Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 928 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 желтоқсанда № 18080 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидалары бекітілсін.

      2. "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 489 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8310 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 4 мамырдағы № 121 (28060) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 928 бұйрығымен
бекітілген

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленген және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) біліктілікті арттыру – бұрын алған кәсіптік білімін, шеберлігі мен дағдыларын қолдануға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;

      2) біліктілік курсы – мамандарға кәсіби қызмет немесе білімді жалғастыру дәрежесі атағын бере отырып арнайы оқытудың аяқталған циклі;

      3) білімді бақылау – оқудан өткендігі туралы куәландыратын құжат беру туралы шешімді қабылдайтын нәтиже бойынша, өтініш берушінің тиісті оқу курстарындағы теориялық және тәжірибелік білімді игерген бағасы;

      4) қайта даярлау – басқа кәсіпті немесе мамандықты игеруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;

      5) оқыту бағдарламасы – әрбір оқу пәні (сабақ) бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберліктің, дағдылар мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;

      6) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлар – өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында еңбектік қызметін жүзеге асыратын мамандар, оның ішінде өлшем құралдарын салыстырып тексерушілер;

      7) өтініш беруші – өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрлардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға өтінім беретін жеке немесе заңды тұлға;

      8) тыңдаушы – өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйымға біліктілік курсы бойынша оқуға қабылданған тұлға;

      9) уәкілетті орган – техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      3. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау біліктілік курстары нысанында жүзеге асырылады.

      4. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - Ұйым), жыл сайын біліктілік курстарын жүргізу басталғанға дейін әрбір біліктілік курсы бойынша оқыту бағдарламасын әзірлейді, басшымен бекітеді және уәкілетті органмен келіседі.

      5. Оқыту бағдарламасы мынадай ақпараттарды:

      1) кәсіптік оқыту нысанын;

      2) біліктілік курсының атауын;

      3) ұзақтығын;

      4) оқытуды өткізу мақсатын;

      5) пән атауларын, әрбір пән (бөлім) бойынша лекцияларды, (қажеттілігіне қарай) тәжірибелік сабақтарды қосқандағы сағат саны қосылған оқыту жоспарын;

      6) меңгерілуге тиісті білімнің, шеберліктің, дағдылар мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін;

      7) білімді бақылау нысанын (тестілеу) құрайды.

      6. Біліктілік курстарын өткізу мерзімі мыналардан кем болмауы тиіс:

      1) бір апта (қырық академиялық сағат) – өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша;

      2) екі апта (сексен академиялық сағат) – өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрларды қайта даярлау бойынша.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.11.2021 № 601-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды өткізу тәртібі

      7. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрлардың біліктілігін арттырудан және оларды қайта даярлаудан өту үшін өтініш беруші оқуға жіберілетін жеке тұлға туралы мәліметтерді, кәсіптік оқыту нысанын, біліктілік курсының атауын, сондай-ақ ұйымның банктік деректемелерін (заңды тұлғалар қызметкерлері үшін), жеке сәйкестендіру нөмірін (жеке тұлғалар үшін) көрсете отырып, ұйымға өтінім жібереді.

      8. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау тиісті біліктілік курсы бойынша оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Оқытудың қорытындысы бойынша білімді бақылауды біліктілік курсындағы оқыту бағдарламасының пәндеріне сәйкес, құрамына кем дегенде бес жыл жұмыс өтілімі бар өлшем бірлігін қамтамасыз ету және метрология саласындағы мамандар, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар кіретін ұйымның емтихан комиссиялары жүзеге асырады.

      Білімді бағалау тестілеу түрінде жүзеге асырылады.

      Білімді бақылау тестілеудің жалпы сұрақ санынан кемінде елу пайыз мөлшерінде дұрыс жауап жинаған кезде оң нәтижелі болып бағаланады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.11.2021 № 601-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Тиісті біліктілік курсын аяқтау бойынша білімді бағалаудың оң нәтижелері кезінде тыңдаушыларға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрлардың біліктілігін арттыру (қайта даярлау) туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде куәлік беріледі.

      11. Білімді бақылау нәтижелері теріс болған жағдайда тыңдаушыға оқу курсын тыңдағаны туралы анықтама беріледі.

      Білімді қайта бақылау тестілеу тапсырған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң жүргізіледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.11.2021 № 601-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Берілген куәліктерді тіркеу журналы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

  Өлшем бірлігін қамтамасыз ету
саласындағы кадрлардың
біліктілігін арттыру және
оларды қайта даярлау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Кадрлардың біліктілігін арттыру (қайта даярлау) туралы куәлік №___________________

      __________________________________________________________________________

                                    уәкілетті органның атауы

      __________________________________________________________________________

                              оқытуды атқаратын ұйымның атауы

      Осы куәлік ________________________________________________ берілді

                  тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

      ол ________жылы "__" _________ - "___" _________аралығында _____ сағат көлемінде

      __________________________________________________________________________

      жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қажетті білімдерді игергенін куәландыратын

      тестілеуді тапсырды және _______________________________________________

      тақырыбы бойынша біліктілікті арттырудың (қайта даярлаудың) теориялық және

      тәжірибелік курсынан өтті.

      Ұйым басшысы ________________ _________________________________

                              қолы                         Т.А.Ә.

      Хатшы ________________ _________________________________

                              қолы                         Т.А.Ә.

      Мөр орны (болған жағдайда)

      Берілген күні "____" _________ 20___жыл ______________ қаласы.

  Өлшем бірлігін қамтамасыз ету
саласындағы кадрлардың
біліктілігін арттыру және
оларды қайта даярлау
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Берілген куәліктерді тіркеу журналы


р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Өтініш беруші туралы мәлімет

Берілген күні

Кадрлардың біліктілігін арттыру (қайта даярлау) туралы куәлік №

Тыңдаушыныңқолы

1

2

3

4

5

6








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады