Байланыс формасы

Қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 272 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 қарашада № 17789 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Банктерді қадағалау департаменті (Қизатов О.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      7. Қағидалардың 1 және 2-тармақтарының қолданылуын тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылатыны белгілене отырып, осы тармақтардың қолданылуы 2019 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын:

      "1. Осы Қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы (бұдан әрі - Ұлттық Банк туралы заң), "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі - Банктер туралы заң), "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы (бұдан әрі - Ипотека туралы заң), "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң), "Қазақстанның Даму Банкі туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі (бұдан әрі - Даму Банкі туралы заң), "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы (бұдан әрі - Кепілдік беру қоры туралы заң), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі - Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі (бұдан әрі - Кредиттік бюролар туралы заң), "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы (бұдан әрі - Валюталық реттеу туралы заң), "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі (бұдан әрі - Төлемдер туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, банк холдингіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру холдингіне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына, олардың басшы қызметкерлеріне, Қазақстанның Даму Банкіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийге, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолдану тәртібін белгілейді.

      2. Қадағалап ден қою шаралары Банктер туралы заңның 45-1-бабының 2-тармағында, Ипотека туралы заңның 5-4-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 53-1-бабының 2-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 3-3-бабының 2-тармағында, Даму Банкі туралы заңның 28-бабында, Кепілдік беру қоры туралы заңның 3-1-бабының 2-тармағында, Кредиттік бюролар туралы заңның 11-бабының 3-тармағында, Валюталық реттеу туралы заңның 30-бабында, Төлемдер туралы заңның 24-бабының 1-тармағында көзделген негіздемелер бойынша, сондай-ақ уәкілетті органның алқалы органы Ұлттық Банк туралы заңның 62-6-бабына сәйкес уәжді пайымдау қабылдаған жағдайда қолданылады.".

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 272 қаулысымен
бекітілді

Қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі - Банктер туралы заң), "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы (бұдан әрі - Ипотека туралы заң), "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң), "Қазақстанның Даму Банкі туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі (бұдан әрі - Даму Банкі туралы заң), "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы (бұдан әрі - Кепілдік беру қоры туралы заң), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі - Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі (бұдан әрі - Кредиттік бюролар туралы заң), "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі (бұдан әрі - Төлемдер туралы заң), "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі - Валюталық реттеу туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, банк холдингіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру холдингіне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына, олардың басшы қызметкерлеріне, Қазақстанның Даму Банкіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийге, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолдану тәртібін белгілейді.

      2. Қадағалап ден қою шаралары Банктер туралы заңның 45-1-бабының 2-тармағында, Ипотека туралы заңның 5-4-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 53-1-бабының 2-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 3-3-бабының 2-тармағында, Даму Банкі туралы заңның 28-бабында, Кепілдік беру қоры туралы заңның 3-1-бабының 2-тармағында, Кредиттік бюролар туралы заңның 11-бабының 3-тармағында, Төлемдер туралы заңның 24-бабының 1-тармағында, Валюталық реттеу туралы заңның 22-бабының 2-тармағында көзделген негіздемелер бойынша, сондай-ақ уәкілетті органның алқалы органы Ұлттық Банк туралы заңның 62-6-бабына сәйкес уәжді пайымдау қабылдаған жағдайда қолданылады.

      3. Уәкілетті орган мынадай қадағалап ден қою шараларын қолданады:

      1) қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары - банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, банк холдингіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру холдингіне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына, олардың басшы қызметкерлеріне, Қазақстанның Даму Банкіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийге;

      2) қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар - банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, банк холдингіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру холдингіне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына, олардың басшы қызметкерлеріне, Қазақстанның Даму Банкіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийге;

      3) қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары - банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына, банк холдингіне, сақтандыру холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаларға.

      4. Қадағалап ден қою шараларын қолданудың орындылығын айқындау және қадағалап ден қою шарасын таңдау кезінде Банктер туралы заңның 45-1-бабының 3-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 53-1-бабының 3-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 3-3-бабының 3-тармағында көзделген факторлар ескеріледі.

      5. Уәкілетті орган қолданылған қадағалап ден қою шараларын есепке алуды жүргізеді және қолданылған қадағалап ден қою шаралары (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қоспағанда) туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

      6. Күшіне енгізу тәртібі Ұлттық Банк туралы заңның 62-6-бабы 4-тармағының бесінші бөлігінде көзделген уәжді пайымдау негізінде қолданылған қадағалап ден қою шарасын қоспағанда, қадағалап ден қою шарасы осы қадағалап ден қою шарасы қолданылған тұлғаға жіберілген күнінен бастап күшіне енеді.

2-тарау. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары

      7. Уәкілетті орган Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға Банктер туралы заңның 45-2-бабының 1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 53-2-бабының 1-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 3-4-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларда қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қолданады.

      8. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы уәкілетті органның хатымен ресімделеді және онда осы шараны қолдану негіздері мен анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар туралы хабарлама және (немесе) анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдар және (немесе) уәкілетті орган кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды қайта анықтаған, сондай-ақ қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары орындалмаған жағдайда, қадағалап ден қоюдың өзге шараларын қолдану ықтималдығы туралы ескерту қамтылады.

      9. Уәкілетті орган Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаға және уәкілетті орган айқындайтын қажеттілік болғанда Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаның жекелеген органдарына қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасын жібереді.

3-тарау. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар

      10. Уәкілетті орган кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мақсатында Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды қолданады.

      11. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар жазбаша нұсқама немесе жазбаша келісім нысанында қолданылады.

      12. Уәкілетті орган жазбаша нұсқамада Банктер туралы заңның 46-бабының 1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 53-3-бабының 1-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 3-5-бабының 1-тармағында белгіленген орындалуы міндетті шараларды қабылдауға және (немесе) оларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсыну қажеттігіне нұсқау береді.

      13. Іс-шаралар жоспарында кемшіліктердің, тәуекелдердің немесе бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ іс-шаралар жоспарының әрбір тармағының орындалуы үшін жауапты басшы қызметкерлер қамтылады.

      14. Уәкілетті орган қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлғаның ұсынған іс-шаралар жоспарын уәкілетті органға келіп түскен күнінен кейін 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды. Ұсынылған іс-шаралар жоспары бойынша уәкілетті органның ескертулері болған және (немесе) жоспарланған іс-шаралардың көлемі 20 (жиырма) іс-шарадан асқан жағдайда іс-шаралар жоспарын қарау мерзімі тек қана бір рет көп дегенде 10 (он) жұмыс күніне ұзартылады.

      Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлғаның ұсынған іс-шаралар жоспарына уәкілетті органның ескертулері болған жағдайда, уәкілетті орган ол бойынша жазбаша ескертулер жібереді және (немесе) іс-шаралар жоспарын пысықтау мақсатында бірлескен талқылаулар жүргізеді. Бұл ретте қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлға уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып, уәкілетті органның хатында көрсетілген мерзімде пысықталған шаралар жоспарын ұсынады немесе мұндай ескертулермен келіспеген жағдайда өзінің негіздемелерін ұсынады.

      Уәкілетті орган қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлғаның ұсынған іс-шаралар жоспарын жазбаша нысанда мақұлдайды немесе мақұлдамайды.

      Уәкілетті орган ұсынылған іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлға оны іске асыруға кіріседі.

      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлғаға Банктер туралы заңның 46-бабының 1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 53-3-бабының 1-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 3-5-бабының 1-тармағында белгіленген шараларды көрсете отырып, қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды қолданады.

      15. Уәкілетті орган Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғамен Банктер туралы заңның 46-бабының 1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 53-3-бабының 1-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 3-5-бабының 1-тармағында белгіленген шараларды орындау туралы жазбаша келісім жасайды.

      16. Жазбаша келісімде Банктер туралы заңның 46-бабының 1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 53-3-бабының 1-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 3-5-бабының 1-тармағында көрсетілген шаралардың орындалуы туралы келісім, анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мерзімдері және (немесе) қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлғаның өзіне қабылдайтын шектеулердің тізбесі көзделеді.

      Жазбаша келісімге қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлға міндетті түрде қол қоюға тиіс. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлға жазбаша келісімге қол қойған соң оның талаптарын толық көлемде және онда белгіленген мерзімде орындау жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдайды.

      17. Жазбаша келісім заңды күші бірдей 4 (төрт) дана етіп (қазақ және орыс тілдерінде 2 (екі) данадан) жасалады және қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлғаға ілеспе хатпен жіберіледі.

      Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлға қол қойылған 2 (екі) дана (1 (бір) данадан қазақ және орыс тілдерінде) жазбаша келісімді алған күнінен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қайтарады.

      18. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлға уәкілетті органды:

      жазбаша нұсқамада, жазбаша келісімде көзделген мерзімдерде осы құжаттарда көрсетілген шаралардың орындалғаны туралы;

      іс-шаралар жоспарында көзделген жүзеге асыру күнінен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы хабардар етеді.

      19. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлғаның жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде көзделген шаралар мен іс-шараларды орындауы:

      1) жазбаша нұсқама үшін - уәжді пайымдау негізінде жазбаша нұсқама нысанында қолданылған қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды қоспағанда, қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлғаның жазбаша нұсқаманы алған күнінен бастап.

      Жеке немесе заңды тұлғаны банкпен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен, банк холдингімен, сақтандыру холдингімен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға деп тану туралы талап қамтылатын, оны қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлға алған күннен бастап орындалатын жазбаша нұсқаманы қоспағанда, уәжді пайымдау негізінде жазбаша нұсқама нысанында қолданылған қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды орындау Ұлттық Банк туралы заңның 62-6-бабы 4-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес күшіне енген күнінен бастап басталады;

      2) іс-шаралар жоспары үшін - қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлғаның уәкілетті орган мақұлдаған іс-шаралар жоспарын алған күнінен бастап;

      3) жазбаша келісім үшін - қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлғаның жазбаша келісімге қол қойған күнінен бастап басталады.

      Егер жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде белгіленген шараларды және (немесе) жоспарланған іс-шараларды орындау мерзімдері 1 (бір) айдан асатын болса, қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлға ай сайын растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, уәкілетті органды жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде көзделген шаралардың және (немесе) іс-шаралардың кезең-кезеңімен орындалғаны туралы жазбаша хабардар етеді.

      20. Жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде көзделген шараларды және (немесе) іс-шараларды қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлғаға байланысты емес себептер бойынша осы құжаттарда белгіленген мерзімдерде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, осы тұлға осы құжаттарда белгіленген шараларды және (немесе) іс-шараларды орындау мерзімінен кешіктірмей уәкілетті органға жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде көзделген шараларды және (немесе) іс-шараларды орындау мерзімін ұзарту қажеттілігінің негіздемесі қамтылған мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты (бұдан әрі - өтінішхат) ұсынады.

      Уәкілетті орган өтінішхатты қарау нәтижелерін қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлғаға уәкілетті органға келіп түскен күнінен кейін 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жібереді.

4-тарау. Қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары

      21. Уәкілетті орган Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға Банктер туралы заңның 47-1-бабының 1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 53-4-бабының 1-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-3-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолданады.

      22. Қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шарасы қолданылған тұлға қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шарасында белгіленген мерзімде жоспарланған іс-шаралардың тізбесін, оларды жүзеге асыру мерзімдерін, сондай-ақ уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының әрбір тармағының орындалуы үшін жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып, уәкілетті органға уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынады.

      23. Уәкілетті орган уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органға келіп түскен күнінен кейін 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      Уәкілетті органның қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шарасы қолданылған тұлғаның ұсынған уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына ескертулері болған жағдайда, уәкілетті орган ол бойынша жазбаша ескертулер жібереді және (немесе) іс-шаралар жоспарын пысықтау мақсатында бірлескен талқылаулар жүргізеді. Бұл ретте қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шарасы қолданылған тұлға уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органның хатында көрсетілген мерзімдерде ұсынады немесе мұндай ескертулермен келіспеген жағдайда өзінің негіздемелерін ұсынады.

      Уәкілетті орган қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шарасы қолданылған тұлғаның ұсынған уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жазбаша нысанда мақұлдайды немесе қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шарасы қолданылған тұлғаға жоспарланған іс-шараларды және (немесе) оларды орындау мерзімдерін түзету қажеттілігі туралы нұсқау қамтылатын өзінің қорытындысын жібереді.

      24. Қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шарасы қолданылған тұлғаның уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды орындауы мақұлданған уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын немесе қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шарасы қолданылған тұлғаға жоспарланған іс-шараларды және (немесе) оларды орындау мерзімдерін түзету қажеттілігі туралы нұсқау қамтылған уәкілетті органның қорытындысын алған күннен бастап басталады.

      25. Қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шарасы қолданылған тұлға уәкілетті органды уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген оларды жүзеге асыру күнінен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

      Егер уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында белгіленген жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру мерзімдері 1 (бір) айдан асатын болса, қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шарасы қолданылған тұлға ай сайын растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, уәкілетті органды уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың кезең-кезеңімен жүзеге асырылғаны туралы хабардар етеді.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 272 қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 90 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7527 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 261-266 (27340) жарияланған).

      2. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, актуарийге, сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сондай-ақ дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға қатысты шектеулі ықпал ету шараларының қолданылу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 51 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13313 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, сондай-ақ банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын және Ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне немесе банк конгломераттарының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 68 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13601 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 127 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 17-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14277 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады