Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 17-1/158 "Табиғат қорғау мекемелері ұсынатын қызметтер үшін тарифтер мөлшерлерін бекіту туралы" бұыйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 17-5-6/328 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 желтоқсанда № 17891 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 27-5-6/253 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының 30.12.2020 № 27-5-6/253 бұйрығымен.

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 408 бұйырығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ереженің 14 тармағының 37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғат қорғау мекемелері ұсынатын қызметтер үшін тарифтер мөлшерлерін бекіту туралы" Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 17-1/158 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 15282 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 шілдеде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі ұсынатын қызметтер тарифтерінің мөлшерлерінде

      4 тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

4

Қонақүйден орындар ұсыну, бір орынға тәулігіне:
жазғы үйде
балықшылар үйінде
айрықша жайлы жабдықталған үйде

1000
1500
2000

      мынадай мазмұндағы 13 тармақпен толықтырылсын:

13

ерекше қорғалатын табиғи аумақта:
құбырлар, жылына бір шаршы метр алаңға
электр қуатын беру және байланыс желiлерiн, бір гектарға бір жылға
орналастыру жөнiнде қызметтер көрсету

112
622100

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Орман шаруашылығы
      және жануарлар дүниесі
      комитетінің төрағасы Қ. Рыскелдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады