Орталық депозитарийге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 318 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 14 қаңтарда № 18180 болып тіркелді.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Орталық депозитарийге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Сәлімбаев Д.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 318 қаулысымен
бекітілді

Орталық депозитарийге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Орталық депозитарийге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және орталық депозитарийге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін белгілейді.

      2. Орталық депозитарийдің директорлар кеңесі орталық депозитарийге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің Қағидаларға сәйкес келуін қамтамасыз етеді және орталық депозитарийдің органдарының, бөлімшелерінің және қызметкерлерінің оларға тәуекелдерді басқару және ішкі бақылауды жүзеге асыру саласындағы міндеттерін орындау үшін жағдай жасайды.

      3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) баға тәуекелі - қаржы нарықтарындағы орталық депозитарийдің меншікті активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер ететін жағдайлар өзгерген жағдайда туындайтын, қаржы құралдары құнының өзгеруі салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;

      2) бедел тәуекелі - жағымсыз қоғамдық пікір немесе орталық депозитарийге деген сенімнің төмендеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

      3) бэк-тестинг - орталық депозитарий бойынша тарихи деректерді пайдалана және есептелген нәтижелерді көрсетілген операцияларды жасаудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстыра отырып тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеру әдістері;

      4) валюталық тәуекел - орталық депозитарий қызметін жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының жағымсыз өзгеруі салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;

      5) клирингтік операциялар - есептерді жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және растау, сондай-ақ өзара есепке алуды жүргізу мен клирингке қатысушылардың таза позицияларын анықтау бойынша операциялар;

      6) коммуникациялық жүйе - орталық депозитарийдің органдары мен бөлімшелері арасында эмитенттердің, депоненттердің және орталық депозитарийдің, сондай-ақ орталық депозитарийдің өзге жүйелерінің ақпарат беру процестерін басқаруға арналған орталық депозитарийдің бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуі;

      7) корпоративтік басқару - акционерлердің жалпы жиналысы, директорлар кеңесі, басқарма арасындағы өзара қарым-қатынастар кешенін білдіретін, орталық депозитарийдің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оның акционерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған және акционерлерге орталық депозитарийдің қызметіне тиімді бақылау мен мониторинг жасау мүмкіндігін беретін орталық депозитарийді стратегиялық және тактикалық басқару жүйесі;

      8) кредиттік тәуекел - эмитенттің немесе контрагенттің шығарылған қаржы құралдары немесе жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелерін келісілген талаптарға сәйкес орындамауы, сондай-ақ орталық депозитарийдің қызметі үшін ақыны клиенттердің төлемеуі немесе уақтылы төлемеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

      9) құқықтық тәуекел - орталық депозитарийдің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуы, оның ішінде орталық депозитарийдің ішкі құжаттарының уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмеуі, орталық депозитарийдің қызмет практикасының оның ішкі құжаттарына сәйкес келмеуі, ал Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қатысты - басқа мемлекеттердің заңнамасының талаптарын бұзу салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

      10) меншікті активтерді инвестициялау саясаты - инвестициялау объектілерінің тізбесін, орталық депозитарийдің меншікті активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсатын, стратегияларын, талаптарын және шектеулерін, меншікті активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын белгілейтін құжат;

      11) нарықтық тәуекел - нарықтық пайыздық мөлшерлемелердің, шетел валюталары бағамдарының, қаржы құралдарының нарықтық құнының тиімсіз өзгеруіне байланысты қаржылық шығындар туындау тәуекелі;

      12) операциялық тәуекел - ішкі процестерді жүзеге асыру барысында қызметкерлер тарапынан, ақпараттық технологиялар мен жүйелердің жұмыс істеуі барысында жол берілген кемшіліктердің немесе қателіктердің нәтижесінде, сондай-ақ сыртқы оқиғалар салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі, оған:

      жауапкершілікті бөлуді, есеп берушілік және басқару құрылымын қоса алғанда, орталық депозитарийдің анық емес және тиімсіз ұйымдық құрылымына;

      ақпараттық технологиялар саласындағы тиімсіз стратегияларға, саясатқа және (немесе) стандарттарға, бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудағы кемшіліктерге;

      толық емес немесе шындыққа сай келмейтін ақпаратқа не ақпаратты тиісінше пайдаланбауға;

      қызметкерлерді тиімді басқармауға және (немесе) орталық депозитарийдің білікті емес штатына;

      орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру процесінің құрылу тиімділігі жеткіліксіз не ішкі қағидаларды сақтауды бақылаудың нашар болуына;

      орталық депозитарийдің қызметіне сыртқы ықпал етудің күтпеген немесе бақыланбайтын факторларына;

      орталық депозитарийдің қызметін реттейтін ішкі құжаттарында кемшіліктердің немесе қателердің болуына;

      орталық депозитарий басшылығының және қызметкерлерінің клиенттік базасының тарылуына, клиенттердің және (немесе) қарсы әріптестердің орталық депозитарийге деген сенімсіздігіне немесе теріс қабылдауына әкелген кәсіби емес іс-қимылдарына байланысты тәуекелдер кіреді;

      13) орын алған және әлеуетті мүдделер қайшылығын басқару - орталық депозитарийдің лауазымды адамының немесе қызметкерінің мүдделері олардың шешімдер қабылдауының және міндеттерді атқаруының әділдігіне және тәуелсіздігіне әсер ететін, сондай-ақ олардың орталық депозитарий клиенттерінің және (немесе) акционерлерінің мүдделерінде іс-әрекет жасау міндеттемесіне қайшы келетін жағдайларға жол бермеу тетіктерін құру;

      14) өтімділікті жоғалту тәуекелі - орталық депозитарийдің өз міндеттемелерін ықтимал орындамауына не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Бағалы қағаздардың активтер ретінде өтімділігін жоғалту тәуекелі олардың төмен шығасыларымен және қолайлы бағалар бойынша тез сатылу мүмкіндігімен айқындалады;

      15) стресс-тестинг - орталық депозитарийдің қаржылық жай-күйіне орталық депозитарийдің қызметіне әсер етуі мүмкін болатын ерекше, бірақ ықтимал оқиғалардың нақты әсер етуін өлшеу әдістері;

      16) стресстік жағдайлар - орталық депозитарий жүйесінің жұмысындағы шамадан артық жұмыс істеу, іркілістер, қателердің және (немесе) өзге ақаулардың пайда болуына байланысты күтпеген жағдайлар;

      17) тәуекелдерді басқару жүйесі - өзара байланысты элементтердің жиынтығы: акционер үшін қолайлы тәуекел деңгейі шеңберіндегі іске асырылған және әлеуетті тәуекелдерді басқару бойынша бірыңғай үдеріске біріккен және тәуекелдерді басқару жөніндегі мақсаттар мен міндеттерге жетуге бағытталған рәсімдер, әдістемелер, ақпараттық жүйелер. Орталық депозитарийдің іске асырылған және әлеуетті тәуекелдерін анықтау және басқару процесіне бекітілген құзырет және жауапкершілік шегінде директорлар кеңесі, басқарма, құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлері қатысады;

      18) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;

      19) ішкі аудит қызметі - орталық депозитарийдің Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес құрылған бөлімшесі;

      20) ішкі бақылау жүйесі - орталық депозитарийдің ұзақ мерзімді мақсаттарын іске асыруын және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасын, орталық депозитарийдің ережелер жинағын, орталық депозитарийдің саясатын, ішкі ережелер мен рәсімдерді сақтауға, шығындар тәуекелін немесе орталық депозитарийдің бедел тәуекелін төмендетуге ықпал ететін қаржылық және басқару есептілігінің сенімді жүйесін қолдауды қамтамасыз ететін ішкі бақылау саясатының процестерінің және рәсімдерін жиынтығын білдіретін тәуекелдерді басқару жүйесінің бөлігі;

      21) ішкі құжаттар - орталық депозитарий, оның органдары, бөлімшелері мен қызметкерлері қызметінің талаптары мен тәртібін реттейтін құжаттар;

      22) "stop-loss" лимиттері - орталық депозитарийдің меншікті активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарымен операциялар бойынша залалдың шекті түрде жол берілетін деңгейі;

      23) "take-profit" лимиттері - орталық депозитарийдің меншікті активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарымен операциялар бойынша кірістердің рұқсат етілген шекті деңгейі бойынша лимиттерді белгілеу саясаты.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Орталық депозитарий жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалау жөніндегі есепті ұсынады.

      5. Орталық депозитарий жылына екі рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тәуекелдерді басқару жөніндегі қызмет туралы ақпаратты ұсынады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Орталық депозитарий жылына кемінде бір рет орталық депозитарийдің қызметі ұшыраған тәуекелдер бойынша стресс-тестингті есептейді.

      Орталық депозитарийдің қызметі ұшыраған тәуекелдер бойынша стресс-тестинг нәтижелері орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес ресімделеді және мынадай ақпаратты қамтиды:

      стресс-тест сценарийінің сипаттамасы;

      таңдап алынған стресс-тест сценарийіне негіздеме;

      стресс-тестинг нәтижелері бойынша ұсынымдар.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Орталық депозитарий жүйелі түрде, бірақ жылына кемінде бір рет тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің қағидалардың ережелеріне сәйкес келуін дербес бағалайды.

2-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі

      8. Орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру орталық депозитарий қызметінің корпоративтік басқару, ақпараттық жүйелердің және басқару ақпарат жүйесінің жұмыс істеуі, қызметтің лицензияланған түрі шеңберінде операциялар жүргізу, активтер мен міндеттемелерді басқару, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінің, туынды қаржы құралдарымен ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелер тізілімдерінің жүйесінің (бұдан әрі - есепке алу және тізілімдер жүйелері) және орталық депозитарийдің өзге ақпараттық және коммуникациялық жүйелерінің жұмыс істеуі жөніндегі талаптарға сәйкес келуі мақсатында жүзеге асырылады.

      9. Тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру міндеттері:

      1) тәуекелдерді және қауіптерді уақтылы анықтау;

      2) тәуекелдер көрсеткіштерінің рұқсат етілетін ең жоғары мәндерін бағалаудың сапасын арттыру;

      3) тәуекелдерді бақылаудың балама тетіктерін дамыту;

      4) тәуекелдерді барынша азайту және басқару бойынша уақтылы шараларды қабылдауды қамтамасыз ету;

      5) тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшені қоса алғанда, орталық депозитарийдің жекелеген құрылымдық бөлімшелерін тәуекелдерге мониторинг жүргізу және бағалау процесіне тарту, сондай-ақ орталық депозитарий қызметкерлерінің тәуекелдерді басқару саласындағы жауапкершілігін арттыру болып табылады.

      10. Орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жүйесінде Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Тәуекелді сәйкестендіруге, өлшеуге, бағалауға, бақылауға және мониторингіне қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын тәуекелді сәйкестендіру, өлшеу, бағалау, бақылау және мониторингі қамтылады.

      11. Орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жүйесінде оның қызметінің мынадай бағыттарын қамтылады:

      1) қаржылық құралдармен және ақшамен есеп айырысу процесін жүргізу мен басқару;

      2) орталық депозитарийдің эмитенттері, депоненттері және клиенттері ұсынатын ақпаратты жинау, енгізу, сақтау және тарату;

      3) номиналды ұстаушылар үшін номиналды ұстауды жүзеге асыру процесі қызметінің үздіксіз, үзіліссіз болуын, эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге қаржы құралдары бойынша құқықтарды есепке алуды, қаржы құралдарымен және (немесе) ақшамен есеп айырысуларды жүзеге асыру, сондай-ақ есепке алу және тізілімдер жүйелеріндегі мәліметтерді көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында есепке алу және тізілімдерді жүргізу жүйелеріне, өзге ақпараттық және коммуникациялық жүйелерге тұрақты мониторинг жүргізу;

      4) орталық депозитарий өз қызметінде пайдаланатын ақпараттық және коммуникациялық жүйелерді қоса алғанда, орталық депозитарийдің бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуінің жыл сайынғы ішкі аудитін жүргізу;

      5) орталық депозитарийдің қызметін есепке алу және тізілімдер жүйелерінің, ақпараттық, коммуникациялық жүйелердің жұмыс істеуі, номиналды ұстаушылар үшін номиналды ұстауды жүзеге асыру процесі, эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге қаржы құралдары бойынша құқықтарды есепке алу, қаржы құралдарымен есеп айырысулар, есепке алу және тізілімдер жүйелерінде қамтылған мәліметтерді көрсету, орталық депозитарийде жүргізілетін жекелеген операцияларды автоматтандыру, сондай-ақ ақпаратты жинау, енгізу, есепке алу, сақтау және орталық депозитарий қызметінің өзге бағыттары бөлігіндегі қызметін одан әрі қарай дамытуға және жетілдіруге бағытталған жобаларды әзірлеу және іске асыру;

      6) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің ішкі құжаттарына қойылатын талаптарға сәйкес ішкі құжаттарды әзірлеу және бекіту;

      7) Орталық депозитарийдің сенімгерлік басқаруға берілген меншікті активтерін қоспағанда, Қағидаларға 6-қосымшға сәйкес Орталық депозитарийдің меншікті активтерінің есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру қызметін ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес орталық депозитарийдің меншікті активтерін қаржы құралдарына инвестициялау;

      8) орталық депозитарийді басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымын құру және жетілдіру;

      9) орталық депозитарийдің мүдделі органдарына шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпаратты беру және орталық депозитарийдің органдары мен бөлімшелері арасында ақпарат алмасу;

      10) орталық депозитарийдің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасындағы банктік заңнамасында және орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару саласындағы ішкі саясатында белгіленген талаптардың сақталу мониторингі;

      11) депоненттермен және олардың клиенттерімен жұмысты ұйымдастыру тәртібін анықтау, оның ішінде дауларды қарау және шешу бойынша рәсімдерді анықтау;

      12) бағалы қағаздарды ұстаушылар және жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысушылары тізілімдерінің жүйесін, мемлекеттік бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін, туынды қаржы құралдарымен ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелер тізілімдерінің жүйесін қалыптастыру, жүргізу және сақтау;

      13) есепке алу және тізілімдер жүйелерін және өзге ақпараттық және коммуникациялық жүйелерді жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру процесінің үздіксіз, үзіліссіз болуын қамтамасыз ету мақсатында осы жүйелердің мониторингін жүргізу;

      14) эмитенттермен және бағалы қағаздарды ұстаушылармен жұмысты ұйымдастыру тәртібін анықтауды, оның ішінде дауларды қарауды және шешуді, сондай-ақ эмитенттердің және бағалы қағаздарды ұстаушылардың өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда тиісті шаралар қолдану бойынша рәсімдерін анықтау.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Орталық депозитарийдің ұйымдық құрылымында орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жүйесін құру және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жекелеген тәуекелдерді басқару бөлімшесі қалыптастырылады.

      Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің қызметкерлеріне орталық депозитарийдің басқа бөлімшелерінің функциялары мен міндеттері жүктелмейді.

      13. Тәуекелдерді басқару жүйесінің барабарлығын және тиімділігін бағалауды орталық депозитарийдің ішкі аудит қызметі ішкі аудиттің жылдық жоспарына сәйкес жүргізеді.

3-тарау. Ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі

      14. Орталық депозитарийде ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру орталық депозитарийдің қызметінің операциялық және қаржылық тиімділігін, қажылық және басқару ақпаратының сенімділігін, толық болуын және уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасындағы банктік заңнамасының және орталық депозитарийдің ішкі құжаттарының талаптарын сақтау мақсатында жүзеге асырылады.

      15. Орталық депозитарийдің ішкі бақылау жүйесі мынадай өзара байланысты элементтерден тұрады:

      1) басқарушылық бақылау;

      2) тәуекелді сәйкестендіру және бағалау;

      3) бақылауды жүзеге асыру және өкілеттіктерді бөлу;

      4) ақпарат және өзара іс-әрекет жасау;

      5) мониторинг жүргізу және кемшіліктерді түзету.

      16. Ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуі мынадай кезеңдердің үздіксіз кезекпен өту қағидаты бойынша жүреді:

      1) орталық депозитарийдің ішкі регламенттеріне рәсімдерді қосу арқылы ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру (тиімділікті бағалау нәтижелерін ескере отырып);

      2) орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру барысында ішкі құжаттардың талаптарына орындау;

      3) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігіне бағалау жүргізу.

      17. Ішкі бақылау жүйесі мынадай:

      1) қызметтің жоспарлы көрсеткіштерімен қоса орталық депозитарий қызметінің операциялық (ағымдағы) нәтижелері туралы есептерді директорлар кеңесіне беру арқылы орталық депозитарийдің алға қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу процесін тоқсан сайын тексеру;

      2) бөлімше басшыларының ішкі құжаттарда белгіленген нысан бойынша және кезеңділікпен бөлімшелердің қызметтерінің нәтижелері туралы толық есептерін тексеруі;

      3) коммерциялық және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге құпияға жататын ақпаратқа (бұдан әрі - конфиденциалды ақпарат) бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуге қол жеткізуге шектеу қою үшін бақылау жасау мақсатында тексеру;

      4) тәуекелдің белгіленген лимиттерінің сақталуын тексеру және анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шараларды іске асыру;

      5) орталық депозитарий директорлар кеңесінің міндетті авторландыруды талап ететін операциялардың тізбесіне қойылатын талаптарды белгілеуі;

      6) операциялардың талаптары мен орталық депозитарийдің қызметіне байланысты тәуекелдерді басқару үлгілерін қолданудың нәтижелерін тексеру;

      7) жүргізілген операцияларды орталық депозитарийдің есебінде және есептілігінде көрсетудің уақтылығын, дұрыстығын, толықтығы мен дәлдігін тексеру;

      8) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін және тізілімдерін қоса алғанда, бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етілуінің және өзге ақпараттық және коммуникациялық жүйелерінің жұмыс істеу сенімділігін тексеру;

      9) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстауға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылға бағытталған рәсімдердің тиімділігін тексеру;

      10) орталық депозитарийдегі мүдделердің орын алған және әлеуетті қақтығысын басқаруға бағытталған рәсімдердің тиімділігін тексеру;

      11) қаржы құралдарының құнын және кірістілігін бағалау жөніндегі әдістемені қоса алғанда, орталық депозитарийдің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын қаржы құралдарының құнын бағалаудың дұрыстығын және шынайылығын тоқсан сайын тексеру рәсімдерін жүргізуден тұрады.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-тарау. Ішкі аудит

      18. Ішкі аудит жүйесі ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігін орталық депозитарийдің тиімді қызметін қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметінің барлық аспектілері бойынша тексеру және объективті бағалау үшін орталық депозитарийдің ұйымдастыру, саясаты, рәсімдері және қабылдаған әдістері жүйесін білдіреді.

      19. Ішкі аудиттің мақсаты болып ішкі бақылау жүйелерінің барабарлығын және тиімділігін бағалау, орталық депозитарий бөлімшелерінің жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жай-күйі туралы уақтылы және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмысты жақсарту жөніндегі пәрменді және тиімді ұсынымдарды беру табылады.

      20. Орталық депозитарийдің ішкі аудит қызметінің басшысын және қызметкерлерін директорлар кеңесі тағайындайды және орталық депозитарийдің кез келген бөлімшесінің қызметімен немесе лауазымды адамының қызметімен байланысты, оның ішінде конфиденциалды ақпаратты құрайтын барлық қажетті құжаттарға рұқсаты бар.

      Ішкі аудит қызметінің басшысы мен қызметкерлері орталық депозитарий бөлімшелерінің қызметін басқарумен және (немесе) жетекшілік етумен байланысты функцияларды жүзеге асырмайды, сондай-ақ орталық депозитарийдің алқалы органдарының мүшелері болып табылмайды.

      21. Директорлар кеңесі ішкі бақылау жүйесінің жай-күйін объективті бағалауды және оларды жетілдіру бойынша ұсынымдарды беру жолымен барабар ішкі бақылау жүйесінің болуын және жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша функцияларын жүзеге асырғанда туындайтын міндеттерді шешу мақсатында ішкі аудит қызметі құрылады.

      22. Ішкі аудит қызметі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы заңнамасын, ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарын, ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі және орталық депозитарийдің ішкі аудит қызметі туралы ережелерді, сондай-ақ орталық депозитарийдің қызметін регламенттейтін басқа ішкі құжаттарды және Қағидаларды басшылыққа алады.

      23. Ішкі аудит қызметі ішкі орталық депозитарийдің ішкі құжаттарында белгіленген мерзімдерде орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекітетін ішкі аудиттің жылдық жоспары мен ішкі аудит бағдарламасын жасайды.

      Ішкі аудиттің жылдық жоспары орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес ішкі аудиттің басым бағыттарын айқындайтын тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде әзірленеді.

      24. Мыналар ішкі аудит қызметінің негізгі функциялары болып табылады:

      1) орталық депозитарийдің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін және процестерін тексеру;

      2) орын алған кемшіліктер туралы қорытындылардан және орталық депозитарийдің қызметін жақсарту жөнідегі ұсынымдардан тұратын тексеру нәтижелері бойынша директорлар кеңесі үшін есептерді дайындау;

      3) анықталған тәуекелдер деңгейін төмендетуді немесе орталық депозитарийдің бөлімше басшылығының және (немесе) органдарының орталық депозитарий үшін анықталған тәуекелдердің жарамдылығы туралы қабылдаған шешімін құжаттандыруды қамтамасыз ететін орталық депозитарий бөлімшелерін тексеру нәтижелері бойынша орталық депозитарийдің бөлімшелері мен органдары қабылдаған шаралардың тиімділігіне бақылау жасау;

      4) ішкі және сыртқы аудит жүзеге асырылатын орталық депозитарийдің операцияларындағы тәуекел аясын айқындау;

      5) орталық депозитарийдің басшылығына және сыртқы басқарушыларға ұсынылатын ақпараттың дұрыстығын және дәлдігін қамтамасыз ету тұрғысынан орталық депозитарийдің ішкі бақылау рәсімдерін бағалау;

      6) орталық депозитарийдің ішкі құжаттарында көзделген ішкі аудит қызметінің құзыреті шегіндегі өзге функциялар.

      25. Орталық депозитарийдің ішкі аудит қызметі жүргізетін тексеру барысында мына мәселелер қаралуға тиіс:

      1) ішкі бақылау процестерін және рәсімдерін тексеру, олардың тиімділігін бағалау;

      2) тәуекелдерді бағалау әдіснамасының және тәуекелдерді басқару рәсімдерінің (әдістемелерінің, бағдарламаларының, қағидалардың, тәртіптердің және операцияларды мен мәмілелерді жасау рәсімдерінің) толық қолданылуын және тиімділігін тексеру;

      3) дерекқорлардың тұтастығын бақылауды және оларды заңсыз пайдаланудан қорғауды, күтпеген жағдайларда іс-қимыл жоспарының болуын қоса алғанда, есепке алу жүйелері мен тізілімдерінің және өзге де ақпараттық және коммуникациялық жүйелердің жұмыс істеу тиімділігін тексеру;

      4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылаудың тиімділігін бағалау;

      5) қаржылық есептіліктің дәйектілігін, толықтығын, объективтілігін, бухгалтерлік есептегі операциялардың уақтылы көрсетілуін, сондай-ақ ақпарат пен есептілікті жинау мен ұсынудың сенімділігін әрі уақтылығын тексеру;

      6) орталық депозитарий қызметінің шеңберінде уәкілетті органға, сыртқы пайдаланушыларға ұсынылатын есептіліктің және ақпараттың дәйектілігін, толықтығын, объективтілігін және уақтылы ұсынылуын тексеру;

      7) орталық депозитарий мүлкінің сақталуын қамтамасыз етудің қолданылып жүрген тәсілдерін (әдістерін) тексеру;

      8) орталық депозитарий жүргізетін операциялардың экономикалық орындылығын және тиімділігін бағалау;

      9) орталық депозитарийдің қызметкерлерді басқару қызметінің жұмысын бағалау;

      10) орталық депозитарийдің ішкі құжаттарында ішкі аудит қызметінің құзыреті шегіндегі мәселелер.

      26. Ішкі аудитті жүргізу кезінде міндетті түрде пайдаланылатын бағалау жүйесі орталық депозитарийдің ішкі әдістемесінде айқындалады және ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйелерінің тиімді жұмыс істеуін бағалаудың мынадай нұсқаларынан тұрады:

      1) "қанағаттанарлықсыз жағдай":

      ішкі аудит нәтижелері бойынша ішкі рәсімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталды;

      процестің тұтастығын бұзатын жоғары тәуекелді жою жөнінде шұғыл әрі тиімді түзету шарасы талап етіледі;

      орталық депозитарийдің бөлімшелерін қайта құрылымдау талап етіледі;

      2) "тәуекелдің жеткіліксіз жабылуы":

      ішкі аудит нәтижелері бойынша ішкі құжаттардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасы талаптарының қадағалап ден қою шараларын немесе санкцияларды қолдануға әкеп соғатын бұзушылықтары анықталды;

      ішкі аудит қызметі белгілеген түзету іс-шараларын міндетті орындау арқылы анықталған бұзушылықтарды жою;

      3) "жалпы бақылауға алынған":

      нәтижелер ішкі құжаттардың аздаған кемшіліктерін және (немесе) бұзылғанын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасы талаптарының қарапайым іскерлік операциялар барысында жойылатын қадағалап ден қою шараларын немесе санкцияларды қолдануға әкеп соқпайтын бұзушылықтың жекелеген жағдайларын көрсетеді;

      кейбір кейінгі түзету іс-шаралары ұсынылады;

      4) "барлық аспектілер бойынша жақсы":

      тәуекел мен өтеу арасындағы дұрыс баланс;

      нәтижелер тек аздаған кемшіліктер немесе олардың толық болмағанын көрсетеді.

      27. Ішкі аудит қызметінің басшысын және қызметкерлерін орталық депозитарийдің директорлар кеңесі тағайындайды.

      28. Орталық депозитарийдің директорлар кеңесі және басқармасы ішкі аудит қызметінің есептерін талдайды және орталық депозитарийдің одан әрі қызметінде ішкі аудит қызметі анықтаған бұзушылықтардың алдын алу шараларын қабылдайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шаралар орталық депозитарийдің директорлар кеңесінің және басқармасының шешімдері (қаулылары) түрінде ресімделеді.

      29. Орталық депозитарийдің басқармасы ішкі аудиттің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды және кемшіліктерді уақтылы және сапалы жоюды қамтамасыз етеді және ішкі аудит қызметінің ұсынымдарын орындауды шұғыл бақылауды жүзеге асырады.

      30. Ішкі аудит қызметі орталық депозитарийдің басқармасынан орталық депозитарийдің құрылымдық бөлімшелерінің ішкі аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шараларды орындағаны туралы ақпарат алады және кемінде тоқсанына бір рет орталық депозитарийдің басқармасы қабылдаған шаралардың тиімділігіне бақылаудың нәтижелері туралы директорлар кеңесінің алдында есеп береді.

      31. Орталық депозитарийдің ішкі аудит қызметінің есептері уәкілетті органға оның сұратуымен ұсынылады.

  Орталық депозитарийге
арналған тәуекелдерді басқару
және ішкі бақылау жүйесін
қалыптастыру
қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалау жөніндегі есеп _____________________________________ (орталық депозитарийдің атауы) Есепті кезең: "______" жыл

Қағидалардың тиісті тармағын, тармақшасын, бөлігін, абзацын көрсету

Қағидалардың талаптарына сәйкестігін бағалау

Анықталған кемшіліктер

Анықталған кемшіліктерді жою бойынша қабылданған (жоспарланған) іс-шаралар (іс-шараның мазмұны, орындау мерзімдері)

Жауапты орындаушылар (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы, байланыс ақпараты)







1

2

3

4

5

6







      Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкестігін жалпы бағалау

      ____________________________________________________________________

      Ұйымның бірінші басшысы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам

      ___________________________________ ________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      (қолы)

      Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы

      _________________________________ _________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      (қолы)

      Ішкі аудит қызметінің басшысы

      _________________________________ _________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      (қолы)

      Есепке қол қойылған күн 20___ жылғы "_____" ______________

      Ескерту: нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада берілген.

  Тәуекелдерді басқару
және ішкі бақылау жүйесін
бағалау жөніндегі есеп
нысанына қосымша

Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалау туралы есеп

      Орталық депозитарийің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау мынадай өлшемшарттарға қарай жүзеге асырылады:

      1) "сәйкес келеді" деген баға орталық депозитарий тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қойылатын талаптардың өлшемшарттарын қандай да бір айтарлықтай кемшіліктерсіз орындаған кезде шығарылады;

      2) "ішінара сәйкес келеді" деген баға орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қойылатын талаптардың нақты өлшемшартын сақтауға жету қабілетіне қатысты айтарлықтай күмәннің пайда болуы үшін жеткілікті деп саналмайтын кемшіліктер анықталған кезде шығарылады;

      3) "сәйкес келмейді" деген баға орталық депозитарий тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қойылатын талаптардың өлшемшартын орындамаған кезде шығарылады.

      Егер тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын жекелеген талаптар бағалай жүзеге асырылған күні орталық депозитарийге қатысты қолданылмаған жағдайда, талаптың осы өлшемшартына сәйкестікті бағалау жүзеге асырылмайды және "қолданылмайды" деген тиісті жазба қойылады.

  Орталық депозитарийге
арналған тәуекелдерді басқару
және ішкі бақылау
жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
2-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қайда ұсынылады: қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға

      Әкімшілік деректердің нысаны http://finreg.kz интернет-ресурсына орналастырылған

Тәуекелдерді басқару жөніндегі қызмет туралы ақпарат

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: RISK_TISR1

      Кезеңділігі: жартыжылдық негізде

      Есепті кезең: 20___ жылғы "___" _______________ жағдай бойынша

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: бағалы қағаздардың орталық депозитарий

      Ұсыну мерзімі: есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей

Тәуекел оқиғасының сипаттамасы

Тәуекел түрі (түрлері)

Тәуекел оқиғасының пайда болуы

Тәуекелдердің пайда болу себептерін сипаттау

Тәуекелдердің пайда болу нәтижесінде салдардың (залалдардың) нысаны мен мөлшері

Есепті кезеңде пайда болған тәуекелдерді төмендету мақсатында қабылданған шаралар туралы ақпарат

Еселігі

Жағдайлар саны

Шаралар

оларды іске асыру мерзімдері

1 ай

2 ай

3 ай

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.









2.









3.




















      Атауы ______________________ Мекенжайы ________________________________

      Телефоны ______________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________________

      Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      ___________________________________________ _____________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                  қолы, телефон

      Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы

      ___________________________________________ _____________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                  қолы, телефон

      Ішкі аудит қызметінің басшысы

      ___________________________________________ _____________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                  қолы, телефон

      Күні 20___ жылғы "_____" _____________

  Тәуекелдерді басқару жөніндегі
қызмет туралы ақпарат
нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Тәуекелдерді басқару қызметі туралы ақпарат (индекс - RISK_TISR1, кезеңділігі - жартыжылдық негізде) 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) "Тәуекелдерді басқару қызметі туралы ақпарат" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды орталық депозитарий жартыжылдық негізде жасайды және есепті жартыжылдық үшін толтырылады.

      4. Нысанға бірінші басшы қол немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам, тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы, ішкі аудит қызметінің басшысы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. 2-бағанда орталық депозитарийдің қызметінде есепті кезең ішінде туындаған тәуекел оқиғалары сипатталады.

      6. 3-бағанда оған Нысанның 2-бағанында көрсетілген тәуекел оқиғасына жататын тәуекел түрі (түрлері) көрсетіледі.

      7. 4-бағанда Нысанның 2-бағанында көрсетілген тәуекел оқиғасының орталық депозитарий қызметінің басынан бастап кезең ішіндегі еселігі (бірінші, қайталану) көрсетіледі.

      8. 5-бағанда Нысанның 2-бағанында көрсетілген кезең ішіндегі тәуекел оқиғасының туындау жағдайларының саны ай сайын көрсетіледі.

      9. 6-бағанда орталық депозитарий қызметінде есепті кезең ішінде Нысанның 2-бағанында көрсетілген тәуекел оқиғасының туындау себептері көрсетіледі.

      10. 7-бағанда Нысанның 2-бағанында көрсетілген тәуекел оқиғасының туындау нәтижесінде салдардың (залалдардың) нысаны мен мөлшері көрсетіледі.

      11. 8-бағанда орталық депозитарий қызметінде есепті кезең ішінде туындаған тәуекелдерді төмендету бойынша орталық депозитарий қабылдаған шаралар туралы ақпарат көрсетіледі.

      12. 9-бағанда Нысанның 8-бағанында көрсетілген шараларды іске асыру мерзімдері туралы ақпарат көрсетіледі.


  Орталық депозитарийге
арналған тәуекелдерді басқару
және ішкі бақылау жүйесін
қалыптастыру
қағидаларына
3-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Тәуекелдер бойынша стресс-тестинг

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Орталық депозитарийге
арналған тәуекелдерді басқару
және ішкі бақылау жүйесін
қалыптастыру қағидаларына
4-қосымша

Тәуекелді сәйкестендіруге, өлшеуге, бағалауға, бақылауға және мониторингіне қойылатын талаптар

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Орталық депозитарий өз қызметінде тәуекелдердің мынадай түрлерін сәйкестендіреді:

      1) операциялық тәуекелдер;

      2) құқықтық тәуекелдер;

      3) бедел тәуекелдері;

      4) нарықтық (баға, валюталық және пайыздық) тәуекелдер;

      5) кредиттік тәуекелдер;

      6) өтімділікті жоғалту тәуекелі;

      7) орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару саясатына сәйкес айқындалатын тәуекелдер.

      2. Операциялық тәуекелдерге:

      1) жауапкершілікті бөлуді, есеп беру мен басқарудың құрылымын қоса алғанда, орталық депозитарийдің айқындалмаған және тиімсіз ұйымдық құрылымына;

      2) ақпараттық технологиялар саласындағы тиімсіз стратегияларға, саясатқа және (немесе) стандарттарға, бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудағы кемшіліктерге;

      3) орталық депозитарий қызметкерлерін тиімсіз басқаруға және (немесе) оның білікті емес штатына;

      4) есепке алу мен тізілімдердің жүйелерін рұқсатсыз пайдалануға;

      5) орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру процестерін тиімді құру жеткіліксіздігіне не ішкі ережелерді сақтауға нашар бақылау жасауға байланысты тәуекелдерді;

      6) орталық депозитарийдің қызметіне күтілмеген немесе бақыланбаған сыртқы ықпал ету факторларының әсеріне;

      7) орталық депозитарийдің қызметін регламенттейтін ішкі құжаттарда кемшіліктер мен қателердің болуына;

      8) эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге қаржы құралдары бойынша құқықтарды есепке алу процесін, қаржы құралдарындағы мәмілелерді, есеп айрысуларды тіркеу, орталық депозитарийде жасалатын жекелеген операцияларды автоматтандыруды және есепке алу және тізілімдер жүйелерінде қамтылған мәліметтерді көрсету және көрсетілген жүйелерде операциялар жүргізу процесін бұзуға;

      9) орталық депозитарий депоненттері және олардың клиенттері, бағалы қағаздардың эмитенттері және (немесе) ұстаушылары, қор биржасы ұсынатын конфиденциалды ақпаратты заңсыз пайдалануға;

      10) орталық депозитарий органдары және олардың бөлімшелері арасында мүдделер қақтығысының туындауына;

      11) ақпаратты жинауға, енгізуге, сақтауға және таратуға байланысты қателердің болуына;

      12) есепке алу және тізілімдер жүйесін, сондай-ақ пайдаланылатын ақпараттық және коммуникациялық жүйелер мен технологияны қоса алғанда, орталық депозитарийдің бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету жұмысындағы қателер мен іркілістердің туындау ықтималдылығына;

      13) орталық депозитарий қызметі процесінде, оның ішінде эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге қаржы құралдары бойынша құқықтарды есепке алу процесін ұйымдастыруды, қаржы құралдарындағы есеп айырысуларды, бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесіндегі мәліметтердің көрсетілуін қоса алғанда, жетілдірілмеген технологияларды пайдалану, жүйелік басқару функцияларын орындау салдарынан зиянның туындау ықтималдығына;

      14) есепке алу мен тізілімдердің жүйелеріне деректерді енгізу мен өзгерту кезінде қателердің туындауына;

      15) орталық депозитарий әлеуетті тәуекелдер ретінде сәйкестендіретін өзге жағдайларға байланысты тәуекелдер кіреді.

      3. Операциялық тәуекелдерді өлшеу, бағалау, бақылау және мониторингін жүргізу кезінде орталық депозитарий мынадай әдістердің біреуін немесе бірнешеуін қолданады:

      1) тәуекелдің негізгі индикаторларын пайдалану;

      2) тәуекелдердің матрицаларын қалыптастыру;

      3) зиян бойынша ішкі деректерді жинау мен талдауды жүзеге асыру (зиян бойынша дерекқор жүргізу);

      4) бизнес-процестердің сипаттамасы (регламентациялау);

      5) аудиторлық тексерулердің нәтижелерін пайдалану.

      Операциялық тәуекелдерді өлшеу, бағалау, бақылау және мониторингін жүргізу әдістерін таңдау тәртібі орталық депозитарийдің операциялық тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша ішкі құжатында белгіленеді.

      4. Құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесі (заң бөлімшесі) тәуекелдерді басқару бөлімшесімен бірлесіп орталық депозитарийдің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орталық депозитарийдің бұзуы салдарынан туындайтын құқықтық тәуекелдерді бақылауды және мониторингін:

      1) орталық депозитарий қызметінің Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына, орталық депозитарийдің ішкі қағидаларына және шарттық қатынастар талаптарына сәйкес келуіне бақылауды жүзеге асыру;

      2) орталық депозитарий қызметкерлерін тұрақты негізде орталық депозитарийдің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасымен таныстыру;

      3) орталық депозитарийдің Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгіленген талаптарды орындамау тәуекелдерінің туындауын бағалауды жүргізу арқылы қамтамасыз етеді.

      5. Жұртшылықпен байланыс бөлімшесі тәуекелдерді басқару бөлімшесімен бірлесіп:

      1) мемлекеттік органдар өкілдерінің, бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің, қаржы нарығын талдаушылардың орталық депозитарийдің қызметіне және (немесе) оның ағымдағы жай-күйіне қатысты қарама-қайшы және (немесе) теріс мәлімдемелері;

      2) ресми емес дереккөздерден алынған ақпараттың рөлін күшейту, орталық депозитарий қызметкерлерінің, сол сияқты үшінші тұлғалардың шындыққа сәйкес келмейтін теріс ақпаратты таратуы;

      3) орталық депозитарий туралы теріс ақпаратқа бұқаралық ақпарат құралдарының қызығушылығының өсуі;

      4) орталық депозитарийдің беделіне теріс әсер ететін факторлар салдарынан туындайтын бедел тәуекелдерін бақылауды, мониторингін, сол сияқты барынша азайтуды қамтамасыз етеді.

      6. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі мүдделі бөлімшелермен бірлесіп мерзімдік негізде, бірақ жылына кемінде бір рет тәуекелдердің әлеуетті қаупінің көздерін анықтау және стрестік жағдайлардың іске асырылуы салдарынан ықтимал күтілетін зияндарды бағалау үшін стресс-тестинг жүргізеді.

      Стресс-тестинг сценарийлерін Орталық депозитарийдің басқармасы бекітеді.

      Әдіснаманы және есептердің нысандарын қоса алғанда, стресс-тестингті жүргізу тәртібіне қойылатын талаптар орталық депозитарийдің ішкі құжаттарымен белгіленеді.

      Басқарма қажеттілігіне қарай (бірақ жылына кемінде бір рет) стресс-тестинг сценарийлерін, оның ішінде жалпы экономикалық және нарықтық конъюнктураның, орталық депозитарийдің тәуекел бейінінің өзгеруіне байланысты қайта қарауды жүзеге асырады.

      7. Мыналар орталық депозитарийде тәуекелді бақылаудың және мониторинг жүргізудің мақсаты болып табылады:

      1) сәйкес келтірілмеген тәуекелдер мен қауіпті уақтылы анықтау;

      2) тәуекелдер көрсеткішінің рұқсат етілген ең жоғары мәндерін бағалау сапасын арттыру;

      3) тәуекелдерді басқарудың баламалы тетіктерін дамыту;

      4) тәуекелдерді барынша азайту және басқару бойынша уақтылы шаралар қабылдауды қамтамасыз ету;

      5) тәуекелдерді басқару бөлімшесін қоса алғанда, орталық депозитарийдің жеке бөлімшелерін тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау процесіне тарту, сондай-ақ тәуекелдерді басқару саласында орталық депозитарий қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру.

      8. Тәуекелдер мынадай сипаттары:

      1) тәуекелдер басталуының жиілігі;

      2) тәуекелдер ықпалының ауқымы бойынша талданады.

      9. Тәуекел талдау нәтижелері негізінде жол берілген ретінде айқындалған тәуекелдер көрсеткішінің мәніне қатысты қабылданатын және қабылданбайтын тәуекелдер ретінде реттеледі.

      10. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі директорлар кеңесі мен басқармаға есепке алу жүйесін және тізілімдерді жүргізу, басқа номиналды ұстаушылар үшін номиналды ұстау процестерінің, қаржы құралдарындағы есеп айырысулардың және осындай техникалық іркілістер мен өзге жағдайлар туындаған күні есепке алу жүйесіндегі және тізілімдердегі мәліметтерді көрсету процестерінің бұзылуына әкелген техникалық іркілістер мен жағдайлар туралы мәліметтер ұсынады.

      11. Орталық депозитарийдің басқармасы осы қосымшаның 13-тармағында көрсетілген техникалық іркілістер мен жағдайлар туралы мәліметтерді осы жағдай басталған күннен кейінгі күн ішінде уәкілетті органға беруді қамтамасыз етеді.

      12. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі жартыжылдық негізде орталық депозитарийдің директорлар кеңесі мен басқармасына Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тәуекелдерді басқару жөніндегі қызмет туралы ақпарат береді.

      13. Орталық депозитарийдің басқармасы орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекітетін тәуекелдер көрсеткіштерінің рұқсат етілген ең жоғары мәндерін айқындайды.

      14. Жаңа тәуекелдер туындаған жағдайда және (немесе) тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндері тәуекелді сәйкестендірген және (немесе) осы сәйкессіздікті анықтаған бөлімшенің тәуекелдер көрсеткіштерінің рұқсат етілген ең жоғары мәндеріне сәйкес келмеген жағдайда, орталық депозитарийдің директорлар кеңесін және басқармасын хабардар етеді.

      15. Басқарма тәуекелдерді бағалау нәтижелерінің негізінде оларды барынша азайтуға бағытталған ықтимал шараларды айқындайды.

      16. Тәуекелдерді барынша азайту тәуекелдердің мәні тәуекелдер көрсеткіштерінің рұқсат етілген мәндерінің шегіне жақындаған не шегінен асқан жағдайларда қажет болады. Тәуекелдерді барынша азайту мына іс-шаралар арқылы жүзеге асырылады, бірақ олармен шектелмейді:

      1) ішкі бақылау жүйесін енгізу, тәуекелдерге мұқият мониторинг жүргізуді және қадағалауды жүзеге асыру, тәуекелдерді басқару саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

      2) орталық депозитарийдің қызметі процесінде орталық депозитарийдің органдары қабылдайтын осындай немесе өзге шешімдерге тән тәуекелдер туындаған жағдайда, сәйкестендіру және зиянды барынша азайту мүмкіндігі бойынша рәсімдерді жетілдіру;

      3) ішкі аудит қызметінің орталық депозитарийдің жұмыс істеуін және (немесе) оның бөлімшелерінің жұмысын жоспардан тыс тексерулерді жүргізуі;

      4) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінің және тізілімдерінің, өзге ақпараттық және коммуникациялық жүйелерінің аудитін 2 (екі) жылда кемінде 1 (бір) рет жүргізу;

      5) орталық депозитарий басшы қызметкерлерінің тарапынан тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған іс-шараларға бақылауды арттыру;

      6) орталық депозитарийдің ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда қосымша арнайы (кепілдік және (немесе) резервтік) қорларды қалыптастыру.

      17. Орталық депозитарийдің директорлар кеңесі тәуекелдер басталуының болған жағдайлары бойынша есептілікті беру тәртібін бекітеді, оның міндеті:

      1) тәуекелдердің басталуы салдарынан болған келтірілген зиян және теріс оқиғалар туралы ақпараттық базаны қалыптастыру;

      2) тәуекелдердің басталуы нәтижесінде келтірілген нақты зиян туралы ақпаратты талдау арқылы операциялық тәуекелдерді басқару және барынша азайту жөніндегі процестерді жетілдіру;

      3) тәуекелдердің басталуы нәтижесінде туындаған зиянның құнын кезеңдік бағалауды жүргізу;

      4) тәуекелдер басталуының елеулі жағдайларына уақтылы және тиісінше ден қоюды қамтамасыз ету;

      5) деректерді жинау және енгізу, сондай-ақ ақпаратты қайталау және (немесе) жіберіп алу бойынша қателерді болдырмау жөніндегі рәсімдерді толық үйлестіруді қамтамасыз ету болып табылады.

  Орталық депозитарийге
арналған тәуекелдерді басқару
және ішкі бақылау жүйесін
қалыптастыру қағидаларына
5-қосымша

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің ішкі құжаттарына қойылатын талаптар

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жүйесі мына ішкі құжаттары болуын көздейді, бірақ олармен шектелмейді:

      1) орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаты;

      2) орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау тәртібі;

      3) ішкі бақылау мен ішкі аудитті жүзеге асыру рәсімдері;

      4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстауға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс қимылға бағытталған рәсімдерді;

      5) орталық депозитарийде орын алған және әлеуетті мүдде қайшылықтарын басқару рәсімі;

      6) орталық депозитарийдің, оның қызметкерлерінің және үшінші тұлғалардың өздерінің мүдделері үшін конфиденциалды ақпаратты пайдалануын болдырмауға бағытталған, конфиденциалды ақпаратты құрайтын мәліметтерді сақтауды қамтамасыз ету рәсімдері;

      7) қаржылық құралдарымен мәмілелер бойынша клирингті жүзеге асыру рәсімдері;

      8) эмитенттер мен бағалы қағаздарды ұстаушылардың бағалы қағаздарды шығару, орналастыру және айналысы жөніндегі қызметтерінің тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының талаптарына және орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына олардың сәйкес келуі нысанына мониторинг жүргізу және бақылау рәсімі;

      9) орталық депозитарийдің ақпараттық саясаты;

      10) қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық;

      11) ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық;

      12) клиенттердің, эмитенттердің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылардың бұйрықтарын уақтылы орындамауды және (немесе) орындамауды, сондай-ақ деректерді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарында жасалған туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді тізілім жүйесіне қате енгізуді болдырмауға бағытталған рәсімдер;

      13) орталық депозитарийдің операциялық процестерін қолданыстағы бақылаудың тиімділігін оңтайландыру бойынша рәсімдер;

      14) орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру процесінде ақпаратты жасау және жария ету рәсімдері;

      15) резервтік техникалық орталыққа талаптар;

      16) орталық депозитарийдің бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілім жүйесін құрайтын архивтік құжаттарын сақтауға арналған үй-жайға қойылатын талаптар;

      17) басқарушылық ақпарат жүйесінің жұмыс істеу тәртібі;

      18) орталық депозитарийдің директорлар кеңесі белгілеген өзге құжаттар.

      2. Орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатында:

      1) директорлар кеңесінің, басқарманың, тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің және басқа бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару саласындағы өкілеттері мен функционалдық міндеттері, сондай-ақ аталған бөлімшелер арасында ақпаратпен алмасу тәртібі;

      2) орталық депозитарийдің қызметімен және оның есепке алу және тізілім жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәнін анықтау тәртібін қоса алғанда, тәуекелдерді сәйкестендіру мен бағалау бойынша рәсімдер, сондай-ақ ішкі құжаттарға сәйкес тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәндерін анықтау бойынша рәсімдер;

      3) орталық депозитарий қызметінің және оның есепке алу және тізілім жүйелерінің жұмыс істеп тұруы процесінде туындайтын тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар;

      4) стрес-тестинг әдіснамасын қоса алғанда, тәуекелдердің әртүрлі түрлері бойынша стрес-тестинг жүргізу тәртібі;

      5) осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген рәсімдердің тиімділігі мониторингінің, тәуекелдер көрсеткіштерінің мәні мен тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды бағалаудың барабарлығы тетігі;

      6) осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген рәсімдерге және осы тармақтың 3) тармақшасында белгіленген іс-шаралар сәйкес келмеген жағдайда қабылданатын іс-шаралардың тиімділігі мониторингінің тетігі;

      7) сәйкестендірілген (анықталған) тәуекелдердің мониторингі, оларды бағалау және бақылау бойынша рәсімдер, оның ішінде:

      тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше орталық депозитарийдің басқа бөлімшелерімен бірлесе отырып тәуекелдердің мониторингі мен сәйкестендірілуі бойынша қабылдайтын іс-шаралары;

      тәуекелдер туындау жиілігін бағалауды, осы тәуекелдер әкелген ықпалды бұдан кейін бөлуді және тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәнін белгілеуді қоса алғанда, тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше жүзеге асыратын тәуекелдерді бағалау;

      тәуекелдер көрсеткіштерінің мәні мен тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәні өзгеруіне мониторингті қамтитын, тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше жүргізетін тәуекелдер, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің мәні тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәніне сәйкес келмеген жағдайда, тәуекелдерді барынша төмендету мақсатында қолданылатын шаралардың мониторингі;

      тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің зиян әкелуіне және (немесе) орталық депозитарийдің бедел және құқықтық тәуекеліне әсер етуіне ықпал ететін кез келген маңызды жағдайлар туралы есептілікті директорлар кеңесіне дереу беру тетігі айқындалады.

      3. Орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау тәртібінде меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асырудың талаптары мен тәртібі, меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру процесінде қолданылатын құжаттардың үлгі нысандары белгіленеді және мыналар:

      1) орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау саясатын әзірлеу;

      2) орталық депозитарийдің меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін мыналарды көздейтін ұсынымдар дайындау:

      ұсынымдар беруге уәкілетті тұлғалар лауазымдарының тізбесін;

      инвестициялық портфельдің жай-күйін талдау тәртібін;

      инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдары болуын, айналымы мен кірістілігінің талаптарын талдау тәртібін;

      инвестициялау жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдарымен байланысты тәуекелдерді талдау тәртібін;

      ұсынымдарды беруге елеулі факторларды талдау тәртібін;

      3) инвестициялаудың мына лимиттерін айқындау:

      қаржы құралдарының түрлері бойынша;

      қызметінің негізгі түрі экономиканың белгілі секторымен байланысты эмитентің қаржы құралдарына инвестициялау лимиттері;

      қаржы құралдары үшін "stop-loss" лимиттері;

      қаржы құралдары үшін "take-profit" лимиттері;

      4) инвестициялық комитет жұмысының сипаттамасын, отырыстар өткізу мен нәтижелерін рәсімдеу кезеңділігін қамтитын орталық депозитарийдің меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау;

      5) инвестициялық шешімдерді дайындау, қабылдау және орындау процесінде орталық депозитарийдің органдары мен бөлімшелерінің өзара іс-әрекеттері;

      6) меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау және көмегімен мәмілені жасау (осындай бар болса) болжанатын делдалмен (брокермен) өзара іс-әрекет жасау жөніндегі процестердің сипаттамасын қамтитын олардың орындалуын бақылау, мәмілелер жасауды бақылау, активтердің құрамына және қозғалысына салыстырып тексеру, жасалған мәмілелердің ішкі есебін және құжат айналымын жүргізу, сондай-ақ орталық депозитарийдің меншікті активтері есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жасауды бақылайтын лауазымды тұлғалардың тізбесі;

      7) орталық депозитарий басқармасының уәкілетті органның алдында меншікті активтері есебінен жасалған қаржы құралдарымен операциялар бойынша қызметінің нәтижесі туралы есептілікті дайындау бойынша рәсімдерді сипаттау қамтылады.

      Орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау тәртібінде орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымға басқаруға берген жағдайда, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі тиісті шартта осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялаудың лимиттері көзделеді деген талапта белгіленеді.

      4. Меншікті активтерді инвестициялау саясатында:

      1) меншікті активтерді инвестициялаудың мақсаттары мен стратегиясы;

      2) инвестициялау объектілерінің сипаттамасы мен тізбесі;

      3) қаржы құралдарының түрлері бойынша меншікті активтерді инвестициялау лимиттері;

      4) меншікті активтер есебінен жасалатын қаржы құралдарымен мәмілелерге қатысты белгіленген талаптар мен шектеулер;

      5) хеджирлеу құралдарының тізбесін және сипаттамасын көрсете отырып, меншікті активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптары;

      6) меншікті активтерді инвестициялауға байланысты тәуекелдер айқындалады.

      5. Орталық депозитарийдің директорлар кеңесі орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау саясатын және оған енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді.

      6. Орталық депозитарийдің директорлар кеңесі ішкі бақылаудың барабар жүйесі болуын, ішкі аудит қызметін құруды қамтамасыз етеді және орталық депозитарийдің қызметкерлері ішкі бақылау саласында өз міндеттерін, ішкі аудит қызметі ішкі аудит саласындағы өз міндеттерін орындау үшін жағдайлар жасайды.

      7. Ішкі бақылау мен ішкі аудитті жүзеге асыру рәсімдерінде:

      1) ішкі аудит қызметінің құрамы, оның функциялары, міндеттері мен өкілеттіктері;

      2) ішкі аудитті және ішкі бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерге қойылатын талаптар;

      3) ішкі аудит пен ішкі бақылаудың мәні мен объектісі;

      4) ішкі аудит қызметінің тексерулер жүргізу ауқымы мен жиілігі;

      5) ішкі аудитті жүргізу кезінде міндетті түрде пайдаланылатын тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалау жүйесін;

      6) ішкі аудитті жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптар;

      7) ішкі аудит қызметінің тексеру нәтижелері туралы есептерді орталық депозитарийдің директорлар кеңесіне ұсыну мерзімдері мен нысаны айқындалады.

      8. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарға бағытталған рәсімдерде:

      1) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заң) сәйкес клиенттерді сәйкестендіру және олардың операцияларына мониторинг жүргізу тәртібі;

      2) Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзге шараларды қабылдайтын мемлекеттік органға қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы, оның ішінде күдікті операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру айқындалады.

      9. Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру барысында оның органдары мен (немесе) бөлімшелері арасында туындайтын орталық депозитарийде орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару рәсімдері мыналарды айқындайды:

      1) мыналарды қамтамасыз етуге бағытталған орталық депозитарий органдарының шешімдерді қабылдау тәртібін:

      орталық депозитарий органдарының мүшелері қабылдайтын шешімдердің тәуелсіздігін;

      орталық депозитарий органдары мүшелерінің қабылдайтын шешімдерге мүдделі болмауын;

      орталық депозитарийдің органдары мүшелерінің және қызметкерлерінің орталық депозитарийдің органдарының отырыстарын өткізу барысында алынған ақпаратты барша адамға арасында осы ақпаратты ресми жария еткенге дейін оны өзінің жеке мақсатында не үшінші тұлғалардың мүддесіне қолдануларын шектеулерді;

      2) орталық депозитарий органдарының отырыстарын өткізу қорытындысы бойынша хаттамаларды міндетті жасау мен сақтау бойынша талаптарды;

      3) орталық депозитарийдің бөлімшелері арасында, орталық депозитарийдің органдары мен бөлімшелері арасында, орталық депозитарийдің органдары арасында орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын сипаттау;

      4) орын алған мүдделер қақтығысын реттеу, сондай-ақ мүдделер қақтығысын реттеуге бағытталған алдын алу шараларын қабылдау мақсатында іс-шаралар жүргізу тәртібі.

      10. Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру барысында органдар мен (немесе) бөлімшелер арасында туындайтын орын алған және әлеуетті мүдделер қайшылығын басқару мақсатында орталық депозитарий мынадай шаралар қабылдайды:

      1) мүдделер қайшылығы бар немесе туындауы мүмкін бөлімшелердің орталық депозитарийдің түрлі басшы қызметкерлеріне есеп беруі қамтамасыз етіледі;

      2) орын алған және әлеуетті мүдделер қайшылығын ескере отырып орталық депозитарийді бөлімшелері мен органдары арасында ақпаратпен алмасу тәртібі әзірленуде және енгізілуде;

      3) орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес ішкі аудит қызметі орталық депозитарийдің бөлімшелерінің қызметін және қызметкерлердің орталық депозитарий қабылдаған орталық депозитарийде орын алған және әлеуетті мүдделер қайшылығын басқару рәсімдеріне сәйкестігін үнемі тексереді.

      11. Конфиденциалды ақпаратты құрайтын мәліметтерді орталық депозитарийдің, оның қызметкерлерінің немесе үшінші тұлғалардың жеке мүдделері үшін пайдаланудың алдын алуға бағытталған олардың сақталуын қамтамасыз ету рәсімдеріне мына шаралар кіреді:

      1) инсайдерлермен, сондай-ақ олармен үлестес тұлғаларымен өз мүддесі немесе үшінші тұлғалардың мүдделері үшін инсайдерлік ақпаратты қолдана отырып бағалы қағаздармен мәмілелер жасаудың алдын алу;

      2) инсайдерлік немесе соған негізделген ақпаратты инсайдерлердің, сондай-ақ олардың үлестес тұлғаларының үшінші тұлғаларға ашуының алдын алу;

      3) инсайдерлік ақпаратты немесе инсайдерлік ақпаратқа негізделген ақпаратты, оның ішінде инсайдерлердің, сондай-ақ олардың үлестес тұлғаларының бағалы қағаздармен мәмілелер жасау бойынша ұсыныстарында пайдалануын алдын алу;

      4) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, конфиденциалды немесе соған негізделген ақпаратты үшінші тұлғаларға берудің немесе барша адамға таратудың алдын алу;

      5) орталық депозитарий қызметкерлерінің үшінші тұлғаларға инсайдерлік және өзге де конфиденциалды ақпаратқа негізделген қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы үшінші тұлғаларға ұсыныстар беру мүмкіндігін шектеу;

      6) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) 56-1-бабында көзделген шараларды орталық депозитарийдің инсайдерлік ақпараттық басқаруды және пайдалануды бақылау бөлігінде жүзеге асыру.

      12. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингті жүзеге асыру рәсімдері мыналарды айқындайды:

      1) есеп айырысуларды жинау, салыстырып тексеру және растау бөлігінде қателер туындауының алдын алуға, сондай-ақ оларды өзара есепке алуды жүргізуге бағытталған іс-шаралар;

      2) егер клиринг операцияларын автоматты түрде жүзеге асырған немесе орталық депозитарийде клиринг операцияларын автоматты түрде жүзеге асыру көзделмеген жағдайда клиринг операцияларының дұрыс жүзеге асырылуын және клиринг операцияларын жүзеге асыруға тікелей жауап беретін қызметкерлердің біліктілігін тұрақты түрде арттыруды басқарма тарапынан бақылауды қамтамасыз еткен жағдайда орталық депозитарийдің бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуіне есеп айырысуды жүргізу жүйесінде қателер және техникалық іркілістердің болуына мониторинг және тестілеу тәртібі;

      3) клиринг операцияларын жүзеге асыру процесінде қателіктер туындаған кезде депоненттер мен орталық депозитарий арасындағы мәселелерді шешу тәртібі.

      13. Эмитенттердің және бағалы қағаздарды ұстаушылардың бағалы қағаздарды шығару, орналастыру және айналысқа шығару бойынша тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасы және орталық депозитарийдің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес келу мәніне мониторинг пен бақылау рәсімдері мыналарды айқындайды:

      1) эмитенттерге уәкілетті органға эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың қорытындылары туралы есептерді ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жіберу тәртібі мен талаптары;

      2) эмитенттердің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылардың ұсынатын бұйрықтарын Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 80-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті органның бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларда оларды орындаудан бас тарту үшін негіздемелердің болуына тексеру жүргізу тәртібі;

      3) бағалы қағаздардың қайталама нарығында айналыста тұрған бағалы қағаздардың саны уәкілетті орган тіркеген бағалы қағаздардың санына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асыру тәртібі.

      14. Орталық депозитарийдің ақпараттық саясаты мыналарды айқындайды:

      1) орталық депозитарийдің қор биржасымен, эмитенттермен, бағалы қағаздарды ұстаушылармен, депоненттермен, депоненттердің клиенттерімен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен ақпараттық өзара қарым-қатынас жасау тәртібі;

      2) орталық депозитарийдің беделіне әсер етуі ықтимал ақпаратқа тұрақты мониторинг бойынша талаптар;

      3) орталық депозитарийдің беделіне зиян әкелетін ақпарат пайда болған және таратылған жағдайда қажетті шараларды уақтылы қабылдау бойынша талаптар.

      15. Қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықта мыналар айқындалады:

      1) өрт қауіпсіздігі бойынша негізгі талаптар;

      2) форс-мажорлық және (немесе) күтпеген жағдайлар туындаса орталық депозитарий қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің сипаты бар, төтенше және (немесе) күтпеген жағдайлар туындау жағдайындағы іс-әрекеттер жоспары;

      3) орталық депозитарий қызметкерлерінің бағдарламалық-техникалық кешендерін және өзге жабдықты пайдалану тәртібі;

      4) орталық депозитарийдің үй-жайлары жабылу алдында қараудың жүйелілігі.

      16. Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықта айқындалады:

      1) ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптар;

      2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ұйымдастыру шаралары;

      3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бағдарламалық-техникалық шаралары;

      4) ақпарат жинақтауға бөлінген ресурстарға (дискі кеңістігі, директория, желілік ресурстар, деректер базасы және басқалары) рұқсат алу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінен ақпаратты алу тәртібі және көлемі, ақпаратты сақтау, арихивтеу не басқаша өңдеу;

      5) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін құрайтын, оның ішінде резервтік техникалық орталықта тұрған электрондық деректердің сақталуына бағытталған шаралар;

      6) жазбаны оқитын құрылғыларға және компакт дискілерге құрылғыны ажырату немесе алып қою арқылы қол жеткізуге тыйым салу;

      7) орталық депозитарийдің ақпараттық жүйелеріне қызметкерлердің рұқсат алу деңгейлерін анықтау тәртібі;

      8) серверлік бөлмелерге осы бөлмелерге рұқсаты бар орталық депозитарийдің түрлі қызметкерлердегі екі кілтті пайдалану арқылы рұқсат алу тәртібі.

      17. Клиенттердің, эмитенттердің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылардың бұйрықтарының уақтылы орындалмауының және (немесе) орындалмауының, сондай-ақ орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне деректер қате енгізілуінің алдын алуына бағытталған рәсімдер мыналарды айқындайды:

      1) орталық депозитарий депоненттерінің, эмитенттерінің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылардың бұйрықтарының уақтылы орындалмауын және (немесе) орындалмауын болдырмауға бағытталған шаралар;

      2) есепке алу және тізілімдер жүйелеріне деректер, оның ішінде түрлі қызметкерлердің бір бұйрықтың деректерін екі рет енгізу арқылы қате енгізудің алдын алу жөніндегі шаралар;

      3) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі мәліметтердің өзгеруі бойынша өкілеттіктерге ие пайдаланушылар үшін орталық депозитарийдің ақпараттық жүйелерін пайдаланушыларға құқықтар беру тәртібі;

      4) бұйрықтарды және оларды орындауды, сондай-ақ клиенттердің, эмитенттердің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылардың шағымдарын және оларды қанағаттандыру бойынша шараларды есепке алу электрондық журналының нысаны;

      5) бастапқы құжаттармен өңделген бұйрықтарды салыстырып тексеруді жүзеге асыру тәртібі;

      6) операцияларды жасауға берілген бұйрықтың мәртебесі туралы клиенттерді, эмитенттерді және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушыларды хабардар ету тәртібі.

      18. Орталық депозитарийдің операциялық процестерін қолданыстағы бақылаудың тиімділігін оңтайландыру бойынша рәсімдер мыналарды айқындайды:

      1) бастапқы құжаттар негізінде іс-әрекеттерді жүзеге асыруға байланысты тәуекелдер:

      уәкілетті емес тұлғаның бастапқы құжаттарды ұсынуы;

      бастапқы құжаттардың ұрлануы, айырбасталуы немесе жоғалуы;

      қолданыста жоқ бұйрықты ақпараттық жүйеге, есепке алу және тізілімдер жүйелеріне енгізу;

      бір бұйрықтың деректерін түрлі қызметкерлердің ақпараттық жүйеге, есепке алу және тізілімдер жүйелеріне екі рет енгізуі;

      бұйрық деректерінің ақпараттық жүйеге, есепке алу және тізілімдер жүйелеріне дұрыс енгізілмеуі;

      бұйрықты ақпараттық жүйеге, есепке алу және тізілімдер жүйелеріне енгізуді орындамау;

      бұйрықты ақпараттық жүйеге, есепке алу және тізілімдер жүйелеріне уақтылы енгізбеу;

      бұйрықтың ақпараттық жүйедегі, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі дұрыс емес мәртебесін таңдау;

      бұйрықтың ақпараттық жүйедегі, есепке алу және тізілімдер жүйелеріндегі мәртебесіне өзгеріс енгізбеу;

      бұйрықтың ақпараттық жүйеде, есепке алу және тізілімдер жүйелеріндегі өзгертуге жатпайтын мәртебесін өзгерту;

      ақпараттық жүйедегі, есепке алу және тізілімдер жүйелеріндегі өзгертуге жатпайтын анықтамалықтар деректерін өзгерту;

      ақпараттық жүйеде, есепке алу және тізілімдер жүйелеріндегі анықтамалықтар деректерінің дұрыс өзгертілмеуі;

      ақпараттық жүйедегі, есепке алу және тізілімдер жүйелеріндегі анықтамалықтар деректеріне өзгерістер енгізбеу;

      тиісті құжатсыз ақпараттық жүйеде, есепке алу және тізілімдер жүйелерінде анықтамалықтар деректерін өзгерту;

      ақпараттық жүйеде, есепке алу және тізілімдер жүйелерінде анықтамалықтар деректерін уақтылы өзгертпеу;

      2) бастапқы құжаттар негізінде есептік және өзге құжаттарды беруге байланысты тәуекелдер:

      есептік құжатты қалыптастыруды орындамау;

      есептік құжатты уақтылы қалыптастырмау;

      есептік құжаттағы дұрыс емес деректер;

      бұйрықтың қате мәртебесін көрсете отырып орындау туралы есепті қалыптастыру;

      есептік құжатты уәкілетті емес тұлғаға беру;

      есептік құжаттарды ұрлау, айырбастау және жоғалту;

      3) ақпараттық жүйелерді пайдалануға байланысты тәуекелдер;

      операциялық күнді ашу (жабу) рәсімдерін орындамау;

      қор биржасының терминалын қосуды орындамау;

      кіріс файлының дұрыс емес форматы;

      кіріс файлының дұрыс емес мазмұны;

      түрлі қызметкерлердің дерекқорда жазбаны қалыптастыру үшін деректерді екі рет енгізуі;

      дерекқорда жазбаны қалыптастыруды орындамау;

      дерекқорда жазбаны дұрыс емес қалыптастыру;

      ақпараттық жүйеде жөнелтушіден келген құжаттардың қайталануы (операциялық күн ішінде);

      есептеулерді кейінге қалдыру күнімен бұйрықты кезекке қою;

      ақпараттық жүйеде транзакцияларды жүргізу кезіндегі қателер;

      бұйрықты қарсы бұйрықсыз орындау (екі қарсы бұйрықтар негізінде тіркелетін мәмілелер бойынша);

      айналыста болмаған бағалы қағаздар бойынша бұйрықты орындау;

      регламентке кірмейтін уақытта бұйрықты орындау;

      регламентке кірмейтін уақытта бұйрықты қабылдау;

      ашылмаған операциялық күн кезінде бұйрықты орындау;

      бағалы қағаздармен операцияларды тоқтата тұру кезінде бұйрықты орындау;

      рұқсат етілмеген операциялар бойынша бұйрықты орындау;

      4) ақпараттық жүйелерді пайдалануға байланысты тәуекелдер:

      компьютерлік вирустардың енуі;

      лицензиялық емес бағдарламаларды пайдалану;

      ақпараттық жүйелерге авторизацияланбаған рұқсат;

      серверлік жабдыққа техникалық қызмет көрсету кезіндегі қателер;

      электрлік қоректендіру жүйесіндегі іркілістер;

      серверлерді кондиционирлеу жүйелерінің іркілістері;

      серверлік жабдықтың техникалық іркілісі;

      желілік жабдықтың техникалық іркілісі;

      деректерді тасымалдағыштарды (қатты дискілерді және өзге тасымалдаушыларды) ұрлау, әдейі бүлдіру;

      деректерді тасымалдағыштарға (қатты дискілердегі және өзге тасымалдаушылар) авторизацияланбаған рұқсат;

      табиғи сипаттағы төтенше жағдай;

      серверлік бөлмедегі өрт;

      серверлік бөлмені судың басып қалуы;

      ақпараттық жүйедегі бағдарламалық іркіліс;

      тапсырыс берушінің бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бойынша қалыпқа келтірілген талаптарының болмауы;

      бағдарламалық қамтамасыз етудің кодын белгілеушілер үшін техникалық тапсырманы дұрыс жасамау;

      бағдарламалық қамтамасыз ету кодын жасау кезіндегі қателер;

      әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу кезіндегі қателер.

      19. Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру барысында жасау және ақпаратты жариялау рәсімі мыналарды:

      1) бағалы қағаздарды ұстаушыларға эмитент акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу немесе эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті төлеуі туралы, сондай-ақ эмитенттің бағалы қағаздарының шығарылымы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда жасау және жариялау тәртібін;

      2) депоненттердің, депоненттер клиенттерінің, эмитенттердің және өзге де жеке және заңды тұлғалардың сұратулары негізінде оларға есепке алу және тізілімдер жүйесін құрайтын ақпаратты ұсыну рәсімін;

      3) Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 43-бабына сәйкес орталық депозитарийді есепке алу жүйесін және жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының тізілімдері жүйесін құрайтын мәліметтерді алу құқығына ие мемлекеттік органдарға ақпарат ұсыну рәсімін айқындайды.

      20. Орталық депозитарийдің резервтік техникалық орталығы бар және жедел іске қосу үшін оның тұрақты дайындығын қамтамасыз етеді. Резервтік техникалық орталық мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) есепке алу және тізілімдер жүйесін құрайтын, есепке алудың және тізілімдердің негізгі жүйелеріне ұқсас электрондық деректердің көшірмесі бар;

      2) орталық депозитарийдің негізгі жүйелерінің орналасқан орны бойынша тұрған резервтік жүйелерге ұқсас резервтік жүйелердің өзекті көшірмесі бар;

      3) олардың жұмысындағы іркілістер негізгі қызметтің тоқтауына және клиенттерге қызмет көрсетудің мүмкін болмауына әкеп соғатын барлық дереккөздер мен ақпараттық жүйелердің өзекті көшірмелері бар;

      4) техникалық резервтік орталықтың қауіпсіздігі мен үзіліссіз жұмысына әсер ететін техногендік және табиғи сипаттарды ескере отырып орталық депозитарийдің негізгі жүйелерінің орналасқан жерінен қауіпсіз арақашықтықта орналасқан;

      5) орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру үшін қажетті барлық коммуникациялармен қамтамасыз етіледі;

      6) орталық депозитарийдің есепке алу және тізілімдер жүйесінің орналасқан орны бойынша штаттан тыс жағдай туындаған кезде келесі жұмыс күнінен кешіктірмей қызметті жүзеге асыру мүмкіндігін береді.

      21. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесін құрайтын орталық депозитарийдің архив құжаттарын сақтау үшін пайдаланылатын үй-жайлар мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) архив құжаттарын сақтауға бейімделген жеке үй-жай;

      2) құжаттарды сақтауға арналған архив сақтау орнында құжаттарды сақтаудың талаптары мен өлшемшарттарын: сақтаудың температуралық-ылғалдылық, жарық, санитарлық-гигиеналық, күзет режимдерінің жасалуы және сақталуы қамтамасыз етіледі;

      3) архив қызметкерлерінің жұмыс бөлмелері, сондай-ақ орталық депозитарий және (немесе) орталық депозитарийдің архив құжаттарын сақтау қызметін көрсететін ұйым қызметкерлерінің үй-жайлары архив сақтау орнынан оқшауланған;

      4) архив сақтау орны химиялық заттарды, тағам өнімдерін сақтауға және қолдануға байланысты зертханалық, өндірістік және қойма үй-жайларынан алшақ орналасады және олармен ортақ желдеткіш арналары болмайды;

      5) архив сақтау орны өрт шығу қауіпсіздігімен қамтамасыз етіледі, өрт сөндіру дабылымен жабдықталады және су баспауына кепілдік берiледi. Жалпы және әр қабаттағы ажыратқыштар архив сақтау орнынан тыс орналастырылады. Архив сақтау орнында газ, су жүргізетін, канализациялық және өзге де магистралды құбырлар орналастырылмайды;

      6) архив сақтау орны күзет дабылымен жабдықталады;

      7) архив сақтау орны стационарлық немесе жылжымалы металл стеллаждармен жабдықталады.

      22. Басқару ақпарат жүйесінің жұмыс істеу тәртібі директорлар кеңесінің міндеттерін тиімді орындау мақсатында орталық депозитарий қызметінің барлық бағыттары бойынша толық, дәйекті және уақтылы ақпаратты директорлар кеңесіне тұрақты негізде беруін қамтамасыз етеді.

      Басқару ақпарат жүйесінің жұмыс істеу тәртібі ақпаратты уақытылы және толық көлемде дайындауға және орталық депозитарийдің директорлар кеңесіне беруге жауапты орталық депозитарийдің тұлғаларын, құрылымдық бөлімшелерін, органдарын көрсете отырып, орталық депозитарийдің директорлар кеңесіне орталық депозитарийдің қызметі туралы басқару ақпаратын қалыптастыру өлшемшарттарынан, құрамынан, жиілігінен және беру нысанынан тұрады.

  Орталық депозитарийге
арналған тәуекелдерді басқару
және ішкі бақылау жүйесін
қалыптастыру
қағидаларына
6-қосымша

Орталық депозитарийдің меншікті активтерінің есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру қызметін ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      1. Орталық депозитарийдің меншікті активтерін тиімді инвестициялауды қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдерді басқару бөлімшесі кемінде бір тоқсанда 1 (бір) рет мыналарды жүргізеді:

      1) эмитенттің қаржылық ахуалын талдауды қоса алғанда, эмитенттерді және олар шығарған (берген) қаржы құралдарына, оның активтері құнының одан әрі өсу әлеуетіне, қабылданған міндеттемелер бойынша жауап беру қабілетіне, осы эмитенттің қаржы құралдарына инвестициялауға және осы тәуекелдердің орталық депозитарийдің қаржылық жағдайына әсер етуіне байланысты тәуекелдерге талдау;

      2) инвестициялау жүргізу болжанған қаржы құралдары айналымының және кірістілігінің талаптарын талдау;

      3) портфельдің құрылымы, кірістіліктің өзгеру серпіні туралы мәліметтер, портфельдің құрылымын оңтайландыру жөніндегі шығынды позициялар мен ұсынымдарды талдау қамтылатын, меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар портфеліне талдау.

      2. Осы қосымшаның 1-тармағында көрсетілген талдамалық зерттеулер негізінде аталған ұсынымдарды беруге негіздеме болған факторлардың толық тізбесі қамтылған ұсынымдар әзірленеді.

      3. Ұсынымдар:

      1) меншікті активтерді инвестициялау саясатын әзірлеу, сондай-ақ көрсетілген құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу барысында;

      2) инвестициялау лимиттерін анықтау мен қайта қарау барысында;

      3) орталық депозитарийдің меншікті активтері есебінен мәмілелерді жасау туралы инвестициялық шешімдерді қабылдау кезінде беріледі.

      4. Ұсынымда мынадай мәліметтер:

      1) ұсынымның берілген күні және нөмірі;

      2) орталық депозитарийдің ұсынымды дайындаған жауапты бөлімшесі немесе қызметкері туралы мәліметтер;

      3) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпарат көздерінің тізбесі (сипаттамасы);

      4) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпаратты талдау нәтижелері, мына ақпаратты қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей:

      жасалатын мәміленің меншікті активтер бойынша кірістердің болжанатын өзгерісіне әсері туралы;

      осы қаржы құралын сатып алумен байланысты тәуекелдер туралы;

      5) инвестициялық шешімнің ұсынылатын нұсқалары;

      6) қаржы құралының түрін, көлемін, бағалар диапазонын, осы құралдың кірістілік деңгейін және басқа сипаттамаларын (талаптарын) көрсететін сипаттамасы;

      7) орталық депозитарийдің инвестициялау саясатына сәйкес мәміле жасауға ұсынылатын қорытындының мақсаты;

      8) ұсыным берген тұлғалардың атқаратын лауазымдарын көрсете отырып, олардың қойған қолдары;

      9) орталық депозитарийдің ішкі құжаттарында белгіленген өзге де ақпарат қамтылады.

      5. Ұсынымдар оларды дайындауға негіздеме болған барлық құжаттармен бірге сақталады.

      6. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі:

      1) қаржы құралдарымен операциялар бойынша, оның ішінде қаржы құралдары нарығында ("stop-loss" лимиттері) бағалардың күрт ауытқуымен байланысты шамадан тыс шығыстарды болдырмау жөніндегі шұғыл рәсімдерді, сондай-ақ қаржы құралдары бойынша тиісті кірістілік бағаларының шекті деңгейлерін белгілейді, ол деңгейлерге жеткеннен кейін қаржы құралының нарықтық құнының ("take-profit" лимиттері) төмендеу ықтималдығы артады. Белсенді нарық орын алған қаржы құралдары үшін, сондай-ақ тізбесін инвестициялық комитет анықтайтын өзге де қаржы құралдары үшін "stop-loss" және "take-profit" лимиттері белгіленеді;

      2) қаржы құралдары нарығының ауқымы мен серпініне және қаржы құралының өтімділігіне сәйкес лимиттерді қайта қарауға бастамашы болады;

      3) меншікті активтер бойынша өтімділікті жоғалту тәуекелдеріне ұшырайтындығы туралы қорытынды дайындайды және осы қорытындыны директорлар кеңесіне береді;

      4) меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру барысында алынатын ақпарат негізінде инвестициялық портфельдің кредиттік, пайыздық, валюталық және баға тәуекелдеріне ұшырағыштығы туралы қорытынды дайындайды және осы қорытындыны инвестициялық комитетке ұсынады;

      5) тәуекелді бағалау моделі және ағымдағы бағаларды нарықтық бағаға келтіру негізінде қаржы құралдарының құнын бағалайды, оның ішінде Қағидаларға 3-қосымшаның 1-кестесіне сәйкес нысан бойынша баға тәуекелі жөнінде стресс-тестинг жүзеге асырады;

      6) бэк-тестинг жүргізеді, атап айтқанда орталық депозитарий жөніндегі тарихи деректерді пайдалана отырып және стресс-тестинг жүргізу нәтижесінде есептелген нәтижелерді қаржы құралдарымен операциялар жасасудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстырып, тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеруді жүзеге асырады;

      7) стресс-тестингтің және бэк-тестингтің нәтижелерін директорлар кеңесіне және тәуекелдерді бағалау мен жүйелі түрдегі стресс-тестингтердің нәтижелерін қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау кезінде пайдаланатын инвестициялық комитетке береді.

      7. Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің осы қосымшаның 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес дайындаған қорытындысында мыналармен шектелмей, төмендегі:

      1) инвестициялық комитет белгілеген лимиттердің сақталуына жасалатын мәміленің әсері туралы;

      2) осы қаржы құралын сатып алумен байланысты тәуекелдер туралы мәліметтер қамтылады.

      8. Ұсынымдар мен қорытындылар негізінде директорлар кеңесі инвестициялаудың басым бағыттарын айқындайды, ал инвестициялық комитет инвестициялық шешімдерді қабылдайды, бір жылда кем дегенде 1 (бір) рет мынадай инвестициялау лимиттерін:

      1) қаржы құралдарының түрлері бойынша инвестициялау лимиттерін;

      2) негізгі қызмет түрі экономиканың белгілі бір секторымен байланысты эмитенттердің қаржы құралдарына инвестициялау лимиттерін;

      3) қаржы құралдарына арналған "stop-loss" лимиттерін;

      4) қаржы құралдарына арналған "take-profit" лимиттерін белгілейді және қайта қарайды.

      9. Инвестициялық комитет отырысын өткізу қорытындысы бойынша міндетті түрде мыналарды:

      1) отырыста қаралатын мәселелер тізбесін;

      2) инвестициялық шешімді қабылдау үшін инвестициялық комитетке ұсынылған құжаттар тізбесін;

      3) қаржы құралдарының атауын, сондай-ақ олармен мәмілелер жасау талаптарын көрсете отырып, осы отырыста қабылданған инвестициялық шешімдердің параметрлерін;

      4) отырыста қаралатын әрбір мәселе бойынша дауыс беру қорытындыларын;

      5) инвестициялық комитет мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген және ерекше пікірі болған жағдайда, олардың негіздемелері мен күтілетін тиімділігі бар пікірлерін көрсете отырып, хаттама жасалады.

      10. Хаттамаға инвестициялық комитеттің отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері қол қояды және ол инвестициялық комитет қабылдаған инвестициялық шешімдермен бірге сақталады.

      11. Инвестициялық шешім қаржы құралдарымен жасалатын бір, сол сияқты бірнеше мәмілелерге қатысты қабылданады.

      12. Инвестициялық комитет отырысының қорытындысы бойынша қабылданған қаржы құралдарымен мәміле жасау үшін инвестициялық шешімде:

      1) инвестициялық шешімді қабылдау күні мен нөмірі;

      2) инвестициялық шешім қабылдауға негіз болған ұсынымды беру күні және нөмірі;

      3) жасалуы тиіс мәміле түрі;

      4) мәміле жасалатын қаржы құралын сәйкестендіргіш;

      5) жасалуы тиіс мәміленің көлемі, бағасы және сомасы (көлемінің, бағасының және сомасының ауқымы);

      6) мәміле жасау мерзімдері;

      7) мәміле жасау болжанып отырған нарықтың түріне сілтеме (алғашқы немесе қайталама, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған, халықаралық нарықтар);

      8) мәміле жасау болжанатын делдалдың (брокердің) (мұндай бар болса) атауы;

      9) инвестициялық комитет мүшелерінің біреуінде инвестициялық шешімді қабылдауға (қабылдамауға) қатысты ерекше пікірінің болуына нұсқау;

      10) инвестициялық шешімді қабылдаған адамдардың атқаратын лауазымдарын көрсете отырып қойған қолдары қамтылады.

      13. Хеджирлеу құралдарымен мәміле жасау үшін инвестициялық шешім осы қосымшаның 12-тармағының 1), 2), 3), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтермен басқа мыналарды:

      1) хеджирлеу құралының түрін, оны жасасу мерзімін, көлемін, құнын (сыйлықақысын) көрсете отырып, хеджирлеу операциясының жасалуы жоспарланатын нарықты және осы құралдың басқа сипаттамаларын (талаптарын) жан-жақты сипаттауды;

      2) осы хеджирлеу құралын қолданудан күтілетін нәтижелерді;

      3) хеджирлеу объектісі (базистік актив) тәуекелінің түрін (пайыздық, баға, валюталық және басқа да), сондай-ақ оны бағалау әдісін көрсете отырып бағалауды;

      4) қажетті деректемелері (ұлттық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды), саны, құны, көлемі, валютасы) көрсетілген хеджирлеу объектісін;

      5) осы операцияны жасау хеджирлеу объектісі бойынша ықтимал шығындардың (алынбаған кіріс) мөлшерін төмендетуге әкеп соғатынын растайтын есеп айырысуды қамтиды.

      14. Инвестициялық комитет отырысының қорытындысы бойынша қабылданған инвестициялық шешім қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу үшін орындауға беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 318 қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы жөніндегі талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 276 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7993 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 27 желтоқсандағы 852-856 (27927) жарияланған) 1-қосымша.

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 168 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9796 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 12 қарашада жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 15-тармағы.

      3. "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы жөніндегі талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 276 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 55 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11749 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 6 тамызда жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 224 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12970 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 1 наурызда жарияланған) 1-тармағы.

      5. "Орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы бойынша талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 253 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12996 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 16 наурызда жарияланған).

      6. "Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 254 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12957 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 30 наурызда жарияланған) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 6-тармағы.

      7. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 183 қаулысымен ("Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 қыркүйекте жарияланған) бекітілген Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтері тізбесінің 23-тармағы.

      8. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 259 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14525 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 желтоқсанда жарияланған) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады