Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге, сондай-ақ мемлекетаралық және ұлттық стандарттарға метрологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 930 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18114 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге, сондай-ақ мемлекетаралық және ұлттық стандарттарға метрологиялық сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 930 бұйрығымен
бекітілді

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге, сондай-ақ мемлекетаралық және ұлттық стандарттарға метрологиялық сараптама жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 02.06.2021 № 388-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге, сондай-ақ мемлекетаралық және ұлттық стандарттарға метрологиялық сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге, сондай-ақ мемлекетаралық және ұлттық стандарттарға метрологиялық сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

      1) метрологиялық сараптама – метрологиялық талаптарды, өлшем бірлігімен байланысты қағидалар мен нормаларды қолдану дұрыстығын және толықтығын талдау және бағалау;

      2) уәкілетті орган - техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      3. Өлшеулерге, өлшем құралдарына, оның ішінде стандартты үлгілерге қойылатын талаптарды қамтитын жобаларға және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге, сондай-ақ мемлекетаралық және ұлттық стандарттар жобаларына (сәйкестік дәрежесі ұқсас халықаралық және өңірлік стандарттар негізінде әзірленетін стандарттарды қоспағанда) метрологиялық сараптама міндетті болып табылады және оны мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (бұдан әрі – МҒМО) жүргізеді.

      4. Жобаларға және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі – НҚА) метрологиялық сараптамасы НҚА-ға метрологиялық сараптама жөніндегі тиісті республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылады.

      5. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде әзірленген қолданыстағы техникалық регламенттерге (бұдан әрі – ТР) жобаларының және оларға стандарттар тізбелерінің метрологиялық сараптамасын уәкілетті орган ұйымдастырады және ТР метрологиялық сараптамасы жөніндегі республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде іске асырады.

      6. Мемлекетаралық және ұлттық стандарттар (бұдан әрі – стандарттар) жобаларының метрологиялық сараптамасы:

      "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін ұлттық стандарттау жоспар;

      стандарт әзірлеушісінің бастамасы бойынша әзірленген стандарттардың әзірлеушісінің өтінімі бойынша шарт негізінде жүзеге асырылады.

      7. Метрологиялық сараптамаға өнім мен көрсетілетін қызметтерге, жұмыстарға (процестерге), бақылау (сынау, өлшеу, талдау) әдістеріне арналған стандарттардың жобалары жатады, олар:

      өлшемдер дәлдігінің сипаттамаларына, өлшеуіш бақылаудың нақтылығына қойылатын талаптарды;

      өлшемдерді орындау әдістемелеріне, өлшем құралдарына, стандартты үлгілерге, аттестатталған қоспаларға қойылатын талаптарды;

      өлшемдерді орындау әдістемелерін, талдауды, сынақтарды және өлшеуіш бақылауды;

      заттар мен материалдардың қасиеттері туралы деректерді, оның ішінде стандартты анықтамалық деректерді;

      стандартты үлгілерді қолдануды;

      өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу әдістемелерін.

2-тарау. Нормативтік құқықтық актілерге метрологиялық сараптама жүргізу тәртібі

      8. Өлшемдерге, өлшем құралдарына, стандарттық үлгілерге қойылатын талаптарды қамтитын НҚА әзірлеушісі оны метрологиялық сараптама жүргізу үшін МҒМО ұсынады.

      9. Метрологиялық сараптама 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімінде жүзеге асырылады.

      Метрологиялық сараптама жүргізу кезінде талдау жасалады және бағалау жүргізіледі:

      метрологиялық талаптарды белгілеу және сақтау дұрыстығы;

      дәлдік көрсеткіштеріне, өлшемдерге, өлшем құралдарына, стандартты үлгілерге, өлшем әдістемелеріне (әдістеріне), реттеу объектілері сипаттамаларының сәйкестігін бағалау әдістеріне қойылатын талаптарды қоса алғанда, метрологиялық талаптарды баяндаудың болуына, толық жазылуы;

      белгіленген міндетті метрологиялық талаптардың іске асырылуын;

      дәлдік көрсеткіштерінің реттеу берілген объектілеріне қойылатын талаптарға сәйкестігі;

      құралдардың және зерттеулер (сынақтар) әдістемелерінің (әдістерінің) және өлшемдердің өлшем дәлдігінің белгіленген көрсеткіштеріне сәйкестігі;

      акт жобасында көрсетілген өлшем құралдарын, техникалық жүйелер мен өлшем функциялары бар құрылғыларды метрологиялық қамтамасыз ету мүмкіндіктері;

      өлшемдер нәтижелерін өңдеу алгоритмдерінің НҚА жобасында жазылған зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер міндеттеріне сәйкестігі;

      метрологиялық терминдерді, өлшенетін шамалардың атаулары мен белгіленулерін қолданудың дұрыстығы.

      10. Метрологиялық сараптама нәтижелері бойынша МҒМО НҚА-ны әзірлеушісіне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нормативтік құқықтық актінің метрологиялық сараптамасы жөніндегі қорытындыны жібереді.

3-тарау. Техникалық регламенттерге метрологиялық сараптама жүргізу тәртібі

      11. Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы ТР және олардың жобаларына, зерттеу (сынау) және өлшем қағидалары мен әдістерін қамтитын стандарт тізбелерінің жобаларына немесе ТР-ға өзгерістер енгізу туралы акті жобаларына немесе стандарт тізбелеріне өзгерістер енгізу туралы актіге метрологиялық сараптама, қолдану нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін, зерттеу (сынау) және өлшем қағидалары мен әдістерін, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарын қолдану және орындау және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 10 шешімімен (бұдан әрі – Шешім) бекітілген техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің жобасына, стандарттар тізбесінің жобасына метрологиялық сараптама жүргізу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

      ТР метрологиялық сараптамасының нәтижелері бойынша МҒМО ТР әзірлеушісіне Шешімнің қосымшасына сәйкес нысан бойынша Техникалық регламенттің метрологиялық сараптамасы бойынша қорытындыны жібереді.

4-тарау. Стандарттарға метрологиялық сараптама жүргізу тәртібі

      12. Стандарттардың метрологиялық сараптамасы ҚР СТ 2.71 "Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Құжаттардың метрологиялық сараптамасы. Негізгі ережелерге" сәйкес жүзеге асырылады.

      МҒМО метрологиялық сараптамасының нәтижелері бойынша 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімінде стандартты әзірлеушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекетаралық және ұлттық стандарттардың метрологиялық сараптамасы жөніндегі қорытындыны жібереді.

  Өлшем бірлігін қамтамасыз ету
саласындағы нормативтік
құқықтық актілерге, техникалық
регламенттерге, сондай-ақ
мемлекетаралық және ұлттық
стандарттарға метрологиялық
сараптама жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті "Қазақстан стандарттау және метрология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Нормативтік құқықтық актінің метрологиялық сараптамасы бойынша қорытынды

      20___ жылғы "____" ________

      Нормативтік құқықтық актінің атауы _____________________________________

      Әзірлеуші-мемлекеттік орган ____________________________________________

      Заңнама саласы _______________________________________________________

      Құқықтық реттеу мәні __________________________________________________

      Метрологиялық сараптама нәтижелері ___________________________________

      Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама ережелеріне нормативтік

      құқықтық актінің сәйкестігі/сәйкессіздігі туралы тұжырым

      ____________________________________________________________

Сараптама жүргізген сарапшы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Өлшем бірлігін қамтамасыз ету
саласындағы нормативтік
құқықтық актілерге, техникалық
регламенттерге, сондай-ақ
мемлекетаралық және ұлттық
стандарттарға метрологиялық
сараптама жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  нысан

      Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті "Қазақстан стандарттау және метрология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Мемлекетаралық және ұлттық стандарттардың метрологиялық сараптамасы бойынша қорытынды

      20___ жылғы "____" ________

      Стандарттың атауы ___________________________________________________

      Үйлестіру үшін қолданылатын стандарттау жөніндегі құжаттың белгіленуі және атауы

      _______________________________________________________________

      Құжатты ұсынған ұйым ________________________________________________

      Стандарт белгілейді ___________________________________________________

      Метрологиялық сараптама нәтижелері ___________________________________

      Сараптаманың өзге де нәтижелері _______________________________________

      Сараптама қорытындысы ______________________________________________

Сараптама жүргізген сарапшы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады