Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 958 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 15 қаңтарда № 18193 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15325 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Медициналық куәландыруға сарапшының медициналық куәландыруы кіреді. Тұрақты медициналық тексеруді қажет ететін аурулар болған кезде тиісті мониторингті қамтамасыз ету үшін авиациялық медициналық сарапшы қосымша тексерулер мен ұсынымдар тағайындайды.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Медициналық куәландыру:

      1) бастапқы медициналық сертификатты алу үшін;

      2) медициналық сертификаттың мерзімін ұзарту үшін;

      3) медициналық сертификатты жаңарту үшін (тоқтатылғаннан кейін) өткізіледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Медициналық сертификаттардың түрлері:

      1) осы Қағидалардың 9-тармағының 1), 2) тармақшаларына қатысты тұлғаларға "1-кластық медициналық сертификат" беріледі;

      2) осы Қағидалардың 9-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларына қатысты тұлғаларға "2-кластық медициналық сертификат" беріледі;

      3) осы Қағидалардың 9-тармағының 7) тармақшасына қатысты тұлғаларға "3-кластық медициналық сертификат" беріледі;

      4) осы Қағидалардың 9-тармағының 8) тармақшасына жататын тұлғаларға "ЖАЖА медициналық сертфикаты" беріледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Медициналық сертификаттың қолдану мерзімін ұзарту үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) өтініш;

      2) алдыңғы медициналық сертификат;

      3) алдыңғы медициналық куәландырудың есебі.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Сарапшы медициналық куәландыру алдында медициналық куәландыру жүргізуге арналған өтінішті тексереді және оған өтініш берушімен бірге қол қояды.

      Өтінішке қол қойылғаннан кейін, сарапшы өтініштегі деректердің растығын денсаулық сақтау жүйесінің электрондық деректер базасы арқылы тексереді:

      1) Халықтың бекітіп берілген тіркелімі;

      2) Диспансерлік науқастардың тіркелімі;

      3) Стационарлық науқастардың тіркелімі;

      4) "Емхана" автоматтандырылған ақпарат жүйесі.";

      20-тармақ алып тасталсын;

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Сарапшы медициналық құжаттамаға медициналық тексеру деректерін, диагнозды, бейінді мамандар - консультант-дәрігерлердің ұсыныстарын жазады және осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті толтырады. Медициналық тексеру деректерінің дұрыстығы сарапшының қолымен және жеке мөрімен расталады.

      Сарапшылардың есептері 10 жыл бойы сақталады.

      Диагноздардың коды МКБ-10 сәйкес жүргізіледі. Есепті ресімдеу кезінде түзетулерді жасауға тыйым салынады.

      Есептің түпнұсқасы сарапшының мұрағатында сақталады, есептің көшірмесі (сарапшының мөрімен бекітілген) өтініш берушіге беріледі. Есептің электрондық көшірмесі сертификат беру күнінен 3 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға бағалау жүргізуге беріледі. Медициналық сертификат есеп ресімделген және медициналық қорытынды шығарылған күні өтініш берушіге беріледі.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган 10 жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкестікке медициналық куәландыру есебіне бағалау жүргізеді.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша мынадай нысанда медициналық қорытынды шығарылады:

      1) жұмысқа жарамды;

      2) осы Қағидалардың 26-тармағына сәйкес шектеулермен жұмысқа жарамды;

      3) кейіннен медициналық куәландыру жүргізумен емдеуді (сауықтыруды) қажет етеді;

      4) жұмысқа жарамсыз.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Медициналық сертификаттың қолданылу мерзімі алдыңғы медициналық сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап басталады.

      Медициналық сертификат иесі өзінің медициналық сертификатын қалпына келтіру үшін медициналық куәландырудан оған ыңғайлы күні, бірақ қолданыстағы медициналық сертификаттың қолданылу мерзімі өткенге дейін, бірақ күнтізбелік 45 күннен артық емес өтуге құқылы.

      Медициналық сертификаттардың қолданылу мерзімі:

      1) 1-кластық медициналық сертификат бастапқы алған күннен бастап 12 ай бойы немесе алдыңғы медициналық сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап жарамды;

      2) осы Қағидалардың 9-тармағының 3) тармақшасына қатысты тұлғаларға 2-кластық медициналық сертификат бастапқы алған күнінен бастап 12 ай бойы немесе алдыңғы медициналық сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап жарамды;

      3) осы Қағидалардың 9-тармағының 4) және 5) тармақшаларына қатысты тұлғаларға 2-кластық медициналық сертификат бастапқы алған күнінен бастап 60 ай бойы немесе алдыңғы медициналық сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап және 40 жасқа толғанша жарамды; 40-49 жасында медициналық сертификат бастапқы алған күнінен бастап 24 ай бойы немесе алдыңғы медициналық сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап жарамды; 50 жасқа толғаннан кейін медициналық сертификат бастапқы алған күнінен баста 12 ай бойы немесе алдыңғы медициналық сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап жарамды;

      4) осы Қағидалардың 9-тармағының 6) тармақшасына қатысты тұлғаларға 2-кластық медициналық сертификат бастапқы алған күнінен бастап 60 ай бойы немесе алдыңғы медициналық сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап жарамды;

      5) осы Қағидалардың 9-тармағының 7) тармақшасына қатысты тұлғаларға 3-кластық медициналық сертификат бастапқы алған күнінен бастап 24 ай бойы 50 жасқа толғанға дейін немесе алдыңғы медициналық сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап жарамды; медициналық сертификат 50 жасқа толғаннан кейін бастапқы алған күнінен бастап 12 ай бойы немесе алдыңғы медициналық сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап жарамды;

      6) осы Қағидалардың 9-тармағының 8) тармақшасына жататын тұлғаларға ЖАЖА медициналық сертфикаты бастапқы алған күнінен бастап 40 жасқа толғанға дейін 60 ай бойы немесе алдыңғы медициналық сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап жарамды; 40-49 жаста медициналық сертификат бастапқы алған күнінен бастап 24 ай бойы немесе алдыңғы медициналық сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап жарамды; 50 жасқа толғаннан кейін медициналық сертификат бастапқы алған күнінен бастап 12 ай бойы немесе алдыңғы медициналық сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап жарамды.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. 2-кластағы сарапшы 2, 3-кластағы және ЖАЖА медициналық сертификаттарды беруді, мерзімін ұзартуды және жаңартуды жүзеге асырады.";

      44, 45, 46 және 47-тармақтар алып тасталсын;

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Егер тұрақты медициналық қарап-тексеруді қажет ететін Талаптармен рұқсат етілетін аурулар болса, медициналық қорытындының қолдану мерзімі тиісті мониторингті қамтамасыз ету мақсатында қысқартылуы мүмкін.

      Медициналық қарап-тексеру кезінде шағымның болуы немесе болмауы тексерілушінің жеке қолымен бекітіледі. Медициналық қарап-тексеруден кейін авиациялық дәрігер медициналық кітапшада өз жазбаларын жеке қолымен және тегі көрсетілген жеке мөрімен куәландырады.";

      Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидалары мынадай мазмұндағы

      49-1-тармақпен толықтырылсын:

      "49-1. Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясы әуе кемелерінің экипаждары және авиадиспетчерлер үшін қанның құрамында 0,2 промиллден (‰) астам алкогольдің болуына рұқсат етілмейді.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Медициналық қарап-тексеруді әуеайлақта (тікұшақ айлағында) және әуежайларда азаматтық авиация ұйымының денсаулық сақтау/медициналық бекетінің наркологиялық диспансерінде (ауруханада) арнайы дайындықтан өткен кезекші жұмыскері (дәрігер немесе орта медициналық қызметкер) немесе азаматтық авиация ұйымымен шарт негізінде аймақтық медициналық ұйымдар жүргізеді. Сонымен бірге, барлық медициналық қызметкерлерде наркологиялық диспансерде (ауруханада) арнайы дайындығы бар.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Әуе кемесінің экипаж мүшелері медициналық қарап-тексеруден ұшулар алдында, бірақ ұшып шыққанға дейін кемінде 2 сағат бұрын өтеді; ұшып шығу 6 және одан артық сағатқа кешіктірілуіне байланысты әуе кемесінің экипаж мүшелері медициналық қарап-тексеруден қайта өтеді.

      Жұмыс уақыты ішінде бірнеше рейс орындайтын әуе кемесінің экипажы мүшелері медициналық қарап-тексеруден алғашқы ұшып шығу алдында бір рет қана өтеді.

      Резервтік экипаждар резервте жұмысқа кірісу алдында, сондай-ақ, егер медициналық қарап-тексеруден кейін 6 және одан артық сағат өтсе, ұшып шығу алдында медициналық қарап-тексеруден өтеді

      Жұмыс уақыты ішінде бірнеше секіруді орындайтын парашюттік қызметтің нұсқаушылары (парашютшілер) медициналық қарап-тексеруден бір рет, алғашқы секірудің алдында кемінде 1 сағат бұрын өтеді.

      Әуе қозғалысын ұйымдастыру (бұдан әрі – ӘҚҰ) авиадиспетчерлердің ауысымы кезекшілікке (ауысым) кірісу алдында, ауысым басталғанша кемінде 1 сағат бұрын медициналық қарап-тексеруден өтеді.

      Осы Қағидалардың 53-тармағының 5) тармақшасына жататын тұлғалар ауысымы кезекшілікке (ауысым) кірісу алдында, ауысым басталғанша кемінде кемінде 1 сағат бұрын медициналық қарап-тексеруден өтеді.

      Осы Қағидалардың 53-тармағының 6) тармақшасына жататын тұлғалар ауысымы кезекшілікке (ауысым) кірісу алдында, ауысым басталғанша кемінде кемінде 30 минут бұрын және кезекшіліктен (ауысым) соң 30 минут ішінде медициналық қарап-тексеруден өтеді.";

      74,75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 84 және 85-тармақтар алып тасталсын;

      Қағидаларға берілген 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға берілген 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға берілген 8-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға берілген 14-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2) "Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 329 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15323 болып тіркелген, 2017 жылы 20 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларында:

      4-тармақ алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Медициналық көмек көрсету кезінде, оның ішінде шетелдік авиажолаушыларға жарамдылық мерзімі өтіп кеткен медициналық заттар мен медициналық бұйымдарды, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тексеруден және тіркеуден өтпеген медициналық өлшеу құралдарын қолдануға, сондай-ақ науқастың қолындағы медициналық заттар мен медициналық бұйымдарды медициналық қызметкердің тағайындауынан басқа жағдайларды қоспағанда пайдалануға рұқсат етілмейді.

      Науқаста бар және дәрігер тағайындаған медициналық құралдарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды пайдаланған кезде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Әуе кемесінің бортында медициналық көмек көрсету бланкісін (бұдан әрі - Әуе кемесінің бортында медициналық көмек көрсету бланкісі) жазба жазылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Бортта медициналық көмек қажет науқас жолаушы бар екендігі туралы хабарламаны алған кезде, медпункттің медициналық қызметкері әуе кемесінің тұрақта тұрған кезінде келіп, науқасқа тиісті көмек көрсетеді және жолаушының одан әрі қарай ұшуы/емханаға жатуы туралы шешімді қабылдайды.";

      17-және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Әуе кемесінің бортында жұқпалы ауруларға, карантинді жұқпаларға, контагиозды вирусты геморрагиялық қалтырауға, безгекке және маңызды халықаралық мәні бар этиологиясы айқын емес ауруларға күдік тудыратын науқас адам, жолаушы/экипаж мүшесі қаза болуы анықталған жағдайларда алғашқы іс-шаралар жүргізіледі.

      18. Әуе кемесінің бортындағы емдік дәрі-дәрмектер пайдаланылатын дәрігерге дейінгі медициналық көмек тиісті даярлықтан өткен әуе кемесінің кабиналық экипажы мүшелері немесе әуе кемесінде кабиналық экипажы қаралмаған кезде ұшу экипажы мүшелерімен көрсетіледі.";

      22 және 23-тармақтар алып тасталсын;

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек жиынтығының дәрілік заттары тиісті даярлықтан өткен экипаж мүшелері береді.

      Медициналық көмек жиынтығының дәрілік заттарын медициналық қызметкер (ауызша немесе жазбаша, не болмаса қашықтықтан) берген ұсыныс/кеңес бойынша қолданады.";

      34 және 35-тармақ алып тасталсын;

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Медициналық көмек көрсету бланкісі екі данада жасалады. Түпнұсқасы науқасқа немесе оны ертіп жүрген тұлғаға беріледі, көшірмесі ұшуға арналған тапсырмаға тіркеліп, ұшып келгеннен кейін авиакомпанияға қайтарады.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Егер экипаж мүшелерінде немесе жолаушыларда ұшу алдында инфекциялық және паразитарлық аурулардың белгісі бар болса, олар әуе кемесі бортына жіберілмейді.

      Әуе кемесінің кабиналық экипаж мүшелері немесе ұшу экипаж мүшелері жұқпалы және паразитарлық аурулардың белгілері туралы білімдері бар.";

      Қағидаларға берілген 1-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға берілген 4-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға берілген 6-қосымша алып тасталсын;

      Қағидаларға берілген 8-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және инфрақұрылымдық
      даму министрі Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      _________________

      2018 жылғы 20 желтоқсаны

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 958 бұйрығына
1- қосымша
  Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларына
  2-қосымша
  Нысан

Медициналық сертификат

Қазақстан Республикасы
Республика Казахстан
Republic of Kazakhstan
Медициналық сертификат класс
Медицинский сертификат класса
Medical certificate class
ХААҰ конвенцияға 1-қосымшаға сәйкес берілген
Выдано в соответствии с Приложением 1 к Конвенции ИКАО
Issued in accordance with Annex I Convention of ICAO


Настоящий сертификат является неотъемлемой частью свидетельства авиационного персонала/This certificate is an integral part of the license

Уәкілетті орган/Уполномоченный орган/Authority that issued or is to issue the aviation personnel licence:
__________________
Сертификат нөмірі:
Номер сертификата:
Certificate number:
Сертификаттың иесінің аты жөні/Фамилия, имя, отчество владельца сертификата/Last and first name of holder:
__________________
__________________
Туған жылы, айы, күні/Год, месяц, день рождения/Date of birth: __________________
Ұлты/Национальность/Nationality: __________________
Сертификат иесінің қолтаңбасы/Подпись держателя сертификата/Signature of holder:
__________________

Шектеулер/Ограничения/Limitations: __________________ Код/Code
Берілген күні/Дата выдачи/Date of issue:
__________________ (кк.аа.жж/дд.мм.гг./dd.​mm.​yy)
Вводится в действие с/Valid from:
__________________
бастап жарамды
(кк.аа.жж/дд.мм.гг./dd.​mm.​yy)
Сертификат беруші сарапшының қолы/Подпись
выдавшего сертификат эксперта/Signature of issuing, АМЕ:
__________________
Мөр/печать/Stamp:";

Сертификаттың аяқталу мерзімі/срок окончания сертификата/Expiry date of this certificate:

1 класс
(кк.аа.жж/дд.мм.гг./dd.​mm.​yy)



2 класс
(кк.аа.жж/дд.мм.гг./dd.​mm.​yy)



3 класс
(кк.аа.жж/дд.мм.гг./dd.​mm.​yy)



 
Соңғы қаралу мерзімі/дата последнего осмотра/ Last examination date:

Соңғы медициналық қаралу мерзімі/дата последнего медицинского осмотра/Last examination date:
(кк.аа.жж/дд.мм.гг./dd.​mm.​yy)



Электрокардиограмма/
Electrocardiogram
(кк.аа.жж/дд.мм.гг./dd.​mm.​yy)



Аудиограмма/Audiogram
(кк.аа.жж/дд.мм.гг./dd.​mm.​yy)



Көзді тексеру/Обследование Офтальмология/Ophtalmology
(кк.аа.жж/дд.мм.гг./dd.​mm.​yy)



 

Медициналық жарамдылықты төмендетуші жағдайлар/факторы снижающие медицинскую годность/Decrease in medical fitness:
Владельцы свидетельств авиационного персонала обращаются к эксперту в течение 24 часов с момента возникновения факторов, снижающих годность их здоровья, таких как:
1) проведение хирургической операции или инвазивной процедуры;
2) назначение регулярного приема какого-либо лекарственного препарата;
3) получение значительного повреждения, которое влечет за собой неспособность выполнять профессиональные обязанности соответствующего свидетельства авиационного персонала;
4) заболевание, которое влечет за собой неспособность выполнять профессиональные обязанности соответствующего свидетельства авиационного персонала;
5) беременность и роды;
6) госпитализация;
7) впервые назначение корректирующих линз.
Licence holders shall, without undue delay, seek aero-medical advice when they:
(1) have undergone a surgical operation or invasive procedure;
(2) have commenced the regular use of any medication;
(3) have suffered any significant personal injury involving incapacity to function as a member of the flight crew;
(4) have been suffering from any significant illness involving incapacity to function as a member of the flight crew;
(5) are pregnant; 
(6) have been admitted to hospital or medical clinic;
(7) first require correcting lenses.
Владельцы свидетельств авиационного персонала не выполняют профессиональные права и обязанности согласно своих свидетельств, квалификационных отметок или сертификатов, если:
1) они осведомлены о каком-либо снижении их медицинской годности, которое может повлечь невозможность безопасного осуществления данных прав и обязанностей;
2) они принимают или используют какие-либо предписанные или не предписанные лекарственные препараты, которые могут препятствовать безопасному осуществлению прав и обязанностей соответствующего свидетельства;
3) получают какое-либо медицинское, хирургическое или другое лечение, которое может представлять угрозу безопасности полетов.

Обладатели медицинского сертификата обращаются к эксперту при возникновении какого-либо заболевания и/или утомления, при любых сомнениях по поводу состояния здоровья, при любых случаях, связанных с самочувствием и/или здоровьем, которые могут повлиять на способность безопасно выполнять его обязанности.
При этом обладатель медицинского сертификата и работодатель несут ответственность за невыполнение требований пунктов 35 и 36 настоящих Правил.
Licence holders shall not exercise the privileges of their licence and related ratings or certificates at any time when they:
(1) are aware of any decrease in their medical fitness which might render them unable to safely exercise those privileges;
(2) take or use any prescribed or non-prescribed medication which is likely to interfere with the safe exercise of the privileges of the applicable licence; 
(3) receive any medical, surgical or other treatment that is likely to interfere with flight safety. 
Holders of a medical certificate should seek the advice of an AME when they have been suffering from any illness involving incapacity to function as a member of the flight crew.

Коды/Cods
МСШ/ОМС/TML – медициналық сертификаттың қолданылу мерзімінің шектелуі/ ограничение срока действия медицинского сертификата/restriction of the period of validity of the medical certificate;
КҚТ/КДР/VDL - алыстан көргіштік пен аралық және жақыннан көргіштік секілді көру қабілеті мәселелеріндегі түзету/коррекция нарушения зрения для дальнего расстояния /Correction for defective distant;
АОЖКТ/КБСДР/VML – алыс, орта және жақын қашықтықтағы көру қабілетінің мәселелерін түзету/коррекция нарушения зрения для дальнего, среднего и близкого расстояния/correction for defective distant, intermediate and near vision
ЖКТ/КБР/VNL- жақыннан көргіштіктегі түзету/коррекция нарушения зрения для близкого расстояния /Correction for defective near vision;
ӨАКТ/КДП/VXL – өндіріс жағдайына сай алыстан көргіштік мәселелерін түзету/коррекция нарушения зрения для дали, в зависимости от производственных условий (только для медицинского сертификата 3 класса, диспетчеров ОВД)/ Correction for defective distant vision depending on the working environment (for 3 class only, ATCOs);
КЛТ/КИК/CCL – контакттық линзаларды қолдану жолымен ғана түзету/коррекция зрения с использованием только контактных линз/Correction by means of contact lenses only;
КҰ/ДП/VCL – күндізгі уақытта ғана жарамды (күндізгі ұшулар)/действителен для полетов только в дневное время (дневные полеты)/ valid by day only;
ЕБЖ/ВКП/OML – екінші пилот немесе білікті екінші пилотқа ғана жарамды /действителен только как второй пилот или с квалифицированным вторым пилотом /Valid only as or with qualified co-pilot ;
ЕҰЖ/ДВП/OCL – екінші пилотқа ғана жарамды /годен только как второй пилот /Valid only as co pilot;
ЖЖ/ЖБП/OPL – жолаушыларсыз ғана жарамды/действителен только без пассажиров /Valid only without passengers;
ҚЕБ/БДУ/OSL – қауіпсіздікті қамтамасыз ететін пилоттың болуы немесе екеулік басқаруы бар әуе кемесіне ғана жарамды/действителен только с безопасным пилотом и для воздушного судна с двойным управлением/Valid only with safety pilot and in aircraft with dual controls.

OAL/ДӘК/ДВС- демонстрацияланған әуе кемесінің типіне ғана жарамды/годен для демонстрированного типа воздушного судна / restricted to demonstrated aircraft type;
AHL/БҚБ/УРУ - бекітілген қолмен басқару үшін ғана жарамды/ действителен только с утвержденным ручным управлением/valid only with approved hand controls.
Сроки явок на динамическое наблюдение













 

      Ескертпе: екі жақты бланк, мөлшері – ұзындығы 295 мм, ені 105 мм; күрделі түрі - пішіні А7, екібетті, "ҚР картасының контуры, немесе KZ, немесе KAZ" сутаңбалары бар қағаз; ҚР картасының контурымен голограмманың диаметрі 12 мм, BARCODE өлшемі – жан жағы 30 см төртбұрыш.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 957 бұйрығына
2- қосымша
  Қазақстан Республикасының
азаматтық авиациясындағы
медициналық куәландыру және
қарап-тексеру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Медициналық сертификат



Қазақстан Республикасы Республика Казахстан Republic of Kazakhstan Медициналық сертификат класс Медицинский сертификат класса Medical certificate class ҚР азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру қағидаларын сәйкес берілген Выдано в соответствии с Правилами медицинского освидетельствования в гражданской авиации РК
Настоящий сертификат является неотъемлемой частью свидетельства авиационного персонала/This certificate is an integral part of the license

Уәкілетті орган/Уполномоченный орган/Authority that issued or is to issue the aviation personnel licence:
__________________
Сертификат нөмірі:
Номер сертификата:
Certificate number:
Сертификаттың иесінің аты жөні/Фамили, имя, отчество владельца сертификата/Last and first name of holder:
__________________
__________________
Туған жылы, айы, күні/Год, месяц, день рождения/Date of birth: __________________
Ұлты/Национальность/Nationality: __________________
Сертификат иесінің қолтаңбасы/Подпись держателя сертификата/Signature of holder:
__________________

Шектеулер/Ограничения/Limitations: __________________
Код/Code
Берілген күні/Дата выдачи/Date of issue:
__________________
(кк.аа.жж/дд.мм.гг./dd.​mm.​yy)
Вводится в действие с/Valid from:
__________________
бастап жарамды
(кк.аа.жж/дд.мм.гг./dd.​mm.​yy)
Сертификат беруші сарапшының қолы/
Подпись выдавшего сертификат эксперта/Signature of
issuing, АМЕ:
__________________
Мөр/печать/Stamp:

Сертификаттың аяқталу мерзімі/срок окончания сертификата/Expiry date of this certificate:

2 класс
(кк.аа.жж/дд.мм.гг./dd.​mm.​yy)



ЖАЖА
(кк.аа.жж/дд.мм.гг./dd.​mm.​yy)



 
Соңғы қаралу мерзімі/дата последнего осмотра/ Last examination date:

Соңғы медициналық қаралу мерзімі/дата последнего медицинского осмотра/Last examination date:
(кк.аа.жж/дд.мм.гг./dd.​mm.​yy)



Электрокардиограмма/
Electrocardiogram
(кк.аа.жж/дд.мм.гг./dd.​mm.​yy)



Аудиограмма/Audiogram
(кк.аа.жж/дд.мм.гг./dd.​mm.​yy)



Көзді тексеру/Обследование Офтальмология/Ophtalmology
(кк.аа.жж/дд.мм.гг./dd.​mm.​yy)



 

Медициналық жарамдылықты төмендетуші жағдайлар/факторы снижающие медицинскую годность/Decrease in medical fitness:
Владельцы свидетельств авиационного персонала обращаются к эксперту в течение 24 часов с момента возникновения факторов, снижающих годность их здоровья, таких как:
1) проведение хирургической операции или инвазивной процедуры;
2) назначение регулярного приема какого-либо лекарственного препарата;
3) получение значительного повреждения, которое влечет за собой неспособность выполнять профессиональные обязанности соответствующего свидетельства авиационного персонала;
4) заболевание, которое влечет за собой неспособность выполнять профессиональные обязанности соответствующего свидетельства авиационного персонала;
5) беременность и роды;
6) госпитализация;
7) впервые назначение корректирующих линз.
Licence holders shall, without undue delay, seek aero-medical advice when they:
(1) have undergone a surgical operation or invasive procedure;
(2) have commenced the regular use of any medication;
(3) have suffered any significant personal injury involving incapacity to function as a member of the flight crew;
(4) have been suffering from any significant illness involving incapacity to function as a member of the flight crew;
(5) are pregnant; 
(6) have been admitted to hospital or medical clinic;
(7) first require correcting lenses.
Владельцы свидетельств авиационного персонала не выполняют профессиональные права и обязанности согласно своих свидетельств, квалификационных отметок или сертификатов, если:
1) они осведомлены о каком-либо снижении их медицинской годности, которое может повлечь невозможность безопасного осуществления данных прав и обязанностей;
2) они принимают или используют какие-либо предписанные или не предписанные лекарственные препараты, которые могут препятствовать безопасному осуществлению прав и обязанностей соответствующего свидетельства;
3) получают какое-либо медицинское, хирургическое или другое лечение, которое может представлять угрозу безопасности полетов.

Обладатели медицинского сертификата обращаются к эксперту при возникновении какого-либо заболевания и/или утомления, при любых сомнениях по поводу состояния здоровья, при любых случаях, связанных с самочувствием и/или здоровьем, которые могут повлиять на способность безопасно выполнять его обязанности.
При этом обладатель медицинского сертификата и работодатель несут ответственность за невыполнение требований пунктов 35 и 36 настоящих Правил.
Licence holders shall not exercise the privileges of their licence and related ratings or certificates at any time when they:
(1) are aware of any decrease in their medical fitness which might render them unable to safely exercise those privileges;
(2) take or use any prescribed or non-prescribed medication which is likely to interfere with the safe exercise of the privileges of the applicable licence; 
(3) receive any medical, surgical or other treatment that is likely to interfere with flight safety. 
Holders of a medical certificate should seek the advice of an AME when they have been suffering from any illness involving incapacity to function as a member of the flight crew.

Коды/Cods
МСШ/ОМС/TML – медициналық сертификаттың қолданылу мерзімінің шектелуі/ ограничение срока действия медицинского сертификата/restriction of the period of validity of the medical certificate;
КҚТ/КДР/VDL - алыстан көргіштік пен аралық және жақыннан көргіштік секілді көру қабілеті мәселелеріндегі түзету/коррекция нарушения зрения для дальнего расстояния /Correction for defective distant;
АОЖКТ/КБСДР/VML – алыс, орта және жақын қашықтықтағы көру қабілетінің мәселелерін түзету/коррекция нарушения зрения для дальнего, среднего и близкого расстояния/correction for defective distant, intermediate and near vision
ЖКТ/КБР/VNL- жақыннан көргіштіктегі түзету/коррекция нарушения зрения для близкого расстояния /Correction for defective near vision;
КЛТ/КИК/CCL – контакттық линзаларды қолдану жолымен ғана түзету/коррекция зрения с использованием только контактных линз/Correction by means of contact lenses only;
КҰ/ДП/VCL – күндізгі уақытта ғана жарамды (күндізгі ұшулар)/действителен для полетов только в дневное время (дневные полеты)/ valid by day only;
ЖЖ/ЖБП/OPL – жолаушыларсыз ғана жарамды )/действителен только без пассажиров /Valid only without passengers
ҚЕБ/БДУ/OSL – қауіпсіздікті қамтамасыз ететін пилоттың болуы немесе екеулік басқаруы бар әуе кемесіне ғана жарамды/действителен только с безопасным пилотом и для воздушного судна с двойным управлением/Valid only with safety pilot and in aircraft with dual controls.
ДӘК/ДВС/OAL - демонстрацияланған әуе кемесінің типіне ғана жарамды/годен для демонстрированного типа воздушного судна / restricted to demonstrated aircraft type;
БҚБ/УРУ/AHL - бекітілген қолмен басқару үшін ғана жарамды/ действителен только с утвержденным ручным управлением/valid only with approved hand controls.

Сроки явок на динамическое наблюдение













 


 

      Ескертпе: екі жақты бланк, мөлшері – ұзындығы 295 мм, ені 105 мм; күрделі түрі - пішіні А7, екібетті, "ҚР картасының контуры, немесе KZ, немесе KAZ" сутаңбалары бар қағаз; ҚР картасының контурымен голограмманың диаметрі 12 мм, BARCODE өлшемі – жан жағы 30 см төртбұрыш.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 958 бұйрығына
3- қосымша
  Қазақстан Республикасының
азаматтық авиациясындағы
медициналық куәландыру және
қарап-тексеру қағидаларына
8-қосымша

Медициналық куәландырудағы медициналық тексеру көлемі

      1. Терапевтік тексерулер:

      ауыз қуысы, есінеу, тері қабаты, көрінетін сілекей, лимфалық түйін және қалқанша без, жалпы жас шамасына сәйкес;

      тыныс алу органдары, қан айналым, ас қорыту және зәр шығару органдары.

      2. Хирургиялық тексерулер:

      антропометрия (бойы, дене салмағы, кеуде айналасы, қолдың динамометриясы); жалпы тексеру (дене бітімі, бұлшық еттің өсуі және тері асты майлары, мүсіні, жүрісі);

      тері жағдайы, лимфа түйіні, қалқанша безі, сүт безі, аймақтық тамырлар, сүйектер, буындар, құрсақ қуысы, сыртқы жыныс ағзалары, артқы тесіктің айналасы (көрсетілімдер бойынша және тексерілушінің келісімімен - саусақпен тік ішекті тексеру).

      3. Оториноларингологиялық тексеру:

      сыртқы тексеру;

      ішкі тексеру, алдыңғы және артқы риноскопия, отоскопия, фарингоскопия, мұрынның сезгіштігі мен тыныс алуын анықтау;

      тістерінің, ауыз қуысының шырышты қабығының, қызыл иегінің жағдайы, тістем;

      акуметрия (ауызша және ақырын сөйлеу);

      статокинетикалық тұрақтылығын зерттеу (вестибулометрия) 3 минуттың ішінде Кориолистің үзіліссіз кумуляция жылдамдығы әдісімен (КҮсКЖ) немесе 2 минут аралығында Кориолистің үзіліспен кумуляция (бұдан әрі – КҮпКЖ) әдісімен өтініш берушіге – медициналық куәландыруда медициналық сертификатты создыру үшін, медициналық айғақ бойынша;

      тоналдық аудиометрия медициналық сертификат алу үшін бастапқы медициналық куәландыруда; пилоттарға, авиадиспетчерлерге 40 жасқа дейін – 5 жылда 1 рет, 40 жасқа толған соң – 2 жылда 1 рет; есту қабілеті нашарлаған ауру анықталған жағдайда – 1 жылда 1 рет; бортсеріктерге – 5 жылда 1 рет; медициналық айғақ бойынша жүргізіледі.

      4. Офтольмологиялық тексеру:

      көру ағзасының анатомиялық жағдайы;

      көру қабілеті;

      түс ажырату;

      қараңғыға бейімділік;

      бинокулярлық көру;

      түнгі көру;

      бинокулярлық көру

      түйісудің жақын нүктелері;

      анық көрудің жақын нүктесі;

      рефракцияны субъективтік және объективтік әдіспен зерттеу (скиаскопия немесе рефрактометрия);

      периметрия;

      көзішілік қан қысымы медициналық сертификат алу үшін медициналық куәландыруда, 40 жастан әр медициналық куәландыруда медициналық сертификатты создыру үшін.

      5. Неврологиялық тексеру;

      сыртқы тексеру (тері тыртығы, сему, бұлшық еттің жыпылықтауы);

      бас-ми нерві;

      қозғалмалы, рефлекторлық, сезімтал аумақ, статика және үйлестіру;

      вегативтік-нерв жүйесі (дермографизм, акроционаз, гипергидроз, тремор, ортоклиностатикалық бақылау);

      психикалық-сезім аумағы.

      6. Психологиялық тексеру:

      пилот, авиадиспетчер мамандығы бойынша ААО түсуші үміткер тұлғаларға - медициналық сертификат алу үшін;

      медициналық айғақ бойынша жүргізіледі.

      7. Дерматовенерологиялық қарау медициналық куәландыруда және медициналық айғақ бойынша өткізіледі.

      8. Гинекологиялық қарау медициналық куәландыруда және медициналық айғақ бойынша өткізіледі.

      9. Зертханалық зерттеулер:

      1) қан құрамын клиникалық талдау (гемоглобин, эритроциттер саны, лейкоциттер формуласы, эритроциттер тұнуының жылдамдығы) жылына 1 рет және медициналық айғақ бойынша;

      2) зәр құрамына клиникалық талдау – медициналық куәландыруда және медициналық айғақ бойынша;

      3) қан құрамындағы холестеринге талдау - медициналық куәландыруда медициналық сертификат алу үшін, 40 жастан бастап - жылына 1 рет және медициналық айғақ бойынша;

      4) аш қарында қан құрамындағы қантқа – медициналық куәландыруда медициналық сертификат алу үшін, 40 жастан бастап – жылына 1 рет және медициналық айғақ бойынша;

      5) билирубинге және оның фракциялары, аспартатаминотрансфераза (бұдан әрі - АСТ), аланинаминотрансфераза (бұдан әрі – АЛТ) ферменттеріне қанның биохимиялық зерттеулері авиациялық-химиялық жұмыстарды орындайтын пилоттарға - жылына 1 рет жүргізіледі;

      6) қынаптың тазалық деңгейін анықтау үшін жағындыларды зерттеу медициналық куәландыруда және медициналық айғақ бойынша жүргізіледі;

      7) мерезге қан құрамын зерттеу (жедел-әдіс саусақтан қан алумен) – жылына 1 рет жүргізіледі;

      8) ағзадағы есірткі-және психобелсенді заттарды анықтау авиациялық медициналық орталықтарда, психоневрологиялық және/немесе наркологиялық ұйымдарда жылына 1 рет және медициналық айғақ бойынша жүргізіледі;

      Ұшуларды медициналық қамтамасыз ету шаралар кешенін енгізген азаматтық авиация ұйымдарында Жұмыс орындарында психобелсенді заттарды қолдану қаупін туғызатын жағдайлардың алдын алу бойынша басшылыққа ((Doc 9654-AN/945, ИКАО құжаты) сәйкес есірткі- және психобелсенді заттарды анықтау уәкілетті органмен келісе отырып бекітілген шаралар кешеніне сәйкес жүргізіледі;

      9) өзге де зертханалық зерттеулер медициналық айғақтар бойынша жүргізіледі.

      10. Рентгенологиялық зерттеулер:

      1) кеуде клеткасы ағзаларының флюорографиясы (кадр үлкейтілген флюорография) - жылына бір рет жүргізіледі;

      2) мұрын қосалқылық қойнауына рентгенография (кадр үлкейтілген флюорография) – өтініш берушіге медициналық куәландыруда медициналық сертификат алу үшін және медициналық айғақ бойынша жүргізіледі;

      3) басқа да рентгенологиялық зерттеулер (функционалдық бақылау арқылы екі кескінде омыртқаның рентгенографиясы, түрік ершігі әдісі, табан, әртүрлі орынның және т.б. компьютерлік және магниттік-резонанстық томографиясы) медициналық айғақ бойынша жүргізіледі.

      11. Ультрадыбыстық зерттеу:

      1) құрсақ қуысы ағзаларына, бүйрекке, қалқанбезге, жатыр және қосалқыларға (әйелдерге), қуықалды безіне (ерлерге) өтініш берушіге – медициналық куәландыруда медициналық сертификат алу үшін және медициналық айғақ бойынша жүргізіледі;

      2) жүрекке (эхокардиография) өтініш берушіге медициналық куәландыруда медициналық сертификат алу үшін және медициналық айғақ бойынша жүргізіледі.

      12. Тыныштық күйдегі ЭКГ (Вильсон бойынша 12 таралым) жылына 1 рет және медициналық айғақ бойынша жүргізіледі.

      13. ЭКГ 20 рет отырып-тұрғызумен (Вильсон бойынша 12 таралым) өтініш берушіге – медициналық куәландыруда медициналық сертификат алу үшін және медициналық айғақ бойынша жүргізіледі:

      14. Велоэргометриялық зерттеу немесе тредмил-тест – 1-класты медициналық сертификат алу немесе ұзарту үшін 40 жастан бастап жылына 1 рет; басқа өтініш берушілерге – медициналық айғақтар бойынша жүргізіледі;

      15. Спирография өтініш берушіге медициналық куәландыруда медициналық сертификат алу үшін және медициналық айғақтар бойынша жүргізіледі.

      16. ЭЭГ – өтініш берушіге медициналық сертификат алу үшін медициналық куәландыруда және медициналық айғақ бойынша жүргізіледі.

      17. Кольпоскопия (әйелдерге) өтініш берушіге – медициналық сертификат алу үшін медициналық куәландыруда және медициналық айғақ бойынша жүргізіледі.

      18. Фиброгастродуоденоскопия медициналық айғақ бойынша жүргізіледі;

      19. Өзге де зерттеулер қатаң медициналық айғақтар болған жағдайда тексеру және/немесе консультация беру негіздемесін жазу арқылы жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 958 бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасының
азаматтық авиациясындағы
медициналық куәландыру және
қарап-тексеру қағидаларына
14-қосымша

Шектеу кодтары

      Кодтар/Коды/Cods:

      МСШ/ОМС/TML–медициналық сертификаттың қолданылу мерзімінің шектелуі/ограничение срока действия медицинского сертификата/restriction of the period of validity of the medical certificate;

      КҚТ/КДР/VDL – алыс қашық үшін көру қабілетінің мәселелерін түзету /коррекция нарушения зрения для дальнего расстояния /Correction for defective distant vision;

      АОЖКТ/КБСДР/VML – алыс, орта және жақын қашық үшін көру қабілетінің мәселелерін түзету/коррекция нарушения зрения для дальнего, среднего и близкого расстояния/correction for defective distant, intermediate and near vision

      ЖКТ/КБР/VNL – жақын қашық үшін көру қабілетінің мәселелерін түзету/коррекция нарушения зрения для близкого расстояния /Correction for defective near vision;

      ӨАКТ/КДП/VXL – алыс қашық үшін өндіріс жағдайына байланысты көру қабілетінің мәселелерін түзету(3-кластық медициналық сертификат үшін ғана, ӘҚКК диспетчерлеріне)/коррекция нарушения зрения для дали, в зависимости от производственных условий (только для медицинского сертификата 3 класса, диспетчеров ОВД)/Correction for defective distant vision depending on the working environment (for 3 class only, ATCOs);

      КЛТ/КИК/CCL – контакттық линзаларды қолдану жолымен ғана көру қабілетінің мәселелерін түзету/коррекция зрения с использованием только контактных линз/Correction by means of contact lenses only;

      КҰ/ДП/VCL – күндізгі уақыт үшін ұшуларға ғана жарамды (күндізгі ұшулар)/действителен для полетов только в дневное время (дневные полеты)/ validbydayonly;

      ЕБЖ/ВКП/OML – екінші ұшқыш немесе білікті екінші ұшқышпен ғана жарамды/действителен только как второй пилот или с квалифицированным вторым пилотом/Valid only as or with qualified co pilot;

      ЕҰЖ/ДВП/OCL – екінші ұшқыш ретінде ғана жарамды/годен только как второй пилот/Valid only as co pilot;

      ЖЖ/ДБП/OPL – жолаушыларсыз ғана жарамды/действителен только без пассажиров /Valid only without passengers;

      ҚЕБ/БДУ/OSL – қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ұшқыштың болуы немесе екеулік басқаруы бар әуе кемесіне жалғыз кабина мүшесі емес ретінде ғана жарамды/действителен только с безопасным пилотом и для воздушного судна с двойным управлением, не единственным членом кабинного экипажа/Valid only with safety pilot and in aircraft with dual controls, not for solo cabin crew.

      ДӘК/ДВС/OAL – демонстрацияланған әуе кемесінің типіне ғана жарамды/годен для демонстрированного типа воздушного судна/restricted to demonstrated aircraft type;

      БҚБ/УРУ/AHL – бекітілген қолмен басқару үшін ғана жарамды/ действителен только с утвержденным ручным управлением/valid only with approved hand controls.

      ЕАБ/ВАС/ODL – ауысымындағы авиадиспетчер екінші авиадиспетчермен бірге жарамды/действителен со вторым авиадиспетчером в смене/valid only withsecond ATCOs.

      Шектеулер түсіндірмесі:

      TML медициналық сертификатты қолдану мерзіміне шектеу.

      Медициналық қорытынды мерзімі онда көрсетілген мерзіммен шектеледі. Оның мерзімі медициналық куәландыруды өткен күннен басталады. Алдыңғы медициналық қорытындыдан қалған мерзім енді жарамсыз. Медициналық қорытындының иесі осында көрсетілген мерзімде мынадай медициналық куәландыруды өтеді және барлық ұсынымдарды орындайды.

      VDL түзету линзаларын тағу және қосалқы көзілдіріктің болуы.

      Алыстан көргіштік көру қабілеті мәселелеріндегі түзету: куәлік иесі куәліктің құқытары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде алыстан көргіштікті түзететін, сарапшы қолдануға келісім берген және медициналық куәландыру деректерімен расталған көзілдірік немесе жанаспа линза киеді. Жанаспа линзаны қолдануға сарапшы рұқсат етуге тиіс. Жанаспа линзалар сарапшы жазып берген запаста көзілдірік болғанда ғана қолданылады.

      VML көп фокальді көзілдіріктерді тағу және қосалқы көзілдіріктің болуы

      Алыс, орта және жақын қашықтықтағы көру қабілетінің мәселелерін түзету: куәлік иесі сарапшы қолдануға келісім берген және медициналық куәландыру деректерімен расталған алыстан, орташа және жақыннан көргіштікті түзететін көзілдірік немесе жанаспалы линза киеді. Көру қабілетін тек жақын қашықтыққа түзетуші тұтас оправалы көзілдірік пен жанаспалы линза қолданылмайды.

      VNL өзімен бірге көруді түзейтін көзілдіріктің болуы және қосалқы көзілдіріктің болуы.

      Жақыннан көргіштіктегі түзету: куәлік иесінің куәліктің міндеттері мен құқықтарын жүзеге асыру кезінде алыстан көргіштікті түзететін, сарапшы қолдануға келісім берген және медициналық куәландыру деректерімен расталған жақын қашықтық үшін көргіштікті түзейтін жақын жерде запаста көзілдірігі болады. Көру қабілетін тек жақын қашықтыққа түзетуші тұтас оправалы көзілдірік пен жанаспалы линза қолданылмайды.

      VXL өндірістік жағдайларға қарай алысты көрудің бұзылуын түзету.

      Алыстан көргіштікті түзететін жанаспалы линзалар ӘҚБ диспетчерінің жұмыс істеу аймағы (көру ұзақтығы) 100 см дейін арақашықтықта болса, қолданылмайды.

      Көру қабілетінің алыстан көргіштікті түзетусіз стандартқа сәйкес келмейтін, бірақ көру қабілеті орта және жақын қашықтықта түзетусіз жұмыс істейтін стандарттарға сәйкес келетін өтініш берушілер егер олардың жұмыс аймағы орта және жақын қашықтықта болса (100 см дейін) түзетуші линзаларсыз жұмыс істейді. Шектеу тек ӘҚБ диспетчерінің 3-класына ғана қолданылады.

      CCL Жанаспалы линзаларды ғана пайдаланып, көру қабілетін түзету.

      Сарапшы қолдануға келісім берген және медициналық куәландыру деректерімен растаған барлық қашықтықтарға арналған түзету. Запаста сарапшы жазып берген көзілдірік болады. Шектеу тек бортсеріктердің медициналық сертификаттары үшін қолданылады.

      VCL Күндізгі уақытта ғана ұшуға жарамды

      Шектеу тек әртүрлі деңгейдегі түсті ажыратуда бұзылулары бар жеке пилоттарға ғана рұқсат етіледі және оларға тек күндізгі уақытта ғана өз міндеттерін атқаруға құқық береді.

      OML Екінші пилот ретінде немесе білікті екінші пилотпен ғана жарамды

      Бір құрамды экипажбен басқарылатын әуе кемелерін пайдалануды жүзеге асыратын пилоттар үшін қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін, бірақ көп құрамды экипажбен басқарылатын әуе кемелерін пайдалануды жүзеге асыратын пилоттар үшін қойылатын талаптарға сәйкес келетін ұшу экипажының мүшелеріне қолданылады.

      OCL Екінші пилот ретінде ғана жарамды.

      Аталған шектеу OML шектеуінің жалғасы болып саналады және тек пилоттардың денсаулығы белгілі бір анықталған медициналық негіздермен бағаланып, ұшулар қауіпсіздігіне қатер келмейтін, сондай-ақ әуе кемесінің командирі емес, тек екінші пилот жағдайларында қолданылады.

      OPL Жолаушыларсыз ғана жарамды.

      Аталған шектеу пилот үшін қолайлы, бірақ жолаушыларды тасымалдау үшін қолайсыз болып табылатын ұшу қауіпсіздігіне белгілі бір ең төменгі қатер және қаңқа-бұлшықет жүйесінің немесе өзге де аурлары бар пилотқа қолданылады.

      OAL- әуе кемесінің көрсетілген типі үшін жарамды.

      AHL – бекітілген қолмен басқарумен ғана жарамды.

      OSL – қауіпсіз пилотпен және қос тәсілмен басқарылатын әуе кемесі үшін ғана жарамды жалғыз кабина мүшесі емес жағдайда жұмыс үшін.

      ODL – тең біліктілігі бар екі немесе одан көп авиадиспетчерлер ауысымындағы құрамда жарамды.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 958 бұйрығына
5-қосымша
  Азаматтық авиацияда
жолаушыларға медициналық
көмек көрсету қағидаларына
1-қосымша

Жолаушының авиабилетін қайтаруға негіз болатын ұшудан шеттетуге арналған № _______ анықтама

      ___________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты, тегі, туған жылы, күні, айы)

      ол денсаулық жағдайына байланысты ұшудан шеттелгені үшін берілді және ұша алмайды.

      Рейс № ____________________________ Ұшу күні ________________________

      Авиабилет қайтарылуы тиіс.

      Диагноз: ___________________________________________________________

      Медпункттің медициналық қызметкері _________________________________

      (аты, әкесінің аты, тегі, жылы, қолы, күні, айы)

      Авиакомпания өкілі __________________________________________________

      (аты, әкесінің аты, тегі, жылы, қолы, күні, айы)

      Авиакомпания өкілі __________________________________________________

      (аты, әкесінің аты, тегі, жылы, қолы, күні, айы

      Мөр орны (бар болса).

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 958 бұйрығына
6-қосымша
  Азаматтық авиацияда
жолаушыларға медициналық
көмек көрсету қағидаларына
4-қосымша

Әуе кемесі бортындағы борттық дәрі-дәрмек қобдишалары мен дефибриллятор жиынтықтарының саны және түрлері, әуе кемесі бортындағы борттық дәрі-дәрмек қобдишалары жиынтықтарының құрамы, борттық жиынтықтардың әуе кемесі бортындағы орналасуы

      1. Әуе кемесі бортындағы борттық дәрі-дәрмек қобдишалары мен дефибриллятор жиынтықтарының саны және түрлері

Жолаушылар креслоларының саны

Борттық жиынтықтардың түрлері

Дефибриллятор

Дәрігерге дейінгі медициналық көмек жиынтығы (дана)/ First aid kit

Медициналық көмек жиынтығы (дана)/ Medical kit

Әмбебап профилактикалық жиынтық (дана)/Universal precaution kit

Автоматттық сыртқы дебриллятор

Кабиналық экипаж мүшелерімен немесе кабиналық экипаж мүшелерінсіз

Кабиналық экипаж мүшелерімен және ұзақтығы екі сағаттан астам ұшқанда

Кабиналық экипаж мүшелерімен

Кабиналық экипаж мүшелерімен және ұзақтығы
екі сағаттан астам ұшқанда

0-10

1*

-

-

Пайдаланушының қалауы бойынша ұшу қауіпсіздігі мен ұшу орнына қауіп төндіретін жағдайларды талдауды есепке ала отырып

10-100

1

-

1

101-200

2

Пайдаланушының қарауы бойынша 1 артық

1

201-300

3

2

301-400

4

Әрі қарай Пайдаланушының қарауы бойынша

401-500

5

>500

6

      *- жолаушыларды тасымалдаумен айналыспайтын әуе кемелері үшін.

      2. Әуе кемесі бортындағы борттық дәр дәрмек қобдишалары жиынтықтарының құрамы

      1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек жиынтығы мына дәрі-дәрмектен жинақталады:

      антисептикалық тығындар (10 данадан тұратын қаптама)

      лейкопластырь таңғыштар (лейкопластырь кесінділері)

      өлшемі 7,5 см Х4,5 м дәке бинт

      қауіпсіз түйреуіштері бар үшкіл таңғыш

      өлшемі 10Х10 см күйікке қарсы таңғыш

      өлшемі 7,4Х12 см компресс тартуға арналған зарарсыздандырылған таңғыш

      өлшемі 10,4Х10,4 см зарарсыздандырылған дәке таңғыш

      ені 2,5 см (орам) жабысқақ таспа

      зарарсыздандырылған жабысқақ кесінділер (немесе ұқсас жабысқақ кесінділер )

      қолға арналған тазартқыш құралдар және залалсыздандыратын сулықтар

      қалқаншасы бар төсемшелер немесе көзге арналған таспа

      өлшемі 10 см мұқал басты қайшылар

      өлшемі 1,2 смХ4,6 м хирургиялық жабысқақ таспа

      жарықшақтарды алуға арналған пинцеттер

      бір рет пайдаланылатын қолғаптар (жұп)

      термометрлер (сынабы жоқ)

      жасанды тыныс алуға арналған кері қақпақшасы бар реанимациялық маска

      дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша нұсқаулық (ағымдағы басылым)

      медициналық көмек көрсету бланкісі 10 дана

      ауруды әлсіз/орташа әсер ету арқылы басатын дәрі

      құсуға қарсы дәрі

      мұрынның бітелуіне қарсы дәрі

      антацидті (қышқылға қарсы) дәрі

      антигистамин дәрісі

      диареяға қарсы дәрі

      2. Әмбебап профилактикалық жиынтық мыналардын жинақталады:

      азғана төгілген сұйықтықтың мөлшерін түйіршік гельге айналдыратын құрғақ ұнтақ

      беткі қабаттарды тазартуға арналған бактерецидті залалсыздандырушы дәрі

      теріні тазартуға арналған сулықтар

      бетке/көзге арналған маскалар (жеке немесе құрамдастырылған)

      қолғаптар (бір рет пайдаланатын)

      қорғану алжапқышы

      үлкен сіңіргіш сүлгі

      қырғышы бар алу қасығы

      биологиялық қауіпті қалдықтарға арналған қап

      әмбебап профлактикалық жиынтықты қолдану жөніндегі ұсыным

      Әуе кемесінің бортында жұқпалы немесе паразиттік ауру жұқтырған науқас анықталған жағдайдағы ұшу және кабина экипажының алгоритмі

      медициналық көмек көрсету бланкісі 5 дана.

      Қобди 2* былай жинақталады:

      аэрозоль баллондардағы инсектицид

      маска респираторы (инсектицидке берілген нұсқаулыққа сәйкес)

      бір рет пайдаланатын медициналық резеңке бас киім - 1 дана

      қорғану көзілдірігі - 1 дана

      инсектицидті қолдану жөніндегі нұсқаулық

      *- тропикалық климатты елдерге және бортта дезинсекция рәсімдерін жүргізуді талап ететін елдерге рейстерді орындау кезінде бортта қолданылады.

      3. Медициналық құралдар жиынтығы:

      ішіндегілердің тізбесі

      медициналық көмек көрсету бланкісі 5 дана

      стетоскоп

      сфигмоманометр

      ауыз-жұтқыншақпен тыныс алу түтікшелері (3 өлшем)

      шприцтер (тиісті өлшемдерде)

      инелер (тиісті өлшемдерде)

      ішке құюға арналған катетерлер (тиісті өлшемдерде)

      антисептикалық сулықтар

      қолғаптар (бір рет пайдаланатын)

      қолданылған инелерге арналған жәшік

      несеп шығаратын катетер

      ішке құю жүйесі

      күретамырдың қанын тоқтатуға арналған бұрау

      дәке тығын

      жабысқақ таспа

      хирургиялық маска

      шұғыл көмек көрсетуге арналған кеңірдек катетері (немесе күретамырдың ішіне салынатын үлкен диаметрі канюля)

      кіндікке арналған қысқыш

      босандыруға арналған жиынтық

      термометр (сынабы жоқ)

      реанимациялық қызметтің негізгі карталары

      қақпақшасы бар маска

      электрлік қалта шам және батареялар

      адреналин 1:1000

      антигистамин (енгізетін)

      глюкоза 50% (немесе оның баламасы) (енгізетін: 50 мл)

      нитроглицерин (таблетка түрінде немесе аэрозоль қаптамада)

      ауру басатын негізгі дәрілер

      тыныштандыратын антиконвульсанттар (енгізетін)

      құсуға қарсы дәрілер (енгізетін)

      бронхты инъекциялық кеңейткіш

      атропин (енгізетін)

      адренокортикалды стероид (енгізетін)

      несеп айдайтын дәрі (енгізетін)

      босануға қарсы қан кетумен күресетін дәрі

      хлорлы натрий 0,9% (минимум 250 мл)

      ацетилсалицил қышқылы (ауыз арқылы қабылдайтын аспирин)

      ауыз арқылы бета-блокатор.

      3. Борттық жиынтықтардың әуе кемесі бортындағы орналасуы

      1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек, медициналық көмек жиынтықтары және әмбебап профилактикалық жиынтық жолаушылар кабинасында бортсеріктерге оңай қолжетімді жерлерге бірқалыпты қойылады. Әрбір жиынтық сенімді қаптамада, пломбаланған түрде сақталады.

      2. Рейсті орындау кезінде барлық борттық дәрі қобдишалары пломбаланған түрде сақталады, рейсте оларды ашқан жағдайда, рейс аяқталғаннан кейін, әуе кемесі тұрақта тұрған уақытта, оларға пломба салу керек, ол үшін дәрі қобдишалары қосымша пломбалармен жасақталады.

      3. Әуе кемесінің бортында борттық дәрі қобдишалары сақталатын орындар (жүк сөрелері/авариялық-құтқару жабдығының бөліктері) таңбаланады. Жүк сөрелеріндегі таңбалардың өлшемдері мен нысандары Ұшақ түріне техникалық қызмет көрсету бойынша нұсқаулықта берілген. Борттық дәрі қобдишалары төмендегі таңбаламаларға сәйкес таңбаланады:

Борттық қобдишаның атауы

Белгілеу атауы

Белгілеу түрі

Дәрігерге дейінгі медициналық көмек жиынтығы

"+" жасыл түсті белгісі



 

Медициналық көмек жиынтығы

"+" қызыл түсті белгісі



 

Әмбебап профилактикалық жиынтығы

биологиялық қауіптілік белгісі



 

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 958 бұйрығына
7-қосымша
  Азаматтық авиацияда
жолаушыларға медициналық
көмек көрсету қағидаларына
8-қосымша

Әуе кемесінің бортында жұқпалы немесе паразиттік ауру жұқтырған науқас анықталған жағдайдағы ұшу және кабина экипажының алгоритмі

      Әуе кемесінің бортындағы жұқпалы немесе паразиттік аурулардан зардап шегуі мүмкін адамдарға, әсіресе, оларда тұмауға ұқсас белгілер мен симптомдар болса, ерекше көңіл бөлінеді.

      1. Жұқпалы немесе паразиттік аурулардың белгілері бар жолаушы анықталған кездегі кабиналық экипаждың іс-әрекетінің тәртібі:

      1) әуе кемесінің командиріне хабарлау;

      2) егер медициналық мамандардың қолдауы жерден берілетін болса, онда жердегі қолдау қызметімен хабарласып, туындаған жағдай туралы ақпарат беру;

      3) егер медициналық қолдау жерден берілетін болса, не ӘК бортында медициналық қызметкер бар болса, экипаж мүшелері, қажет болған жағдайда, олардың медициналық ұсынымдарын орындайды;

      4) егер медициналық қызметкерлердің қолдау жоқ болса:

      науқас жолаушыны оқшауланған орынға, егер ондай орын бар болса ауыстырады. Науқас жолаушыны ауыстырғаннан кейін, басқа жолаушылар пайдаланбас үшін, межелі пунктте залалсыздандыру бригадасы келгенге дейін науқастың орны оқшауланады;

      науқас жолаушыға қарау үшін, мүмкіндігінше, сол жолаушымен сөйлескен кабиналық экипаж мүшесінің бір адамын бөлу керек. Аса мұқият күтім қажет болған жағдайда экипаждың бір мүшесінен артық адам қажет болуы мүмкін;

      мүмкіндік болса, тек науқас жолаушы ғана пайдаланатын жеке дәретхана бөлу керек. Егер ол мүмкін болмаса, әдетте адамдардың қолы тиетін дәретхана ішінің үстіңгі беттері (су краны, есік тұтқалары, қоқыс багының қақпағы, унитаз қақпағы және т. б.) науқас жолаушы дәретханаға әрбір барғаннан кейін тазалануы және дезинфекциялануы тиіс;

      5) егер науқас жолаушы жөтелетін болса, одан тыныс алуға байланысты гигиена ережелерін сақтау сұралады: оны майлық/сүлгімен қамтамасыз етіп және оларды сөйлескенде, түшкіргенде немесе жөтелгенде ауызды және мұрынды жабу үшін пайдаланатындығы жөнінде нұсқама беріледі;

      науқас жолаушыға тиісті қол гигиенасын сақтау ұсынылады. Егер қолында көрінетін кір болса, оларды сабындап сумен жуу керек майлық/сүлгіні қауіпсіз жою үшін гигиеналық пакет беру керек.

      6) науқас жолаушыдан (хирургиялық және процедуралық) маска киіп жүретін жағдайда болса, оны киіп жүруін өтіну қажет. Пайдаланылған маска дымқылданған/ылғалданған бойда оны бірден жаңасына ауыстыру керек. Масканы ұстағаннан кейін (мысалы, оны лақтырып тастау үшін) қолды дереу мұқият жуу қажет. Бір рет пайдаланатын маскалар қайта пайдаланылмайды және пайдаланылғаннан кейін қауіпсіз жойылады;

      7) егер жолаушыларға қызмет көрсетумен айналысатын экипаж мүшелеріне организм сұйықтықтарымен тікелей байланысу қаупі болатын болса, онда бір рет пайдаланатын қолғаптарды қолданады. Қолғап тиісті қол гигиенасын ауыстыра алмайды. Қолғапты абайлап шешіп, қауіпсіз жою керек. Қолғапты шешкеннен кейін қолды сабындап сумен жуып, құрамында спирт бар қолға арналған залалсыздандыру құралымен сүрту керек;

      8) егер науқас жолаушы маска кие алмаса, науқасқа күтім жасау үшін бөлінген бортсерік немесе науқаспен тығыз байланыста болатын (кемінде 1 м) жолаушы медициналық (хирургиялық немесе процедуралық) масканы пайдаланады. Ауру жұқтыру (мысалы, бетті жиі ұстау немесе масканы түзету және шешу кезінде) қаупін шектеу үшін авиакомпания бортсеріктерге масканы пайдалану жөнінде оқытулар ұйымдастырады;

      9) ластанған заттар (пайдаланылған орамалдар, бір рет пайдаланатын маскалар, оттегімен демалу маскасы мен түтіктер, киім-кешек, көрпелер, жастықтар, жеке пакеттегі заттар және т. б.) қысқышы және "Биологиялық қауіптілік" деген құлақшасы бар пакетке салынады. Ол болмаған кезде жабылатын пластикалық пакет пайдаланылады және оған "Биологиялық қауіптілік" құлақшасы ілінеді;

      10) ертіп жүретін адамдардан (әйелінен, балаларынан, достарынан және т. б.) оларда аурудың қандай да бір ұқсас белгілерінің бар-жоқтығы сұралады;

      11) келу елінің денсаулық сақтау органдары немесе жерден медициналық қолдау қызметі өзгені белгілемесе, онда науқас жолаушымен бір қатарда, оның алдындағы екі қатарда және оның артындағы екі қатарда (жалпы алғанда бес қатарда) отырған барлық жолаушыларға жеке деректерін енгізу арқылы денсаулық сақтау мақсатында жолаушының орналасқан жері туралы ақпарат картасын толтыру қағидалары жөнінде ақпарат беріледі;

      12) межелі әуежайға келгеннен кейін науқас жолаушының қол жүгі әуе кемесінен жолаушымен бірге шығарылғанына көз жеткізу қажет.

      2. Әуе кемесінің командирі ұшу уақытында әуе кемесінің бортындағы жолаушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін қажетті төтенше шараларды қолдану туралы шешімдерді қабылдауға уәкілетті.

      3. Жұқпалы аурудың белгілері бар науқастың анықталуына байланысты оқиғаны әуе кемесінің бас декларациясының медициналық-санитариялық бөліміне жазу қажет.

      4. Әуе кемесінің командирі кабиналық экипаждан әуе кемесінің бортында жұқпалы және паразиттік табиғатты аурулардың бар екендігін растайтын кез келген жағдайлар немесе адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп бар екендігі туралы ақпарат алғаннан кейін, авиадиспетчерлік қызметке хабарлайды.

      5. Әуе кемесінің бортында жұқпалы және паразиттік ауруларға күдік тудыратын жағдайлар немесе адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін басқа да қауіп бар екендігі анықталған кейін жолда келе жатқан әуе кемесінің ұшу экипажы ұшқыш байланысып отырған әуе қозғалысын басқару қызметінің бөліміне төменде көрсетілген деректерді береді:

      әуе кемесінің тіркеу нөмірі;

      ұшып шыққан әуежайы;

      ұшып келетін әуежайы;

      ұшып келудің есептік уақыты;

      борттағы адамдар саны;

      әуе кемесінің бортындағы ауруға күдікті адамдар саны;

      егер ол белгілі болса, қоғамдық денсаулық үшін қауіптің табиғаты.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады