Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № 1549 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 қарашада № 17779 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 349 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 26.06.2019 № 349 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң кейбiр бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 11.04.2019 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2) "Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11384 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекiтiлген "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақтың 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) порталда - акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, өтініш берілген кезден бастап жұмыс күнінің бір сағаты ішінде көрсетіледі.

      Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажеттігі болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша заңды тұлғаны, филиалды немесе өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу мерзімі анықталған кемшіліктер жойылғанға немесе тиісті қорытынды (сараптама) алынғанға дейін тоқтатылатұрады.

      Банктерді, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, оның ішінде саяси партияларды, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) жүргізеді.

      Жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, қорларды және заңды тұлғалардың бірлестіктерін мемлекеттік тіркеуді, тиісті облыстағы және Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді облыстардың, Астана, Алматы мен Шымкент қалаларының Әділет департаменттері жүзеге асырады.

      Министрлікте, облыстық және Астана, Алматы мен Шымкент қалаларының Әділет департаменттерінде тіркеуге жататындардан басқа, тиісті облыстарда құрылған, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аудандық (қалалық) Әділет басқармалары жүзеге асырады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды/қағаз түрінде.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

      осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама) не осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша түрде дәлелді бас тарту.

      Порталға жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жолданады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін тіркеу алымы белгіленген. Тіркеу алымының сомасы осы стандартқа 4-қосымшасына сәйкес "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркеу орны бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда, төлем портал арқылы "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.";

      9-тармақтың 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін:

      осы стандартқа 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтініштер (бұдан әрі - өтініш);

      қызметінің мәні қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің рұқсаты қосымша ұсынылады;

      тиісті тауар нарығында монополиялық жағдайға ие нарық субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен үлестес тұлғаларды, мұндай құру 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 172-бабында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші орган монополияға қарсы органның келісімімен жүзеге асырады;

      орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсіне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тіркеу үшін өтінішке құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бірі не шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе мемлекеттік органдар не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жалғыз құрылтайшы не құрылтайшылардың бірі болып табылатын жағдайларда, құрылтайшының уәкілеттік берген адамы қол қояды және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабында көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса бере отырып, оны тіркеуші органға береді;

      орта кәсiпкерлiк субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) осы стандартқа 9-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орта кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік тіркеу туралыжәне банктік шотты ашуға және қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметті жеке тұлғалармен еңбек қатынастарын жасамай жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда) өтініш береді;

      жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін өтінішке құрылтайшы (құрылтайшылар) не осыған уәкілеттік берілген адам қол қояды және оны "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында көзделген жағдайларда, нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса бере отырып, тіркеуші органға береді;

      акционерлiк қоғам:

      өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамды қоспағанда, жарғы;

      құрылтай жиналысының хаттамасы немесе жалғыз қатысушының шешімі;

      шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      Егер заңды тұлғатиісті тауар нарығында монополиялық жағдайға ие нарық субъектілеріне, сондай-ақ акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды заңды тұлғаларды және құру Қазақстан Республикасының заңдарында өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен үлестес тұлғаларға жатқан жағдайда тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, тіркеуші орган монополияға қарсы органның алдын-ала келісімімен жүзеге асырылады;

      коммандиттік серiктестiк:

      шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      толық серiктестiк:

      шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      өндiрiстiк кооператив:

      тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), ЖСН, тұрғылықты жерін көрсете отырып, өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң тiзiмi;

      шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат.

      тұтыну кооперативi:

      жарғы;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      тұтыну кооперативi азаматтар үшiн -осы кооператив мүшелерiнiң тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), ЖСН және тұрғылықты жерi және заңды тұлға үшiн - тұрғылықты жері, банктік деректемелері туралы мәліметтер және БСН көрсетілген олардың тiзiмі ұсынады;

      қосымша жауапкершілігі бар серiктестiк:

      шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк:

      шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      мемлекеттiк кәсiпорын:

      жарғы;

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнің немесе жергiлiктi атқарушы органның кәсiпорынды құру туралы шешiмi;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      мемлекеттік мекеме:

      мемлекеттiк мекеменi құру туралы шешiм;

      ереже (жарғы);

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      тұрғын үй-құрылыс кооперативi және тұрғын үй кооперативi:

      жарғы;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат.

      Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтері осы кооператив мүшелерiнiң тегі, аты, әкесiнің аты (ол болған кезде), тұрғылықты жерi және ЖСН көрсетілген тiзiмін ұсынады.

      үй-жай (пәтер) иелерiнiң кооперативi:

      кондоминиум объектiсiндегi үй-жай (пәтер) иелерiнің құрылтай жиналысының хаттамасы немесе жазбаша сауалнама бойынша нәтижесі бардауыс беру парақтары хаттама;

      жарғы;

      кондоминиум объектісін тіркеу немесе қайта тіркеу туралы мемлекеттік акт нетіркеуші органның мөртабаны бар кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеуді растайтын құжат;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      адвокаттар алқасы:адвокаттар алқасы мүшелерiнiң құрылтай жиналысында (конференциясында) бекiтiлген жарғы;

      уәкілетті органның жарғыны бекіту туралы шешімі;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      нотариаттық палата:

      нотариаттық палата басқармасы мүшелерінің құрылтай жиналысында (конференциясында) бекітілген жарғы;

      уәкілетті органның жарғыны бекіту туралы шешімі;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      қор:

      жарғы;

      құрылтай шарт (құрылтайшысы бiр адамнан көп болғанда);

      уәкілетті органның жарғыны бекіту туралы шешімі;

      алқалы органының (қамқоршылық кеңестің) атқарушы органды тағайындау туралышешімі;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      қоғамдық бiрлестiк:

      құрылтай съезiнде (конференциясында, жиналысында) қабылданған жарғы;

      төрағасы және съезд (конференция, жиналыс) хатшысы қол қойған, жарғыны қабылдаған құрылтай съезiнiң (конференциясының, жиналысының) хаттамасы;

      тегi, аты, әкесiнің аты (ол болған кезде), ЖСН, тұрғылықты жері, үй және қызметтік телефоны, жеке қолтаңбасы көрсетiлген қоғамдық бiрлестiктің бастамашы азаматтарының тiзiмi;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат.

      Саяси партияларды тiркеу кезінде қосымша мыналар ұсынылады:

      партия бағдарламасы;

      Партияның мүшелерінің тізімі құрамында кем дегенде қырық мың партия мүшелерін білдіретін құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) партияның барлық облыстардағы, республикалық маңызы бар қалада және астанада, саны кемінде алты жүз партия мүшесінің әрқайсысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), ЖСН, тұрғылықты мекен-жайы;

      заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бiрлестiгі, даракәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігі, дара кәсіпкерлер бірлестігі:

      жарғы;

      бiрлестiктiң барлық құрылтайшылары қол қойған құрылтай шарты;

      уәкілетті органның заңды тұлғаны құру туралы шешімі;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      аудиторлар палата:

      жарғы;

      уәкілетті органның заңды тұлғаны құру туралы шешімі;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      дiни бiрлестiк:

      діни бірлестіктің басшысы қол қойған діни бірлестіктің жарғысы;

      құрылтай жиналысының (съезінің, конференциясының) хаттамасы;

      құрылатын діни бiрлестiктiң бастамашы азаматтарының осы стандартқа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық және қағаз жеткізгіштегі тiзiмi;

      дiни бiрлестiктiң орналасқан жерiн растайтын құжат;

      діни ілімнің, пайда болу тарихын жәненегіздерін ашатын және өзіне тиісті діни қызмет туралы мәліметтердіқамтитын діни баспа материалдары;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      діни бiрлестiктің басшысын тағайындау туралы шешім немесе басшысын шетелдік діни орталық тағайындаған жағдайда уәкілетті органмен келісімді растайтын құжат.

      Өңірлік діни бірлестікті тіркеу кезінде өңірлік діни бірлестікті құруға бастамашы болған әрбір жергілікті діни бірлестік қатысушыларының тіркеуші орган белгілеген нысан бойынша тізімі, сондай-ақ олардың жергілікті діни бірлестіктерінің жарғыларыныңнотариаттық куәландырылған көшірмелері қосымша ұсынылады;

      республикадан тыс жерде басқарушы орталығы бар дiни бiрлестiк қосымша мыналарды:

      қазақ және орыс тiлдерінде нотариаттық куәландырылған аудармасы бар шетелдік орталық жарғысының көшiрмесiн;

      дiни орталық өз елiнiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын қазақ және орыс тiлдерінде нотариаттық куәландырылған аудармасы бар тiзiлiмнен үзінді көшiрме немесе басқа құжатты ұсынады.

      Дiни басқармалар (орталықтар) негiзiн салған рухани оқу орындарының, мешiттердiң, монастырьлардың және өзге де дiни бiрлестiктердiң жарғыларын (ережелерiн) осы дiни басқармалар (орталықтар) бекiтедi.

      тiркеу үшiн оларды құру туралы дiни басқарманың (орталықтың) уәкілетті органының шешiмi ұсынылады.

      мекеме:

      меншiк иесiнің мекеменi құру туралы шешiмi;

      ереже (жарғы);

      құрылтай шарты немесе ұқсас келiсiм (меншік иелері (құрылтайшылар) бiреуден көп болғанда);

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      бағалаушылар палатасы:

      жарғы;

      уәкілетті органның заңды тұлғаны құру туралы шешімі;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      заң консультанттары палатасы:

      жарғы;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті органның шешімі;

      есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе құжат;

      адвокаттық кеңсе:

      жарғы;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті органның шешімі;

      есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе құжат.";

      "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 4-қосымша осы бұйрықтың 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 6-қосымша осы бұйрықтың 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 10-қосымша осы бұйрықтың 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекiтiлген "Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында":

      4-тармақтың 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) порталда - қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін), шетелдік коммерциялық емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) мемлекеттік қайта тіркеу бір жұмыс уақыты ішінде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінен жүзеге асырылады).

      Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажеттігі болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша заңды тұлғаны, филиалды немесе өкілдікті мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу мерзімі анықталған кемшіліктер жойылғанға немесе тиісті қорытынды (сараптама) алынғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Банктерді, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, оның ішінде саяси партияларды, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) қайта тіркеуді Министрлік жүргізеді.

      Жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, қорларды және заңды тұлғалардың бірлестіктерін мемлекеттік қайта тіркеуді, тиісті облыстағы және Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді, қайта тіркеуді, есептен алуды облыстардың, Астана, Алматы мен Шымкент қалаларының Әділет департаменттері жүзеге асырады.

      Министрлікте, облыстық және Астана, Алматы мен Шымкент қалаларының Әділет департаменттерінде тіркеуге жататындардан басқа, тиісті облыстарда заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік қайта тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аудандық (қалалық) Әділет басқармалары жүзеге асырады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды/қағаз түрінде.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі:

      осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша филиалды, өкілдікті есептік қайта тіркеу туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама) не осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша түрде дәлелді бас тарту.

      Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама ұсынылады.".

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін тіркеу алымы белгіленген. Тіркеу алымының сомасы осы стандартқа 4-қосымшасына сәйкес "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркеу орны бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда, төлем портал арқылы "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      осы стандартқа 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі - өтініш);

      (жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда) заңды тұлғаның мөрімен бекемделген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделетін, мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме;

      жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары (өкілдіктері) үшін енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен құрылтай құжаттарының (ережелері) үш данасы;

      жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның бұрынғы құрылтай құжаттарының, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелердің төлнұсқалары;

      заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу немесе филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.

      Жауапкершілігі шектеулі серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзудi орталық депозитарий жүзеге асыратын жауапкершілігі шектеулі серiктестiктерді қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеруі негізі бойынша шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттік қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне және құрылтай құжаттарына сәйкес шаруашылық серiктестiгінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығының иелiктен шығарылғанын (бiреуге берiлгенiн) растайтын құжат ұсынылады.

      Тарапы жеке тұлға болып табылатын шаруашылық серiктестiгінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иеліктен шығару (басқаға беру) шарты нотариаттық куәландырылуға жатады.

      Табиғи монополиялар субъектiлерiн мемлекеттік қайта тiркеу үшiн табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның келiсiмi талап етiледi,тиiстi тауар нарығында монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiн, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен үлестес тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта тiркеу үшiн монополияға қарсы органның келiсiмi талап етіледi.

      Филиалдар мен өкілдіктер атауы өзгерген жағдайда қайта тіркеуге жатады.

      Мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған құрылтай құжаттары тігілген және нөмірленген түрінде, үш данада ұсынылады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы (құрылтайшы, қатысушы) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан:

      1) ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды;

      2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттейтін заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушіге салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылған құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшірмелерін талап етуге жол берілмейді.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жеке басын куәландыратын құжатты (не сенімхатты) көрсеткен кезде қабылдап алғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге әрі қарай сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      2) порталда:

      жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар):

      электрондық өтініш;

      жарғылық капиталының мөлшерi азайтылған және баспасөз басылымдарында жарияланған кезде жарияланым туралы үзіндінің сканерленген көшірмесі;

      егер көрсетілетін қызметті алушы ЭҮТШ арқылы қызмет көрсету үшін мемлекеттік алымды төлеу тәсілін таңдамаған жағдайда, түбіртектің/төлем тапсырмасының сканерленген электрондық көшірмесі;

      орналасқан жерін өзгерткен кезде:

      жылжымайтын мүлік объектісіне меншік құқығы жағдайында: "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" Мемлекеттік деректер қорынан (бұдан әрі - ЖМ МДҚ) ЭЦҚ қолы қойылған қызмет алушы бастапқы немесе қайталама жылжымайтын мүлік объектісіне көрсеткен мекен-жай бойынша орналасқан меншік құқығына көрсетілген қызмет алушының БСН тіркелгені туралы ЖТ МДҚ электрондық растау;

      ЗТ немесе ДК-ден үй-жайды жалға алған жағдайда: жалға алу шартының сканерленген көшірмесі. ЖТ-дан үй-жайды жалға алған жағдайда: заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде үй-жайды ұсыну туралы жеке тұлғаның ноториаттық куәландырылған келісімінің сканерленген көшірмесі;

      үй-жайды қосалқы жалға беру жағдайында: жалдау және қосалқы жалға берудің сканерленген көшірмелері;

      Қазақтан Республикасы бейрезидентін қатысушылардың құрамына енгізу кезінде, құрылтайшы - шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландырылған, нотариаттық куәландырылған қазақ және орыс тiлдеріндегі аудармасы бар сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi көшiрменің сканерленген көшірмесі, немесе басқа да заңдастырылған құжат;

      Шетелдік тұлғаны қатысушылар құрамына енгізу кезінде, егер басшы, енгізілген жаңа қатысушы/құрылтайшы шетелдік тұлға болып табылатын болса, құрылтайшы - шетелдіктің жеке басын куәландыратын, нотариаттық куәландырылған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы бар паспорттың сканерленген көшірмесі немесе басқа құжат;

      Акционерлік қоғам немесе шаруашылық серiктестiгіне қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзудi орталық депозитарий жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгі қатысушылар құрамын өзгерткен кезде, тіркеушінің мөрімен куәландырылған, қатысушылар тiзiлiмiнің сканерленген көшірмесі;

      Электрондық өтініште көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ - сықойылады. Егер көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті тұлғасының басшысы болып табылса, онда өтінішбасшымен келісіледі. Шаруашылық серіктестіктерді, акционерлік қоғамдарды және өндірістік кооперативтерді қоспағанда, заңды тұлға үшін электрондық өтініш ЭҮҚ-да оның қатысушыларымен келісілуі қажет. Ал филиал (өкілдік) үшін - оның заңды тұлғасы, басшысымен келісілуі қажет.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтынмәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, көрсетілетін қызметті алушының тіркеу жарнасының сомасының төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметтерді беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";

      "Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 5-қосымша осы бұйрықтың 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 6-қосымша осы бұйрықтың 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекiтiлген "Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды/қағаз түрінде.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, филиалдарды, өкілдіктерді есептік тіркеу туралы анықтама не осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

      Көрсетілетін Порталға жүгінген кезде қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дайын екендігі туралы хабарлама оны алу орны мен күні көрсетіле отырып не электрондық цифрлық қолтанбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.

      Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажеттігі болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша заңды тұлғаны, филиалды немесе өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу мерзімі анықталған кемшіліктер жойылғанға немесе көрсетілетін қызметті беруші "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2198 Заңның 9-бабына сәйкес тиісті қорытындыны (сараптама қорытындысын) алғанға дейін тоқтатылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрінде.";

      көрсетілген бұйрықпен бекiтiлген "Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Құжаттардың топтамасы тапсырылған кезден бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      порталда:

      Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару қажетті құжаттар қоса беріле отырып, заңды тұлғаны таратуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш тапсырылған күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға:

      Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару қажетті құжаттар қоса бере отырып, заңды тұлғаны таратуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жері бойынша бес жұмыс күннен кешіктірмей, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс он бес жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.

      құжаттарды тапсыру үшін күтудің ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды;

      Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажеттігі болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша заңды тұлғаны, филиалды немесе өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу мерзімі анықталған кемшіліктер жойылғанға немесе тиісті қорытынды (сараптама қорытындысы) алынғанға дейін тоқтатылады.

      Банктердің, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктердің, оның ішінде саяси партиялардың тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, және шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуден шығаруды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) жүргізеді.

      Жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктердің, қорлар мен заңды тұлғалар бірлестіктерінің таратуылуын мемлекеттік тіркеуді, және тиісті облыстағы және Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы қоғамдық және діни бірлестіктерінің филиалдары мен өкілдіктерін есептен шығаруды облыстардың, Астана, Алматы мен Шымкент қалаларының Әділет департаменттері жүзеге асырады.

      Министрлікте, облыстық және Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттерінде тіркеуге жататындардан басқа, заңды тұлғалардың таратылуы, тиісті облыстарда филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығару негіздері бойынша заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аудандық (қалалық) Әділет басқармалары жүзеге асырады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды/қағаз түрінде.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

      заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу туралы немесе филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару туралы бұйрық не осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

      Порталда жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу туралы немесе филиал мен өкілдік есептік тіркеуден шығару туралы бұйрық не электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрінде.".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 11.04.2019 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi және заң қызметiн ұйымдастыру департаментi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

      "КЕЛIСIЛДI"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 22 қарашадағы
№ 1549 бұйрығына
1-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 11.04.2019 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 22 қарашадағы
№ 1549 бұйрығына
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 11.04.2019 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 22 қарашадағы
№ 1549 бұйрығына
3-қосымша
  "Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу, олардың филиалдары
мен өкілдіктерін есептік тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша

Алым мөлшерлемесі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымдарды төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша - АЕК) мөлшері негізге алына отырып есептеледі және мыналарды құрайды:

р/с

Тіркеу іс-әрекеттерінің түрлері

Алым мөлшерлемелер (АЕК)

1

2

3

1.

Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін:


1.1

заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:


1.1.1.

заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін

6,5

1.1.2.

шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін

2

1.1.3.

саяси партияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін

14

1.2

бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, қазыналық кәсіпорындарды және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:


1.2.1.

қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені, есептік тіркегені, есептік тіркеуден шығарғаны үшін

1

1.2.2.

қайта тіркегені үшін

0,5

1.3

балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін, республикалық және өңірлік ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктердің филиалдарын есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:


1.3.1.

тіркегені үшін (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде)

2

1.3.2.

қызметінің тоқтатылуын қайта тіркегені, мемлекеттік тіркегені (оның ішінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) есептік тіркеуден шығарғаны үшін:

1

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 22 қарашадағы
№ 1549 бұйрығына
4-қосымша
  "Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу, олардың филиалдары
мен өкілдіктерін есептік тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
6-қосымша
  нысан
  ____________________________
тіркеу органының атауы

Қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктерді мемлекеттік тіркеу туралы өтініш

      1. Заңды тұлғаның атауы ____________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      2. Ұйымдық-құқықтық нысаны (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):

      1) толық серіктестік ____________ 3) жауапкершілігі шектеулі серіктестік ___________

      2) сенім серіктестігі ____________ 4) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік _______

      3. Құрамында шетел инвесторларының қатысуы (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):

      1) иә ______________________ 2) жоқ _________________________________________

      4. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):

      1) иә ______________________ 2) жоқ _________________________________________

      5. Заңды тұлғаның орналасқан жері

      Мекенжайдың тіркеу коды: ______________ Пошталық индексі: ____________

      Облыс: _________________________

      Қала, аудан: _______________________________________

      Елді мекен, қаладағы аудан: __________________________________________________

      Ауыл, кент: ________________________________________

      Елді мекеннің бөлігі (көше, даңғыл және басқ.): _____________________

      Үйдің нөмірі: ______ орынжай: __________________________________

      Телефон нөмірі: ______________________ Электрондық пошта: ___________________

      6. Басшының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)______________________________________

      (ЖСН және азаматтың жеке куәлігінің мәліметтері)

      __________________________________________________________________________

      7. Экономикалық қызметтің негізгі түрінің кодын көрсетіңіз: _________

      8. ҚҚС төлеушісі ретінде тіркеу (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз)

      1) иә_____________ 2) жоқ_______________

      9. Жарғылық капиталдың мөлшері ___________________________________________

      10. Құрылтайшылардың құрамы және саны (тиісті ұяшықта х түрінде

      көрсетіңіз, мөлшері сан түрінде):

      1) заңды тұлға ________________ 2) жеке тұлға _________________________________

      Заңды тұлғаның атауы ______________________________________________________

      (БСН көрсете отырып)

      Жарғылық капиталдағы үлесі % _______ Үлес сомасы (мың теңге _________________

      Жеке тұлғаның Т.А.Ә. ______________________________________________________

      (ЖСН және азаматтың жеке куәлігінің мәліметтерін көрсете отырып)

      Жарғылық капиталдағы үлесі % ____ Үлес сомасы (мың теңге) ___________

      Егер құрылтайшылар саны бірнеше болған жағдайда олар туралы мәліметтер: қосымша

      парақта (жеке тұлға) Т.А.Ә. ЖСН және азаматтың жеке куәлігінің мәліметтерін көрсете

      отырып, салық тіркеліміндегі аналог нөмірін немесе ел кодын, (жеке тұлға үшін) БСН

      көрсете отырып атауын, салық тіркеліміндегі аналог нөмірін немесе ел кодын (заңды

      тұлға үшін), сондай-ақ олардың жарғылық капиталдағы пайыз түріндегіжәне ақшалай

      үлесін көрсете отырып ұсынады.

      11. Байқау кеңесі құрылған жағдайда айрықша құзыреті:

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      12. Тексеру комиссиясының мерзімін көрсетіңіз (жеке ревизор):

      _________________________________________________________________________

      13. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін (шамамен) саны

      _________________________________________________________________________

      14. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):

      1) шағын кәсіпкерлік субъектісі ______________________________________________

      2) орта кәсіпкерлік субъектісі _________________________________________________

      3) ірі кәсіпкерлік субъектісі __________________________________________________

      15. Заңды тұлғаның құрылуына қайта ұйымдастыру негіз болды (тиісті ұяшықта х түрінде

      көрсетіңіз):

      1) қайта құру ______________________________________________________________

      2) қосылу _________________________________________________________________

      3) бөлініп шығу ____________________________________________________________

      4) бөліну __________________________________________________________________

      16. Қайта ұйымдастыруға қатысатын заңды тұлғалардың саны _____________________

      17. Қайта құрылған жағдайда келесі мәліметтерді көрсету керек:

      Заңды тұлғаның бұрынғы атауы ______________________________________________

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ____________________________________________

      18. Қосылған жағдайда келесі мәліметтерді көрсету керек:

      Қосылуға қатысатын заңды тұлғалардың атауы __________________________________

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ____________________________________________

      19. Бөлініп шығу жағдайында келесі мәліметтерді көрсету керек:

      Бөлініп шыққан жаңа заңды тұлғаның атауы ____________________________________

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________________

      20. Бөлінген жағдайда келесі мәліметтерді көрсету керек:

      Заңды тұлғаның негізінде құрылған заңды тұлғалардың атауы

      __________________________________________________________________________

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ____________________________________________

      Ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға

      келісемін 20___ жылдың "____" _______________

      __________________________________________________________________________

      Өтінішке:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________ қоса беріледі.

      Құрылтайшылардың қолдары және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (қатысушылардың

      тiзiлiмiн жүргiзудi орталық депозитарий жүзеге асыратын жағдайда - жалпы жиналыстың

      құрылтайшыларының хаттамасымен өкілетті тұлғаның қолы (қатысушының шешімімен).

      Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын шаруашылық

      серіктестіктерін қоспағанда, қол(дар) қою шынайылығы нотариалды бекітілген түрде болуы тиіс.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 22 қарашадағы
№ 1549 бұйрығына
5-қосымша
  "Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу, олардың филиалдары
мен өкілдіктерін есептік тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
10-қосымша

Діни бірлестіктерді құратын бастамашы-азаматтардың тізімі

      __________________________________________________________________________

      діни бірлестіктердің атауы

      __________________________________________________________________________

      облысы, Астана Алматы және Шымкент қалалары


р/с

Тегі, аты, әкесінің аты

Туылған күні, айы және жылы

Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, ЖСН

Тұрғылықты мекен-жайы, үйдің және қызметтік телефондарының нөмірі

Жеке қолы

1

2

3

4

5

6

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 22 қарашадағы
№ 1549 бұйрығына
6-қосымша
  "Заңды тұлғаларды мемлекеттік
қайта тіркеу, олардың
филиалдары мен өкілдіктерін
есептік қайта тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
5-қосымша
  Нысан
  ____________________________
тіркеу органының атауы

Заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы өтініш

      1. Ұйым нысаны (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз)

      1) заңды тұлға ____________________ 2) филиал ______________________________

      3) өкілдік ________________________________________________________________

      2. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) атауы ______________________________

      _________________________________________________________________________

      3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)_________________________________________

      4. Қайта тіркеудің негізі (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз)

      1) атауын өзгерту __________________________________________________________

      2) жарғылық капитал мөлшерінің азаюы _______________________________________

      3) шаруашылық серіктестіктің қатысушылары құрамының өзгеруі _________________

      __________________________________________________________________________

      (жауапкершілігі шектеулі серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзудi орталық

      депозитарий жүзеге асыратын жауапкершілігі шектеулі серiктестiктерді қоспағанда)

      5. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері

      Мекенжайдың тіркеу коды: ___________ Пошталық индексі: _____________________

      Облысы: ________________________

      Қала, аудан, қаладағы ауданы:

      __________________________________________________________________________

      Елді мекен (ауыл, кенті):

      __________________________________________________________________________

      Көше, шағын аудан, квартал, тұйық көше, даңғыл:

      __________________________________________________________________________

      Үйдің нөмірі: _____ пәтер, бөлме:

      __________________________________________________________________________

      Телефон нөмірі (факс)

      __________________________________________________________________________

      6. Басшының Т.А.Ә. ________________________________________________________

      (жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып)

      7. Құрылтайшылардың құрамы және саны (тиісті ұяшықта х түрінде

      көрсетіңіз, мөлшері сан түрінде):

      1) заңды тұлға ______________ 2) жеке тұлға _________________________________

      Заңды тұлғаның атауы ____________________________________________________

      (БСН көрсете отырып)

      Жарғылық капиталдағы үлесі % ______ Салым сомасы (мың теңге) _______________

      Жеке тұлғаның Т. А.Ә._____________________________________________________

      (жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып)

      Жарғылық капиталдағы үлесі % _________ Үлес сомасы (мың теңге)______________

      Егер құрылтайшылар біреуден көп болған жағдайда, олар туралы

      мәліметтер: Т.А.Ә. жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып

      (жеке тұлғалар үшін), БСН көрсете отырып (заңды тұлғалар үшін атауы),

      сонымен қатар олардың пайыз және ақшалай жарғылық капиталдағы үлесі

      жеке парақта өтінішке қоса беріледі.

      8. Экономикалық қызметтің негізгі түрінің кодын көрсетіңіз: _____________

      9. Жарғылық капиталдың мөлшері ___________________________________________

      10. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін (шамамен) саны

      _________________________________________________________________________

      11. Заңды тұлғаны қайта тіркеу негізі, қайта ұйымдастыру нәтижесінде

      туындайды (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):

      1) иә ________________ 2) жоқ _____________________________________________

      12. Қосылу жағдайында мынадай мәліметтерді көрсету қажет:

      Қосылатын заңды тұлғалардың атаулары _____________________________________

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) __________________________________________

      13. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшықта х түрінде

      көрсетіңіз):

      1) шағын кәсіпкерлік субъектісі _________________ 2) орта кәсіпкерлік

      субъектісі ____________ 3) ірі кәсіпкерлік субъектісі _______________

      Ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін 20___ жылдың "____" _______________

      Өтінішке:________________________________________________________________

      ______________________________________________________ қоса беріледі.

      Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы "__________"

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 22 қарашадағы
№ 1549 бұйрығына
7-қосымша
  "Заңды тұлғаларды мемлекеттік
қайта тіркеу, олардың
филиалдары мен өкілдіктерін
есептік қайта тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
6-қосымша
  ____________________________
тіркеу органының атауы

Қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын шаруашылық серіктестікті мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтініш

      1. Заңды тұлғаның атауы _______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      2. Ұйымдық-құқықтық нысаны (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):

      1) толық серіктестік ___ 3) жауапкершілігі шектеулі серіктестік _____

      2) сенім серіктестігі __ 4) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

      _____________________________________________________________________

      3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)_____________________________________

      4. Шаруашылық серіктестікті қайта тіркеудің негізі (тиісті ұяшықта х

      түрінде көрсетіңіз):

      1) атаудың өзгеруі ____________________________________________________

      2) жарғылық капиталдың мөлшерінің азаюы ______________________________

      3) шаруашылық серіктестікке қатысушылар құрамының өзгеруі _____________

      ____________________________________________________________________

      (Жауапкершілігі шектеулі серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзудi орталық

      депозитарий жүзеге асыратын жауапкершілігі шектеулі серiктестiктерді қоспағанда)

      5. Заңды тұлғаның орналасқан жері:

      Мекенжайдың тіркеу коды: ___________ Пошталық индексі: ________________

      Облысы: ________________________

      Қала, аудан, қаладағы ауданы __________________________________________

      Елді мекен (ауыл, кенті): _______________________________________________

      Көше, шағын аудан, квартал, тұйық көше, даңғыл: _________________________

      Үйдің нөмірі:______ пәтер, бөлме: ______________________________________

      Телефон нөмірі (факс) _________________________________________________

      6. Басшының Т.А.Ә. ___________________________________________________

      (жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып)

      7. Экономикалық қызметтің негізгі түрінің кодын көрсетіңіз:

      _____________________________________________________________________

      8. Жарғылық капиталдың мөлшері: ______________________________________

      9. Құрылтайшылардың құрамы және саны (тиісті ұяшықта х түрінде, санын

      цифр түрінде көрсетіңіз):

      1) заңды тұлға _________________ 2) жеке тұлға ___________________________

      10. Заңды тұлғаның құрылтайшылары туралы мәліметтерді көрсетіңіз

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жауапкершілігі шектеулі серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзудi орталық

      депозитарий жүзеге асыратын жауапкершілігі шектеулі серiктестiктерді)

      Заңды тұлғаның атауы _________________________________________________

      (БСН көрсете отырып)

      Жарғылық капиталдағы үлесі % _____ Үлес сомасы (мың теңге) ______________

      Жеке тұлғаның Т.А.Ә. __________________________________________________

      (жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып)

      Жарғылық капиталдағы үлесі % ____ Үлес сомасы (мың теңге) ________________

      Егер құрылтайшылар біреуден көп болған жағдайда, олар туралы

      мәліметтер: Т.А.Ә. жеке куәлігінің және ЖСН деректерін

      көрсете отырып (жеке тұлғалар үшін), БСН көрсете отырып (заңды

      тұлғалар үшін атауы), сонымен қатар олардың пайыз және ақшалай

      жарғылық капиталдағы үлесі жеке парақта өтінішке қоса беріледі.

      11. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін саны (шамамен)

      _____________________________________________________________________

      12. Байқау кеңесі құрылған жағдайда айрықша құзыретті көрсетіңіз:

      _________________________________________________________________

      13. Тексеру комиссиясының (жеке тексерушінің) мерзімін көрсетіңіз: _____

      14. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшықта х түрінде

      көрсетіңіз):

      1) шағын кәсіпкерлік субъектісі _________________ 2) орта кәсіпкерлік

      субъектісі ____________ 3) ірі кәсіпкерлік субъектісі _______________

      15. Заңды тұлғаны қайта тіркеу негізі, қайта ұйымдастыру нәтижесінде

      туындайды (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):

      1) иә __________________________ 2) жоқ _____________________________

      16. Қосылған жағдайда мынадай мәліметтерді көрсету керек:

      Қосылатын заңды тұлғалардың атауы ___________________________________

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________

      Ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін 20___ жылдың "____" _______________

      Өтінішке: ___________________________________________________________

      ______________________________________________________ қоса беріледі.

      Құрылтайшылардың қолдары және Т.А.Ә. (қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзудi

      орталық депозитарий жүзеге асыратын жағдайда құрылтайшылардың жалпы

      жиналысын хаттамасымен өкілетті тұлғаның қолы (қатысушының шешімімен)).

      Қолдың төлнұсқалығы нотариалды тәртіппен бекітілген түрде болуы

      тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады