Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 515 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 22 желтоқсанда № 18004 болып тіркелді.

      "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 70-33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 515 бұйрығымен
бекітілген

Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 30.04.2021 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 70-33) тармақшасына сәйкес әзірленді және Тұлғалар тобының тізілімне енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) нарық кеңесі – электр энергиясы мен қуаты нарығының жұмыс істеуін мониторингтеу жөніндегі қызметті, сондай-ақ Заңда көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      2) тұлғалар тобының тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – уәкілетті орган қалыптастыратын және ресми интернет-ресурста орналастыратын Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес бақылау болған жағдайда бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдары мен тұтынушылардың тізбесі;

      3) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу тәртібі

      3. Заңның 15-1-бабының 8-тармағына сәйкес егер электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналып бекітілген болжамды теңгерімінде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның аймақтарының қандай да бірінде болжамның алғашқы бес жылы ішіндеэлектр қуатының болжамды жабылмайтын тапшылығы 100 мегаваттан асатын болса, уәкілетті орган күнтізбелік отыз күн ішінде электр қуатының болжамды жабылмайтын тапшылығының туындауы туралы Нарық кеңесіне, Тізілімге енгізілген тұтынушыларға хабарламалар жібереді.

      Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің аймағы генерациялайтын көздер өндірген электр энергиясын беруге кедергі келтіретін техникалық сипаттағы шектеулер жоқ, электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеу тәртібіне сәйкес айқындалатын Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің бір бөлігі болып табылады.

      Электр қуатының жабылмайтын тапшылығы энергия тапшы аймақтарды Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің басқа аймақтарымен байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілеті ескеріле отырып есептеледі.

      4. Заңның 15-5-бабының 6-тармағына сәйкес Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылар мынадай формула бойынша Нарық кеңесі есептеген көлемде электр қуатын құруға қатысады:

      Қтек = Үэқ*(ЖЖжт/ЖЖбэж), мұнда

      Қтек – Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың электр қуатын құруға қатысу міндеттемелерінің есептік көлемі;

      Үэқ – Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі немесе оның аймақтарының қандай да бірінде электр қуатының болжамды тапшылық көлемі;

      ЖЖжт – электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімін бекіту сәтіндегі Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың ең жоғары жүктемесі;

      ЖЖбэж – электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімін бекіту сәтіндегі Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі жалпы ең жоғары жүктеме.

      5. Заңның 15-5-бабының 8-тармағына сәйкес Заңның 15-5-бабының 6-тармағында көзделген Тізілімге енгізілген тұтынушылардың электр қуатын құруға қатысу міндеттемелері мынадай формула бойынша Нарық кеңесі есептеген, Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген, көтерме сауда нарығының субъектілері құрған электр қуатының шамасына төмендетіледі:

      Қтк = (Үэқ+ҚҚжт)*(ЖЖжт/ ЖЖбэж) - ҚҚжт, мұнда

      Қтк – Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың электр қуатын құруға қатысу міндеттемелерінің көлемі;

      Үэқ – Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі немесе оның аймақтарының қандай да бірінде электр қуатының болжамды тапшылық көлемі;

      ҚҚжт – Заңның 15-5-бабының 8-тармағында көрсетілген талаптарды орындау барысында Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме нарығының субъектілерімен құрылған электр қуатынының көлемі;

      ЖЖжт – электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімін бекіту сәтіндегі Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың ең жоғары жүктемесі;

      ЖЖбэж – электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімін бекіту сәтіндегі Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі жалпы ең жоғары жүктеме.

      Егер Қтк осында нөлге тең немесе теріс болған жағдайда, Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың міндеттемелері нөлге тең болады.

      6. Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес, егер Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен құрылған электр қуатының көлемі Қтктең немесе одан артық болса, Тізілімге енгізілген Тиісті тұлғалар топтарының қалған тұтынушылары электр қуатын құруға қатысудан босатылады.

      7. Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес, егер Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері жасаған электр қуатының көлемі Моп-тан кем болса, Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылар мынадай формула бойынша уәкілетті органның хабарламасы негізінде Нарық кеңесі есептеген көлемде Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес электр қуатын құруға қатысады:

      Қбса = Қтк – ҚҚтк, мұнда

      Қбса – Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Тізілімге енгізілген тұтынушылар бірыңғай сатып алушыдан жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемі;

      Қтк – Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың электр қуатын құруға қатысу міндеттемелерінің көлемі;

      ҚҚтк – Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес көрсетілген талаптарды орындау барысында Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен құрылған электр қуатының көлемі.

      8. Бірыңғай сатып алушыдан электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемін Нарық кеңесі Тізілімге енгізілген тұтынушылар арасында мынадай формула бойынша бөледі:

      Қбса1 = Қбса * (ЖЖжт1/ЖЖжт), мұнда

      Қбса1 – Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Тізілімге енгізілген тұтынушылар бірыңғай сатып алушыдан жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемі;

      Қбса – Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Тізілімге енгізілген тұтынушылар бірыңғай сатып алушыдан жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемі;

      ЖЖжт1 – электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімін бекіту сәтінде сәтіне Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушының ең жоғары жүктемесі;

      ЖЖжт – электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімін бекіту сәтінде Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың ең жоғары жүктемесі.

      9. Заңның 15-5-бабының 6-тармағында көзделген міндеттемелерді Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген іс-қимылдарды орындау арқылы орындау кезінде Тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларға арналған орналастыру орнын (алаңқайды), отынның типі мен түрін осы Қағидалардың 13 және 14-тармақтарына сәйкес уәкілетті органмен келіседі.

      10. Тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығы субъектілерінің бірыңғай сатып алушымен және уәкілетті органмен реттеуші электр қуатын құруға қатысу, хабарламалар мен ақпаратты жіберу, реттеуші электр қуатын құруға шарттар жасасу және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шешімдер қабылдау мәселелері бойынша өзара іс-қимылы Заңның 15-5-бабының 10-12-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      11. Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген іс-қимылдарды орындау арқылы реттеуші электр қуатын құруға қатысу туралы шешім қабылдау кезінде, Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылар мынадай формула бойынша Нарық кеңесі есептеген көлемде электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бірыңғай сатып алушыдан сатып алады:

      Қбса = Қтк - ҚҚтк, мұнда

      Қбса – Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес тізілімге енгізілген тұтынушылардың электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бірыңғай сатып алушыдан сатып алу көлемі;

      Қтк – Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың электр қуатын құруға қатысу міндеттемелерінің көлемі;

      ҚҚтк – Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен құрылған электр қуатының көлемі.

      Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Тізілімге енгізілген тұтынушылар арасында электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемін бөлу осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес жүргізіледі.

      12. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізгеннен кейін және (немесе) аукциондық сауда-саттық өткізілгеннен кейін құрылған тұлғалар топтары Заңның 15-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес электр қуатын құруға қатысады.

      Бірыңғай сатып алушыдан электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемін Нарық кеңесі осы Қағидалардың 8, 21-тармақтарына сәйкес есептейді.

3-тарау. Тұлғалар топтарының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың болжанатын тапшылықты жабу үшін реттеуші электр қуатын құруға қатысу тәртібі

      13. Заңның 15-1-бабының 9-тармағына сәйкес егер электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналып бекітілген болжамды теңгерімінде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі немесе оның аймақтарының қандай да бірінде реттеуші электр қуатының болжамды жабылмайтын тапшылығы болжамның соңғы үш жылы ішінде 100 мегаваттан асатын болса, уәкілетті орган маневрлік генерациялау режимі бар реттеуші генерациялайтын қондырғылардың көлемдерін, пайдалануға беру мерзімдерін айқындайды және Тізілімге енгізілген тұтынушыларға реттеуші электр қуатының болжамды жабылмайтын тапшылығының туындағаны туралы Нарық кеңесіне хабарлама жібереді.

      14. Заңның 15-5-бабының 6-тармағына сәйкес Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылар мынадай формула бойынша уәкілетті органның хабарламасы негізінде Нарық кеңесі есептеген көлемде реттеуші электр қуатын құруға қатысады:

      Қретект = Третэқ*(ЕЖЖтұт/ЕЖЖБЭЖ), мұнда

      Қретект – Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың реттеуші электр қуатын құрудағы міндеттемелерінің есептік көлемі;

      Третэқ – Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі немесе оның аймақтарының қандай да бірінде реттеуші электр қуатының болжамды тапшылығының көлемі;

      ЕЖЖтұт – электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімін бекіту сәтіндегі Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың ең жоғары жүктемесі;

      ЕЖЖБЭЖ – электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімін бекіту сәтіндегі Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі жалпы ең жоғары жүктеме.

      15. Заңның 15-5-бабының 8-тармағына сәйкес Заңның 15-5-бабының 6-тармағында көзделген, Тізілімге енгізілген тұтынушылардың реттеуші электр қуатын құру жөніндегі міндеттемелері мынадай формула бойынша Нарық кеңесі есептеген, Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген, көтерме сауда нарығының субъектілері жасаған реттеуші электр қуатының шамасына төмендетіледі:

      Қтмрет = (Третэқ+ СҚреттұт)*(ЕЖЖтұт/ЕЖЖБЭЖ) – СҚреттұт, мұнда

      Қтмрет – Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың реттеуші электр қуатын құрудағы міндеттемелерінің көлемі;

      Третэқ – Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі немесе оның аймақтарының қандай да бірінде реттеуші электр қуатының болжамды тапшылығының көлемі;

      СҚреттұт – Заңның 15-5-бабының 8-тармағында көрсетілген шарттарды орындау кезінде Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері жасаған реттеуші электр қуатының көлемі;

      ЕЖЖтұт – электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімін бекіту сәтіндегі Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың ең жоғары жүктемесі;

      ЕЖЖБЭЖ – электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімін бекіту сәтіндегі Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі жалпы ең жоғары жүктеме.

      Егер Қтмрет нөлге тең немесе теріс болса, Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың міндеттемелері нөлге тең болады.

      16. Егер Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері жасаған реттеуші электр қуатының көлемі Қтмрет-ке тең немесе одан көп болса, Тізілімге енгізілген Тиісті тұлғалар тобының қалған тұтынушылары реттеуші электр қуатын құруға қатысудан босатылады.

      17. Егер Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері жасаған реттеуші электр қуатының көлемі Қтмрет-тен кем болса, Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылар мынадай формула бойынша Нарық кеңесі есептеген көлемде Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес реттеуші электр қуатын құруға қатысады:

      Қбсат = Қтмрет - СҚретксн, мұнда

      Қбсат – Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Тізілімге енгізілген тұтынушылардың электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бірыңғай сатып алушыдан сатып алу көлемі;

      Қтмрет – Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың реттеуші электр қуатын құрудағы міндеттемелерінің көлемі;

      СҚретксн – Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері жасаған реттеуші электр қуатының көлемі.

      18. Бірыңғай сатып алушыдан электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемін Нарық кеңесі Тізілімге енгізілген тұтынушылар арасында мынадай формула бойынша бөледі:

      Қбсат1 = Қбсат* (ЕЖЖтұт1/ЕЖЖтұт), мұнда

      Қбсат1 – Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Тізілімге енгізілген тұтынушының бірыңғай сатып алушыдан электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемі;

      Қбсат – Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Тізілімге енгізілген тұтынушылардың электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бірыңғай сатып алушыдан сатып алу көлемі;

      ЕЖЖтұт1 – электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімін бекіту сәтіндегі Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушының ең жоғары жүктемесі;

      ЕЖЖтұт – электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімін бекіту сәтіндегі Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың ең жоғары жүктемесі.

      19. Заңның 15-5-бабының 6-тармағында көзделген міндеттемелерді Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген іс-қимылдарды орындау арқылы орындау кезінде Тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларға арналған орналастыру орнын (алаңқайды), отынның типі мен түрін осы Қағидалардың 22 және 23-тармақтарына сәйкес уәкілетті органмен келіседі.

      20. Тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығы субъектілерінің бірыңғай сатып алушымен және уәкілетті органмен реттеуші электр қуатын құруға қатысу, хабарламалар мен ақпаратты жіберу, реттеуші электр қуатын құруға шарттар жасасу және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шешімдер қабылдау мәселелері бойынша өзара іс-қимылы Заңның 15-5-бабының 10-12-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      21. Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген іс-қимылдарды орындау арқылы реттеуші электр қуатын құруға қатысу туралы шешім қабылдау кезінде, Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылар мынадай формула бойынша Нарық кеңесі есептеген көлемде электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бірыңғай сатып алушыдан сатып алады:

      Қбсат = Қктұтрет – СҚреткс, мұнда

      Қбсат – Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес тізілімге енгізілген тұтынушылардың электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бірыңғай сатып алушыдан сатып алу көлемі;

      Қктұтрет – Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Тізілімге енгізілген тұтынушылардың электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бірыңғай сатып алушыдан сатып алу көлемі;

      СҚреткс – Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері жасаған реттеуші электр қуатының көлемі.

      Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Тізілімге енгізілген тұтынушылар арасында бірыңғай сатып алушыдан электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемін бөлу осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес жүргізіледі.

4-тарау. Пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларға арналған отынды орналастыру орнын (алаңын), типін және түрін келісу тәртібі

      22. Тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері уәкілетті органға пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды орналастыру орнын (алаңын), отынның типін және түрін келісу туралы қолдаухатты осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз және электрондық жеткізгіштерде генерациялайтын қондырғылардың негізгі параметрлері туралы ақпаратпен қоса береді.

      23. Уәкілетті орган электр қуаты Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе электр қуатының жойылмайтын тапшылығы болжанатын оның аймақтарының қандай да бірінде құрылатын жағдайда, тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығы субъектілерінің пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар үшін орналастыру орнын (алаңын), отынның типін және түрін келіседі.

  Тұлғалар тобының тізіліміне
енгізілген тұтынушылардың
болжамды тапшылықты жабу
үшін электр қуатын құруға
қатысу қағидаларына
қосымша
  Нысан

Генерациялайтын қондырғылардың негізгі параметрлері туралы ақпарат

      1. Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген іс-қимылдарды орындау арқылы осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген міндеттемелерді орындау шеңберінде іске асырылуы жоспарланатын іс-шаралармен қамтылатын электр станциясының атауы (атауы көрсетіледі).

      2. Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген іс-қимылдарды орындау арқылы осы Заңның 15-5-бабаның 6-тармағында көзделген міндеттемелерді орындау шеңберінде іске асырылуы жоспарланатын іс-шаралар туралы жалпы ақпарат*.

Іс-шараның атауы

Іс-шараның басталу күні (айы, жылы)

Іс-шараның аяқталу күні (айы, жылы)

Берілетін негізгі генерациялайтын қондырғының техникалық параметрлері

Белгіленген электр қуаты, оның ішінде реттеуші электр қуаты, (МВт)

Орнатылған жылу қуаты, (Гкал/сағ)

1

2

3

4

5

6

Алдағы жеті жылдық кезеңге арналған электр энергиясы мен қуатының бекітілген болжамды теңгерімінде ескерілмеген, істен шыққан электр қуатын және (немесе) реттеуші электр қуатын реконструкциялауды қоса алғанда, жаңа электр қуатын және (немесе) реттеуші электр қуатын салу

1.






2.











Меншікті қолданыстағы электр қуатын және (немесе) реттеуші электр қуатын кеңейту

1.






2.











      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі нақтылықпен көрсетіледі.

      3. Заңның 15-5-бабы 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген іс-шараларды іске асыруға дейінгі және кейінгі кезеңде электр станциясының (атауы көрсетіледі) жұмыс істеу параметрлері туралы ақпарат *

Белгіленген қуат, оның ішінде реттеуші қуат

Орташа жылдық қолда бар қуат, оның ішінде реттеуші қуат

Босатуға шартты отынның үлестік шығысы**

Электр (МВт)

Жылу (Гкал/сағ)

Электр (МВт)

Жылу (Гкал/сағ)

Электр энергиясының (гут/кВтсағ)

Жылу энергиясының (кгут/Гкал)

1

2

3

4

5

6

7

Іс-шараларды іске асырғанға дейін

1.







Іс-шараларды іске асырғаннан кейін

2.







      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі нақтылықпен көрсетіледі;

      ** - электр станциясының номиналды жұмыс режимінде.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады