Ақмола облысы Зеренді ауданы Ортақ ауылдық округінің Трофимовка ауылын қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № А-12/549 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 6С-27-19 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 7002 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 18 сәуірдегі қорытындысының, "Березняковка ауылын Елікті ауылына, Трофимовка ауылын Қайыңды ауылына, Чаглинка ауылын Шағалалы ауылына қайта атау туралы ұсыныстар енгізу туралы" Зеренді ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № А-6/455 қаулысының және Зеренді аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 тамыздағы № 27-202 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Зеренді ауданы Ортақ ауылдық округінің Трофимовка ауылы Ақмола облысы Зеренді ауданы Ортақ ауылдық округінің Қайынды ауылы деп қайта аталсын.

      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин
      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрайымы
Б.Наурызбаева
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Д.Нұрмолдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады