Көрсеткіштердің базалық тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 104 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 желтоқсанда № 18008 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 7 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.01.2022 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 128-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған көрсеткіштердің базалық тізбесі бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлерді талдау және бағалау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 104 бұйрығымен
бекітілген

Көрсеткіштердің базалық тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.12.2020 № 96 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с№ Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі Есептілікті қалыптастыру мерзімі Ақпарат көзі Жауапты мемлекеттік орган
1 2 3 4 5 6

1

ЖӨӨ нақты көлемінің индексі

%

сәуір (жедел) тамыз (жылдық)

ресми статистикалық ақпарат

ҰЭМ

2

Шикізаттық емес экспорт көлемінің өсуі

өткен жылға қарағанда %

ақпан (жедел) шілде (жылдық)

ресми статистикалық ақпарат

СИМ

3

Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға инвестициялар

млрд теңге

қаңтар (жедел) шілде (жылдық)

ресми статистикалық ақпарат

ИИДМ

4

Еңбек өнімділігінің өсуі:





4.1

өңдеу өнеркәсібінде

өткен жылға қарағанда %

мамыр (жедел) тамыз (жылдық)

ресми статистикалық ақпарат

ИИДМ

4.2

ауыл шаруашылығында

өткен жылға қарағанда %

мамыр (жедел) тамыз (жылдық)

ресми статистикалық ақпарат

АШМ

5

Өлім-жітімнің стандартталған коэффициенті

коэффициент

шілде (жылдық)

ресми статистикалық ақпарат

ДСМ

6

Құрылған жұмыс орындарының саны:

бірлік

ақпан (жылдық)

Еңбекминінің әкімшілік деректері

Еңбекмині

6.1

тұрақты


6.2

уақытша

7

Атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың ішіндегі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар үлесі

%

ақпан (жылдық)

Еңбекминінің әкімшілік деректері

Еңбекмині

8

ЖӨӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі

%

сәуір (жедел) тамыз (жылдық)

ресми статистикалық ақпарат

ҰЭМ

9

Бір тұрғынға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз етілу

ш.м

ақпан (жылдық)

ресми статистикалық ақпарат

ИИДМ

10

Халықтың сумен жабдықтау көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуі:

%

ақпан (жылдық)

ИИДМ әкімшілік деректері

ИИДМ

10.1

қалаларда

10.2

ауылдық елді мекендерде

11

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі

%

қаңтар (жылдық)

ИИДМ әкімшілік деректері

ИИДМ

12

Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі

%

мамыр (жылдық)

ЖАО әкімшілік деректері

ЭГТРМ

13

Халықтың 1000 адамға шаққандағы спорттық инфрақұрылыммен орташа қамтамасыз етілуі

%

ақпан (жылдық)

МСМ әкімшілік деректері

МСМ

14

Сыбайлас жемқорлық деңгейі

%

ақпан (жылдық)

СЖҚІА әкімшілік деректері

СЖҚІА

15

Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейі

%

ақпан (жылдық)

ТЖМ әкімшілік деректері

ТЖМ

16

Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес ауылдық елді мекендердің әлеуметтік игіліктермен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі

%

наурыз (жылдық)

ЖАО әкімшілік деректері

ҰЭМ

      Ескертпе: ЖАО орталық мемлекеттік органдардың келісімінсіз он индикаторға дейін дербес қосуға жол беріледі.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;

      ЖӨӨ – Жалпы өңірлік өнім;

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;

      МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;

      СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;

      ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;

      СЖҚІА – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет);

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ЭГТРМ – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 104 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Базалық көрсеткіштер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 166 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10103 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қаңтарда жарияланған).

      2."Базалық көрсеткіштер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 761 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 12683 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3."Базалық көрсеткіштер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 166 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 15377 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады