Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бойынша бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындау туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі № 5590 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Ақтөбе қаласы "Астана" ауданының Әділет басқармасында 2018 жылғы 10 қыркүйекте № 3-1-204 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 2055 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 08.05.2019 № 2055 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына және "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақтөбе қаласының мемлекеттік сатып алулар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер - Ақтөбе қаласының әкімдігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.

      2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      3. "Ақтөбе қаласының мемлекеттік сатып алулар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарына және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ұ. Мыңбаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі І. Испанов

  Ақтөбе қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 5590 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі

№ р/т

Атауы

1

Жұмыстар

1.1

жаңа объектілер салу, қолданыстағы құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу

1.2

қолда бар объектілерді орташа жөндеу, ағымдағы жөндеу, күтіп ұстау, қамтамасыз ету, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары

1.3

объектілердің құрылысына және реконструкциясына арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу немесе қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы түзету

1.4

құрылыс объектілері жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы

1.5

абаттандыру мен көгалдандыру объектiлерiн салу

2

Қызметтер

2.1

сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді

2.2

абаттандыру мен көгалдандыру


Об определении единого организатора государственных закупок и перечня работ и услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором

Постановление акимата города Актобе Актюбинской области от 7 сентября 2018 года № 5590. Зарегистрировано Управлением юстиции района "Астана" города Актобе Департамента юстиции Актюбинской области 10 сентября 2018 года № 3-1-204. Утратило силу постановлением акимата города Актобе Актюбинской области от 8 мая 2019 года № 2055

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Актобе Актюбинской области от 08.05.2019 № 2055 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьями 31, 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и подпунктом 3) пункта 1 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года "О государственных закупках", акимат города Актобе ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить государственное учреждение "Отдел государственных закупок города Актобе" единым организатором государственных закупок для заказчиков - государственных учреждений, подведомственных акимату города Актобе.

      2. Определить перечень работ и услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором государственных закупок согласно приложению к настоящему постановлению.

      3. Государственному учреждению "Отдел государственных закупок города Актобе" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Актобе.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима города Актобе Мынбаева У.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города И. Испанов

  Приложение
к постановлению
акимата города Актобе
от 7 сентября 2018 года
№ 5590

Перечень работ и услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором государственных закупок

№ п/п

Наименование

1

Работы

1.1

строительство новых объектов, расширение, техническое перевооружение, модернизация, реконструкция, реставрация и капитальный ремонт существующих строений, зданий, сооружений, инженерных и транспортных коммуникаций

1.2

средний ремонт, текущий ремонт, содержание, обеспечение, ремонтно-реставрационные работы имеющихся объектов

1.3

разработка проектно-сметной документации либо корректировка имеющейся проектно-сметной документации на строительство и реконструкцию объектов

1.4

комплексная вневедомственная экспертиза проектов строительства объектов 

1.5

строительство объектов благоустройства и озеленении

2

Услуги

2.1

инжиниринговые услуги в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности

2.2

благоустройство и озеленение