Ақмола облысы Целиноград ауданының кейбір ауылдарын және ауылдық округтерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № А-12/553 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 6С-27-23 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 7006 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысының, "Целиноград ауданының ауылдық округтерін және кейбір ауылдарын қайта атау жөнінде ұсыныс енгізу туралы" Целиноград ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № А-5/528 қаулысының және Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 қарашадағы № 247/36-6 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Целиноград ауданының кейбір ауылдары және ауылдық округтері:

      Малотимофеевка ауылы - Аққайың ауылы;

      Антоновка ауылы - Опан ауылы;

      Краснояр ауылдық округі - Жарлыкөл ауылдық округі;

      Красноярка ауылы - Жарлыкөл ауылы;

      Максимовка ауылдық округі - Арайлы ауылдық округі;

      Максимовка ауылы - Арайлы ауылы;

      Фарфоровое ауылы - Ынтымақ ауылы;

      Миновка ауылы - Жабай ауылы;

      Новоишимка ауылдық округі - Жаңаесіл ауылдық округі;

      Новоишимка ауылы - Жаңаесіл ауылы;

      Семеновка ауылы - Қарамеңді ауылы деп қайта аталсын.

      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
әкімі
М.Мырзалин
      Ақмола облыстық мәслихаты
сессиясының төрайымы
Б.Наурызбаева
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Д.Нұрмолдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады