Ақтөбе облысының Қарғалы және Мұғалжар аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 542 қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 360 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 желтоқсанда № 5968 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және Қарғалы және Мұғалжар аудандарының өкілді және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отыра, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тұрақты халқының саны елу адамнан аспайтындығына байланысты, жекелеген аудандардың төменде аталған ауылдары таратылып, тұрғындары сол ауылдық округтегі жақын елді мекендердің құрамына қосылсын.

      1) Қарғалы ауданы бойынша:

      Степной ауылдық округінің Мамыт және Первомай ауылдары және Әлімбет ауылдық округінің Шандыаша ауылы таратылып, таратылған ауылдардың тұрғындары жақын орналасқан Степной ауылдық округінің Степной ауылының және Әлімбет ауылдық округінің Әлімбет ауылының құрамына қосылсын;

      2) Мұғалжар ауданы бойынша:

      Жұрын ауылдық округінің Тәжірибе ауылы және Құмсай ауылдық округінің Жамбыл ауылы таратылып, таратылған ауылдардың тұрғындары жақын орналасқан Жұрын ауылдық округінің Жұрын ауылының және Құмсай ауылдық округінің Құмсай ауылының құрамына қосылсын.

      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі жер-кадастр құжаттамаларын облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысына жүргізілген өзгерістермен сәйкестендірсін.

      3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыс әкімі Б. САПАРБАЕВ
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА
      Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы Ә. САРМАНОВА

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады