Астана қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 17-2028 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 желтоқсанда № 1195 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 3-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астана қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.К. Әмринге жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Б. Сұлтанов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      Астана қаласының Полиция

      департаменті" мемлекеттік

      мекемесінің бастығының

      міндетін атқарушы

      _______________М. Төлебаев

      2018 жылғы "__" _________

  Астана қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 17-2028 қаулысына
қосымша

Астана қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Полиция департаменті мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Полиция департаменті) ұсынысы бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Астана қаласы әкімдігі құрған комиссия қарайды.

      3. Комиссия қабылдайтын шешім азаматтарды көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      4. Комиссия көтермелеу түрлерін, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отырып белгілейді және әдетте, 20 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

      5. Ақшалай сыйақы төлеуді көтермелеуге ұсыныс енгізген Полиция департаменті жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.

      6. Көтермелеулерді төлеуге арналған қаражат Полиция департаментінің шығыстары құрамында жеке бағдарламамен көзделеді.

      7. Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу Полиция департаменті салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады