Астрахан аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 6С-28-7 "2018 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 9 ақпандағы № 6С-31-5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 ақпанда № 6439 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 8 тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2 тармағына, "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 тіркелген) сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Астрахан аудандық мәслихатының "2018 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы" 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 6С-28-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6311 тіркелген, 2018 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "2018 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе жаңа редакцияда баяндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      ""Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 8 тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2 тармағына, "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 тіркелген) сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. 2018 жылға арналған ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көрсетілсін:

      1) жетпiс еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтiк қолдау – бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит.".

      2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан аудандық
мәслихаты сессиясының
төрайымы
В.Путинцева
      Астрахан аудандық
мәслихатының хатшысы
М.Қожахмет

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Астрахан ауданының
әкімі
Н.Сейілов

      09.02.2018 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады