Байланыс формасы

"Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 467 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 желтоқсанда № 17899 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi орган немесе оның аумақтық бөлімшелері энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың (бұдан әрі – ұйымдар) өтініштерін қабылдауды жыл сайын 15 тамыздан бастап 30 қыркүйекті қоса алғанда, жүйелік оператор үшін 25 қазанды қоса алғанда жүзеге асырады.

      30 қыркүйектен кейін әзірлік паспортын алуға келіп түскен өтініштер құжаттардың толық топтамасымен бірге өтініш берушіге қаралмастан қайтарылады.

      Әзірлік паспорты өтінішті берген сәттен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде беріледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Өтінішті "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы беруді қоспағанда, осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар нөмірленеді, тігіледі, сондай-ақ ұйым басшысының қолымен куәландырылады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Мыналар комиссияның әзірлік паспортын беруден бас тартуы үшін негіздеме болып табылады:

      1) ұйымдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы;

      2) ұйымдардың және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) ұйымдарға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.";

      Қағидаларға 3, 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Қағидаларға 5-қосымшаға осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қазақ тілінде өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрілігі

  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрінің
  2018 жылғы 30 қарашадағы
  № 467 бұйрығына
  1-қосымша
  Энергия өндіруші, энергия
  беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
  кезеңдегі жұмысқа әзірлік
  паспортын алу қағидаларына
  3-қосымша
  Нысан
  (кімге)___________________
  (органның атауы)
  _________________________
  (заңды тұлғаның атауы)

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініш _______________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) _______________________________________________________ (БСН, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың нөмірі және күні)

      Заңды тұлғаның және оның энергия объектісінің орналасқан жері:

      Пошталық мекенжайы_____________________________________

      Телефон нөмірлері ________________________________________

      E-mail __________________________________________________

      Факс____________________________________________________

      Қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі:

      1. ______________________________ __ парақта, беттің реттік №

      2. ______________________________ __ парақта, беттің реттік №

      3. ______________________________ __ парақта, беттің реттік №

      4. ______________________________ __ парақта, беттің реттік №

      5. ______________________________ __ парақта, беттің реттік №

      6. ______________________________ __ парақта, беттің реттік №

      Ұйымның басшысы_________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      20__ жылғы "___" ______________

  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрінің
  2018 жылғы 30 қарашадағы
  № 467 бұйрығына
  2-қосымша
  Энергия өндіруші, энергия
  беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
  кезеңдегі жұмысқа әзірлік
  паспортын алу қағидаларына
  4-қосымша
  Нысан

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың __________ жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі

      ________________________________________________ _______________________

      (акт жасалған жер)                                    (күні)

      _______________________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      _______________________ № ____________ бұйрығымен тағайындалған комиссия.

      _______________________________________________________________________

      (энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі

      _______________________________________________________________________

      жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалғаны

      _______________________________________________________________________

      орындалмағаны көрсетіледі)

      Тұжырым: ______________________________________________________________

      (ұйым күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзір - әзір емес)

Комиссия
төрағасы:

__________
__________
__________
(лауазымы)

___________________
(ұйым басшысының қолы)

__________________
(Тегі, Аты,
Әкесінің аты
(бар болған жағдайда))

Комиссия
төрағасының
орынбасары:

__________
__________
__________
(лауазымы)

____________________
(мемлекеттік органның
қолы және мөрі)

__________________
(Тегі, Аты,
Әкесінің аты
(бар болған жағдайда))

Комиссия
мүшелері:

__________
__________
__________
(лауазымы)

___________________
(қолы)

__________________
(Тегі, Аты,
Әкесінің аты
(бар болған жағдайда))


__________
__________
__________
(лауазымы)

___________________
(қолы)

__________________
(Тегі, Ат,
Әкесінің аты
(бар болған жағдайда))


__________ __________ __________ (лауазымы)

___________________
(қолы)

__________________
(Тегі, Аты,
Әкесінің аты
(бар болған жағдайда))

  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрінің
  2018 жылғы 30 қарашадағы
  № 467 бұйрығына
  3-қосымша
  Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларына
  5-қосымша

Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу шарттары

      1. Энергия өндіруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін мынадай құжаттар беріледі:

      1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпанда № 73 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10451 болып тіркелген) Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеуден өткен негізгі жабдықтардың техникалық жай-күйінің параметрі ведомосының көшірмелері;

      2) алдағы күзгі-қысқы кезеңге отын жеткізуге арналған шарттардың көшірмелері;

      3) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар мен құрылыстардың ақауларының алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы туралы акт;

      4) энергия өндіруші ұйымның жүктемелер (электр, жылу) графигін орындауға әзірлік актісі, яғни жұмыс пен резервте қажетті негізгі жабдық құрамының болуы;

      5) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 172 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14033 болып тіркелген) Энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормаларына сәйкес қоймада негізгі және резервтік (авариялық) отын қорының болуы туралы анықтама;

      6) өрт сөндіру және өрт дабылы жүйелерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;

      7) автоматика және релелік қорғаныс құрылғыларының, ғимараттар мен құрылыстардың, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;

      8) гидроқұрылыстарды (бар болған жағдайда) және күл үйінділерінің қалған сыйымдылығын күзгі комиссиялық қарап-тексеру жүргізу туралы актісі.

      2. Энергия беруші ұйымдар күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін келесі құжаттарды береді:

      1) Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеуден өткен негізгі жабдықтардың техникалық жай-күйінің параметрі ведомосының көшірмелері;

      2) электр жүктемелері графигін орындауға әзірлік туралы акті, яғни жұмыста және резервте жүктемелер графигін орындау және электр беру желілері мен трансформаторлардың өткізу қабілеті шегінде электр энергиясы мен қуатты беру үшін қажетті жабдық құрамының болуы (күзгі-қысқы кезеңде 10-110 кВ бойынша режимдік (қалыпты) схемалар, режимдік схема кезінде өткен жылғы жаздық және қысқы бақылау күндеріне жүктемелерді өлшеулер);

      3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) Электр қондырғыларын орнату қағидаларына және электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес көлемде және мерзімдерде электр желілерінің жабдығына сынақтар жүргізу туралы акті;

      4) релелік қорғау және автоматика, аварияға қарсы автоматика құрылғыларына толық көлемде техникалық қызмет көрсетуді орындау туралы акті, бар болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, диспетчерлік және технологиялық басқару құрылғыларының, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің әзірлігі (актілердің көшірмелері);

      5) энергия көздері қуатының тапшылығы туындаған кезде, сондай-ақ электр желілеріндегі авариялық жағдайда тұтынушыларды шектеу (веерлі ажыратулар) графиктерінің көшірмелері;

      6) пайдалануға енгізу және техникалық жай-күйін бағалау жылын көрсете отырып, графиктер мен кезеңділікке сәйкес жұмыс комиссияларында техникалық куәландырудан өткен энергия кәсіпорындарының жабдығы, электр қондырғылары, әуе желілері, кәбілді желілері, релелік қорғау және автоматика құрылғылары, ғимараттар мен құрылыстардың тізбесі;

      7) аварияға қарсы, өртке қарсы объектілік жаттығу жүргізу материалдары (жүргізілген жаттығулар тақырыптамалары мен персоналдың іс-қимылын бағалау);

      8) жедел-көшпелі және желілік бригадалардың көлік құралдарымен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілгендігі туралы актісі.

      3. Жылу энергиясын (жылу желілерін) тасымалдауды және таратуды жүзеге асыратын энергия беруші ұйымдар күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін келесі құжаттарды береді:

      1) электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және техникалық актілерге сәйкес қажетті көлемде және сапада негізгі және қосалқы жабдыққа жоспарлы жөндеудің орындалуы туралы акті;

      2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар және құрылыстардың ақауларының алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы туралы акті;

      3) өрт сөндіру және өрт дабылы жүйелерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;

      4) ғимараттар мен құрылыстардың, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;

      5) энергия көздері қуаты мен жылу желілерінің өткізу қабілетінің тапшылығы туындаған кезде жергілікті атқарушы органдармен келісілген тұтынушыларды шектеу графиктері;

      6) жылу беретін ұйымдардың аталған жерді жылыту үшін сыртқы ауаның есептік температурасына жылу желілері мен жылу көздерінің жылу желілері жұмысының температуралық графиктерін орындауға әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі акті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады