Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 24 тамыздағы № 78 қаулысына өзгерістер енгізу және айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша АҚШ долларын және еуроны теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 265 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 296 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 11 қаңтарда № 18170 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 24 тамыздағы № 78 қаулысына өзгерістер енгізу және айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша АҚШ долларын және еуроны теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 265 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10146 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ алып тасталсын.

      2. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Қуандықов Ә.Ә.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады