

      62. Егер сәйкессіздіктер СРО белгілеген мерзімде жойылса, сертификат жарамдылығы қайта жалғастырылады.

      Сертификаттың қолданылуы СРО мен өтінім берушінің өзара келісімі бойынша осы өнімді өндіру тоқтатылуына байланысты немесе басқа да негізделген себептермен тоқтатыла тұруы немесе жойылуы мүмкін.

      63. Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы ақпаратты оны берген СРО өтінім берушіге, тұтынушыларға, уәкілетті органға және басқа да мүдделі адамдарға хабарлайды.

      64. Сертификаты жойылған өнімді өтінім беруші инспекциялық бақылау кезінде анықталған бұзушылықтарды жойғаннан кейін қайта сертификаттауға ұсына алады. Бұл жағдайда осы өнімді алдыңғы сертификаттау нәтижелерін есепке алмай, сертификаттау жөніндегі жұмыстар қайтадан жүргізіледі.

      65. Сертификат көшірмесі және сертификаттау жөніндегі барлық растаушы құжаттар СРО-да кем дегенде 3 (үш) жыл бойы сақталады.

7- параграф. Өндіріс жағдайын талдау

      66. Растау схемасына байланысты өнімді өндірудің жай-күйіне талдау жүргізіледі.

      67. Өндіріс жағдайын талдау шығарылатын өнімнің белгіленген талаптарға тұрақты сәйкестігін қамтамасыз ету үшін өндірушінің қажетті жағдайларының болуын белгілеу мақсатында жүргізіледі.

      68. Өндірістің жай-күйін талдау бойынша жұмыс мыналарды қамтиды:

      1) өтініш берушіден бастапқы құжаттарды сұрату және алу;

      2) өндiрiстiк тексеру бағдарламаларын әзiрлеу және бекiту;

      3) өтініш берушімен тексеру мерзімдері мен шарттарын келісу;

      4) өндіріс орнында тексеруді жүзеге асыру;

      5) тексеру нәтижелерін ресімдеу;

      6) тексеру бойынша шешім қабылдау.

      69. Тексеру бағдарламасы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда техникалық регламенттерде белгіленген талаптар шегінде өнімдердің қауіпсіздігіне ықпал ететін, өндірістің түрлі аспектілері бойынша тапсырмаларды қамтуы тиіс.

      70. Өндіріс жағдайын талдау кезінде төмендегілер тексеріледі:

      1) нормативтік және техникалық құжаттардың болуы, оларды актуалдандыру;

      2) білікті персоналдың болуы;

      3) технологиялық процесті және оның метрологиялық қамтамасыз ету жағдайын сақтау;

      4) енгізу, қабылдау-бақылау және мерзімді сынақ жүйесінің болуы;

      5) жабдықты және сынақ жабдығын техникалық қамтамасыз ету мен жөндеу жүйелерінің болуы;

      6) шикізатпен және материалдармен қамтамасыз етілуі;

      7) сертификатталатын өнiм сапасының тұрақтылығы;

      8) сақтау шартының болуы;

      9) рекламацияларды есепке алу мен талдаудың болуы.

      71. Өндірістің жай-күйін талдау нәтижелері стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келетін өнімді шығарудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін өтініш берушінің (өндіруші) қабілеті туралы қорытынды тұжырымдалады және анықталған сәйкессіздіктер белгіленеді жүргізілген талдау нәтижелерінде келтірлген, еркін нысандағы актімен ресімделеді және өтініш берушіге жіберіледі. Актіде сертификатталған өнімді бақылау кезіндегі жұмыстың мазмұнына қарай ұсынымдар бере алады.

      72. Тексеру нәтижелері теріс болған жағдайда таңдалған растау схема бойынша өтінім берілген өнімді сертификаттау бойынша жұмыс тоқтатылады, ол туралы СРО күнтізбелік үш күн iшiнде, өтініш берушіні және уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етеді және өндірістің жай-күйін талдау нәтижелерін жібереді.

      Анықталған кемшіліктер жойылғаннан немесе сертификаттаудың өзге растау схемасын таңдағаннан кейін өтінім беруші сертификаттауға жаңа өтінім береді.

      73. Өтінім берушіде Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі шеңберінде берілген немесе танылған сертификатталатын өнімнің өндірісіне сапа менеджменті жүйесіне арналған Сертификаты бар болған кезде өндірістің жай-күйіне талдау жүргізілмейді.

      74. Жүргізілген өндірістің жай-күйін талдау немесе менеджмент жүйесін сертификаттау туралы мәліметтер (құжаттар) өнімге арналған Сертификатта көрсетіледі.

8- параграф. Өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау.

      75. Сертификат берілген өнім, "Өнімді таңбалауға қойылатын талаптар" Техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 15 қазандағы №724 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14471 болып тіркелген), сәйкестік белгісімен белгіленеді.

      76. Өнімді сәйкестік белгісімен таңбалауды СРО-да тіркелген Сертификаттың негізінде дайындаушы (сатушы) жүзеге асырады.

9- параграф. Тексеру инспекциясы

      77. Инспекциялық бақылауды Сертификатты берген СРО жүзеге асырады.

      78. Инспекциялық бақылау мынадай жұмыс түрлерін қамтиды:

      1) сертификатталған өнім туралы түсетін ақпаратты талдау;

      2) тұрақты сапалы өнімді шығару үшін қажетті жағдайлардың сақталуын тексеру;

      3) өнім сынағын жүргізу және олардың нәтижелерін талдау;

      4) бақылау нәтижелерін ресімдеу және шешімдер қабылдау.

      Нақты өнімнің сапа менеджменті жүйесіне сертификат және оларға инспекциялық бақылаудың оң нәтижелері болғанда, тұрақты сапалы өнімді шығаруға арналған жағдайларды талдау жүргізілмейді.

      79. Сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау (егер ол сертификаттау схемасында көзделсе) жылына бір реттен кем емес, Сертификаттың қолданылу мерзімі ішінде, өнім үлгілерін сынауды және/немесе өндіріс жағдайларын тексеруді қамтитын, мерзімді және жоспардан тыс тексеру нысанында жүргізіледі.

      80. Инспекциялық бақылау өткізілетін сертификатталған өнім техникалық регламенттердің, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуін жалғастыруда екенін куәландыру мақсатында жүргізіледі. Инспекциялық бақылаудың кезеңділігін сертификатты берген СРО белгілейді. Сонымен бірге жоспардан тыс тексерістер тұтынушылардан, сауда ұйымдарынан, сондай-ақ Сертификат берілген объектіге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардан өнімнің сапасына шағым туралы ақпарат түскен жағдайларда жүргізіледі.

      81. Инспекциялық бақылаудың кезеңділігі мен көлемін айқындауға арналған өлшемшарттар критерийлер өнімнің әлеуеттік қауіптілігі дәрежесі, өндіріс сипаты (сериялық, массалық, дара қайталанатын), өндірістің тұрақтылығы, шығару көлемі, сапа менеджменті жүйесі сертификатының болуы, сол өндіруші өндірген ұқсас өнімдер, сондай-ақ сертификатты беру алдындағы жұмыстың нәтижелері ақпаратты қоса алғанда дайындаушы, мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы жүргізген сынақ және өнімді және оның өндірісін тексеру нәтижелері туралы ақпарат болып табылады.

      82. Инспекциялық бақылау жүргізу көлемі мен тәртібін СРО белгілейді.

      83. Инспекциялық бақылаудың нәтижелері үлгілердің сынақтары мен басқа да тексерістері нәтижелерінің бағасы берілетін, сертификатталған өнім өндірісінің жай-күйі мен берілген Сертификаттың қолданылуын сақтау мүмкіндігі туралы қорытынды жасалатын еркін нысандағы актімен ресімделеді.

      84. Инспекциялық бақылау актісі СРО-да кемінде 3 (үш) жыл сақталады. Актінің көшірмелері өтінім берушіге (дайындаушыға, сатушыға) және инспекциялық бақылауға қатысқан ұйымдарға жіберіледі.

3-тарау. Өндіруші-кәсіпорынның (орындаушы) сәйкестік туралы декларациясын қабылдау

1-параграф. Өтінімді беру және қарау

      85. Сəйкестік туралы декларация мыналарды қамтуы тиіс:

      1) өтініш берушінің атауы мен орналасқан жері;

      2) объектіні сәйкестендіруге мүмкіндік беретін сәйкестікті растау объектісі туралы ақпаратты;

      3) техникалық регламенттің атауын, оның талаптарына сәйкестігіне өнім расталатын;

      4) мақсатты белгілеуге сәйкес оны пайдалану және өтiнiм берушiнiң өнiмнiң техникалық регламентте белгiленген талаптарға сәйкестiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдаған кезде өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы өтiнiш;

      5) жүргiзiлген зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер туралы, сапа менеджменті жүйесiнiң сертификаты туралы, сондай-ақ өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау үшiн негiз болған құжаттар туралы мәлімет;

      6) сәйкестiк туралы декларацияның қолдану мерзімі;

      7) тиiстi техникалық регламенттерде көзделген өзге де ақпарат;

      86. Тіркеуге жіберілетін декларацияға мыналар:

      1) стандарттау жөнінде нормативтік құжаттарға сәйкес нысан бойынша тіркеу туралы өтініш;

      2) өнімнің осы Қағидалардың 100-тармағында санамаланған белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері;

      3) өнім өндірісінің тұрақтылығын растайтын құжаттардың көшірмелері (стандарттау жөніндегі техникалық регламенттер және нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау туралы мемлекеттік бақылау актілерінің көшірмелері, өндірістің тұрақтылығын ішкі бақылау актілерінің көшірмелері);

      4) дайындаушының (орындаушының) сынақ зертханаларының техникалық құзыреттілігін растайтын құжаттардың көшірмелері (аккредиттеу аттестаттары немесе оларға балама басқа де құжаттар) немесе өнімді дайындаудың технологиялық процесінде және осы өнімге арналған стандарттау жөніндегі техникалық регламенттерде, нормативтік құжаттарда көзделген сынақтарды жүргізуге аккредиттелген зертханалармен жасалған шарттардың көшірмелері қоса беріледі.

      87. СРО 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мыналарды қарайды және тексереді:

      1) өнімнің осы түрінің сәйкестігі декларациямен расталатын өнімдер тізбесінде болуы;

      2) дайындаушының (орындаушының) осы Қағидалардың 98-тармағына сәйкес декларацияны қабылдау заңдылығын;

      3) осы өнімнің сәйкестігін растау үшін көзделген стандарттау жөніндегі техникалық регламенттер, нормативтік құжаттардың толықтығын және дұрыс көрсетілуін;

      4) осы өнім үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында оны дайындау құқығына көзделген барлық құжаттардың болуын;

      5) декларацияның дұрыс толтырылуын.

      88. Сәйкестік туралы Декларация осы өнімді шығарудың жоспарланып отырған мерзімін, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімді ескере отырып дайындаушы (орындаушы) белгілеген мерзімге қабылданады.

2-параграф. Сәйкестік туралы декларацияны тіркеу және ресімдеу

      89. Қажетті құжаттары бар декларацияны дайындаушы (орындаушы) өзі таңдап алған бір ғана СРО-ға тіркеуге жібереді.

      90. Өнімнің сәйкестігі туралы декларация аккредиттеу саласы осы өнім түрін қамтитын СРО-да тіркелуі тиіс.

      91. Декларация бланкілерде рәсімделеді және оған дайындаушы (орындаушы) ұйымның басшысы қол қояды.

      92. Сәйкестік туралы декларацияның жарамдылық мерзімі аяқталған күннен бастап үш жыл ішінде, сәйкестік туралы декларацияның бірінші данасы және сәйкестікті растау үшін дәлел ретінде пайдаланылатын материалдар өтініш берушіде, ал сәйкестік туралы декларацияның екінші данасы – оны тіркеген сәйкестікті растау жөніндегі СРО-да сақталады.

      93. Тізілімге декларацияны қабылдаған өтініші берушінің атауы, оның мекенжайы, декларацияның тіркеу нөмірі мен сәйкестігі расталған өнімнің түрі, декларацияның қолданылу мерзімі жазылады.

      94. Тіркелген декларациялардың тізілімін СРО берілген сертификаттардың тізілімінен бөлек жүргізеді.

      95. Декларацияда тіркеу мәліметтері (декларацияны тіркеген СРО-ның атауы мен мекенжайы, оның тіркелген күні, декларацияның тіркеу нөмірі) көрсетіледі және бірінші басшының немесе ол өкілеттік берген адамның қолымен және СРО-ның мөрімен расталады.

      96. Декларацияда оның әрекеті қолданылатын өнімнің тізбесі бар көшірмелер мен қосымша болуы мүмкін.

      Декларацияның көшірмелері өтінім беруші басшысының қолымен және мөрмен (заңды тұлға үшін) расталады.

      97. Декларацияда көрсетілген стандарттау жөніндегі техникалық регламент және нормативтік құжаттардың талаптары өзгерген, сондай-ақ заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде дайындаушы (орындаушы) осы Қағидаларға сәйкес жаңа декларацияны ресімдейді.

3-параграф. Өндірушінің (орындаушының) декларацияны қабылдауға арналған негізі

      98. Сәйкестік декларациясы:

      1) өзiнiң дәлелдемелерiнiң негiзiнде сәйкестiк туралы декларацияны қабылдаумен;

      2) сәйкестікті растау жөніндегі СРО-ның қатысуымен алынған дәлелдемелер негізінде сәйкестік туралы декларацияны қабылдаумен жүзеге асырылады.

      99. Сәйкестікті растау үшін дәлел ретінде пайдаланылуы мүмкін материалдар тізбесі тиісті техникалық регламенттермен айқындалады.

      100. Дайындаушы (орындаушы) декларацияны қабылдауы үшін негіз болып табылатын құжаттар ретінде мыналар пайдаланылуы мүмкін:

      1) өнімнің техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау үшiн негiз болып табылатын жеке зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдердiң және (немесе) өзге де құжаттардың нәтижелерi, техникалық құжаттама;

      2) сәйкестікті растау жөніндегі СРО-ның қатысуымен алынған меншікті дәлелдемелер мен дәлелдер негізінде сәйкестікті декларациялау кезінде, өтініш беруші өз таңдауы меншікті дәлелдеріне қосымшабойынша зертханада жүргізілген зерттеу (сынақ) және өлшеу хаттамаларын қолдану, сапа менеджменті жүйесінің сертификатын ұсыну құқығына ие.;

      3) сапа менеджменті жүйесінің сертификаты, егер мұндай өнімдердің техникалық регламенттері сәйкестікті растаудың өзге нысанында көзделген, жағдайларды қоспағанда өнімдердің сәйкестігі туралы декларацияны қабылдаған кезде дәлелдердің құрамында пайдаланылуы мүмкін.

      101. Декларация растауға жататын бірыңғай талаптар белгіленетін, нақты бір өнімге немесе біртекті өнімдер тобына қатысты қабылданады.

4-тарау. Өнімдердің, көрсетілетін қызметтердің, процестердің сәйкестігін ерікті растау

      102. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға өнімдердің, көрсетілетін қызметтердің, процестердің сәйкестігін ерікті растау өтініш берушінің бастамасы мен талаптары бойынша жүргізіледі.

      Сәйкестіктің ерікті түрде расталуы, егер бұл техникалық регламенттерде белгіленсе, өнімнің сәйкестігін міндетті растаудың орнын алмастырмайды.

      103. Сәйкестікті ерікті растауды СРО шарт негізінде сәйкестікті растау үшін жүзеге асырады.

1-параграф. Көрсетілетін қызметтерді, процестерді сертификаттау

      104. Көрсетілетін қызметтер мен процестерді сертификаттау стандарттау бойынша нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      105. Сертификаттау кезінде көрсетілетін қызметтер мен процестердің сипаттамалары (көрсеткіштері) тексеріледі және сынақ (тексерулер) әдістері пайдаланылады, олар мыналар:

      1) көрсетілетін қызметтерді соның ішінде процестерді сәйкестендіруді жүргізу, оның сыныптау тобына жататындығын, техникалық құжаттардың (модельі-үлгісін, технологиялық сипаттамасын және басқалары) сәйкестігін және функционалдық мақсаттарын тексеруге;

      2) сертификатталған қызметтердің, процстердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген, талаптарға сәйкестігін растауға мүмкіндік береді.

      106. Сертификаттау кезінде пайдаланылатын схемаларды қызметтерді орындау ерекшеліктерін, сынақтарды жүргізу мүмкіндігін, дәлелдеудің талап етілетін деңгейін, тұтынушының мүлкінің сақталуын қамтамасыз еткен кездегі өтінім берушінің ықтимал шығындарын ескере отырып, өтінім беруші СРО-мен бірлесіп айқындайды.

      107. Сертификаттау схемасы көрсетілетін қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібін белгілейтін құжатта және Сертификаттың өзінде көрсетіледі.

      108. Көрсетілетін қызметтерді, процстерді сертификаттау мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) СРО-ға сертификаттауға өтінім беру;

      2) сертификаттау схемасын таңдау;

      3) өтініш бойынша шешім қабылдау;

      4) сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге СРО мен өтініш берушінің арасындағы шартты ресімдеу;

      5) көрсетілетін қызметтерге процестерге сынақ (тексеру) және (немесе) қызмет көрсету процесіне, орындаушының шеберлігі процестеріне бағалау, кәсіпорынның аттестациясын, сапа менеджементі жүйесін сертификаттауды жүргізу;

      6) алынған нәтижелерді талдау және сертификат беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау;

      7) берілген сертификаттар тізілімінде тіркеу;

      8) сертификатты беру;

      9) сертификатталған қызметке инспекциялық бақылауды жүргізу (сертификаттау схемасына сәйкес)

      109. Өтінім беруші ресімделген өтінімді көрсетілетін қызметке сертификаттау жүргізуге аккредиттелген кез келген СРО-ға жібереді.

      110. Сынақтарды (тексерістерді) жүргізген кезде мыналар жүзеге асырылады:

      1) көрсетілетін қызметтердің, процестердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін іріктеп тексеру;

      2) сынақ (тексеру) хаттамалары бойынша қорытындыларды ресімдеу.

      111. Сынақ зертханасы СРО-ға сынақ хаттамасын оның даналарының санын жібереді, СРО айқындайды.

      112. СРО сәйкестікті бағалаудың және олардың сараптамасының оң нәтижелері кезінде сертификатты беру туралы шешім қабылдайды, стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес сертификатты рәсімдейді және оны берілген сертификаттар тізіліміне тіркейді және өтінім берушіге береді.

      Сәйкестікті бағалау нәтижелері бойынша теріс шешім қабылданған жағдайда, СРО себептерін негіздей отырып, сертификатты беруден бас тарту туралы шешімді ресімдейді және оны өтініш берушіге ұсынады.

      113. Қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметтерді орындаушы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес белгіленген нысандағы бланкіде орындалған Сертификаттың көшірмесін пайдалана алады.

      114. Сертификаттың қолданылу мерзімін көрсетілетін қызметтерге арналған сертификаттау схемасын, сондай-ақ үш жылдан аспайтын мерзімге менеджмент жүйесіне берілген Сертификат мерзімін ескере отырып, СРО белгілейді.

      115. Көрсетілетін қызмет көрсету шарттарына және олардың стандарттау нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігіне ықпал етуі мүмкін қызметтерді орындау технологиясына өзгерістер енгізілген кезде өтінім беруші бұл туралы жаңа сынақтарды немесе тексерістерді жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдайтын сертификат берген СРО-ға хабарлауға тиіс.

      116. Сертификатталған сынақтардың (тексерістердің) теріс нәтижелері, сертификатталатын көрсетілетін қызметке қойылатын талаптар сақталмаған немесе өтінім беруші сертификаттау жөніндегі жұмыстарды төлеуден бас тартқан кезде, СРО өтінім берушіге сертификат беруден бас тарту себептерін көрсетіп қорытынды береді.

      117. Сертификатталған көрсетілетін қызметке, процеске инспекциялық бақылауды Сертификат берген СРО жүзеге асырады.

      118. Сертификатталған көрсетілетін қызметке, процеске инспекциялық бақылау мыналарды көздейді:

      1) сертификатталған көрсетілетін қызмет, процес туралы ақпаратты талдау;

      2) инспекциялық бақылауды жүргізу үшін комиссиялар ұйымдастыру;

      3) тексерістер жүргізу;

      4) тексерістердің нәтижелерін ресімдеу мен шешімдер қабылдау.

      119. Көрсетілетін қызметтердің, процестердің сертификаттау кезінде белгіленген стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына, сәйкес келуіне инспекциялық бақылаудың кезеңділігі мен көлемін сертификатталған қызметтердің, процестердің жай-күйі мен тұрақтылығына қарай, бірақ жылына бір реттен сирек емес кезенділікпен СРО айқындайды.

      120. Жоспардан тыс инспекциялық бақылау қызметтердің сапасына жеке және заңды тұлғалардан түсетін наразылық, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан түсетін шағымдар туралы ақпарат бірнеше рет түскен жағдайда жүргізіледі.

      121. Инспекциялық бақылау нәтижелері бойынша СРО инспекциялық бақылауға қатысушылар мен Сертификатты ұстаушының өкілі қол қоятын 2 данадағы актіні жасайды.

      Актінің бір данасы Сертификатты ұстаушыға жіберіледі, екіншісі СРО-да қалады.

      122. Инспекциялық бақылаудың нәтижелері бойынша СРО көрсетілетін қызметтің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмеуі жағдайында Сертификаттың қолданылуын тоқтатады немесе жояды, сондай-ақ:

      1) процесті, қызметті көрсетуге арналған стандарттау жөніндегі нормативтік құжат өзгерген жағдайда;

      2) процесті, қызметті көрсетудің технологиялық процесі өзгерген жағдайда;

      3) егер көрсетілген өзгерістер сертификаттау кезінде тексерілетін талаптарға көрсетілетін қызметтер мен қызмет көрсету шарттарының сәйкес болмауына әкелетін болса, бақылау әдістерінің, сынаулардың (тексерулердің), сапаны қамтамасыз ету жүйелерінің өзгеруі.

      4) егер кәсіпорын қызметтер көрсету, процестер бойынша өз қызметін тоқтатқан жағдайда;

      5) өтiнiш берушi инспекциялық бақылауды жүргiзуден бас тартқан жағдайда.

      123. Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім оны берген СРО-мен келісілген түзету іс-қимылдары арқылы сәйкессіздіктің анықталған себептері жойылған және көрсетілетін қызметтердің, процестердің стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкестігін тексеру мақсатында қайтадан сертификаттау сынақтарын жүргізбестен растаған жағдайда қабылданады.

      Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы ақпаратты көрсетілетін қызметтерді, процестерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға, тұтынушыларға және басқа да мүдделі адамдарға сертификат берген СРО хабарлайды. Сертификатты күшін жою оны мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінен шығарған сәттен бастап күшіне енеді.

      124. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың белгіленген талаптарына көрсетілетін қызметтердің, процестердің немесе қызмет көрсету талаптарының сәйкес еместігі анықталған жағдайда түзету іс-қимылдары жүзеге асырылады.

      125. Түзету іс-қимылдарын жүргізген кезде СРО:

      1) Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрады;

      2) көрсетілетін қызметтердің, процестердің орындаушысын, уәкілетті органды, тұтынушыларды және басқа да мүдделі тараптарды ақпараттандырады;

      3) түзету іс-қимылдарын орындау мерзімін белгілейді;

      4) түзету іс-қимылдарының орындалуын және тиімділігін тексереді;

      5) тұтынушыларға, жұртшылыққа, мүдделі ұйымдарға процестерді, қызметтерді пайдаланудың қауіптілігі (немесе қажет еместігі) және анықталған бұзушылықтарды жою тәртібі туралы хабарлайды.

      126. Сертификат көшірмесі және сертификаттау жөніндегі барлық растаушы құжаттар СРО-да кемінде 3 (үш) жыл бойы сақталады.

2-параграф. Өнімдерді сертификаттау

      127. Өнімдерді ерікті сертификаттау осы Қағидалардың 102 тармағын ескере отырып, 2-тарауда көрсетілген рәсімдерді қамтиды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады