Ақмола облысы Бурабай ауданы Атамекен ауылдық округі Атамекен ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай ауданы Атамекен ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 маусымда № 6650 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қазандағы қорытындысы негізінде, Атамекен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Бурабай ауданы Атамекен ауылдық округі Атамекен ауылының құрамдас бөліктері қайта аталсын:

      1) Восточная көшесі Желтоқсан көшесіне;

      2) Молодежная көшесі Жастар көшесіне;

      3) Южная көшесі Достық көшесіне;

      4) Северный тұйық көшесі Береке көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атамекен ауылдық
округінің әкімі
Д.Қапезов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады