Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық бағынысты, республикалық мемлекеттік кәсіпорындағы арнайы көлік құралдарының тиістілік нормативтерін белгілеу және автокөлікті арнайы көлік құралдарына жатқызу өлшемшарттарын айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 1585 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 желтоқсанда № 17941 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" 2003 жылғы 10 ақпандағы №145 қаулысының 1-4 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық бағынысты "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы"" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін арнайы көлік құралдарының тиістілік нормативтері бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес автокөлікті арнайы көлік құралдарына жатқызу өлшемдері анықталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде, қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінде. Эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын және енгізілуін;

      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 1585 бұйрығына
1-қосымша

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық бағынысты "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы"" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін арнайы көлік құралдарының тиістілік нормативтері

№ р/р

Мақсаты

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалдарының атауы

Арнайы көлік құралдарының нормативтері

1

2

3

4

1

Ақпараттық жүйелерді пайдаланушыларға құқықтық ақпаратпен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында оларды жедел шығуға арнайы компьютерлік техникамен, Интернет желісіне сымсыз қол жеткізу құралдарымен жабдықталған жеңіл автокөлік.

Астана аймақтық құқықтық ақпарат орталығы

1

Алматы аймақтық құқықтық ақпарат орталығы

1

Ақтөбе аймақтық құқықтық ақпарат орталығы

1

Атырау аймақтық құқықтық ақпарат орталығы

1

Шығыс Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығы

1

Жамбыл аймақтық құқықтық ақпарат орталығы

1

Батыс Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығы

1

Қарағанды аймақтық құқықтық ақпарат орталығы

1

Көкшетау аймақтық құқықтық ақпарат орталығы

1

Қостанай аймақтық құқықтық ақпарат орталығы

1

Қызылорда аймақтық құқықтық ақпарат орталығы

1

Маңғыстау аймақтық құқықтық ақпарат орталығы

1

Павлодар аймақтық құқықтық ақпарат орталығы

1

Семей аймақтық құқықтық ақпарат орталығы

1

Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығы

1

Талдықорған аймақтық құқықтық ақпарат орталығы

1

Түркістан аймақтық құқықтық ақпарат орталығы

1

Шымкент аймақтық құқықтық ақпарат орталығы

1

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 1585 бұйрығына
2-қосымша

Автокөлікті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық бағынысты "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының арнайы көлік құралдарына жатқызу өлшемшарттары

      1. Арнайы компьютерлік техникамен жабдықтау (тасымалданатын жұмыс станциясы, дубликатор).

      2. Интернет желісіне сымсыз қолжеткізу құралдарымен жабдықтау.

      3. Компьютерлік техника үшін температуралық режимді қамтамасыз ету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады