Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 516 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 14 қаңтарда № 18177 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/268 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11708 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) "Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/421 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11766 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      1 тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;";

      6) тармақша алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары –
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және

      коммуникациялар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 516 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 4-3/268 бұйрығымен
бекітілген

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және "Жылжымалы мүлік кепiлiн тiркеу туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және тракторлардың және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердiң, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнің, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың (бұдан әрі – машиналар) кепілін мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру бойынша қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру бойынша қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге арналған өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметтерді алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – бірыңғай тізілім) – жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпаратқа қол жеткізудің, машиналар кепілін тіркеуге электрондық нысанда өтініш жіберудің және тіркеуші органдардың және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жасалатын өзге де әрекеттерінің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

      3) жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмi (кепiл тiзiлiмi) – тiркеушi органдар және (немесе) Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесі;

      4) жылжымалы мүлiк кепілін тіркеу (бұдан әрі – машиналардың кепілін тіркеу) – жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне кепіл туралы шарттағы немесе кепiл талаптары бар өзге де шарттағы мәлiметтердi енгiзу жөнiндегі жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде туындайтын қатынастарға қатысушылардың iс-қимылдары жиынтығын, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк берудi және тiркеушi органдардың және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерінде белгiленген тәртiппен жасалатын өзге де iс-қимылдарын бiлдiретiн, тiркеушi органның және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу рәсiмi;

      5) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу органдары (тiркеушi органдар) – мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерін және осы мүліктің кепілдерін тіркеуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар;

      6) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлік – тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтiнiш иесіне беретін, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу фактiсiн растайтын құжат;

      7) кепілді электрондық тіркеу – жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысандағы өтініш негізінде жүзеге асырылатын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу;

      8) өтiнiш беруші – тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш беретін адам; кепiл мiндеттемесi тараптарының келісімі бойынша кепiл берушi де, кепiл ұстаушы да өтiнiш берушi бола алады.

      9) тіркеуші орган – машиналардың кепілін тіркеуді, сондай-ақ осы Қағидаларда көзделген іс-қимылдарды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі.

2-тарау. Машиналардың кепілін тіркеу, тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және оның қолданысын тоқтатуды тіркеу тәртібі

      3. Машиналардың кепілін тіркеу, кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын алу үшін өтініш беруші тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасығыштағы немесе портал арқылы немесе бірыңғай тізілім арқылы берілетін электрондық түрдегі өтініш;

      2) өтінішті қағаз тасығышта берген кезде:

      жеке басын куәландыратын құжат, ал тұлғаның өкілі – оның өкілеттігін растайтын құжат, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес кепілді тіркегені үшін бюджетке алымның төленгенін растайтын құжат;

      3) өтінішті портал және (немеме) бірыңғай тізілім арқылы электрондық түрде берген кезде, мәміле тараптарының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған өтініш кепіл шарты туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы Қағидалардың талаптарына сәйкес мәліметтерді көрсете отырып, кепіл туралы шарт немесе кепіл талаптарын қамтитын өзге де құжатты ұсынбай беріледі.

      Машиналардың кепілін екінші деңгейдегі банктер арқылы электронды тіркеген кезде тіркеуші орган өтінішті (кепіл беруші мен кепіл ұстаушының электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған) алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушының және (немесе) бірыңғай тізілімнің ақпараттық жүйесіне электрондық құжат нысанында машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті не тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауапты жолдайды.

      Тiркелген кепiлдiң өзгерiстер мен толықтыруларын (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуын, талап ету құқығын басқаға беруді) және қолданысын тоқтатуды тiркеу өтiнiш берушiнің тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға өтініш беруі немесе өтінішті бірыңғай тізілім арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде жолдауы жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте машиналар кепілінің тізіліміне, оның ішінде бірыңғай тізілімге тиісті мәліметтерді енгізу жүргізіледі.

      Өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесінде қойылған белгі растайды (өтініш берушіге қолма-қол не электрондық почта арқылы беріледі);

      портал арқылы тапсырған кезде – өтініш берушінің "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      4. Машиналардың кепілін тіркеуге ұсынылатын құжаттар тиісінше ресімделген түрде қабылданады. Өшірілген, қосып жазылған, сызылған сөздері және басқа да келісілмеген түзетулері бар құжаттар қабылданбайды.

      5. Машиналардың кепілін тіркеу оларды мемлекеттік тіркеу орны бойынша жүзеге асырылады.

      6. Өтінішті қағаз тасығышта немесе электрондық түрде берген күннен бастап машиналардың кепілін тіркеу, кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      7. Өтінішті қағаз түрінде берген кезде тіркеуші орган қажетті құжаттарды алған сәттен бастап:

      1) өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы белгі қойып оның қабылданғанын растайды;

      2) өтініштегі деректерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша машиналар кепілінің тізіліміне енгізеді;

      3) өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не уәжді бас тарту береді.

      8. Өтінішті электрондық түрде берген кезде тіркеуші орган өтінішті алған сәттен бастап:

      1) өтініште көрсетілген ақпаратты тексереді;

      2) өтініштегі деректерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша машиналар кепілінің тізіліміне енгізеді;

      3) кепіл ұстаушының және бірыңғай тізілімнің ақпараттық жүйесіне электрондық құжат нысанында машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті не тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауапты жолдайды.

      9. Машиналардың кепілін тіркеуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) кепілді тіркеу туралы өтініштің толық толтырылмауы;

      2) кепiлдi тiркеу туралы өтiнiштің осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) кепiлдi тiркеу туралы өтiнiшпен тиiстi емес адамның жүгінуі;

      4) жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн бюджетке алымның төленгенiн растайтын құжаттың болмауы.

      Тiркеуден бас тартылған жағдайда тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, өтініш қабылданған сәттен бастап екі жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғанына сiлтеме жасай отырып, өтiнiш берушіге жазбаша уәжді бас тартуды жолдайды.

      10. Өтініш беруші машиналардың кепілін тіркеу бойынша жасалған іс-қимыл немесе одан уәжді бас тарту негізсіз деп санаған жағдайда, сондай-ақ белгіленген мерзімдер бұзылған кезде, жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және/немесе Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

      11. Машиналардың кепілін тіркеу туралы куәлік жойылған (жоғалған, бүлінген және өзге де) жағдайда орнына телнұсқа беріледі.

      12. Тіркеуші орган телнұсқаны берген кезде машиналар кепілінің тізіліміне, оның ішінде бірыңғай тізілімге тиісті мәліметтерді енгізуді жүргізеді.

      13. Кепіл шартының қолданысын тоқтатуды тіркеуді тіркеуші орган машиналар кепілінің тізіліміндегі, оның ішінде бірыңғай тізілімдегі кепіл туралы жазбаның күшін жою арқылы жүргізеді.

  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған
арнаулы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн, өздiгiнен
жүретiн ауыл шаруашылығы,
мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен
механизмдерiн, жүрiп өту
мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарды кепілге қоюды
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

______________________________________________ тіркеуші органның атауы № ____ өтініш

      Кепіл беруші ____________________________________________________________

      (жеке тұлғаның ЖСН-сы, қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жерi

      _______________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның БСН-сы, атауы, орналасқан жерi)

      Кепіл ұстаушы __________________________________________________________

      (жеке тұлғаның ЖСН-сы, қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жерi)

      _______________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның БСН-сы, атауы, орналасқан жерi)

      Мынаны: _______________________________________________________________

      (жылжымалы мүлік кепілі туралы шартты тiркеуді, кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын беруді)

      _______________________________________________________________________

      (шарттың нөмірі, кепiл туралы шарттың немесе кепiл туралы талаптар қамтылған өзге шарттың жасалған күнi мен орны)

      _______________________________________________________________________

      (кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және сипаттамасы немесе кепіл туралы шартта тараптардың келісімімен көзделген кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы)

      _______________________________________________________________________

      (кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ақшалай баламасы)

      _______________________________________________________________________

      (кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң қолданылу мерзiмi)

      _______________________________________________________________________

      (кепiлге салынған мүлiк қай тарапта екенi туралы нұсқау, оны пайдалануға болатыны және қайта кепiлге салу туралы мәліметтер)

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      өтінемін. (өтініш берушінің электрондық почтасының (бар болса) мекенжайы)

      Осы өтінішке қоса берілетін құжаттардың атауы:

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      Өтiнiш берушiнiң немесе оның өкiлiнiң қолы және заңды тұлға үшiн мөрi (бар болса) ______________________________________________________________

      Өтініш берілген күн: 20 жылғы ________________________

      Өтініш қабылданған күн: 20 жылғы ____________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын. Заңмен қорғаланатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы____________Уақыты______ сағат______ минут

      Тіркеушінің қолы _________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      Өтінішті жылжымалы мүлiк кепiлiнің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық түрде жіберген жағдайда "электронды үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, өтiнiшке жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегені үшiн бюджетке алымның төленгенiн растайтын құжат қоса берiлуі тиiс.

      Өтініш тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға берілген кезде өтініш беруші – жеке басын куәландыратын құжатты, ал тұлғаның өкілі – өзінің өкілеттіліктерін растайтын құжатты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті.

  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған
арнаулы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн, өздiгiнен
жүретiн ауыл шаруашылығы,
мелиорациялық және жол-
құрылыс машиналары мен
механизмдерiн, жүрiп өту
мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарды кепілге қоюды
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

________________________________________________ органның атауы № ____ өтініш

      Кепіл беруші ____________________________________________________________

      (жеке тұлғаның ЖСН-сы, қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жерi

      ________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның БСН-сы, атауы, орналасқан жерi)

      Кепіл ұстаушы ___________________________________________________________

      (жеке тұлғаның ЖСН-сы, қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жерi)

      ________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның БСН-сы, атауы, орналасқан жерi)

      Мынаны: _______________________________________________________________

      (тiркелген кепiлдiң өзгерiстер мен толықтыруларын (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуын, талап ету құқығын басқаға беруді) және қолданысын тоқтатуды тiркеуді)

      _______________________________________________________________________

      (бастапқы тiркелген кепiлге нұсқама, кепіл туралы шартқа өзгерiстер мен толықтырулардың сипаттамасы (меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру және тағыда басқа), тiркелген кепiлдiң қолданысын тоқтатудың негiздерi)

      _______________________________________________________________________

      (кепіл талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шартқа не кепіл бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шартқа (оның ішінде активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартқа) қол қойылған күн)

      _______________________________________________________________________

      (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың негізінде өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу жағдайларын қоспағанда, тіркеуші орган немесе Мемлекеттік корпорация берген жылжымалы мүлік кепілінің тіркеу нөмірі)

      _______________________________________________________________________

      (енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың сипаттамасы және мәліметтері)

      ________________________________________________________________өтінемін.

      Кепіл берушiнiң немесе оның өкiлiнiң қолы__________________________________

      Кепіл ұстаушының немесе оның өкiлiнiң қолы________________________________

      *Кепіл шарттары бойынша құқықтар (талаптар) басқаға берілген кезде – жаңа кепіл ұстаушының ғана қолы, сондай-ақ құқықтарын (талаптарын) басқаға берген кепіл ұстаушының қолы қойылған келісім.

      Өтініш берілген күн: 20 жылғы ________________________

      Өтініш қабылданған күн: 20 жылғы ____________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын. Заңмен қорғаланатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы____________ уақыты______ сағат______ минут

      Тіркеушінің қолы _________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      Өтінішті жылжымалы мүлiк кепiлiнің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық түрде жіберген жағдайда "электронды үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, өтiнiшке жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегені үшiн бюджетке алымның төленгенiн растайтын құжат қоса берiлуі тиiс.

      Өтініш тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға берілген кезде өтініш беруші – жеке басын куәландыратын құжатты, ал тұлғаның өкілі – өзінің өкілеттіліктерін растайтын құжатты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті.

  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған
арнаулы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн, өздiгiнен
жүретiн ауыл шаруашылығы,
мелиорациялық және жол-
құрылыс машиналары мен
механизмдерiн, жүрiп өту
мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарды кепілге қоюды
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

      №_________ парақ

      №_________ тіркеу ісі

Машиналар кепілінің тізілімі

Жазба №

Тізілім №

Кепіл нысанасы

Кепіл ұстаушы
Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жері, туған күні мен жылы, заңды тұлғаның орналасқан жері және атауы

Кепіл беруші
Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жері, туған күні мен, жылы заңды тұлғаның орналасқан жері және атауы

Кепіл сомасы

1

2

3

4

5

6

      кестенің жалғасы:

Шарттың қолданылуы

Ауыртпалықтың пайда болуы

Ауыртпалықтың тоқтатылуы

Тіркеушінің ерекше белгілері

Құжаттың атауы мен нөмірі, тіркеу нөмірі, тіркеушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, және қолы

Күні және уақыты (сағаты мен минуты)

Құжаттың атауы мен нөмірі, тіркеу нөмірі, тіркеушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және қолы

Күні және уақыты (сағаты мен минуты)

7

8

9

10

11

12

      Тіркеу парағын жабу/жалғастыру туралы жазба _______________________________

Жазбаларды жалғастыруды (жалғастыру кезінде) тоқтату үшін негіз

Көшірілген (жабу кезінде) немесе соңғы жазбалар (жалғастыру кезінде) тізбесі

Парақ нөмірі

Күні, уақыты (сағаты, минуты)

Тіркеушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және қолы

13

14

15

16

17






  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған
арнаулы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн, өздiгiнен
жүретiн ауыл шаруашылығы,
мелиорациялық және жол-
құрылыс машиналары мен
механизмдерiн, жүрiп өту
мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарды кепілге қоюды
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

_________________________________________________________________ тіркеуші органның атауы Машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік 20 ____ жылғы "___" _____________ №_________

      _________________________________________________________________

      кепіл ұстаушының немесе оның уәкілетті өкілінің деректемелері

      ___________________________________________________________ берілді

      Жылжымалы мүлікке қатысты растау:

Мүлік түрі

Тізілімдік нөмірі

Кепіл нысанасының сипаты

Саны құрайды

Құны

Ескертпе

1

2

3

4

5

6







      _______________________________________________________________________

      _________________________________________________________кепілі тіркелген

      Кепіл ұстаушы

      __________________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жері, ЖСН-сы)

      _______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________ құқығы

      (заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және БСН-сы)

      _______________________________________________________________________

      (кепіл нысанасының сипаттамасы)

      _______________________________ тіркелген ___________________________және

      мынадай негізгі шарттарды қамтитын ______________________________________

      (шарт жасалған күн)

      кепіл туралы шарт негізінде туындаған:

      _______________________________________________________________________

      (негізгі міндеттерді орындау көлемі, мерзімі және кепілдің басқа да шарттары)

      Кепіл беруші ____________________________________________________________

      құқығы_________________________________________________________________

      құқық түрі______________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жері, ЖСН-сы)

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және БСН-сы расталды)

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      (атауы, қабылданған күні, тіркеу нөмірі мен күні)

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      (кепіл нысанасына құқық белгілеу құжаты)

      Тіркеуші _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 516 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 4-3/421 бұйрығына
4-қосымша

"Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу)" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап немесе сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқасын беру немесе машина кепілінің тіркелгені туралы хабарлама беру не осы Стандартта көрсетілген негіздер бойынша уәжді бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде және/немесе электрондық.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жеке немесе заңды тұлғаның "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Өтініш беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және қағаз тасығышта беріледі.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушыға) ақылы негізде көрсетіледі. Кепiл мiндеттемесi тараптарының келiсімі бойынша кепiл берушi де, кепiл ұстаушы да көрсетілетін қызметті алушы бола алады.

      Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін көрсетілетін қызметті алушы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі - Салық кодексі) белгіленген тәртіппен бюджетке тіркеу алымын төлейді.

      Тіркеу алымының мөлшері:

      1) жеке тұлғалардан – 1 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК);

      2) заңды тұлғалардан – 5 АЕК-ні;

      3) кепілдің тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін – 0,5 АЕК-ні құрайды.

      Тіркеу алымын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ портал арқылы төлем жүргізу "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

      8. Мыналардың:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;

      3) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге және/немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

      осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жеке басын куәландыратын құжат, ал өкілі жүгінген кезде – өзінің өкілеттігін растайтын құжат, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      Салық кодексіне сәйкес кепілді тіркегені үшін бюджетке алымның төленгенін растайтын құжат;

      2) порталға жүгінген кезде:

      осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес машиналардың кепілі шарттары туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы Стандарттың талаптарына сәйкес мәліметтерді көрсете отырып, мәміле тараптары электрондық цифрлық қолтаңбасымен порталда қол қойған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      жеке басын куәландыратын құжат туралы, кепілді тіркегені үшін бюджетке алымның төленгендігі туралы, заңды тұлғаны тіркеу туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация және кеңсе жұмыскері ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.

      Кеңсе және Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері егер, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

      Тiркелген кепiлдiң өзгерiстер мен толықтыруларын (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуын, талап ету құқығын басқаға беруді) және қолданысын тоқтатуды тiркеу өтiнiш берушiнің өтініш беруі немесе өтінішті бірыңғай тізілім арқылы осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде жолдауы жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте машиналар кепілінің тізіліміне, оның ішінде бірыңғай тізілімге тиісті мәліметтерді енгізу жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:

      1) кеңсеге тапсырған кезде – қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын құжаттардың топтамасын қабылдау күнін, уақытын, құжатты қабылдаған жауапты адамның атын, әкесінің атын, тегін көрсете отырып, кеңседе тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгі растайды;

      2) Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

      3) портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкіліне, өкілдігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның өкіліне) дайын құжаттарды беруді жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қолхат негізінде оның жұмыскері жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінсе, Мемлекеттік корпорацияның сұранымы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күнін және уақытын (егер беру қағаз тасығышта жүзеге асырылатын болса алу орнын көрсету керек) көрсете отырып, хабарлама жіберіледі.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) кепілді тіркеу туралы өтініштің толық толтырылмауы;

      2) кепiлдi тiркеу туралы өтiнiштің осы Стандарттың 4-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) кепiлдi тiркеу туралы өтiнiшпен тиiстi емес адамның жүгінуі;

      4) жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн бюджетке алымның төленгенiн растайтын құжаттың болмауы.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы Cтандартnың 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы Cтандартның 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысының атына жолданады.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдағанын растайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде немесе Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Арыз портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті берушінің арызды өңдеуі (шағымның жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын арыз туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылығы бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды бірыңғай байланыс орталығы (1414, 8 800 080 7777) арқылы жүгіну жолымен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері тұрғылықты жерге барып жүргізеді.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады) жағдай жасалады, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін пандустар қарастырылады.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;

      2) Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсында;

      3) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4с.kz интернет-ресурсында;

      4) egov.kz. порталында орналастырылған.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      17. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыc орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

      18. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.moa.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған
арнаулы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн, өздiгiнен
жүретiн ауыл шаруашылығы,
мелиоративтік және жол-
құрылыс машиналары мен
механизмдерiн, жүрiп өту
мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналардың кепілін
мемлекеттік тіркеу (тіркеуден
алу)" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан

___________________________________________ тіркеуші органның атауы № ____ өтініш

      Кепіл беруші ____________________________________________________________

      (жеке тұлғаның ЖСН-сы, қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жерi

      _______________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның БСН-сы, атауы, орналасқан жерi)

      Кепіл ұстаушы __________________________________________________________

      (жеке тұлғаның ЖСН-сы, қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жерi)

      _______________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның БСН-сы, атауы, орналасқан жерi)

      Мынаны: _______________________________________________________________

      (жылжымалы мүлік кепілі туралы шартты тiркеуді, кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын беруді)

      _______________________________________________________________________

      (шарттың нөмірі, кепiл туралы шарттың немесе кепiл туралы талаптар қамтылған өзге шарттың жасалған күнi мен орны)

      _______________________________________________________________________

      (кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және сипаттамасы немесе кепіл туралы шартта тараптардың келісімімен көзделген кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы) _______________________________________________________________________ (кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ақшалай баламасы)

      _______________________________________________________________________ (кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң қолданылу мерзiмi)

      _______________________________________________________________________

      (кепiлге салынған мүлiк қай тарапта екенi туралы нұсқау, оны пайдалануға болатыны және қайта кепiлге салу туралы мәліметтер) _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________ өтінемін.

      (өтініш берушінің электрондық почтасының (бар болса) мекенжайы)

      Осы өтінішке қоса берілетін құжаттардың атауы:

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      Өтiнiш берушiнiң немесе оның өкiлiнiң қолы және заңды тұлға үшiн мөрi (бар болса) _____________________________________________________________

      Өтініш берілген күн: 20 жылғы ________________________

      Өтініш қабылданған күн: 20 жылғы ____________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын. Заңмен қорғаланатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы____________Уақыты______ сағат______ минут

      Тіркеушінің қолы _________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      Өтінішті жылжымалы мүлiк кепiлiнің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық түрде жіберген жағдайда "электронды үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, өтiнiшке жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегені үшiн бюджетке алымның төленгенiн растайтын құжат қоса берiлуі тиiс.

      Өтініш тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға берілген кезде өтініш беруші – жеке басын куәландыратын құжатты, ал тұлғаның өкілі – өзінің өкілеттіліктерін растайтын құжатты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті.

  "Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған
арнаулы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн,
өздiгiнен жүретiн ауыл
шаруашылығы, мелиоративтік
және жол-құрылыс машиналары
мен механизмдерiн, жүрiп өту
мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналардың кепілін
мемлекеттік тіркеу (тіркеуден
алу)" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Нысан

_____________________________________________ органның атауы № ____ өтініш

      Кепіл беруші ____________________________________________________________

      (жеке тұлғаның ЖСН-сы, қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жерi

      _______________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның БСН-сы, атауы, орналасқан жерi)

      Кепіл ұстаушы __________________________________________________________

      (жеке тұлғаның ЖСН-сы, қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жерi)

      _______________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның БСН-сы, атауы, орналасқан жерi)

      Мынаны: _______________________________________________________________

      (тiркелген кепiлдiң өзгерiстер мен толықтыруларын (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуын, талап ету құқығын басқаға беруді) және қолданысын тоқтатуды тiркеуді) _______________________________________________________________________ (бастапқы тiркелген кепiлге нұсқама, кепіл туралы шартқа өзгерiстер мен толықтырулардың сипаттамасы (меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру және тағыда басқа), тiркелген кепiлдiң қолданысын тоқтатудың негiздерi)

      _______________________________________________________________________

      (кепіл талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шартқа не кепіл бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шартқа (оның ішінде активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартқа) қол қойылған күн)

      _______________________________________________________________________

      (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың негізінде өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу жағдайларын қоспағанда, тіркеуші орган немесе Мемлекеттік корпорация берген жылжымалы мүлік кепілінің тіркеу нөмірі)

      _______________________________________________________________________

      (енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың сипаттамасы және мәліметтері)

      ________________________________________________________________өтінемін.

      Кепіл берушiнiң немесе оның өкiлiнiң қолы______________________________

      Кепіл ұстаушының немесе оның өкiлiнiң қолы_____________________________

      *Кепіл шарттары бойынша құқықтар (талаптар) басқаға берілген кезде – жаңа кепіл ұстаушының ғана қолы, сондай-ақ құқықтарын (талаптарын) басқаға берген кепіл ұстаушының қолы қойылған келісім.

      Өтініш берілген күн: 20 жылғы ________________________

      Өтініш қабылданған күн: 20 жылғы ____________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын. Заңмен қорғаланатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы____________ уақыты______ сағат______ минут

      Тіркеушінің қолы _________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      Өтінішті жылжымалы мүлiк кепiлiнің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық түрде жіберген жағдайда "электронды үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, өтiнiшке жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегені үшiн бюджетке алымның төленгенiн растайтын құжат қоса берiлуі тиiс.

      Өтініш тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға берілген кезде өтініш беруші – жеке басын куәландыратын құжатты, ал тұлғаның өкілі – өзінің өкілеттіліктерін растайтын құжатты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті.

  "Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған
арнаулы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда,
  олардың тiркемелерiн, өздiгiнен
жүретiн ауыл шаруашылығы,
мелиоративтік және жол-
құрылыс машиналары мен
механизмдерiн, жүрiп өту
мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналардың кепілін
мемлекеттік тіркеу (тіркеуден
алу)" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, ___________________ мекенжайында орналасқан "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалының №___ бөлімі Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың атауы:

      1) _______________________________________;

      2) _______________________________________;

      3) _______________________________________ ұсынбауыңызға байланысты "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу)" мемлекеттік қызметін көрсетуге арналған өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әр тарап үшін бір-бір данадан 2 данада жасалды.

      _______________________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің (аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы)

      Орындаушы:____________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі.

      Телефоны ________________

      Алдым:________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      20___жылғы "____" __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады