"Босқынның жол жүру құжатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 837 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18113 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 264 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 № 264 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Босқынның жол жүру құжатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрлігі

      2018 жылғы "___" ______

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 837 бұйрығына

"Босқынның жол жүру құжатын беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Босқынның жол жүру құжатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөлiністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш қабылдау және нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) қажеттi құжаттардың топтамасын тапсырған күннен бастап

      босқынның жол жүру құжатын беру кезінде: – күнтiзбелiк 58 (елу сегіз) күн;

      ауыстыру кезінде (босқынның жол жүру құжатында техникалық ақау немесе дербес деректерде қателер анықталған жағдайда): – күнтiзбелiк 28 (жиырма сегіз) күн;

      оның жарамдылық мерзімін ұзарту кезінде: – күнтiзбелiк 5 (бес) күн;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етiлетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) ең ұзақ рұқсат етілетін қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi - босқынның жол жүру құжатын беру, көрсетілген қызметті берушінің уәкілетті қызметкерінің қолымен куәландырылатын және көрсетілген қызметті берушінің мөрімен бекітілетін босқынның жол жүру құжатында жарамдылық мерзімін ұзарту туралы жазбаны қою немесе босқынның жол жүру құжатын беруден бас тарту туралы дәлелдемелі жауап.

      Жол жүру құжатын ресімдеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде босқынға осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес күнтізбелік бес күн ішінде ішінде бас тарту себебін көрсете отырып қолына хабарлама беріледі немесе пошта бойынша жолданады.

      Жол жүру құжатын беруден бас тартуға әкелген себептер жойылғаннан кейін босқын жол жүру құжатын алу үшін есепке алынған жері бойынша аймақтық көші-қон қызметіне екіншілей өтініш береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      босқынның жол жүру құжатын беру кезінде:

      1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жол жүру құжатын беру туралы өтініш (есепке қою орны бойынша 2 данада);

      2) босқынның баласының туу туралы куәлігі (болған жағдайда) және (немесе) ол қорғаншылық не қамқоршылықты жүзеге асыратын он сегіз жасқа толмаған адамға қатысты заңды өкілі ретінде босқынның құқығын растайтын құжаттар (көшірмесі, түпнұсқасы салыстыру үшін ұсынылады);

      3) өлшемі 3,5 х 4,5 сантиметрлі төрт фотосурет және әрбір баласына және (немесе) босқынның қорғаншылық немесе қамқоршылықты жүзеге асыратын адамға.

      Фотосуретке бас киіммен түсуге болмайды, тек діни тұрғыда және медициналық себептерге байланысты рұқсат беріледі, бұндай жағдайда бет иектің төменгі жағынан бастап маңдайға дейін көрініп тұруы керек, бетінде бас киімнің көлеңкесі түсіп тұруына жол берілмейді. Көздері ашық және анық көрінуі, көзілдірік көзді жауып қалмауы тиіс, шағылыстыратын және күн сәулесінен қорғайтын көзілдіріктерді киіп түсуге жол берілмейді. Құжаттандырылатын адамның нысанды киімде түскен фотосуреті қабылданбайды. Фотосурет көрсетілетін қызметті алушының ресімдеу кезіндегі жасына сәйкес келеді.

      Өтініште көрсетілген еңбек қызметі немесе оқуы туралы мәлімет (еңбек кітапшасы барлар үшін) оларды растайтын құжаттармен: еңбек кітапшасымен оның көшірмесімен, жұмыс (оқу) орнынан анықтамамен салыстыра тексеріледі.

      4) дербес деректердің өзгергенін растайтын құжат (жол жүру иесінің тегі немесе аты, сондай-ақ оны туған күні және(немесе) орны туралы мәлімет өзгерген жағдайда).

      Жол жүру құжатын айырбастау оның жарамдылық мерзімінің өтуіне дейін – жол жүру құжатының беттерінде қажетті жазба енгізу немесе тиісті белгілер қою үшін бос орын болмаған; жол жүру құжаты иесінің дербес деректері өзгерген (тегі, аты, туған күні және(немесе) орны туралы мәліметтер); жол жүру құжатын бүлдірген немесе жоғалтқан жағдайларда жүргізіледі.

      Жол жүру құжатында техникалық ақау немесе дербес деректерде қателер анықталған жағдайда босқынға ол бұрын ұсынған құжаттар негізінде күнтізбелік жиырма сегіз күн ішінде жаңа жол жүру құжаты ресімделеді.

      жарамдылық мерзімін ұзартқан кезде:

      1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жол жүру құжатын беру туралы өтініш;

      2) босқынның жол жүру құжаты.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негіздері болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі туралы факті анықталған және (немесе) көрсетілетін қызметті алушы жарамдылығы аяқталған құжаттар ұсынғаны анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті бұдан әрі қараудан дәлелденген бас тарту береді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым:

      1) тиісті көрсетілетін қызмет беруші басшысының атына Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша;

      2) Министрліктің Көші-қон қызметі комитеті басшысының атына (бұдан әрі – КҚҚК) беріледі.

      Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не заңнамамен көзделген жағдайларда электронды түрде немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қабылданғанын растайтын құжат шағымды қабылдаған адамның тегі және инициалдары, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің тіркеуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні).

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағым келтіру туралы ақпаратты 1414 бірыңғай байланыс-орталығының телефоны арқылы алынуы мүмкін.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш білдіре алады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қолжетімділік режимінде порталдың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 1414 бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.


  "Босқынның жол жүру
құжатын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
тандартына
1-қосымша
  ___________________________
(Босқынның тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда),
____________________________
болу (тұру) орнының мекенжайы)

Хабарлама

      Осымен, Сізге "Мемлекеттік қызметтер туралы" Заңның 19-1 бабымен көзделген жағдайларға, "Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы" Заңның 23-бабы негізінде Қазақстан Республикасынан шығуға шектеу бар болуына байланысты жол жүру құжатын ресімдеуден бас тартылғанын хабарлаймыз.

      __________________________________________________________________________
(шектеу мерзімі, шектеу туралы шешімнің күні және тіркеу нөмірі,

      __________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасынан шығуға шектеу үшін жауапкершілікті өзіне қабылдаған

      __________________________________________________________________________
ұйымның толық атауы және заңды мекенжайы)

      Басшы ______________________________________________________________
(аумақтық көші-қон қызметі бөлінісінің атауы)

      ____________________________ ___________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      20 жылғы " " _________

      Аумақтық көші-қон қызметі бөлінісінің мөрі қойылады.

  "Босқынның жол жүру
құжатын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
тандартына
2-қосымша
  Нысан

Босқынның жол жүру құжатын беру туралы өтініш

Сурет 35х45

Жол жүру құжатын беру
_________________________________________
(рұқсат етілді/рұқсат етілген жоқ)
Басшы ___________________________________
(аумақтық
_________________________________________
көші-қон қызметі бөлінісінің атауы)
________________ ________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
__________
(күні)

      № босқынның жеке ісі _______________________

      Жол жүру құжатын алу мақсаты _______________

      __________________________________________________________________________
(шетелге уақытша шығу үшін немесе шетелде тұру үшін (қандай емес)

      Құжатты алу ______________________________________________________________
(бастапқы, ауыстыру, жоғалту (жол жүру құжатын жоғалтқан жағдайда босқын өтініште
жоғалған жол жүру құжатын қайда, қашан және кім бергенін көрсетеді, онжа жазылған
адамдар туралы деректер, жоғалу жағдайы)

      1. Тегі ___________ Аты ____________________________________________________
Әкесінің аты (болған жағдайда)

      __________________________________________________________________________

      2. Туған күні, айы, жылы ____________________________________________________

      3. Туған орны:

      ел ________________________________________________________________________

      4. Азаматтығы _____________________________________________________________
Қазақстан Республикасының аумағында болу (тұру) орнының мекенжайы

      __________________________________________________________________________
(индекс, республикасы, өлкесі, облысы, елді мекен, көшесі, үйі, корпусы, пәтері, телефоны)

      7. Босқынның куәлігі: УБ № 20 жылғы " " берілді

      сериясы ____ _____ ______ _______ ____________

      __________________________________________________________________________
(құжат берген аумақтық көші-қон қызметі бөлінісінің атауы)

      8. Қазақстан Республикасынан шығуға кедергі келтіретін келісімшарт міндеттемелері бар ма. Егер бар болса, қандай

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      9. Сот үкімімен сотты болды ма не Қазақстан Республикасының аумағында айыпталушы ретінде тартылды ма. Егер бар болса, онда қандай сот, қандай бап және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің қандай бөлігі, қандай жаза тағайындалды

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      10. Сот салған орындалмаған міндеттемелер бар ма______________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      11. Қазақстан Республикасында салық төлемдері бойынша берешек бар

      __________________________________________________________________________

      12. Қазақстан Республикасының аумағында соңғы жұмыс (оқу) орны туралы мәлімет:

      а) жұмысқа (оқуға) түскен күні _______________________________________________

      б) ұйымның (оқу орынның) атауы және атқарған лауазымы

      в) ұйымның (оқу орынның) мекенжайы________________________________________

      13. Жол жүру құжатына енгізу үшін балалар туралы мәлімет:

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Жынысы

      Туған күні мен жері

      Туыстық деңгейі

      20__ж. "__"_______ _____________________ (өтініш иесінің қолы)

      Өтініште көрсетілген мәлімет ұсынылған құжаттармен салыстырылды

      ________________________________________________________________ (босқынның куәлігімен, еңбек кітапшасымен, басқалармен)

      ______________________________________________________________ (өтінішті қабылдаған аумақтық көші-қон қызметі бөлінісінің уәкілетті қызметкерінің лауазымы, тегі)

      ____________ 20___ж.________ _________ (қолы)

      Жол жүру құжаты

      берілді

      сериясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады