Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюер ретінде тарту қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 17 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 желтоқсанда № 18049 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 8-2) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы Ереженің 17-тармағының 266-61) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюер ретінде тарту қағидалары бекітілсін.

      2. "Интервьюер жұмысын ұйымдастыру және олардың қызметінің құнын есептеу бойынша әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 1 шілдедегі № 133 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14071 болып тіркелген, 2016 жылы 17 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне мен аумақтық органдарынана жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Керімханова Г.М.) жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
2018 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 17 бұйрығымен бекітілді

Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюер ретінде тарту қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюер ретінде тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 8-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу (бұдан әрі – статистикалық байқау және санақ) кезінде респонденттерге сауал салуды жүзеге асыру үшін интервьюерлер ретінде адамдарды тарту тәртібін айқындайды.

      3. Осы Қағидаларды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті, сондай-ақ оның аумақтық органдары статистикалық байқауларды және санақтарды жүргізу кезінде қолданады.

      4. Қағидаларда Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар, сондай-ақ мынадай анықтама пайдаланылады:

      интервьюер – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде респонденттер мен үй шаруашылықтарына сауал салуды жүзеге асыратын адам.

2–тарау. Статистикалық байқауларды және санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюер ретінде тарту тәртібі

      5. Интервьюердің біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіптік немесе жалпы орта білім, жұмыс өтілі бойынша талаптарды ұсынусыз;

      6. Статистикалық байқауларды және санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюерлер ретінде тартуды аумақтық статистика органдары мынадай жолдармен жүзеге асырады:

      1) аумақтық статистика органдарының интернет-ресурсына интервьюерлердің бос орындарын жариялау;

      2) интервьюердің бос орнына отыруға тілек білдірген адамдардан өтінімдер қабылдау;

      3) аумақтық статистика органдарының мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің қатарынан статистикалық байқауларды және санақтарды жүргізу кезінде интервьюер ретінде адамдарды іріктеу үшін арнайы комиссияны құру (бұдан әрі – комиссия). Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ болуы және үш адамнан кем болмауы керек;

      4) осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес комиссияның адамдардың өтініштерін интервьюердің біліктілік талабына сәйкестігін қарау;

      5) комиссияның интервьюердің бос орнына отыруға тілек білдірген үміткерлермен әңгімелесуін өткізу;

      6) интервьюер ретінде комиссияның оң шешімін алған адамдармен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеулі қызмет көрсету шартын (бұдан әрі – шарт) жасау. Облыс орталығынан шалғай елді мекеннен интервьюердің бос орнына отыруға тілек білдірген адамдардан өтініш түскен жағдайда комиссия тиісті статитиканың қалалық немесе аудандық бөлімшесінде алшақталған режимде әңгімелесу өткізеді (бейне конференция байланысы арқылы, ол жоқ болған жағдайда телефон арқылы тілдесу жолымен).

      Статистиканың қалалық немесе аудандық бөлімшелерінің басшыларына облыс орталығынан шалғай елді мекендерден интервьюердің бос орнына отыруға тілек білдірген адамдармен алшақталған режимде әңгімелесуді өткізу бойынша комиссияның өкілеттігін жүктеу ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьер ретінде тарту үшін ғана рұқсат етіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады