Ақкөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № А-6/181 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 шілдеде № 6716 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 13 ақпандағы № А-2/42 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 13.02.2019 № А-2/42 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы 2- тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақкөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Е.Әбілқайыроваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т.Едігенов

      "КЕЛІСІЛДІ":

      "Қазақстан Республикасының Ішкі істер
министрлігі Ақмола облысының Ішкі істер
департаменті Ақкөл ауданының ішкі
істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Қ.Битақов

      "22" 06 2018 жыл

  Ақкөл ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "22" маусым
№ А-6/181 қаулысына
қосымша

Ақкөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1-тарау. Көтермелеудің түрлері

      1. Ақкөл ауданы әкімінің алғыс хаты.

      2. Ақшалай сыйақы.

2-тарау. Көтермелеудің тәртібі

      3. Осы тәртіп Ақкөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастырудың мәселелерін реттейді.

      4. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Ақкөл ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссия (бұдан әрі – комиссия) қарайды.

      5. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Ақкөл ауданының ішкі істер бөлімі" (бұдан әрі – ІІБ) мемлекеттік мекемесімен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныс комиссияның қарауына енгізіледі.

      6. Комиссиямен қабылданған хаттамалық шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      7. Ақшалай сыйақыны төлеуді ІІБ облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.

      8. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін ІІБ бастығының комиссия қабылдаған шешіміне сәйкес қосымша бұйрығы шығарылады.

      9. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға ақшалай сыйақыны беру, Ақкөл ауданы әкімінің алғыс хатын табыстау ІІБ салтанатты жиынында жүзеге асырылады.

3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері

      10. Ақшалай сыйақы мөлшерін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін, сонымен қатар онымен немесе оның қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың алдын алған көлемін есепке ала отырып, ақшалай сыйақының мөлшері комиссиямен белгіленеді және 20 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады