Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 14 "Целиноград ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 тамызда № 6751 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімінің 05.12.2018 № 7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Целиноград ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Целиноград ауданы әкімінің "Целиноград ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы № 14 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5079 тіркелген, 2015 жылғы 4 желтоқсанда "Вести Акмола", "Ақмол ақпараты" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 6-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "№ 656 сайлау учаскесі, Приречное ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 40, № 22 орта мектебі, шекаралары: Приречное ауылы.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 23-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "№ 673 сайлау учаскесі, Зеленый Гай ауылы, Самал көшесі, 2, кеңсе, шекаралары: Зеленый Гай ауылы.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 24-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "№ 674 сайлау учаскесі, Садовое ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 19, ауыл клубы, шекаралары: Садовое ауылы.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 45-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "№ 695 сайлау учаскесі, Рахымжан Қошқарбаев ауылы, Бейбітшілік көшесі, 53, № 43 орта мектебі, шекаралары: Рахымжан Қошқарбаев ауылы.".

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 48-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "№ 698 сайлау учаскесі, Қабанбай батыр ауылы, Бірлік көшесі, 1А, Мәдениет үйі, шекаралары: Қабанбай батыр ауылы.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград ауданының
әкімі
М.Тәткеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Целиноград аудандық
сайлау комиссиясының төрағасы
А.Х.Абушев

      "13" 07 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады