Алға ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 38 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 72 қаулысы. Ақтөбе облысы Алға аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 5 наурызда № 3-3-146 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алға ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 38 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5284 болып тіркелген, "Жұлдыз-Звезда" аудандық газетінде 2017 жылы 17 наурызда № 12 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Қонжарға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алға ауданының әкімі Н. Алдияров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады