Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің Қазақстан ауылын тарату туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 220 қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 296 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 маусымда № 5923 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және Байғанин ауданының өкілді және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отыра, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тұрақты халқының саны елу адамнан аспайтындығына байланысты Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің Қазақстан ауылы таратылсын.

      2. "Ақтөбе облысы бойынша статистика департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне сәйкесінше өзгерістер енгізсін.

      3. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі жер-кадастр құжаттамаларын облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысына жүргізілген өзгерістермен сәйкестендірсін.

      4. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      5. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. САПАРБАЕВ
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА
      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
А. БОЛАТОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады