Байланыс формасы

Ақмола облысы Целиноград ауданының № 96 Разъезд ауылын қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № А-6/263 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы № 6С-21-9 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 шілдеде № 6712 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы қорытындысының, "Целиноград ауданының № 96 Разъезд ауылын Ыбырай Алтынсарин ауылына қайта атау жөнінде ұсыныс енгізу туралы" Целиноград ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № А-3/528 қаулысы мен Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 162/21-6 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Целиноград ауданының № 96 Разъезд ауылы Ақмола облысы Целиноград ауданының Ыбырай Алтынсарин ауылына қайта аталсын.

      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
әкімі
М.Мырзалин
      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Қ.Сұлтанов
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Д.Нұрмолдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады