"Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 488 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 547 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18131 болып тіркелді

      "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2012 жылғы 18 қаңтардағы 7-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 488 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11271 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларында:

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Конкурсты өткізу тәртібі";

      8 тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді (бұдан әрі – өтінім) қабылдау орны 1-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша, өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімі мен конкурсқа қатысуға қажетті құжаттардың тізбесі.";

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Үміткер өтінімге сәйкес келмеген, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген үміткерлердің конкурстық ұсыныстарын ұсынбаған жағдайда конкурсқа қатысуға жіберілмейді";

      18 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген құжаттар тігілген, беттері нөмірленген және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылған түрде мөр басылған конвертте ұйымдастырушының мекенжайына ұсынылады.";

      1 қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 547 бұйрығына
қосымша
  Міндетті теле-,
радиоарналардың тізбесін
қалыптастыру бойынша
конкурс өткізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      Телерадио хабарларын таратуды

      дамыту мәселелері жөніндегі

      Комиссияның төрағасына

Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінім

      Жалпы мәліметтер:

      1. Заңды тұлғаның толық атауы

      / жеке тұлғаныңтегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      _____________________________________________________________

      2. Заңды мекенжайы:

      _____________________________________________________________

      3. Телефондардың, факстердің нөмірлері:

      _____________________________________________________________

      4. Теле-, радиоарнаның атауы:

      _____________________________________________________________

      5. Тақырыптық бағыты:

      _____________________________________________________________

      6. Таратылу аумағы:

      _____________________________________________________________

      бірінші басшының/дара кәсіпкердің қолы

      Мөр орны (бар болған жағдайда) 20__ ж. "__" ____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады