"Лотерея қызметі және ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 140 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 374 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 желтоқсанда № 18056 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 8 шiлдедегi № 195 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 08.07.2020 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Лотерея қызметі және ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 140 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11307 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 маусымдағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 554-бабының 2-тармағына (Салық кодексі) сәйкес казино қызметімен айналысу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алым мөлшерлемелері:";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшiн жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      лицензия алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенім хаты (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      казино қызметімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақүй кешенінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге заңды негізіндегі үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер нысаны;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншік құқығындағы ойын жабдығы туралы мәліметтер нысаны;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған жеке және заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер нысаны;

      қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинациялары;

      ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының қазақ және орыс тілдеріндегі қағидалары;

      бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 60000 АЕК мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт;

      лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелері;

      лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда рәсімделген болса):

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) порталға:

      лицензия алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинациялары;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының қазақ және орыс тілдеріндегі қағидалары;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 60000 АЕК мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт;

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері;

      лицензияның телнұсқасын алу үшін:

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда).

      Көрсетілетін қызметті алушының, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бюджетіне алым сомасын төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), лицензия туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін шығарады, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы (не оның уәкілетті өкілі) жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы қызмет алушының жүгіну тарихындағы "жеке кабинетінде" мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, хабарлама көрінеді.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефон нөмірлері және мекенжай бойынша: www.sport.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөліміне не мына Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрлік үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы, мына 8 (7172) 740429, 740454 байланыс телефондары бойынша Министрліктің басшылығының атына жолданады.

      Шағым қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамада көрсетілген жағдайларда, жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол немесе бейнеөтініш түрінде Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ портал арқылы беріледі.

      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні). Көрсетілетін қызметті алушыға өзі келген жағдайда немесе бейнеөтініш арқылы жүгінгенде кіріс құжатты қабылдау күні мен уақыты және нөмірі көрсетілген, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетілген талон беріледі.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда), пошталық мекенжайы және қолы;

      2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация филиалы, бөлімі басшысының атына www.gov4c.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефон нөмірлері арқылы беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефоны немесе портал арқылы алуға болады.

      Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" оны өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін есепке ала отырып, қойылатын өзге де талаптар";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 554-бабының 2-тармағына (Салық кодексі) сәйкес ойын автоматтары залы қызметімен айналысу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алым мөлшерлемелері:";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшiн жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      лицензия алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенім хаты (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      ойын автоматтары залы қызметімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге заңды негізіндегі үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер нысаны;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 554-бабының 2-тармағына (Салық кодексі) сәйкес букмекер кеңсесі қызметімен айналысу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алым мөлшерлемелері:";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшiн жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      лицензия алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенім хаты (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      букмекер кеңсесі қызметімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер нысаны;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдығы туралы мәліметтер нысаны;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған жеке және заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер нысаны;

      ойын мекемесінің жұмыс істеуінің, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін бәс тігудің қазақ және орыс тілдеріндегі қағидалары;

      бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 40000 АЕК мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт;

      лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелері;

      лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда рәсімделген болса):

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;

      2) порталға:

      лицензия алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер нысаны;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдығы туралы мәліметтер нысаны;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған жеке және заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер нысаны;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы ойын мекемесінің жұмыс істеуінің, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін бәс тігудің қазақ және орыс тілдеріндегі қағидалары;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 40 000 АЕК мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт;

      лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері;

      лицензияның телнұсқасын алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда).

      Көрсетілетін қызметті алушының, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бюджетіне алым сомасын төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), лицензия туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін шығарады, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы (не оның уәкілетті өкілі) жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы қызмет алушының жүгіну тарихындағы "жеке кабинетінде" мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, хабарлама көрінеді.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефон нөмірлері және мекенжай бойынша: www.sport.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөліміне не мына Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрлік үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы, мына 8 (7172) 740429, 740454 байланыс телефондары бойынша Министрліктің басшылығының атына жолданады.

      Шағым қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамада көрсетілген жағдайларда, жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол немесе бейнеөтініш түрінде Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ портал арқылы беріледі.

      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні). Көрсетілетін қызметті алушыға өзі келген жағдайда немесе бейнеөтініш арқылы жүгінгенде кіріс құжатты қабылдау күні мен уақыты және нөмірі көрсетілген, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетілген талон беріледі.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда), пошталық мекенжайы және қолы;

      2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация филиалы, бөлімі басшысының атына www.gov4c.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефон нөмірлері арқылы беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефоны немесе портал арқылы алуға болады.

      Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" оны өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін есепке ала отырып, қойылатын өзге де талаптар";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі";

      "7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 554-бабының 2-тармағына (Салық кодексі) сәйкес тотализатор қызметімен айналысу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алым мөлшерлемелері:";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшiн жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      лицензия алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенім хаты (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан өтініш;

      тотализатор қызметімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер нысаны;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдығы туралы мәліметтер нысаны;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған жеке және заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер нысаны;

      ойын мекемесінің жұмыс істеуінің, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін бәс тігудің қазақ және орыс тілдеріндегі қағидалары;

      бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 10000 АЕК мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт;

      лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан өтініш;

      лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелері;

      лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда рәсімделген болса):

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан өтініш;

      лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;

      2) порталға:

      лицензия алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер нысаны;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдығы туралы мәліметтер нысаны;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған жеке және заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер нысаны;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы ойын мекемесінің жұмыс істеуінің, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін бәс тігудің қазақ және орыс тілдеріндегі қағидалары;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 10000 АЕК мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт;

      лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері;

      лицензияның телнұсқасын алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда).

      Көрсетілетін қызметті алушының, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бюджетіне алым сомасын төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), лицензия туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін шығарады, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы (не оның уәкілетті өкілі) жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы қызмет алушының жүгіну тарихындағы "жеке кабинетінде" мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, хабарлама көрінеді.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефон нөмірлері және мекенжай бойынша: www.sport.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөліміне не мына Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрлік үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы, мына 8 (7172) 740429, 740454 байланыс телефондары бойынша Министрліктің басшылығының атына жолданады.

      Шағым қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамада көрсетілген жағдайларда, жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол немесе бейнеөтініш түрінде Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ портал арқылы беріледі.

      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні). Көрсетілетін қызметті алушыға өзі келген жағдайда немесе бейнеөтініш арқылы жүгінгенде кіріс құжатты қабылдау күні мен уақыты және нөмірі көрсетілген, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетілген талон беріледі.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда), пошталық мекенжайы және қолы;

      2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация филиалы, бөлімі басшысының атына www.gov4c.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефон нөмірлері арқылы беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефоны немесе портал арқылы алуға болады.

      Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" оны өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін есепке ала отырып, қойылатын өзге де талаптар".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) қолданысқа енген күннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады