"Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту" туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 329 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 871 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 желтоқсанда № 17856 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 276 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 31.03.2020 № 276 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 329 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11137 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Облыстардың, Астана, Алматы және Шамкент қалаларының полиция департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.

      көрсетілетін бұйрықпен бекітілген "Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымына байланысты қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген күннен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру – 10 (он) жұмыс күн;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу – 3 (үш) жұмыс күн.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны – электрондық.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметке лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 554-бабына сәйкес ол тұратын жері бойынша бюджетке қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға құқық беру үшін лицензиялық алым төлейді:

      1) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметке лицензия беру кезінде 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткішті құрайды;

      2) лицензияны қайта рәсімдегені үшін лицензияны беру кезіндегі ставканың 10 пайызын құрайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында өтiнiш;

      2) меншік нысанына қарамастан Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құралымдар күзететін объектілерді қоспағанда, жеке күзет ұйымдарының есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтау үшін үй-жайды күзету келісімшартының электрондық көшірмесі;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (үй-жайды жалдау (жалға алу), қосымша жалдау келісімшарты, жылжымайтын мүліктің ауыртпалығы жағдайында банк мекемесінің мөрімен куәландырған кепілдік келісімшартының көшірмесі);

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшiн:

      1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық сандық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараттан тұратын электрондық құжаттардың көшірмелері.

      Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындысы, прекурсорларының айналымымен байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың қорытындысы, аумақтық ішкі істер органдарының келісім-хаты мен қызметкерлердің тиісті тексерісі туралы қорытындысы, наркологиялық және жүйке аурулары диспансерлерінің қызметкерлер арасында нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдік ауруларымен ауыратындардың жоқ екені туралы, сондай-ақ олардың арасында кәсіби жұмыстың жекелеген түрлерін және қауіптілігі жоғары жұмысты орындауға жарамсыз деп танылған адамдардың жоқ екені туралы қорытындысы туралы мәліметтерді, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші,мемлекеттiк қызметтерді көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" берген кезде көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілген қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар";

      Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген күннен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      лицензияны беру – 3 (үш) жұмыс күні;

      лицензияны қайта рәсімдеу – 2 (екі) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны – электрондық.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру, немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағына көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.

      Ескертпе: экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың тізбесіне қосылған тауарлардың атаулары мен кодтары Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен белгіленеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 554-бабына сәйкес ол тұратын жері бойынша бюджетке қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға құқық беру үшін лицензиялық алым төлейді:

      1) құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру кезінде 10 (он) айлық есептік көрсеткішті;

      2) лицензияны қайта ресімдегені үшін – 1 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсеткені үшін төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (сенімхат бойынша оның өкілі) портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      экспортқа және (немесе) импортқа лицензия алу үшiн:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында өтiнiш;

      2) сыртқы сауда келісімшарттың (келісімнің) электрондық көшірмесі, оған қосымша және (немесе) толықтырудың (бір реттік лицензия үшін), егер сыртқы сауда келісімшарты (келісім) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын өзге құжаттың көшірмесі;

      3) егер ол тиісті мемлекеттің заңнамасында көзделсе, импорттаушы мемлекеттің құзыретті органының оның аумағына бақыланатын заттардың нақты партиясын әкелуге рұқсатының электрондық көшірмесіне осы органнан көрсетілген рұқсат қажет емес деген ресми хабарлама;

      лицензияны қайта ресімдеу үшiн:

      1) көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері.

      Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымды төлеу туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші, мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" берген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілген қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар";

      1-қосымшаның оң жағындағы жоғары бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Құрамында есірткі құралдары,
  психотроптық заттар мен
  прекурсорлар бар тауарлардың
  экспорты мен импортына
  лицензия беру" мемлекеттік
  көрсетілетін қызмет
  стандартына 1-қосымша";

      2-қосымшаның оң жағындағы жоғары бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Құрамында есірткі құралдары,
  психотроптық заттар мен
  прекурсорлар бар тауарлардың
  экспорты мен импортына
  лицензия беру" мемлекеттік
  көрсетілетін қызмет
  стандартына 2-қосымша";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі ";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

      есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат берген кезде – 3 (үш) жұмыс күні.

      рұқсатты қайта ресімдеген кезде – 1 (бір) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.";

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат беру немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағыда көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.

      Ескертпе: есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету және транзиттеу транзиттеу тәртібі 2014 жылғы 30 маусымдағы № 217-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын Кеден одағының кеден аумағы арқылы өткізу тәртібі туралы келісіммен белгіленеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесі: электрондық.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз тасымалдығышта алу үшін жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметтің нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылыды және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен куәландырылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі;

      2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

      есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелуге, әкетуге рұқсат алу үшін:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) егер ол тиісті мемлекеттің заңнамасында көзделсе, импорттаушы мемлекеттің құзыретті органының оның аумағына бақыланатын заттардың нақты партиясын әкелуге рұқсатының көшірмесі, не осы органнан көрсетілген рұқсат қажет емес деген ресми хабарлама;

      3) қосымша келісімдер мен қосымшаларды қоса бере отырып, бақыланатын заттарға қатысты сыртқы сауда шарттың көшірмесі;

      4) тұтынушымен қосымша келісімдер мен қосымшаларды қоса бере отырып, бақыланатын заттарға қатысты шарттың көшірмесі;

      есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелуге, әкетуге рұқсатын қайта ресімдеу үшiн:

      1) ерікті нысанындағы өтiнiш;

      2) рұқсатты қайта ресімдеу қажеттілігін растайтын құжаттар;

      портал арқылы жүгінген кезде:

      есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелуге, әкетуге рұқсат алу үшін:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) егер ол тиісті мемлекеттің заңнамасында көзделсе импорттаушы мемлекеттің құзыретті органының оның аумағына бақыланатын заттардың нақты партиясын әкелуге рұқсатының электрондық көшірмесі, не осы органнан көрсетілген рұқсат қажет емес деген ресми хабарлама;

      3) қосымша келісімдер мен қосымшаларды қоса бере отырып, бақыланатын заттарға қатысты сыртқы сауда келісімшартының (шарттың) электрондық көшірмесі;

      4) тұтынушымен қосымша келісімдер мен қосымшаларды қоса бере отырып, бақыланатын заттарға қатысты сыртқы сауда шарттың электрондық көшірмесі;

      есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелуге, әкетуге рұқсатын қайта ресімдеу үшiн:

      1) көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) рұқсатты қайта ресімдеу қажеттілігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі.

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметке лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші, мемлекеттiк қызметтерді көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:

      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол немесе пошталық байланыс арқылы) берген кезде қағаз тасымалдағыштағы өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады;

      портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілген қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі;

      есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды транзиттеуге рұқсат алу үшін көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) портал арқылы жүгінген кезде:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі нысан бойынша өтiнiшті;

      2) өтiнiш берушi ұйымның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi (орыс тіліндегі аудармасымен);

      3) өтiнiш берушi елiнің мемлекеттiк органы олардың қолданыстағы заңнамасына сәйкес бақыланатын заттардың айналымына байланысты қызметке берген лицензияның не сертификаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (орыс тіліндегі аудармасымен);

      4) сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша кодтарын көрсете отырып, транзитке жататын, бақыланатын заттардың (физикалық және құндық мәнде) атауы мен көлемiн;

      5) өтiнiш берушiнiң тарапынан бақыланатын заттарды транзиттеудi жүзеге асыру кезiнде ықтимал апаттан келген залалды өтеу туралы сақтандыру және басқа да қаржылық кепiлдiктердi не өзге де мiндеттемелердi;

      6) соңғы жүк алушының бақыланатын заттарды пайдаланудың нақты мақсаты туралы өтiнiшi қоса берілетін Қазақстан Республикасында бақылауға алынған бақыланатын заттарды жеткізуге арналған шарттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (орыс тіліне аудармасымен);

      7) мәлiмделген транзиттiк тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде төтенше жағдайлардың алдын алу және әрекет ету жүйесiнiң ықтимал аварияның салдарын жоюға әзірлігі туралы өтiнiш берушi елдiң құзыреттi ресми органының растамасын;

      8) егер жүкті жүк алушыға беру оған байланысты емес себептер бойынша мүмкiн болмаған жағдайда бақыланатын заттар бар жүк жөнелтушісінің осы жүктi қайта қабылдауға мiндеттемелері туралы растамасын;

      9) тасымалдаудың нақты шарттарына тексеру жүргiзуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, керi тасымалдауға, сараптауға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда атқарушы органдардың басқа да қажеттi iс-қимылдарына байланысты шығыстарды, сондай-ақ анықталған ауытқуларды заңнама талаптарына сәйкес келтiру қажеттiгiне және/немесе жүктiң экспорттаушы мемлекетке қайтарылуына байланысты шығыстарды өтеу туралы өтiнiш берушiнiң pacтамасын ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды беру кезінде:

      көрсетілетін қызметті берушіде (қолма-қол немесе пошталық байланыс арқылы) берген кезде қағаз тасымалдағыштағы өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады;

      портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

      6) "Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабына сәйкес квота жоқ (квоталанатын тауарларға есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелуге, әкетуге рұқсат рәсімделген жағдайда);

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар";

      мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:

      "14. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.";

      мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:

      "15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті арқылы", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алады.";

      1-қосымшаның оң жағындағы жоғары бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Есірткі құралдарын,
  психотроптық заттар мен
  прекурсорларды әкелуге, әкетуге
  және транзиттеуге рұқсат беру"
  мемлекеттік көрсетілетін қызмет
  стандартына 1-қосымша";

      2-қосымшаның оң жағындағы жоғары бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Есірткі құралдарын,
  психотроптық заттар мен
  прекурсорларды әкелуге, әкетуге
  және транзиттеуге рұқсат беру"
  мемлекеттік көрсетілетін қызмет
  стандартына 2-қосымша";

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаменті (А.Р. Заппаров) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры Ж.Қ. Сүлейменовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр полиция
      генерал-полковнигі Қ. Қасымов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      2018 жылғы "___" __________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрлігі

      2018 жылғы "___" __________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      2018 жылғы "___" __________

  Қазақстан Республикасы
  Ішкі істер министрінің
  2018 жылғы 30 қарашадағы
  № 871 бұйрығына
  қосымша
  "Есірткі құралдары, психотроптық
  заттар мен олардың прекурсорларының
  айналымына байланысты қызметке
  лицензия беру" мемлекеттік
  көрсетілетін қызмет стандартына
  қосымша

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші

      _________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      _________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған

      жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      _________________________________________________________________________

      ____________________________________ жүзеге асыруға лицензияны және (немесе)

      лицензияға қосымшаны беруiңiздi сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы ________________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,

      елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Электрондық пошта________________________________________________________

      Телефондары _____________________________________________________________

      Факс_____________________________________________________________________

      Банк шоты________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      _________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат

      (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және

      оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту

      мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің

      лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып

      табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны

      беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Басшы ___________________________________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "___" _________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады