Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 230 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 қарашада № 17820 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы:

      алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілетін Тізбенің 4-тармағын;

      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының он бірінші және елу төртінші абзацтарын, 5-тармағының сегізінші абзацын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      6. 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      1) қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленіп, Тізбенің 1-тармағының төртінші абзацының:

      "Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Заң), "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы, "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі (бұдан әрі – Көлік құралдары иелерінің АҚЖ туралы заң), "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі (бұдан әрі – Тасымалдаушылардың АҚЖ туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру тәртібі мен талаптарын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру тәртібі мен талаптарын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртібі мен талаптарын айқындайды, сондай-ақ лицензия алу үшін уәкілетті органға ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді.";

      2) қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленіп, Тізбеге 14-қосымшаның 11-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "11. Өтініш беруші жеке тұлға, өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкері осыған дейін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) оның қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басшысы, басқару органының мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі (тіркеуші, трансфер-агенттің атқарушы органының функциясын жеке жүзеге асыратын адам және оның орынбасары), қаржы ұйымының бас бухгалтері, жеке тұлға - ірі қатысушы, ірі қатысушысының (сақтандыру холдингінің, банк холдингінің) басшысы - заңды тұлғаның басшы қызметкері болғандығы туралы мәліметтер

      ________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі көрсетілсін)".

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      _______________

      2018 жылғы "___" _________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      _____________

      2018 жылғы "___" _____________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 230 қаулысына
қосымша

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7552 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 19 маусымда № 330-335 (27409) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларында және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарда:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші) уәкілетті органға - заңды тұлғаның бизнес - сәйкестендіру нөмірін (бар болса), Қазақстан Республикасының бейрезиденті - заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтерді және заңды мекенжайын (тұрғылықты жері) көрсете отырып, қаржы ұйымының сатып алынатын акцияларының саны, олардың құны, қаржы ұйымының сатып алуы болжанып отырған акциялары санының банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының тиісінше орналастырылған (артықшылықты және сатып алынғандарын шегергенде) акцияларының санына және (немесе) дауыс беруші акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді көрсетіп, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес деректер мен мәліметтерді жинауға және өңдеуге келісім бере отырып, қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге еркін нысанда жасалған өтінішті береді.

      Заңды тұлға банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленген жағдайда, заңды тұлға Банктер туралы заңда және Сақтандыру туралы заңда көзделген тәртіппен бір мезгілде банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруға (иеленуге) рұқсат алуға немесе банк холдингінің ұйымның және (немесе) сақтандыру холдингінің жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат алуға өтініш береді.

      Талап етілген құжаттарды қоса бере отырып қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге жасалған өтініш қағаз тасымалдағышта не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынылады.

      Уәкілетті орган "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен:

      Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын;

      Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғада алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екенін растайтын;

      Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.";

      5-тармақта:

      екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтініш беруші жеке тұлғаның, өтініш беруші заңды тұлға басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мыналарды:

      азаматтық алған елінде (шетелдіктер үшін) немесе олардың тұрақты тұратын елінде (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) жасаған қылмысы үшін алынбаған немесе жойылмаған соттылықтың жоқ екендігі туралы азаматтық алған елінің (олардың тұрақты тұратын елінің - азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) немесе өтініш беруші - жеке тұлға, өтініш беруші-заңды тұлғаның басшы қызметкері соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрақты тұрған елдің мемлекеттік органы берген мәліметтерді растайтын құжатты қоса бере отырып ұсынылады. Көрсетілген құжаттың берілген күні өтініш беру күнінен бұрын 3 (үш) айдан аспауы тиіс;

      Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген өтініш беруші жеке тұлғаның, өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып ұсынылады.";

      бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы ұйымының қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайында қаржы ұйымының қайта капиталдандыру жоспары өтініш беруші жеке тұлғаның не өтініш беруші заңды тұлға бірінші басшысының, оның ірі акционерінің (акционерлерінің) қойылған қолымен расталады.";

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бизнес-жоспар өтініш беруші жеке тұлғаның не өтініш беруші заңды тұлға бірінші басшысының, оның ірі акционерінің (акционерлерінің) қойылған қолымен расталады.";

      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тiзбесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілер тiзбесiнде № 8318 болып тiркелген) белгiлеген халықаралық рейтингілік агенттiктерiнiң бiрiнiң талап етiлетiн барынша төмен рейтингiнiң берiлгендiгi туралы мәлiметтердi қосымша береді;";

      8-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бірнеше қаржы ұйымдарының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге бір мезгілде келісім алу үшін өтініш беруші - жеке тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:";

      6), 7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші жеке тұлғаның, өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкері туралы қысқаша деректер;

      7) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші жеке тұлғаның, өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер;

      8) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің кірістері мен мүлігі туралы мәлімет, сондай-ақ оның барлық міндеттемелері бойынша болған берешегі туралы ақпарат;";

      9-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өтініш берушінің тиісті органының қаржы ұйымының акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесі;";

      6), 7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші жеке тұлғаның, өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкері туралы қысқаша деректер;

      7) құрылтайшы құжаттарының көшірмелері (түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда салыстыру үшін нотариатта куәландырылған), өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректер;

      8) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші жеке тұлғаның, өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер;";

      14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Уәкілетті орган қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуі туралы берілген өтініш бойынша шешімді Банктер туралы заңның 17-1-бабының 14-тармағында, Сақтандыру туралы заңның 26-бабының 12-тармағында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-1-бабының 12-тармағында белгіленген мерзім ішінде қабылдайды.";

      1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өтініш беруші жеке тұлғаның, өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкері туралы қысқаша деректер Тізбеге 14-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2-қосымшаға сәйкес Өтініш беруші жеке тұлғаның, өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер Тізбеге 15-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      3-қосымшаға сәйкес Өтініш берушінің кірістері мен мүлігі туралы мәліметтер, сондай-ақ оның барлық міндеттемелері бойынша болған берешегі туралы ақпарат Тізбеге 16-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2018 № 307 қаулысымен.

      5. "Банкке және (немесе) банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беру, сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 24 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15050 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банкке және (немесе) банк холдингіне еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беру, сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің еншiлес ұйымды құруға, сатып алуға, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты қайтарып алу қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Уәкілетті орган "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен:

      Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын;

      Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғада алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екенін растайтын;

      Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.";

      5-тармақ алып тасталсын;

      10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған кезде уәкілетті орган банкке және (немесе) банк холдингіне оларды жою мерзімін көрсете отырып, пошта, факсимильді байланыс және (немесе) электрондық пошта арқылы мұндай ескертулерді көрсетіп хат жібереді.";

      17-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған кезде уәкілетті орган банкке және (немесе) банк холдингіне оларды жою мерзімін көрсете отырып, пошта, факсимильді байланыс және (немесе) электрондық пошта арқылы мұндай ескертулерді көрсетіп хат жібереді.";

      1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, оның ішінде бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат алуға өтініш Тізбеге 23-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты алуға өтініш Тізбеге 24-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
1-қосымша

      Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
2-қосымша

      Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
3-қосымша

      Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер мен толықтырула
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
4-қосымша

      Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
5-қосымша

      Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
6-қосымша

      Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
7-қосымша

      Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
8-қосымша

      Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
9-қосымша

      Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
10-қосымша

      Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
11-қосымша

      Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
12-қосымша

      Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
13-қосымша

      Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
14-қосымша
  Банктің, банк холдингінің ірі
қатысушысы, сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының,
сақтандыру холдингінің ірі
қатысушысы, инвестициялық
портфельді басқарушының ірі
қатысушысы мәртебесін
иеленуге келісім
беру, оны кері қайтарып алу
қағидаларына және көрсетілген
келісімді алу үшін табыс
етілетін құжаттарға қойылатын
талаптарға
1-қосымша
  Нысан

Өтініш беруші жеке тұлғаның, өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкері туралы қысқаша деректер __________________________________________________________________ (қаржы ұйымының толық атауы)

      1. Тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)___________________________________

      ________________________________________________________________________

      2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)_____________________________________

      ________________________________________________________________________

      3. Азаматтығы____________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      4. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері (шетел азаматтарына,

      азаматтығы жоқ тұлғаларға) _______________________________________________

      _______________________________________________________________________

      5. Тұратын жері және заңды мекенжайы _____________________________________

      ________________________________________________________________________

      6. Телефон нөмірі (үй, жұмыс) ______________________________________________

      7. Қаржы ұйымының және қаржы ұйымының еншілес заңды тұлғалардың жарғылық

      капиталында қатысуы туралы мәлімет:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеуі), жарғылық қызмет түрлері (негізгі қызмет түрлерінің тізбесі) туралы деректер

Құрылтайшы – жеке тұлғаның иелігіндегі акциялар санының жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4





      8. Жұбайының, жақын туыстарының (ата-аналары, аға-інілері, апа-қарындастары

      (сіңлілері), балалары) және жекжаттарының (жұбайының (зайыбының) ата-аналары,

      інілері (ағалары), апа-қарындастары (сіңлілері), балалары) қаржы ұйымының және

      қаржы ұйымының еншілес заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысуы туралы

      мәлімет:

Тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны және лауазымы

Атауы

Жарғылық капиталға қатысу сомасы/, сатып алынған акцияларының құны (мың теңгемен)

1

2

3

4

5

6

7

      кестенің жалғасы

Акциялар санының дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы немесе оның жарғылық капиталына қатысу үлесі (пайызбен),

Жеке иелік ету

Бірлесіп иелік ету

тікелей

жанама

пайызы

заңды тұлғаның атауы/ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)

8

9

10

11

      9. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен жылы - аяқтаған жылы

Мамандығы

Білімі туралы дипломының деректемелері (бар болса күні және нөмірі)

1

2

3

4

5






      10. Еңбек қызметі туралы мәліметтер

      Осы тармақта бүкіл еңбек қызметi (сондай-ақ басқару органында мүшелігі), оның

      iшiнде жоғарғы оқу орнын аяқтаған сәттен бастап, сондай-ақ еңбек қызметін жүзеге

      асырмаған кезең көрсетіледі.

Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны (егер қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болса, қаржы ұйымы тіркелген елді көрсету)

Лауазымы

Тәртіптік жазалардың болуы

Жұмыстан шығу, лауазымынан босатылу себептері

1

2

3

4

5

6

      11. Өтініш беруші жеке тұлға, өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкері осыған дейін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) оның қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген банкті төлеуге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басшысы, басқару органының мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі (трансфер-агенттің атқарушы органының функциясын жеке жүзеге асыратын адам және оның орынбасары), қаржы ұйымының бас бухгалтері, жеке тұлға - ірі қатысушы, ірі қатысушысының (сақтандыру холдингінің, банк холдингінің) басшысы - заңды тұлғаның басшы қызметкері болғандығы туралы мәліметтер

      ________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі көрсетілсін)

      12. Өтініш беруші жеке тұлға немесе өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкері бұдан бұрын қаржы ұйымының басшысы, басқару органының мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қатарынан төрт және одан астам кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша дефолтқа жеткізген не дефолтқа жеткізілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселік және (немесе) одан астам мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлем жасау күніндегі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын эмитент – заңды тұлғаның – ірі қатысушысы (ірі акционердің) жеке тұлғасы, ірі қатысушысының (ірі акционердің) басшысы, басқару органының мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болғандығы туралы мәліметтер

      ________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін)

      13. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қаржы ұйымдарында, банк және сақтандыру холдингтерінде, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып алу және басшы және өзге қызметкерді қызметтік мiндеттерiн орындаудан шеттетуі туралы мәлімет

      ________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңi, тағайындауға

      ________________________________________________________________________

      сайлауға) келісімді қайтарып алуға негіздері және осындай шешімді

      ________________________________________________________________________

      қабылдаған мемлекеттік органның атауы көрсетiлсiн)

      14. Өтініш беруші – жеке тұлға, өтініш беруші – заңды тұлғаның басшы қызметкері уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беру туралы өтініш берген күніне дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмысты жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма

      ________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаты,

      ________________________________________________________________________

      жауапкершілікке тартудың негіздерін көрсете отырып

      ________________________________________________________________________

      тәртіптік жазаны немесе сот шешімін қолдану туралы актінің деректемелері).

      15. Бар жарияланымдары, ғылыми әзірлемелері және басқа жетістіктері:

      ____________________________________________________________________

      Осы ақпарат тексерілгенін және ол дәйекті және толық болып табылатынын растаймын, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделдің болуын растаймын.

      Дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)

      ________________________________________________________________________

      (өтініш беруші – жеке тұлға, өтініш беруші – заңды тұлғаның басшы

      қызметкерінің өз қолымен баспа әріптерімен толтырылады)

      Қолы _________________

      Күні _________________

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
15-қосымша
  Банктің, банк холдингінің ірі
қатысушысы, сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының,
сақтандыру холдингінің ірі
қатысушысы, инвестициялық
портфельді басқарушының
ірі қатысушысы мәртебесін
иеленуге келісім беру, оны кері
қайтарып алу қағидаларына
және көрсетілген келісімді алу
үшін табыс етілетін
құжаттарға қойылатын
талаптарға
2-қосымша
  Нысан

Өтініш беруші жеке тұлғаның, өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер

      1. Өтініш беруші – жеке тұлға, өтініш беруші – заңды тұлғаның басшы қызметкері ірі

      қатысушы не басшы қызметкері болып табылған кезеңде заңды тұлғаның қаржылық

      жай-күйі нашарлау немесе банкроттық фактісі болуы:

      ________________________________________________________________________

      2. Қаржы ұйымымен үлестес болуы (болмауы):

      ________________________________________________________________________

                        (иә (жоқ), үлестес болудың белгілері көрсетілсін)

      3. Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат:

      ________________________________________________________________________

      Осы ақпарат тексерілгенін және дәйекті және толық болып табылатынын растаймын.

      Тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)

      __________________________________________________________________

      (өтініш беруші – жеке тұлға, өтініш беруші – заңды тұлғаның басшы қызметкерінің өз

      қолымен баспа әріптерімен толтырылады)

      Қолы _________________

      Күні _________________

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
16-қосымша
  Банктің, банк холдингінің ірі
қатысушысы, сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының,
сақтандыру холдингінің ірі
қатысушысы, инвестициялық
портфельді басқарушының
ірі қатысушысы мәртебесін
иеленуге келісім
беру, оны кері қайтарып алу
қағидаларына және көрсетілген
келісімді алу үшін табыс
етілетін құжаттарға қойылатын
талаптарға
3-қосымша
  Нысан

Өтініш берушінің кірістері мен мүлігі туралы мәлімет, сондай-ақ оның барлық міндеттемелері бойынша болған берешегі туралы ақпарат

      1. Тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)

      ________________________________________________________________________

      2. Есепті кезең (осы мәліметті ұсынатын күннің алдыңғы 12 (он екі) айға тең кезең)___

      __________________________________________________________________________

      3. Өтініш берушінің кірістері мен мүлігі, сондай-ақ оның барлық міндеттемелері

      бойынша болған берешегі туралы ақпарат:

Атауы

Өлшем бірлігі

Өткен есепті кезең үшін

Есепті кезең үшін

Есепті кезеңдегі өзгерістер

Саны

Кірістер (берешек) сомасы Актив құны (теңге)

Саны

Кірістер (берешек) сомасы Актив құны (теңге)

Саны

Кірістер (берешек) сомасы Актив құны (теңге)

1.

Есепті кезеңде алынған кірістер:


X


X


X


1.1

Жалақы


X


X


X


1.2

Ұйымдардың жарғылық капиталында (акцияларында) қатысу үлестерінен түскен дивидендтер мен кіріс


X


X


X


1.3

Салымдар бойынша сыйақы


X


X


X


1.4

Мүлікті жалға беруден түскен кіріс


X


X


X


1.5

Кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс


X


X


X


1.6

Мүлікті өткізуден түскен кіріс


X


X


X


1.7

Кірістің басқа түрлері (талдамасымен)


X


X


X


2.

Мүлік:








2.1

Ақша:
ұлттық валютамен,
оның ішінде:
шетел валютасымен банк шоттарындағы қолма-қол ақшамен,
оның ішінде:
банк шоттарындағы
қолма-қол ақшамен


X
X
X
X
X


X
X
X
X
X


X
X
X
X
X


2.2

Бағалы қағаздар (эмитенттің атауын көрсете отырып), оның ішінде жай акциялар, артықшылық берілген акциялар, облигациялар








2.3

Қаржы ұйымының ірі қатысушысына тиесілі акциялар санының ұйымның (атауын көрсете отырып) дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы немесе олардың жарғылық капиталына қатысу үлестері, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің (пайызбен)

X







2.4

Жылжымайтын мүлік (атауы мен орналасқан жерін көрсете отырып)








2.5

Өзге мүлік (талдамасын қоса бере отырып)








2n



X


X


X


3.

Барлық міндеттемелер бойынша берешек


X


X


X


3.1

Өтелмеген қарыздар


X


X


X


3.2

Қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек


X


X


X


3.3

Міндеттемелер бойынша өзге берешек (талдамасын қоса бере отырып)


X


X


X


3n



X


X


X


      Осы ақпарат тексерілгенін және дәйекті және толық болып табылатынын растаймын.

      Өтініш беруші

      ________________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)

      ______________________

                  (қолы)

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
17-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
18-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
19-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
20-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
21-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
22-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
23-қосымша
  Банкке және (немесе) банк
холдингіне еншiлес ұйымды
құруға немесе сатып алуға, бас
банктің күмәнді және үмітсіз
активтерін сатып алатын
еншілес ұйымды банктің
құруына немесе сатып алуына,
банктің және (немесе) банк
холдингінің ұйымдардың
капиталына қомақты
қатысуға рұқсатты беру, сондай-
ақ банктің және (немесе) банк
холдингінің еншiлес ұйымды
құруға, сатып алуға, банктің
және (немесе) банк холдингінің
ұйымдардың капиталына
қомақты қатысуына рұқсатты
қайтарып алу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      ___ жылғы "___"_______ №_____

Еншiлес ұйым құруға немесе сатып алуға, оның ішінде бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым құруға немесе иемденуге рұқсат алуға өтініш

      ________________________________________________________________________

                                    (өтініш берушінің атауы)

      банктің уәкілетті органының және (немесе) банк холдингінің

      ________________________________________________________________________

                                    (өткізілген орны)

      _____ жылғы "____" _______________ № ____ шешіміне сәйкес

      ________________________________________________________________________

                        (құрылатын (иелікке алынатын) еншілес ұйымның атауы,

      ________________________________________________________________________

      орналасқан жері) құруына немесе иемденуіне рұқсат беруді сұрайды.

      Банк және (немесе) банк холдингі өтінішпен қоса берілген құжаттар мен ақпараттың

      дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың

      және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуін растайды. Қоса берілген

      құжаттар (жіберілген құжаттардың тізбесін атауымен, әрқайсысы бойынша дана және

      бет санын көрсету керек).

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім береміз.

      Атқарушы органның басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге

      асыратын тұлға)

      ________________________________________________________________________

                        (қолы) Басқарушы органның басшысы (бар болса)

      ________________________________________________________________________

                                          (қолы)

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
24-қосымша
  Банкке және (немесе) банк
холдингіне еншiлес ұйымды
құруға немесе сатып алуға, бас
банктің күмәнді және үмітсіз
активтерін сатып алатын
еншілес ұйымды банктің
құруына немесе сатып алуына,
банктің және (немесе) банк
холдингінің ұйымдардың
капиталына қомақты қатысуға
рұқсатты беру, сондай-ақ
банктің және (немесе)
банк холдингінің еншiлес
ұйымды құруға, сатып алуға,
банктің және (немесе) банк
холдингінің ұйымдардың
капиталына қомақты
қатысуына рұқсатты қайтарып
алу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

      ___ жылғы "___" _______ № _____

Банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты алуға өтініш

      ________________________________________________________________________

      (өтініш берушінің атауы)

      банктің және (немесе) банк холдингінің уәкілетті органының

      ________________________________________________________________________

      (өткізілетін орын) _____ жылғы "____" _______________ № ____ шешіміне сәйкес

      ________________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, орналасқан жері)

      ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беруді сұрайды.

      Банк және (немесе) банк холдингі өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратып алынған қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуін растайды.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береміз.

      Қоса берілген құжаттар (жіберілетін құжаттардың тізімін, көшірмелердің және әрқайсысы бойынша парақтар санын көрсету керек).

      Атқарушы органның басшысы немесе атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлға

      ________________________________________________________________________

                                          (қолы)

      Басқару органының басшысы (бар болса)

      ________________________________________________________________________

                                          (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады